болып табылады.»
Қазақ халқының тарихында ХҮІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқиғалар өте
күрделі кезең болып табылады. Осы кезеңдегі қазақ-орыс қарым-қатынастары, әсіресе, Кіші
жүз қазақтарының Ресей құрамына қосылуы, өте қарама-қайшы сипатқа толы болды.
Алғашқыда жәй елшілер миссиясы арқылы Ресей бодандығын номиналды түрде қабылдау,
кейінірек Ресейдің қазақ жүздерінің ісіне араласуына ұласып, елшілік және әскери іс-
әрекеттер Қазақстанның Ресейге саяси-экономикалық тәуелділігіне әкеліп соқтырды.
Осындай қарама-қайшылыққа толы жағдайда Батыс Қазақстанда жаңа экономикалық
қатынастар орнай бастады. Батыс Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының байланысты
Ресейдің Орта Азия мемлекеттерімен сауда қатынасын орнатуында үлкен транзиттік рөл
атқарды. Торғай және Орал облыстарының территориясында, Маңғыстау уезінде ХІХ
ғасырдың орта тұсынан бастап жәрмеңке саудасының даму мәселесі, осы кезге дейін
тарихшылардың назарынан тыс қалып келе жатқан үлкен ғылыми проблема болды
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
227
Өлкетанушы ғалым Б.Ж.Құрманбеков Қазақстан тарихшылары арасында бірінші болып осы
мәселеге назар аударды. Ғалым көп жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде, ғылыми
қауымға өзінің «Батыс Қазақстанда сауданың дамуы» деген көлемді монографиясын ұсынып,
бұл еңбек Қазақстан ғалымдарының тарапынан жоғары бағасын алды. Сонымен қатар,
ғалымның «Ойыл жәрмеңкесі», «Темір жәрмеңкесі» деп аталатын еңбектері де өзінің
жаңашылдығымен және тың тұжырымдарымен ғылыми қауымның қызығушылығын
туғызып, ел тарихын сүйіп оқитын жұртшылықтың үлкен сұранысына ие болды.
Өлкетанушы ғалым
Темір ауданы Темір газеті
20 қаңтар 2012
Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков Темір тарихын, осы өңірден шыққан қоғам
қайраткерлерінің өмірін тиянақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі.
Жыл басында асқаралы 60 жасқа толған ғалым туралы оқырмандарымызға толығырақ
таныстыруды жөн көрдік.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, саяси-әлеуметтік пәндер
кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Жолмырзаұлы
Құрманбеков ғылымға келгене дейін Қобда ауданның оқу бөлімі, аудандық кеңесі атқару
комитеті бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі сияқты өмір
мектептерінен өткен азамат.
Ғылыми жұмысқа 1996 жылдан ден қойғаннан бері бүгінгі күні Батыс Қазақстан,
Ақтөбе өңірінің тарихына байланысты 15 монография мен 100-ден аса мақалалардың авторы.
Басқасын айтпағанда біздің өңірге байланысты Дума депутаты Алпысбай Қалменов,
«Қайраткер Алпысбай Қалменов» (Ө.Озғанбаймен бірге), «Темір жәрмеңкесі», «Нұрлы жүзді
Нұрпейіс», «Темір тарихы» зерттеулерінің шоқтығы биік.
Беркін Жолмырзаұлының ғылыми мақалалары Москва, Киев, Ташкент, Бішкек,
Алматы және Астана қалаларынан шыққан ғылыми конференциялар жинақтары мен
журналдарға жарияланып, тарихшы ғалымдардың жоғары пікіріне ие болды.
Жоғарыда аталған біздің ауданға байланысты еңбектері темірлік оқырмандар жылы
қабылдаған туындыға айналды.
1998 жылы «Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс» деген тақырыпта ғылыми
диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.Осы
жұмысында ғалым, кеңестік тарихнамада көтеріліс тек Торғай мен Жетісуда ғана болды деп
есептелінсе, терең де тиянақты зерттеуінің нәтижесінде Батыс Қазақстанда да патшаның
зәре-құтын алған үлкен көтеріліс ошақтарының болғанын дәлелдеді. Кейін ғалым осы
ғылыми жұмысын толықтырып өзінің тұңғыш монографиясын жариялап, бұл еңбек
ғалымдар арасында лайықты бағасын алады.
Беркін Жолмырзаұлының бұл шағын мақалада ғылыми еңбектерінің барлығына шолу
жасау мүмкін емес екенін ескерсек, ауаданымыдың топырағынан шыққан атты белгілі,
есімдері елге таныс қоғам қайраткерлері жайындағыларға ғана қысқаша тоқтау мүмкіндігі
болып тұр. Солардың бірі де бірігейі, белгілі қоғам қайраткері Алпысбай Қалменов. Бүгінгі
ұрпақтың бірі біліп бірі біле бермейтін үлкен тұлғаның өмірі мен қызметін кейінгі
ұрпақтарының өмірін елге танытқан еңбек болды.
Алпысбай Қалменов туралы «Дума депутаты Алпысбай Қалменов» деген атаумен
Ақтөбеде жарық көрген кітабын Б.Ж.Құрманбеков, танымал тарихшы, ғылым докторы
Өмірзақ Озғанбаймен бірігіп, Алматыдағы «Нұрлы әлем» баспасынан, 3 мың тиражбен,
«Қайраткер Алпысбай Қалменов» атпен қайта толықтырып шығарды.
Басқа ортада жүріп қазақтың білімді ұлдарының қатарын толтырып, қоғамдық
қайраткерлік биігіне дейін көтерілген жерлесіміз туралы терең білу оның үлгілі істерін жан
жақты таныту ғалымның зор еңбегінің нәтижесі деп білеміз.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
228
Белгілі ақын жырау Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығын аталып өтті. Нұрпейіс
Байғаниннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Нұрлы жүзді Нұрпейіс»деп аталатын
еңбегі ғалым шығармашылығының табыстарының бірі. Ел тарихының әр кезеңінде, ақын
шығармашылығының сол кезеңдерге тығыз байланысын зерделеген бұл еңбек, өзінің
жаңашылдығымен, тарихи мол деректерімен ерекшеленеді. Нұрпейіске арналған ең алғашқы
ғылыми зерттеу ретінде ғалымның бұл еңбегі, тарихшылар мен тілші ғалымдардығ назарына
бірден ілікті.
Қазақ халқының Ресей империясының және Кеңестер Одағының құрамында болған
кезеңдеріндегі тарихының қалың жұртшылыққа ақиқаты айтылмай келген «ақ таңдақ»
беттері өте көп. Қазақстанның құрамдас бөлігі ретінде (әкімшілік – экономикалық
бөліністегі) аудандардың да тарихын жазу ісі, әзірге кеңінен жүзеге асырылмай отырғаны
шындық. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы аудандар тарихын, оның ішінде, Ақтөбе
облысының аудандарының тарихын зерттеу қазіргі замандағы рухани өміріміздің өзекті
мәселелерінің бірі. Өлкетанушы ғалым Б.Құрманбеков соңғы жылдары аудандар тарихын
жазу ісін қолға алып, үлкен нәтижелерге қол жеткізді.Соңғы 2 жылда халық оқырман
қауымның қолына «Темір тарихы», «Ырғыздың қилы тарихы кітаптарын ұсынды. Ел
тарихын іздеушілер – мұғалімдер мен көзі ашық оқырман жылы қабылдап, жоғары бағаға,
ыстық ықылысқа ие болған бұл шығармалар өлке өмірінің беймәлім қатпарларынан сыр
шертті.
Темір жері талай саяси-экономикалық және әлеуметтік оқиғалардың куәсі. ХІХ және
ХХ ғасырда қазақ жерінің Ресейге қосылып, әуелі Ресей империясының (1731-1916),
кейіннен Кеңестер Одағының (1917-1991) құрамында болған кездерінде отаршылыққа
қарсы 1916-жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928-жылғы ірі байлардың мал-мүлкін
(шаруашылығын) конфескілеу, 1937 сталиндік репрессия сияқты қасіретті оқиғалар бұл
өңірлерді де шарпымай өткен жоқ.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысында бүкіл Қазақстан мен Ресей, Орта Азия
жұртшылығына кеңінен танылған Қарақмыс (Темір) жәрмеңкесі жұмыс жасаған.
Жас ұрпаққа тәрбие берудің тура жолы тарихи оқиғаларды ақиқат тұрғысынан қайта
қарап, зерттеуге мүмкіндік туғызды. Ғалымның Темір ауданының әр кезеңдегі, әр қилы
тарихына арналған осы еңбегі, елдің тарихын толықтыра түсу мақсатында өте сәтті жасалған
қадамдарының бірі болып табылады.
Тарихшының биылғы жылғы жемісті зерттеу еңбегінің бірі- «Жәңгір хан жәрмеңкесі».
Бөкей Ордасының құрылғанына 210 жыл толды. Сонымен қатар Бөкей Сұлтанның хан
атанып, таққа отырғанына 200 жыл болды. Бұдан 170 жыл Бөкей Ордасында жаңа типті
мектеп ашылған. Сондай - ақ заман талабына сай Новая Казанка, Таловка сияқты отырықшы
сипаттағы елді мекендердің бой көтергеніне де 140 жыл болған. Бұл тарихи оқиғалардың тек
қана Бөкей Ордасының ғана емес, тұтас Қазақстан тарихында ерекше орын алатыны ақиқат.
Батыс Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының байланысты Ресейдің Орта Азия
мемлекеттерімен сауда қатынасын орнатуында үлкен транзиттік рөл атқарды.Торғай және
Орал облыстарының территориясында, Маңғыстау уезінде ХІХ ғасырдың орта тұсынан
бастап жәрмеңке саудасының даму мәселесі, осы кезге дейін тарихшылардың назарынан тыс
қалып келе жатқан үлкен ғылыми проблема болды. Өлкетанушы ғалым Б.Ж.Құрманбеков
Қазақстан тарихшылары арасында бірінші болып түрен салды.
Көп жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде «Батыс Қазақстанда сауданың дамуы»
деген көлемді монографиясын ұсынып, бұл еңбек тиісті ортада жоғары бағасын алды.
Сонымен қатар, ғалымның «Темір жәрмеңкесі», «Ойыл жәрмеңкесі» деп аталатын еңбектері
де жаңашылдығымен, тың тұжырымдарымен ел тарихын сүйіп оқитын жұршылықтың үлкен
сұранысына ие болуда.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
229
Алдияров Шындаулет Аймақұлы
Нағашысы, митингтегі сөзі
Құрметті халайық, Беркінді осы бір үлкен шаңырақтан шығарып салуды
ұйымдастырған университеттің басшыларына барлық ұжымына ағалық рахметімді айтқым
келеді. Сіздердің отбасыларыңызда әрқашанда жақсылық болсын, мына «Білім алаңына» тек
қана сіздердің қуаныштарыңызға жиналуға Алла Тағала нәсіп етсін деп айтқым келеді. Мен
жаңа айтып өткендей Беркіннің нағашысымын, шешесімен бірге туған бауырымын.
Сондықтанда оның кешегі жөргектегі жағдайынан өмірінің соңына дейін көз алдымда өтті.
Ол туралы білемін, бірақта мына өзінің жолдастары осы арада ат жалын ұстап азамат
болғалы осылармен қатар қызмет жасап мына өзінің бүкіл өмірін жаңа айтып өткендей білім
мен ғылымға, тәрбиеге арнады. Мен аға есебінде айында көретін болсам, сіздер оны
жұмыста әр бір күнде, әр бір сағатта әрбір минутта көріп жүрдіңдер. Ал Беркін жаңа айтып
өткендей қиын да, қызықты да, қысқа да өмір сүрді. Қиын да өмір сүрді дегенім, ол үш
жасына жетпей әкеден жетім қалды, бес баланың ең кенжесі болды, ол уақытта жиырма
тоғыз жастағы шешесінің қолында қалды. Ауылдағы жағдай мен тәрбиені білесіңдер, бірақ
та Беркін өзінің жігерімен, мектептегі оқуын жақсы оқып университетін де бітірді. Біздің
қазақ айтады «жетім болып жетті» дейді, ол жетім болып жетілді. Беркіннің өмірі жар сүйіп,
бес бала сүйіп, мынандай азаматтардың ортасында, отбасында мазмұнды, мағыналы
мақсатты болды. Бұл оның қызық уақыттары еді. Көп айтқанда, аз айтқанда да, бүгінде
айтатынымыз шығарып тұрып бауырымның жатқан жері жайлы болсын, Алла тағала
жарылқасын, сені талай тумаларың, мына өзіңмен қатарлас аға-інілерің, жолдастарың, бірге
жүрген әріптестерің әрқашанда есінде сақтайды деп есептеймін, Қош бол!
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
230
БЕРКІН АҒАРТУШЫ-ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ ЕДІ
Беріков Ниетжан
Ақтөбе қаласының, Байғанин ауданының
Құрметті азаматы, профессор
митингтегі сөзі
Жиналған жамағат! Ал құрметті ағайын, Беркіннің тума туысқандары, Көкшетаудан,
Қызылжардан келіп отырған қайын жұрты, Ақтөбе халқының адамдары біз, үлкен қазаға
ұшырап отырмыз. Шүкір көйлек киініп үш жерінен буынып алдымызда жатқан Беркін ғалым
– ағартушы Шоқан Уалихановтың, Ыбырай Алтынсариннің жалғастарының бірі еді. Әкесі
Жолмырза соғыс дейтін қияметті басынан өткізіп, майданда бірнеше рет жараланып, әскерге
жарамағандықтан Байғанин ауданына соғыс жылдары келіп еді. Жөкең - Жолмырза
Құрманбеков Байғанин аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып
қызмет етті. Екеуміз қатар жұмыс жасадық. Мен атқару комитеттінде хатшы болдым. Жөкең
жайсаң адам еді, алғыр еді, алған бетінен қайтпайтын төте тура сөздің иесі еді . Жолмырза
аға тек халық үшін туған азамат еді. Аудандық атқару комитетінің төрағасының әлеуметтік
сала бойынша орынбасары болып, соғыста әкесінен айырылып аңырап жылаған балаларды
жұбатып еді. Екеуміз соғыстан келген қаралы хабарды отбасына барып ескертудің қиын
кезеңін де бастан өткізіп едік. Қайран Жөкең ақжүрек еді, адал еді, адамдарға тек қана
жақсылық нышанын себетін еді. Алланың нұры жауғанындай соғыс кезінде жылап отырған
халыққа пана, жарынан айырылған асыл жарға аға, әкесінен айырылған балаға ата – ана
болып оларға бар шапағатын тигізетін еді. Сөзге шебер еді, жұбатуды білетін еді, өмірдің
заңдарын айтатын еді.
Қайран, Жөкең қырық бес жасында «Қызыл әскер» колхозын ең артта қалған колхоздан
озық шаруашылық қатарына жеткізіп, қатты ауруға ұшырады. Сөйтіп, Жөкең төсек тартып
жатқанда барып көңілін сұрадық, менің жанымда аудандық партия комитетінің хатшысы
болып еді. Ол «Жөке, сенің енді бізге айтатын тапсырмаларың барма?» деп сұрағанда,
Жөкең: артымда бес бала жылап қалып бара жатыр, мен бұл аурудан жазылмаймын, сендер
маған жолдастарым деп отырсыңдар, сол бес балаға қамқор болсаңдар басқа тілегім жоқ, мен
қайтыс болғанда халық жиналса соған адал сөздеріңді айтыңдар деп, Жөкең бізбен осылай
қош айтысқандай еді. Бошай - Ақмоншақ еді шын аты, жас келіншек отызға да жетпеген, бес
баланың анасы, сонда Беркін үш жаста мына Еркін он жаста Жөкеңнің анасы бар, балаларды
алып қалды. Бәрін жеткізді, оқытты, үй қылды. Беркін қарашадай бала өзі барып жоғары оқу
орнына түсіп, Алматы ол кезде ел астанасы еді, осылай университет бітірді. Сәулемен
отбасын құрды. Қос аққудай болып, қанаттанып ұрпақ өсірді. Кішкентай Мәншүгі
педагогикалық институтта бізбен бірге жұмыс істейді. Сәуле қайтқанда ана аққуды іздеп ата
аққу Беркін қанатын сабалап аспанға ұша алмай жер тебеледі. Сәуле, Сәуле, және Сәуле деп
ойланып - толғанып үлкен шығарма жазды. Сол қайғыдан шығарма жазу процесі үстінде
оның миына салмақ түсті. Кішкентай ми тікелей келген қатаң ауруды жеңе алмады. Міне,
ажал осылай келді, ажал аямайды, бес бала жылап қалды. Достары мына университет білім
ордасының, ардақты атамекеннің азаматтары болған жағдайға қайғырып, көңіл айтуда.
Беркіннің жұмыс орны Университет басшылығы, ұжымы зор адами қызмет көрсетіп,
қоштасу митингісін ғалым қызмет еткен кафедра алдындағы үлкен алаңда көп адам жинап
өткізіп отыр. Сәуленің соңғы жылында Қ.Жұбанов атындағы университеттің ректоры
Кенжебаев Кенжеғали Беркіннің қасына келіп, «Жұмысқа шығамын деп асықпа, жақсылап
емдел, еңбек ақыңды төлейміз» - деді. Бұл Беркіннің үлкен беделіне, атқарған адал қызметіне
берілген баға еді. Біз Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтынан Беркіннің қазасына
байланысты мына кішкентай Мәншүкті жұбатамыз деп келіп тұрмыз. Жиналған халық
толғаныс үстінде. Беркінді Байғанин ауданының Жем Сағызының үлкен азаматтары іздеп
келіп отыр. Көкшетаудан Қызылжардан қайын жұрты келіп отыр. Жаңа Қобда ауданының
әкімі Асқар Жүсіпалиев әкесі Қазихан азамат еді, менімен бірге қызмет істейді Беркінді
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
231
жоғары бағалап, мазмұнды сөз сөйледі. Бұлай болса Абай айтқан «Табиғат өлсе өлер, адам
өлмес. Өлген адам бірақта қайтып келмес!» деген сөз бар. Сол қайтып келмес сапарға, біз
Беркінді шығарып салып, қоштасып отырмыз. Ұлым Беркін, айналайын Еркін екеуің егіз
қозыдай халқыңа қызмет еттіңдер. Ең соңғы қызметтеріңіз Исатайды өмірге келтіру,
Исатайдың батырлығын халыққа паш еткізу еді. Екеуіңіз қор құрып едіңдер, Беркіннің
Исатайға арнап кесене ескерткіш қоямыз деген арманы бар еді, қайтейін уақыт жетпеді.
«Еркін, айналайын, мықты бол, әкең өткенде де, анаң өткенде де, апаң өткенде, жездең
өткенде, келінің өткенде, барлығында қасыңда болдым ғой, енді Беркін өткенде қасыңда
болайын, маңдайыңнан иіскейін, жылама» деп оған көңіл айттым. Мұндайда адамзаттың
қолынан не келеді, тек жылы сөз, жарқын жұбату ақниетті көңіл айту ғой. Жиылған қауым,
Беркіндей азаматты өсірген Жем Сағыздың, Қобданың халқы, әрқашанда Беркінді Жолмырза
Құрманбековтей абзал адал адамды ұмытпайды. Ол халық, Жем Сағыздың халқы, Беркіннің
халқы, дархан халық, мейірімді халық, Ата мекенің, қасиетті жұртың сенің қандай жақсы
адам екенін білетін халық. Жолмырза Құрманбеков соғыстан қайтқанда жаралы қолын
мойнына асып жүріп, ел еңсесін қалай көтерді, колхоз жұмысын қалай жақсарту керек екенін
білді. Шаруашылықты озат қылды. Құрманбектовтың тарихы Байғанин тарихымен бірге.
Байғанин халқы тұрғанда Құрманбековтер ешқашан ұмытылмайды. Жатқан жері жарық,
топырағы торқа болсын, Иманы жолдасы болсын! Беркін Жолмырза әкеңнің, Ақмоншақ
анаңның басқа да туысқандарыңның бақилық сапарында бірге бол. Пайғамбардың
тұлғасында бол, сен жарық адамсың, сен ұстазсың, жақсы ұстаз Пайғамбар сияқты құрметке
бөленеді. Пайғамбарда оларды жақсы көрген! Артың қайырлы болсын! Қош бауырым!
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
232
ЖАН – ЖАҚТЫ ҚАБІЛЕТТІ ЕДІ
Жүсіпалиев Асқар Қазиханұлы
Қобда ауданының әкімі,
митингтегі сөзі
Құрметті халайық, бүгін біз қимас та, қадірлі ағамыз Беркінді жарық дүниедегі соңғы
сапарына шығарып салудамыз. Осы митингіге Қобда ауданынан біраз азамат, азаматшалар
Беркін ағамыздың жерлестері, оны білетін қобдалықтар, партия, кеңес орындарында
қызметтес болғандар, білім саласының майталман қызметкерлері ұстаздар, шәкірттері
қатысуда. Ағамызды жұртшылық "Қобдалық" дейді. Себебі, аға қуатты, жастық жігерлі
жылдарын Қобдаға арнады, тұлға болып қалыптасты, елге танылды.
Беркін ағай аудандық білім бөлімінің бастығы болып көп жыл істеген, менің әкем
Казиханның жұмыстас інісі болған. Ағамыз Қобдаға келгенде менің әкемнің бұйрығымен
Новоалексеевка қазақ орта мектебіне Сәуле жеңгей екеуі мұғалім болып орналасып,
алғашқы еңбек жолдарын бастаған. Кейін Беркін аға менің әкем сияқты аудандық білім
бөлімін абыройлы, іскерлікпен басқарды. Беркін аға әкемді өте мықты сыйлады, ал әкем
болса оны жоғары бағалады.
Өзімнің қарабасым Беркін ағамен осы жағдайлар арқылы да танысып, әрі аудандық
партия комитетінде бірге қызметтес болуымыз арқылы да жақсы білістік. Беркін ағам
елге елеулі, халыққа қалаулы есте сақтауға лайық үлкен азамат еді.
Жаңа өмірбаянында айтқандай, ол 1973 жылдан бастап, Қобда ауданына
жолдамамен жас маман болып келіп, 20 жылдан астам еңбек етті, қызметте өсті, өмірде
тәжірибе жинады, жұмыста жетілді, тұлға болып қалыптасты.
Ауданымызда танымал және беделді азамат, іскер басшы болып аброй-атаққа ие
болды. Өзінің өнімді, көлемді, халық көңілінен шығатын үлкен істерін Қобда ауданының
көтерілуіне, білім, мәдениетінің өркендеуіне, әлеуметтік салаларының дамуына,
адамдарының білікті, тәрбиелі, саналы болып қалыптасуына аянбай еңбектеніп, өзінің
мол үлесін қосқан азамат-патриот.
Беркін ағалар жұмыс жасаған 70-80 жылдарда Қобда ауданы Ақтөбе облысындағы
екі-үш ірі ауданының бірі болды. Жиырмаға тарта колхоз, совхозы бар, шаруашылығы
көп салалы, халқының ұлттық құрамы әртүрлі, үлкен жол бойындағы, мектебі мен
клубы, тұрмыстық қамту, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункттері көп елді мекендер
еді.
Мал көп, егін бітік, механизатор табысты болатын. Мінекей, осындай күрделі
жағдайда Беркін аға ауданда үгіт-насихат, білім және әлеуметтік саланы іскерлікпен
ұтымды, үйлестіріп басқара білген басшы болды.
Соңғы он-он бес жылдар ішінде 1998 жылдан бастап жоғарғы оқу орнында еңбегін
жалғастырып, ғылым саласында қарқынды, өнімді жұмыс жасап, тарихи тақырыптарға
көптеген ғылыми кітаптар жазып, ғалымдық көлемді жұмыстар тындырды, жастарға
білім дәнін сеуіп, ойлы шәкірттер тәрбиеледі. Талмай, шаршамай еңбек етіп, жаңа
жұмыста, ғалымдар мен студенттер арасында тағы да абырой, беделге жетті. Бұл жағдай
көп нәрселерден хабар береді, абзал ағаның үлкен жан-жақты қабілетін көрсетеді деп
білемін.
Сөйтіп, Беркін аға өзінің толық мол тәжірибе жинақтаған, кемеліне келген ойлы
жылдарын университеттегі ғылыми-педагогикалық қызметке арнады. Бұл істе Беркін
ағаның оң жамбасына келді, жақсы атқарды.
Қоғамды аздыратын үш нәрсе бар дейді. Біріншісі қарттар мен ғалымдарды
сыйламау. Екіншісі билік басындағы үкіметке бағынбау. Үшіншісі асты ысырып жасау.
Біз кейінгі ұрпақ үлкендерді сыйлап өстік. Ғалым ағамызды да құрметтейміз.
Адамның аты мен ісі ұрпақ санасында және ауызында қанша уақыт сақталса, ол
сонша өмір сүреді дейді. Біз қобдалықтар Беркін ағамыздың ауданымызға жасаған жақсы
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
233
істерін ұмытпаймыз. Қобда тарихына байланысты жазған еңбектерін білім, тәрбие ісінде
пайдаланамыз және насихаттаймыз.Өзінің есімін есте сақтаймыз. Беркін ағаның тума-
туыстарына айтарым ағаның аты Беркін деген сөз беркіну, бекіну мағынасында ғой,
берік, мықты болыңдар. Беркін ағаның көрмеген қызықтарын сіздер көріңіздер. Жатқан
жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
234
БАТЫС ӨҢІРІНІҢ БЕЛГІЛІ ТАРИХШЫСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |