Социал–демократия-қоғам дамуында әлеуметтік салаларға басымдық беретін идеялық саяси ағым.Мұндай партиялар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың басында жұмысшы табының партиясы ретінде пайда болды.Олардың мақсаты-барлық еңбекшілерге жақсы өмірді,еркіндікті,әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету.Қоғам дамуында және социалистік құрылысты орнату жолында революциялық әдіске сүйенбей,эволюциялық жолды дұрыс деп санайды.Саяси плюрализм мен аралас экономиканы қолдайды.
Социал–демократиялық партиялар-қазіргі капиталистік қоғамда еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап,өзгертіп отыруға тырысқан партиялар. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық,теңдік.
Социум -адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық.Оныңең жоғарғы түріне әлеуметтік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы,туыстық,рулық,әлеуметтік-топтық,ұлттық,аумақтық қауымдастықтар кіреді.
Статус -белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайды сақтау.
Страта -қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әр түрлі топтарға бөлінуі. Оларды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады:меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б.
Субмәдениет -Қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты болады.
Субъективтік -табиғат пен қоғамның объективтік даму заңдылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъекттердің ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды.
Сыртқы саясат-мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты.
-Т-
Теократия -діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |