Адал азамат



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

  
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  218  
 
Б.Ж. ҚҰРМАНБЕКОВТІҢ 60 ЖАСҚА ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  
БАСПАСӨЗ  БЕТТЕРІНЕ  ЖАРИЯЛАНҒАН  МАҚАЛАЛАР 
 
АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ ГАЗЕТІ 
Құттықтаймыз! 
Саяси – әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының  кандидаты, 
доцент Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековты 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! 
Сізге зор денсаулық, шығармашылық толағай табыс тілей отырып, ел – жұртыңды жаңа 
ғылыми зерттеу еңбектеріңмен қуанта беруіңе тілектестік білдіреміз.  
Ректорат  
Ақтөбе университеті газеті 
                                                                          Қаңтар №1-2 (295-296) 2012ж 
Ғұмыр   белестері 
 
1952 жылы 1-қаңтарда Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келді. 
1968жылы «Комсомолдың 30 жылдығы атындағы» орта мектепті бітірді. 
1973  жылы  С.М.Киров  атындағы  (қазіргі  Әл-Фараби)  Қазақ  мемлекеттік 
университетінің тарих факультетін бітіріп шықты.Сол жылдан бастап Қобда ауданында орта 
мектепте мұғалім, аудандық партия, кеңес орындарында қызметтер атқарды. 
1996 жылдан ғылыми жұмыспен айналысып келеді. 
1998жылы «Батыс Қазақстан 1916 жылғы көтеріліс»жөнінде диссертация қорғады. 
 
Ғылымға үлесі: 
 
Б.Құрманбеков Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірінің тарихына байланысты 15 монография 
мен 100-ден астам мақалалардың авторы: 
1. Ідіріс   Үргенішбаев 
2.  Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс 
3.  Ақтөбе округінде 1928 жылы байларды конфискациялау 
4.  Дума депутаты Алпысбай Қалменов 
5.  Қайраткер Алпысбай Қалменов (Өмірзақ Озғанбаймен бірге) 
6.  Батыс Қазақстанда сауданың дамуы 
7.  Ойыл жәрмеңкесі 
8.  Темір жәрмеңкесі 
9.  Алтай батыр 
10.Нұрлы жүзді Нұрпейіс 
11.Ырғыздың қилы тарихы 
12.Болат жолдың тарланы(құрастырушы ретінде) 
13.Сәуле ғұмыр 
14.Темір тарихы 
15.Жәңгірхан жәрмеңкесі.  
2013 жылы шығарылған кітаптар: 
16. Ахмет Бірімжанов 
17. Шежіре 
18. Қайраткер Қаратаев 
19. Қобда ауданынын тарихы 
20. Ақтөбе облысында тың және тыңайған жерлерді игеру 
21. Ақтөбе тарихы 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  219  
 
ЖӘРМЕҢКЕ ТАРИХЫ ЕЛ ИГІЛІГІ 
 
Қазақ  халқының  тарихында XYIII ғасыр мен  XX ғасырдың бас  кезіндегі   оқиғалар  
өте  күрделі  кезең болып  табылады. Осы кезеңдегі қазақ-орыс  қарым-қатынастары, әсіресе, 
Кіші  жүз  қазақтарының Ресей  құрамына  қосылуы, өте  қарама-қайшы сипатқа толы болды. 
Алғашқыда жәй елшілер миссиясы арқылы Ресей бодандығын номинальды  түрде  қабылдау, 
кейінірек  Ресейдің  қазақ  жүздерінің  ісіне  араласуына  ұласып,  елшілік  және  әскери  іс-
әрекеттер  Қазақстанның  Ресейге  саяси-экономикалық  тәуелділігіне  әкеліп  соқтырды. 
Осындай  қарама-қайшылыққа  толы  жағдайда  Батыс  Қазақстанда    жаңа    экономикалық   
қатынастар орнай бастады. Батыс Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына байланысты Ресейдің 
Орта  Азия  мемлекеттерімен  сауда  қатынасын  орнатуында  үлкен  транзиттік  рөл  атқарады. 
Торғай және Орал облыстарының  территориясында, Маңғыстау уезінде XIX ғасырдың орта 
тұсынан  бастап  жәрмеңке  саудасының  даму  мәселесі,  осы  кезге  дейін  тарихшылардың 
назарына  тыс  қалып  келе  жатқан  үлкен  ғылыми  проблема  болды.  Өлкетанушы  ғалым  Б.Ж. 
Құрманбеков Қазақстан тарихшылары арасында бірінші болып осы мәселеге назар аударды. 
Ғалым  көп  жылғы  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде,  ғылыми  қауымға  өзінің  «Батыс 
Қазақстанда сауданың дамуы»  деген көлемді  монографиясын ұсынып, бұл  еңбек Қазақстан 
ғалымдарының тарапынан жоғары бағасын алды. XIXғасырдың екінші  жартысында қазіргі 
Ақтөбе  өңірінде  Ойыл,  Темір,  Ырғыз  және  Ақтөбе  жәрмеңкелері  ашылып,  жемісті  жұмыс 
жасағаны  белгілі.  Осы  жәрмеңкелер  тарихы,  Беркін  Құрманбековтің  шығармашылығының 
өзекті тақырыбына айналды. 
Ғалымның  «Ойыл  жәрмеңкесі»,  «Темір  жәрмеңкесі»  деп  аталатын  еңбектерінде  де 
өзінің  жаңашылдығымен  және  тың  тұжырымдарымен  ғылыми  қауымның  қызығушылығын 
туғызып,  ел  тарихын  сүйіп  оқитын  жұршылықтың  үлкен  сұранысына  ие  болды.  Осы 
еңбектері  арқылы  Б.Ж.  Құрманбеков  Батыс  Қазақстанда  ерекше  дамыған  жәрмеңкелер 
тарихын ел игілігіне айналдырды. 
 
 
                                                                       Ақтөбе университеті газеті 
                                                                          Қаңтар №1-2 (295-296) 2012ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  220  
 
ТАЛАНТТЫ ТАРИХШЫНЫҢ СҮБЕЛІ ЕҢБЕГІ 
 
                                                                             Озғанбай Өмірзақ 
                                                      тарих ғылымдарының докторы,  
профессор 
 
Ақтөбелік тарихшы Беркін Құрманбековтің «Батыс Қазақстанда сауданың дамуы» атты 
монографиялық еңбегі өте өзекті мәселеге арналған. Қазақстанның Ресей және Орта Азиямен 
байланысы өте ерте заманнан басталады және осы қарым-қатынастардың дамуына сауданың 
тигізген  әсері  өте  зор  болып  табылады.  Ресейдің  Орта  Азиямен  сауда  байланыстары  Батыс 
Қазақстан территориясы арқылы жүзеге асырылады. 
 Беркін  Құрманбековтың  еңбегінің  басты  құндылығы  Батыс  Қазақстанның  Орал 
облысындағы  әскери  –  қазақ  территориясы  мен  қазақ  даласындағы  сауда  қатынастарының 
дамуы  нақты  архивтік  деректермен  дәйектелген.  Сонымен  бірге  Орынбор  айырбас  сауда 
орталығының  және  Ішкі  Бөкей  Ордасындағы  Жәңгір  хан  жәрмеңкесінің  Батыс  Қазақстанда 
сауда қатынастарының дамуына тигізген әсері толық ашып көрсетілген. Монография авторы 
Отан  тарихнамасында  өте  аз  назар  аударылып  келген  Торғай  облысының  Ақтөбе,  Ырғыз 
уездерінде тұрақты және жәрмеңке саудаларының даму мәселесін ерекше зерттеу обьектісіне 
айналдырып, осы уездегі сауда қатынастарының даму динамикасын толық зерттеген.  
Ғалым өз еңбегінде сауда қатынастарының дамуына әсерін тигізген саяси, әскери және 
экономикалық алғы шарттар: керуен сауда жолдарының қалыптасуы, сауда қатынастарының 
түрлері  мен  ұйымдастырылуының  формалары  сияқты  қазіргі  кезеңге  дейінгі  төл 
тарихымызда өте аз зерттелінген өзекті мәселелерге баса назар аударған. 
Сонымен қатар бұл еңбекте XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап кеңінен өрістеген 
жәрмеңке  саудасының  дамуы  терең  қарастырылып,  сауданың  осы  формасының  Батыс 
Қазақстан  халқының  әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайына  тигізген  әсері  толық  және 
терең  қарастырылған.  Зерттеу  обьектісі  ретінде  қарастырылған  Батыс  Қазақстан 
аумағындағы  Ойыл,  Ырғыз,  Темір,  Ақтөбе,  Гурьев  уездері  және  Орал  әскери  қазақ 
территориясындағы  тұрақты  жәрмеңкелердің  негізгі  сауда  орталықтарына  айналуының 
заңдылықтары ашылып, осы жәрмеңкелердің өлкенің экономикалық дамуына қатысқан ролі 
толық  ашып  көрсетілген.  Батыс  Қазақстанда  керуен  саудасының  дамуына  байланысты 
Маңғыстауда  сауда  қатынастарының  дамуы  ерекшеліктері,  регион  тұрғындарының  Орта 
Азия сауда орталықтары және Торғай, Орал облыстарының шектеу уездерімен сауда-саттық 
байланыстарының  ерекшеліктері  нақты  деректермен  негізделіп  дәлелденген.  Өте  бай 
архивтік  деректер  негізінде  Батыс  Қазақстанда  сауда  қатынастарының  пайда  болуы, 
қалыптасуы  және  өркендеп  даму  динамикасы,  тұрақты  және  жәрмеңкелік  сауда  түрлерінің 
көлемі  және  құрылымдық  ерекшеліктері  айқындалып,  аймақтағы  сауда  орталықтарының 
Ресей,  Орта  Азия  халықтарымен  байланысының  артуына  тигізген  әсері  анықталған.  Автор 
еңбегінде Батыс Қазақстан территориясының Ресей және Орта Азия сауда қатынастырының 
дамуындағы  транзиттік  ролі  толық  ашып  көрсетілген.  Еңбекте  Батыс  Қазақстанда  тұрақты 
және жәрмеңке саудасының дамуының осы территория халқының әлеуметтік-экономикалық 
жағдайына  тигізген  әсері  айқындалып,  аймақтағы  сауда  қатынастарының  даму  деңгейінің 
жаңа  демографиялық  жағдайдың  қалыптасуын  қамтамасыз  етуі  нақты  деректермен 
айқындалған. Осы еңбектің ерекшеліктерінің бірі Батыс Қазақстанда сауда буржуазиясының 
қалыптасуы архивтік деректер арқылы негізделген. 
  Қорыта айтқанда Б.Ж.Құрманбековтың бұл еңбегі Батыс Қазақстан тарихын зерттеуге 
қосылған сүбелі ғылыми еңбек болып табылады.    
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  221  
 
ТАРИХИ  ТҰЛҒАЛАРДЫ  ЕЛ  ЖАДЫНА  ҚАЙТАРҒАН. 
 
  Миров Мұхтар,  
Қ.Жұбанов атындағы университеттің  
аға оқытушысы, филология   
ғылымдарының    кандидаты.   
 
Тарих-қатал  да,  әділетті  құбылыс.  Теңіздің  асау  толқыны  сан  миллион  рет  жағаға 
соғып,  теңіздің  терең  түбінен  жахұт  тастарды  сан  мәрте  жалап-жылтыратып,  жағаға 
шығаратыны  сияқты,  кейбір  себептермен,  тарихтың  тұманында  елге  көрінбей  қалған, 
есімдері  көмескі  тартқан  өзінің  перзенттерін,  сын  сағаттарда  тарих  сахнасына  қайта 
шығарып, жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады.                                                                                                                                                  
Кер заманда ұрпағы өзінен айырылып, елі есімін жадынан шығарып ала жаздаған, асыл 
ер,  халықтың  ел  қорғаған  хас  батыры,  әділдігімен  «қара  қылды  қақ  жарған»,  сындарлы  би 
болған,  ханмен  қатар  отырып  кеңес  құрған  Ақ  кете  Алтай  Ебескіұлы  да,  қазақ  халқының 
тарихында  өзіндік  орны  бар,  елдің  ерекше  жаратылған  ұлы  перзенттерінің  бірі.  Ғалымның 
бір сүбелі еңбегі «Алтай батыр» деп аталады. Автор бұл еңбегінде ХYIII-ғасырда Кіші жүзде 
болған  саяси-экономикалық  түбегейлі  өзгерістерді  баяндай  отырып,  осы  оқиғалардың  бел 
ортасында  болып,  заман  талабына  сай,  қазақ  халқының  мүддесі  үшін,  саяси  және  әскери 
күрестерге  белсенді  қатынасып,  ұлттың  жарқын  болашағы  үшін  күрескен,  қазақ  халқының 
батыры,  беделді  биі,  шебер  дипломат  Алтай  Ебескіұлының  өмір  жолын,  архивтік  деректер 
негізінде толық суреттейді.                                                                                                                                                 
Өзінің  ерен  еңбегімен  туған  халқына  адал  қызмет  етіп,  ел  тарихында  ерекше  орын 
алған  азаматтар  өте  көп.  Солардың  ішінде  атақ-даңқы  кезінде  тек  қана  қазақ  елінде  ғана 
емес, елден тыс жерлерде де кеңінен танымал болған Алпысбай Қалменовтың алатын орны 
ерекше болып табылады. Өкінішке орай, әр түрлі себептермен Алпысбай Қалменовті қазіргі 
ұрпақтың  көпшілігі  білмейтіні  ақиқат.  Оның  басты  себебі:  біздің  төл  тарихымызды 
зерделеуде  мәдени  сабақтастық  пен  жалғастықтың  көп  жағдайда  жүзеге  аспай, 
тарихымыздың көп тұстарының үзік-үзік болып қалғандығы.  
Қазақта «құдай жаққан шырақты адам баласы өшіре алмайды» деген сөз бар. Сондай-ақ 
өшпес шамшырақтың бірі Алпысбай Қалменов болды. 
Тау  қашықтан,  бірте-бірте  зорайып,  барша  қасиетімен  көріне  бастайды.  Сол  сияқты, 
тарихи  тұлғалардың  ерен  ісі  де  уақыт  тезінен  өтіп  барып,  халқына  танылып,  оның  рухани 
өмірінің  өзекті  бөлігіне  айналады.  Алпысбай  Қалменов  туралы  «Дума  депутаты  Алпысбай 
Қалменов»  деген  атаумен  Ақтөбеде  жарық  көрген  кітабын  Б.Ж.Құрманбеков,  танымал 
тарихшы,  ғылым  докторы  Өмірзақ  Озғанбаймен  бірігіп,  Алматыдағы  «Нұрлы  әлем» 
баспасынан,  3  мың  дана  тиражбен,  «Қайраткер  Алпысбай  Қалменов»  деген    атпен  қайта 
жариялады.  Қазақтың  ұлағатты  ұлдарының  бірі  болған,  Алпысбай  Қалменов  сияқты  абзал 
азаматты  елге таныта түсу мақсатында жасалған, осы еңбектері ғалымның өте сәтті ғылыми 
қадамдарының бірі деп білеміз.  
Ғалымның  шығармашылық  табыстарының  бірі,  еліміз  150  жылдығын  атап  өткен 
Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» деп 
аталатын 
еңбегі 
болып 
табылады. 
Ел 
тарихының 
әр 
кезеңінде, 
Нұрпейіс 
шығармашылығының  сол  кезеңдерге  тығыз  байланысын  зерделеген  бұл  еңбек,  өзінің 
жаңашылдығымен, тарихи бай деректерімен ерекшеленеді. Нұрпейіске арналған ең алғашқы 
ғылыми зерттеу ретінде ғалымның бұл еңбегі, тарихшылар мен тілші ғалымдардың назарына 
бірден ілікті. 
Ел  өз  батырларын  ұмытпауға  тиіс.  Ақтөбелік  Кеңес  Одағының  батырларының  ішінде 
Ідіріс  Үргенішбаевтің  ерлігі  әр  түрлі  себептермен  уақытында  жеткілікті  дәрежеде 
насихатталмай    қалды.  Тарихшы  ғалым  осы  олқылықтың  орны  толтыру  мақсатында,  Ұлы 
жеңістің  60  жылдығы  қарсаңында  «Ідіріс  Үргенішбаев»  деген  кітабын  жазып,  қалың 
жұртшылыққа  ұсынды.  Ғалымның  осы  кітабы  арқылы  оқырман  қауым,  әсіресе  жас  ұрпақ 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  222  
 
Ідіріс Үргенішбаевтің  соғысқа дейінгі  еңбек жолы мен майдандағы  ерлігімен таныс болды. 
Осы  кітап  шыққан  соң  ғана,  батырдың  есімі  Ақтөбе  қаласының  оңтүстік-батыс  ауданынан 
бір көшеге берілді. 
Салыстырмалы  түрде,  жас  тұрғысынан  алғанда,  Беркін  Жолмырзаұлы  Құрманбеков 
ғылымға  кешеуілдеңкіреп  қосылды.  Бірақ  өмір  тәжірибесін  көп  жинақтаудын  және 
тыңғылықты, әрі терең білімінің арқасында Беркін Жолмырзаұлы ғылымдағы өзіндік жолын 
өте тез тапты. 
Ғылымда ғалымның өзіне ғана тән өзекті зерттеу тақырыбын тауып,өзіндік сара жолын 
табуы  өте  қиын  нәрсе.  Бұл  мәселеде  Беркін  Жолмырзаұлы  өте  сәтті  қадам  жасады.  Бүгінгі 
күні  Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірінің тарихына байланысты жарық көрген 15 монография 
мен  100-ден    аса  мақалалардың  авторы  Б.Ж.Құрманбековтың  зерттеу  еңбектерінің  негізгі 
тақырыптарын  шартты  түрде  мынадай  4  бағытқа  бөлуге  болады;  1) Тарихи  бет  бұрыс 
оқиғалар,  2) Ел  өмірінде  өзіндік  із  қалдырған  тұлғалар,  3) Батыс  өңірінде  сауда 
қатынастарының  және  жәрмеңкелердің  дамуы,  4) Жалпы  Қазақстандағы  тарихи  оқиғалар 
контекстіндегі аудандар тарихы.                                                                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  223  
 
ТАЛАНТТЫ ӨЛКЕТАНУШЫ ҒАЛЫМ 
 
М. Мұхамбетов 
Байғанин ауданы «Жем сағыз» газеті 
30 желтоқсан 2011жыл.  
 
Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе    мемлекеттік  университетінің,  саяси-әлеуметтік  пәндер 
кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Жолмырзаұлы 
Құрманбеков 1952 жылы 1-қаңтарда Байғанин ауданының Жарқамыс аулында дұниеге келді. 
Балалық шағы «Қызыл әскер» аулы мен Қарауылкелді станциясында өтті.  Б.Ж.Құрманбеков 
1958 жылы Қарауылкелдідегі «Комсомолдың 30 жылдығы атындағы» орта мектептің бірінші 
класына  барып,  осы  мектепті  1968  жылы  бітірді.  Мектепте  Б.Ж.Құрманбеков  Бұлжетпес 
апай, Нұрман Қорбин, Марат Жамантаев, Тұрман Нұрлыханов, Қаншайым Нұрманова,  Бибі 
Абдулина, Межеш Досқуатов сияқты талантты педагогтардан білім және тәрбие алды. Беркін 
Жолмырзаұлының  тарихшы  мамандығын  таңдауына  мектеп  директоры,  тарихшы  Нұрман 
Қорбиннің тікелей үлгі әсері болды.  
Б.Ж.Құрманбеков  1968  жылы  С.М.  Киров  атындағы  (қазіргі  Әль-Фараби)  Қазақ 
мемлекеттік  университетінің  тарих  факультетіне  түсіп,  1973  жылы  тарих  мамандығы 
бойынша,  диплом  алған  соң,  еңбек  жолын  Қобда  аудандағы  Новоалексей  қазақ  орта 
мектебінде  бастады.  Содан  соң,  Б.Ж.Құрманбеков  аудандық  оқу  бөлімінің  инспекторы, 
халық  депуттатары  аудандық  кеңесі  атқару  комитетінінің  ұйымдастыру  бөлімінің 
меңгерушісі,  Қобда  аудандық  партия  комитетінің  үгіт  насихат  бөлімінің  нұсқаушысы, 
меңгерушісі  және  аудандық  оқу  бөлімінің  меңгерушісі  қызметтерін  атқарды. 
Б.Ж.Құрманбеков 1996 жылдан бастап ғылыми жұмысқа ауысты.  
Б.Ж.  Құрманбеков  1998  жылы  «Батыс  Қазақстандағы  1916  жылғы  көтеріліс»  деген 
тақырыпта  ғылыми  диссертация  қорғап,  тарих  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми 
дәрежесіне  ие  болды.Бүгінгі  күні  Батыс  Қазақстан,  Ақтөбе  өңірінің  тарихына  байланысты 
жарық көрген 15 монография мен 100-ден аса мақалалардың авторы.  
Б.Ж.Құрманбековтің  ғылыми  мақалалары  Москва,  Киев,  Ташкент,  Бішкек,  Алматы 
және  Астана  қалаларынан  шыққан  ғылыми  конференциялар  жинақтары  мен  журналдарға 
жарияланып, тарихшы ғалымдардың жоғары пікіріне ие болды. 
Б.Ж.Құрманбековтің  «Алтай  батыр»,  «Нұрлы  жүзді  Нұрпейіс»,  «Дума  депутаты 
Алпысбай Қалменов» атты еңбектерін Байғаниндік оқырмандар өте жылы қабылдады.  
Б.Ж.Құрманбеков  өзінің  ғылыми  еңбектерінің  нәтижесінде  Қ.Жұбанов  атындағы 
Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  «Ең  үздік  кафедра  меңгерушісі»,  «Ең  үздік  ғылыми 
зерттеуші ғалым» атақтарына ие болды.  
Беркін  Жолмырзаұлы  жұбайы  Қазақстан  Республика  білім  беру  ісінің  үздігі  Сәуле 
Советқызы - екеуі  бес бала тәрбиелеп өсірді. Тұңғыш балалары Айгүл Ақтөбе қаласындағы 
Әлия  Молдағұлова  атындағы  гуманитарлық  колледжде  ағылшын  пәнінің  оқытушысы. 
Физика  пәнінің  оқытушысы,  заңгер  мамандықтарының  иесі  Ләйлә  Ақтөбе  қаласындағы 
Зауыт  полиция  бөлімінде  қызмет  атқарады,  әскери    шені  майор.  Ортаншы  қызы  Марина 
«CTG  компаниясының»  Ақсай  мұнай  –  газ  өндіріс  орнында инженер-техник  мамандар  мен 
жұмысшыларды  ағылшын  тіліне  үйрететін  оқытушы  -  маман.  Ғылым  магистрі  Мәншүк 
Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  педагогика-психология  факультетінің 
деканының  орынбасары  болып  қызмет  жасайды.  Кенжелері  -  Гүлдария  «Казагро  қаржы» 
мекемесінде менеджер. 
Жыл  басында  (1қаңтар)  асқаралы  60  жасқа  толғалы  отырған  ғалым,  Қ.Жұбанов 
атындағы  Ақтөбе    мемлекеттік  университетінің,  саяси-әлеуметтік  пәндер  кафедрасының 
меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековке   
зор  денсаулық,  шығармашылық  толағай  табыс  тілей  отырып,  ел-жұртын  жаңа  ғылыми 
зерттеу еңбектерімен қуанта беруіне тілектестік білдіреміз. 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  224  
 
ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕГЕН 
 Ақтөбе қаласы  
«Керек. info» газеті №4(262) 26.01.2012 
 
Өлке  тарихын  саралап  жүрген  ғалымдардың  еңбегі  ең  алдымен  болашақ  ұрпақ  үшін 
маңызды.  Себебі,  өскелең  ұрпақтың  ел  тарихын,  жер  тарихын  білуіне  айтарлықтай  ықпал 
етері  сөзсіз. Сондай елеулі еңбекті  жүзеге асырып жүрген жандардың бір ретінде тарихшы 
ғалым Беркін Құрманбековті айтуға болар. 
Байғанин  ауданының  Жарқамыс  аулында  дұниеге  келген  Беркін  Жолмырзаұлы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінің  тарих  факультетін  тәмәмдап,  Қобда  ауданда  еңбек  жолын 
бастады. Сондағы оқу білімі саласында, аудандық партия комитетіннің бөлімдерінде қызмет 
атқарған. Ол 90-шы жылдарының ортасына таман ғылыми жұмысқа ден қойды. Бүгінгі күні 
Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірінің тарихына байланысты 15 монография жариялап  үлгерген 
ғалым өз еңбегінің өзгелер үшін пайдаға асқанын қалайды.  
Жергілікті  тарихшының  «Дума  депутаты  Алпысбай    Қалменов»,  «Темір  жәрмеңкесі», 
«Нұрлы  жүзді  Нұрпейіс»,  «Темір  тарихы»  атты  еңбектерін  Темірлік  оқырмандар  жылы 
қабылдады.  
Алтай батыр туралы айтылған еңбек. 
 Өлкетанушы  ғалымның  бір  табысты  зерттеу  еңбегі  «Ақтөбе  округінде  1928  жылы 
байларды конфискациялау» деп аталады. Бұл еңбегінде ғалым  архивтік деректер негізінде- 
«қу  жақ»-  Голощекиннің  теріс  саясатының  нәтижесінде  мал-мүлкінен  айрылып,  жер 
аударылған  Ақтөбелік байлардың тағдырын тарихи шындық тұрғысынан, архивтік деректер 
негізінде, көрсете білген. 
Тарих  -  қатал  да,  әділетті  құбылыс.  Теңіздің  асау  толқыны  сан  миллион  рет  жағаға 
соғып,  теңіздің  терең  түбінен  жахұт  тастарды  сан  мәрте    жалап-жылтыратып,  жағаға 
шығаратыны  сияқты,  тарих  та  кейбір  себептермен,  тарихтың    тұманында  елге  көрінбей 
қалған, есімдері көмескі тартқан өзінің перзентерін, сын сағаттарда  тарих сахнасына қайта 
шығарып, жас ұрпаққа үлгі ретінде  ұсынады. 
Кер заманда ұрпағы  өзінен айрылып, елі есімін жадынан шығарып ала жаздаған, асыл 
ер,  халықтың  ел  қорғаған  хас  батыры,  әділдігімен  «қара  қылды  қақ  жарған»,  сындарлы  би 
болған,  ханмен  қатар  отырып  кеңес  құрған  Ақ  кете  Алтай  Ебескі  ұлы  да,  қазақ  халқының 
тарихында өзіндік орны бар, елдің  ерекше жаратылған  ұлы перзенттерінің бірі. Ғалымның 
саңы бір сүбелі еңбегі «Алтай батыр деп аталады. Автор бұл еңбегінде ХVІІІ-ғасырда Кіші 
жүзде болған саяси-экономикалық түбегейлі өзгерістерді баяндай отырып, осы оқиғалардың 
бел ортасында болып, заман талабына сай, қазақ халқының мүддесі үшін, саяси және әскери 
күрестерге  белсенді  қатынасып,  ұлттың  жарқын  болашағы  үшін  күрескен,  қазақ  халқының 
батыры,  беделді  биі,  шебер  дипломат  Алтай  Ебескіұлының  өмір  жолын,  архивтік  деректер 
негізінде толық суреттейді.  
 
Танымал тұлға-Алпысбай Қалменов 
Өзінің  ерен  еңбегімен  туған  халқына  адал  қызмет  етіп,  ел  тарихында  ерекше  орын 
алған  азаматтар  өте  көп.  Солардың  ішінде  атақ-даңқы    кезінде  тек  қана  қазақ  елінде  ғана 
емес, елден тыс жерлерде де кеңінен танымал болған Алпысбай Қалменовтың алатын орны 
ерекше болып табылады. Өкінішке орай, әр түрлі себептермен Алпысбай Қалменовті қазіргі 
ұрпақтың  көпшілігі  білмейтіні    ақиқат.  Оның  басты  себебі:  біздің  төл    тарихымызды  
зерделеуде  мәдени  сабақтастық  пен  жалғастықтың  көп  жағдайда  жүзеге  аспай, 
тарихымыздың көп  тұстарының үзік-үзік  болып қалғандығы. 
Қазақта  «құдай  жаққан  шырақты  адам  баласы  өшіре  алмайды»  деген  сөз  бар.  Сондай 
өшпес  шамшырақтың  бірі  Алпысбай  Қалменов  болды.  Тау  қашықтықтан,  бірте-бірте  
зорайып,  барша  қасиетімен    көріне  бастайды.  Сол  сияқты,  тарихи  тұлғалардың  ерен  ісі  де 
уақыт тезінен өтіп барып, халқына танылып, оның рухани өмірінің өзекті бөлігіне айналады. 
Алпысбай Қалменов туралы «Дума депутаты Алпысбай  Қалменов» деген атаумен Ақтөбеде 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  225  
 
жарық  көрген  кітабын  Б.Ж.Құрманбеков,    танымал  тарихшы,  ғылым  докторы  Өмірзақ 
Озғанбаймен  бірігіп,  Алматыдағы  «Нұрлы  әлем»  баспасынан,  3  мың  дана  тиражбен, 
«Қайраткер  Алпысбай  Қалменов»  атпен    қайта  жариялады.  Қазақтың  ұлағатты  ұлдарының 
бірі  болған,  Алпысбай  Қалменов  сияқты    абзал  азаматты  елге  таныта  түсу  мақсатында 
жасалған еңбек болды.  
Нұрпейіске арналған алғашқы ғылыми зерттеу 
Ғалымның  шығармашылық  табыстарының  бірі,  еліміз  150  жылдығын  атап  өткен 
Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» деп 
аталатын 
еңбегі 
болып 
табылады. 
Ел 
тарихының 
әр 
кезеңінде, 
Нұрпейіс 
шығармашылығының  сол  кезеңдерге  тығыз  байланысын  зерделеген  бұл  еңбек,  өзінің 
жаңашылдығымен,  тарихи  бай  деректерімен  ерекшеленеді.  Нұрпейіске  арналған  алғашқы 
ғылыми  зерттеу  ретінде  ғалымның  бұл  еңбегі,    тарихшылар  мен  тілші  ғалымдардың 
назарына бірден ілікті. 
Ідіріс Үргенишбаев туралы не білеміз 
Ел  өз  батырларын  ұмытпауға  тиіс  Ақтөбелік  Кеңес  Одағының  батыларының  ішінде 
Ідіріс  Үргенішбаевтің  ерлігі  әр  түрлі  себептермен  уақытында  жеткілікті  дәрежеде 
насихатталмай  қалды.  Тарихшы  ғалым  осы  олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатында,  ұлы 
жеңістің  60  жылдығы  қарсаңында  «Ідіріс  Үргенішбаев»  деген  кітабын  жазып,  қалың 
жұршылыққа  ұсынды.  Ғалымның  осы  кітабы  арқылы  оқырман  қауым,  әсіресе  жас  ұрпақ 
Ідіріс Үргенішбаевтің  соғысқа дейінгі  еңбек жолы мен майдандағы  ерлігімен таныс болды. 
Осы кітап шыққан соң ғана,батырдың есімі  Ақтөбе қаласының оңтүстік – батыс ауданынан 
бір көшеге берілді.  
Ырғыз және Темір аудандарының тарихы 
Қазақ  халқының  Ресей  империясының  және  Кеңестер  Одағының  құрамында  болған 
кезеңдеріндегі  тарихының  қалың  жұртшылыққа  ақиқаты    айтылмай  келген  «ақ  таңдақ»  
беттері    өте  көп.  Қазақстанның  құрамдас  бөлігі  ретінде  (әкімшілік  –  экономикалық  
бөліністегі)  аудандардың да тарихын жазу ісі, әзірге кеңінен  жүзеге асырылмай отырғаны 
шындық.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  жалпы  аудандар  тарихын,  оның  ішінде,  Ақтөбе 
облысының  аудандарының   тарихын зерттеу    қазіргі  замандағы    рухани  өміріміздің    өзекті 
мәселелерінің  бірі болып табылады. Талантты, өлкетанушы ғалым Б.Ж. Құрманбеков  соңғы 
жылдары аудандар тарихын жазу ісін қолға алып, үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Соңғы 2 
жылда қалың оқырман қауымның қолына ғалым «Ырғыздың қилы тарихы», «Темір тарихы» 
атты кітаптарын ұсынып, осы кітаптар тарихшы мамандар, мұғалімдер мен ел тарихын сүйіп 
оқитын жұртшылықтың жоғары бағасына ие болды. 
 Ырғыз  және  Темір  жерлері  талай  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік  оқиғалардың 
куәсі.  Х1Х  және  ХХ  ғасырда  қазақ  жерінің  Ресейге  қосылып,  әуелі  Ресей  империясының 
(1731-1916), кейіннен Кеңестер Одағының (1917-1991)  құрамында  болған кезеңдерде Ырғыз 
және  Темір  халқы  отаршылыққа  қарсы  1916-жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  1928-жылғы  ірі 
байлардың мал-мүлкін (шаруашылығын)  конфискациялау, 1937 сталиндік репрессия  сияқты 
қасіретті  оқиғаларды басынан кешірді. Ырғыз және Темірдің байтақ жерінде  Х1Х-ғасырдың 
екінші жартысында  бүкіл Қазақстан мен Ресей, Орта Азия жұртшылығына кеңінен танымал 
болған  Ырғыз (жергілікті  ел Жармола деп атайды), Темір  (Қарақмыс) жәрмеңкелері  жұмыс 
жасады.    ХХ-ғасырдың  ортасында  (1954-1957)    Совет  Одағы  коммунистік  партиясының 
(СОКП)    Орталық  Комитетінің  шешімімен  Ырғыз,  Темір  даласында  тың  жерлерді  игеру 
жүзеге    асырылып,  Ырғыз  және  Қарабұтақ  аудандарының  астық  егуге    жарамды  жерлері 
жаңадан    құрылған  кеңестік  шаруашылықтарға  (совхоздарға)    біріктіріліп,  Ақтөбе 
облысының  картасында  жаңа  Комсомол  (қазіргі  Әйтеке  би)    ауданы  пайда  болды.  Осы 
аудандарда  елдің демографиялық ахуалы өзгеріске ұшырап, бұл өңірлерде славян тұқымдас 
этностар басымдылыққа қол жеткізді. 
Жас  ұрпаққа  тәрбие  берудің  тура  жолы  тарихи  тағылым.  Қазақстанның  тәуелсіздік 
алуы  көптеген  тарихи  оқиғаларды  ақиқат  тұрғысынан  қайта  қарап,  зерттеуге  мүмкіндік 
туғызды.  Ғалымның  Ырғыз  және  Темір  аудандарының  әр  кезеңдегі,  әр  қилы  тарихына 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  226  
 
арналған  осы  еңбектері,  елдің  тарихын  толықтыра  түсу  мақсатында    өте  сәтті  жасалған  
қадамдарының бірі болып табылады. 
«Жәңгірхан жәрмеңкесі» 
Талантты  тарихшының  биылғы  жылғы  толағай  табысының  бірі-  «Жәңгір  хан 
жәрмеңкесі» атты зерттеу еңбегінің жарыққа шығуы болып есептеледі. 
Биыл Бөкей Ордасының құрылғанына 210 жыл толды. Сонымен қатар Бөкей сұлтанның 
хан атанып, таққа отырғанына 200 жыл болды. Бұдан 170 жыл Бөкей Ордасында жаңа типті 
мектеп ашылды. Сондай - ақ заман талабына сай Новая Казанка, Таловка сияқты отырықшы 
сипаттағы елді мекендердің бой көтергеніне де 140 жыл болды.Бұл тарихи оқиғалардың тек 
қана Бөкей Ордасының ғана емес, тұтас Қазақстан тарихында ерекше орын алатыны ақиқат.  
Қазақстан  тарихнамасында  Жәңгір  ханның  саяси  –  экономикалық  және  әлеуметтік 
салаларда  атқарған  қызметтеріне  екі  жақты  пікірдің  қалыптасқаны  белгілі.  Заман  талабына 
сай  тарихи  оқиғалар  мен  тұлғаларға  берілетін  баға  мен  тарихи  –  идеологиялық  өлшем 
бірліктердің  өзгеріп  отыру  обьекивті  заңдылық.  Жәңгір  ханның  мемлекеттік  деңгейдегі 
қайраткерлік  қызметіне  тәуелсіз  Қазақстанның  ұлттық  мүддесіне  сай  тұрғыдан  обьективті 
баға берілуінің бастауы 1997 жылы Жәңгір хан кесенесінің салтанатты ашылуына Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатынасуынан көрініс табады. Осыған орай 
2011 жылы қараша айында 1 мың дана тиражбен жарық көрген «Жәңгір хан жәрмеңкесі» деп 
аталатын кітабында Б.Ж.Құрманбеков Жәңгір ханның саяси –экономикалық және әлеуметтік 
салалардағы  қайраткерлігіне  байланысты    жаңаша  мынадай  ой-тұжырымдар  жасайды:  «Ел 
тізгінін көненің жаңамен ауысатын тұсында  ұстаған Жәңгір  хан алдында екі  таңдау тұрды: 
алғашқы таңдау бойынша әкесі Бөкейдің жолымен жүріп, қазақ қоғамының бұрынғы саяси – 
экономикалық,  әлеуметтік  дәстүрін  жалғастыру  болса,  екіншісі  қазақ  жұртшылығына 
беймәлім, бірақ өркениеттің биік деңгейіне жеткен елдердің үлгісімен дамудың капиталистік 
жолына түсу еді. Жәңгір хан заман талабына сай өркениет жолын таңдады. Жәңгір ханның 
осы таңдауын өз жұртында көпшілік түсінбеді. Даму жолын үлгі еткен көршілес мемлекеттің 
билеуші тобы қазақ елінің өзімен теңесіп, өркениет жолына түсуін қаламады. Өйткені, Ресей 
«бұратана» деп есептеген халықтардың өздерін қанауға ұшыратып, елінің табиғи ресурстары 
мен  мал  және  егін  шаруашылығы  өнімдерін  өз  елінің  шикі  зат  базасына  айналдыруға 
тырысты.Жәңгір  ханның  ел  басқару  тәсіліне  деген  екі  ұдай  пікірдің  қалыптасуы,  оның 
замана тоғысында дәстүрлік жолдан бас тартып, жаңашылдық (новатор) бағыт ұстап, Бөкей 
Ордасында  жаңа  саяси  –  экономикалық  және  әлеуметтік  үрдіс  қалыптастыруынан  келіп 
туындайды.Жерге  жеке  меншік  орнатуда  жіберген  қателіктеріне  байланысты  Жәңгір  өз 
жұртының  қарсылығына  ұшырады.  Бұл  тұрғыдан  оның  өмірі  трагедияға  толы  болғаны 
белгілі.  Сонымен  қатар  Бөкей  Ордасында  жәрмеңкелер  мен  қазыналық  мекемелердің 
ашылып,  сауда  қатынастарының  дамуы,  ел  –  жұртты  мәдениет  жолына  бастайтын  жаңа 
типтегі  мектеп жүйесінің қалыптасуы, өркениет белгісі  ретінде өмірге келген архив, музей, 
егін  және  мал  шаруашылығының  дамуына  әсер  еткен,  интенсивті  бағыттарда  жүзеге 
асырылған  іс  шаралар  тұрғысынан  алғанда,  Жәңгір  хан,  сөз  жоқ,  пассионарлық  тұлға 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет