Адал азамат



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  243  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  244  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  245  
 
ӨЛКЕНІҢ ҮЛКЕН ПАТРИОТЫ 
Озғанбай Өмірзақ, академик  
Ақтөбе қаласында  өткізілген 
 «Өлке тарихының өзекті мәселелері»  
атты конференциядағы  баяндамасы. 
 
Белгілі ғалым, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, 15 кітаптың, 200 
ғылыми мақалалардың авторы Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековтың мұраларына арналған 
«Өлке  тарихының  өзекті  мәселелері»  атты  бүгінгі  конференцияның  өткізілуі  құптарлық 
шаруа. 
Ғалым  Ахмедов  ағамыздың  «Жібек  жолы»  кітапханасы  айдарымен  жарияланған  екі 
томдығының  екінші  томында  «Русия  думасындағы  қазақ  депутаттары»  деген  мақаласында 
жерлесі,  1 дума депутаты Алпысбай  Қалменов туралы былай дейді:  Орал облысынан, 1869 
жылы  туған.  Темір  уезінің  қазағы  (ол  кезде  бұл  уезд  Орал  облысына  қараған,  төңкерістен 
кейін  жер  ыңғайына  қарай  Ақтөбеге  қосылған).  Университет  бітірген  деп  көрсетілген. 
Думада «Енбек тобына» жазылған, бірақ белсенді қызмет көрсете алмаған. 
II дума депутаты Қаратаев Бақытжан Бисеғалиұлы туралыбылайдейді: Оралдан. Сонда 
присяжный поверенный (адвокат) болыпқызмет істеген. Екі Думадағы қазақ депутаттарының 
ішінде ең белсенді қызмет еткен осы кісі. Дума мәжілісінде Русиядан шаруаларды көшіріп, 
қазақ  жеріне  орналастыруға  қарсылық  білдіріп  сөз  сөйлеген,  мұсылман  фракциясы, 
комиссиялардың  жұмыстарына  араласқан.  Ғалихан  Бөкейханов  екеуі  кейінгі  Думаларға 
депутат  болмаса  да,  әркездерде  Петербургке  барып,  мұсылман  фракциясының  жүмысына 
араласып, ұсыныстар енгізіп жүрген. 
Біз  ғалым  Құрманбеков  Беркін  Жолмырзаұлы  екеуіміз  алдымызға  осы  Мемлекеттік 
думаның  қос  қайраткері  туралы  дара-дара  кітап  жазуды  мақсат  еттік.  Санкт-Петербургтегі 
Таврия сарайындағы, Президент мұрағаттарындағы материалдарды мен жинақтадым, Ақтөбе 
өңіріндегі  бар  материалдарды  Беркін  Жолмырзаұлы  жинақтап  2006  ж.  «Қайраткер 
АлпысбайҚалменов»  атты  кітап  жарық  көріп,  оның  Темір  ауданында,  Ақтөбе  қаласында 
түсаукесері өтті. Халық жылы қабылдады. Осы шаруаға жан-жақты қолдау көрсеткен елдің 
Ахат  Мырзалин  (сол  кездегі  Темір  ауданының  әкімі),  Ізбасов  Боран,  Жаңылсын  сияқты 
азаматтарына ризашылығымызды білдіреміз. 
Елдің  елдігін,  жеріміздің  тұтастығын  танытқан  заманының  тұлғалы,  азаматтары 
қатарында  есімі  әйгілі  Қалменовты  өкінішке  қарай,  өзінің  туған  жерінде    де      көп      біле   
қоймайды   екен.    
Авторлар  Ақтөбе  облысының  сол  кездегі  әкімі  Е.Сағындықовтың  атына  хат  жазып, 
ұсыныстарын білдірді. Сол хаттың мәтініне назар аударып көрелік. 
 
Құрметті Елеусін Наурызбайұлы! 
Бірінші  Ресей  мемлекеттік  Думасына  депутат  болған  Алпысбай  Қалменұлы  Темір 
үйезінде Ембі болысында (қазіргі Кеңқияқ - «Алпысбай орманы» маңында) туған тұлға. 1906 
жылы  Орал  облысынан  Дума  депутаты  болып  сайланып,  «Еңбек»  фракциясында  болып, 
Үкіметке  арнайы  сұрау  салып,  қазақ  жеріндегі  орыс  қоныстанушыларының  озбырлығы 
туралы  үн  көтеріп,  халқымыздың  хал-жағдайына  арнайы  назар  аударуға  себепші  болған 
қайраткер. Ембі-Байсары болысының болысы болған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 
бел ортасында жүріп, Темір үйезінің 14,5 мың жасын Бірінші Дүниежүзілік соғыс майданына 
өзі бастап барып, оларға жағдай жасауға тікелей араласады. 1917 жылы Торғай, Орал облысы 
қазақтарының съездеріне белсене қатысады. 1918 жылы Темір үйезі земствосын басқарады. 
Елі,  қазақ  жері,  демократиялық  өзгерістер  үшін  атсалысқан  осындай  тұлға  туралы  бүгінгі 
ұрпақ  мардымды  ештеңе  білмейді.  Тіпті,  есімі  Ақтөбе  облысының  энциклопедиясына  да 
кірмей қалған. Оның есімін халық жадында мәңгі сақтаудың жолын ойластырған жөн болар 
еді» 
Құрметпен Ө.Озғанбай. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  246  
 
Оның есімімен көше, елді мекендер аталып жатса, бүгінгі ұрпақ елінен шыққан ерлері 
үшін мақтанып, кеуделерінде отансүйгіштік, патриоттық сезімдер оянбас па еді? Осы орайда 
Алпысбай  Қалменовтың  еселі  еңбектері  жинақталып,  оның  атқарған  қызметімен  қатар, 
өмірбаяны зерттеліп, жеке еңбек болып шығып жатса - нұр үстіне нұр болар еді. 
Ресей  Думасының  депутаты  туралы  осы  кітап  қазақтың  ұлағатты  ұлдарының  бірі 
болған  Алпысбай  Қалменовтей  абзал  азаматты  елге  таныта  түсу  мақсатында  жасалған 
алғашқы қадамның бірі деп білеміз. 
Назар-Шүрен  жұртшылығы  үнемі  мақтанышпен  есіне  алып,  Алпысбай  арысын 
былайша өлеңге қосады: 
Сәңкібай батыр - бабасы, 
Мұқаш болыс ағасы. 
Депутат болған Думаға, 
АлпысбайҚалмен баласы. 
Қазақ  даласында  Думаның  сайлауы  кеш  басталғаны  белгілі.  Сондықтан 
Алпысбай Қалменов  Петерборға  жеткенде  ол  қызу  жұмыс  үстінде  болатын.  Бұл  келгеннен 
кейін Дума бар болғаны 28 күн ғана жұмыс істейді. Бірақ ой-өрісі биік, орыс тіліне ауызекі 
тілде  де,  жазуда  да  барынша  жетік,  саяси  сауатты  А.Қалменов  соның  өзінде  Қазақстанға 
қоныс  аударушыларды  жерге  орналастыру  үшін  құрылған  комиссиялардың  жүгенсіз 
әрекеттері,  озбырлық  істерін  тыю  туралы  депутаттық  сауал  жасап  үлгереді.  Парламент 
қабырғасында көтерілген бұл мәселе қазақ даласы үшін үлкен жеңіс еді. Осы уақытқа дейін 
үлкен  жерде  ешкім  құқын  қорғап  көрмеген  «бұратана»  халықтың  проблемалары  Думада 
көтерілгені патша шенеуніктеріне барынша жайсыз тиді. Бұл – ойларынане келсе, соны істеп 
жүрген  басқыншы  өкіметтің  жергілікті  шенеуніктерін  ауыздықтауға  біршама  үлес  қосып, 
оларды тәубесіне келтіргені сөзсіз. 
Кітап  авторлары  қайраткер  тұлға  туралы  ғана  жазып  қоймай,  бүгінгі  күннің 
мәселелерінде қоя білді. Ескінің көзі, көне тарихтың өзі болып табылатын тарихи қалаларға 
ерекше мәртебе беріп, арнайы бағдарлама арқылы қорғау қолға алынса ғана оларды сақтауға 
болатын  секілді.  Сондай  қалалардың  қатарына  Ырғыз,  Торғай,  Қарқаралы,  Форт-Шевченко 
т.б.  ондаған  қалалар  кіреді.  Ежелгі  Темір  қаласы  да  солардың  қатарына  жатады.  Бұл 
қалаларға қазақ халқының басынан өткерген қилы тарихының, түрлі нәубеттер мен жасампаз 
оқиғалардың  куәсі  деп  қарау  керек.  Сонымен  бірге  олар  өз  дәуіріндегі  өркениеттің  ошағы 
болып,  айналасындағы  халықты  прогреске,  оқу-білім  мен  мәдениетке,  алдыңғы  қатарлы 
тұрмысқа  ұмтылуына  ерекше  еңбек  сіңірген.  Халқымыздың  тарихында  елеулі  орын  алған 
тарихи  оқиғалар  да  осындай  жерлерде  өтіп  тұрған.  Сол  оқиғалардан  ескерткіш  ретінде 
бұлардың  көбінде  көптеген  мұражайлар  да  ашылған.  Мәселен,  ежелгі  Торғай  мен  Форт-
Шевченко қаласында қазір төрт-төрттен мұражайлар жұмыс жасайды. Ал тарихи оқиғалары 
мен  шыққан  тұлғаларының  саны  оларданеш  кем  болмаса  да,  Темір  қаласында  С.Бәйішев 
атындағы мектептің шағын мұражайын есептемесек, сол кезде бірде-бір музей жоқ болатын. 
Беркін  Кұрманбеков  інім  екеуміздің  бірлікте  жазған  екінші  кітабымыз  «Қайраткер 
Қаратаевты»  ол  көре  алмай  кетті.  Ғалымның  туған  күніне  арнап  сол  кітапты  шығарып, 
орталарыңа әкеліп, тұсауын кескелі тұрмын. 
Бұл  кітапта  халқымыздың  біртуар  қайраткер  ұлдарының  бірі  Бақытжан  Қаратаевтың 
өмірі  мен  қызметі  сараланады.  Б.Қаратаев  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  халқының  күйін 
күйттеп,  жоғын  жоқтаушы  азаматтардың  алдыңғы  легінде  болды.  Ол  Ресей  империясы 
Мемлекеттік  Думасының  екінші  шақырылымына  депутат  болып  сайланған.  Жоғары  білікті 
заңгер ретінде қазақ мүддесіне байланысты мәселелерге белсенді түрде атсалысып, отаршыл 
патша  өкіметінің  бұратана  халықтарға  қарсы  жүргізіп  отырған  саясатын  Дума  мінбесінен 
әшкерелеген. 1916 жылғы үлт-азаттық көтеріліс кезінде халық жағында болды. Оның кеңес 
өкіметі тұсындағы кызметін қарастырып, тың деректер ұсынылып отыр. 
Ғалым Құрманбеков  Беркін  Жолмырзаұлы «Батыс  Қазақстан тарихының» II томында   
«Батыс Қазақстан аймағындағы жәрмеңкелер тарихынан» атты тарауынжазып, өлкеде сауда-
саттықтың  дамуын  нанымды  көрсете  білді.  Жәрмеңкелер  сонымен  қатар  халық 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  247  
 
таланттарының шалықтап дамып, елге өнер көрсетер сахнасы екендігінде баса зерттеген. 
Ресей  империясының  құрамына  енгеннен  бастап  қазақ  даласында  сауда-саттық   
қатынастардың      жаңа      түрі    -    жәрмеңкелер    кеңінен      тарала  бастады.  Тек  ғана 
Қазақстанның  батыс  бөлегінде  -  Кіші  жүзде  -  Ішкі  Бөкей  Ордасында  (Жәңгір  хан 
жәрмеңкесі),  Оралда,  Гурьевте,  Ырғыз  (Жармола),  Темір  (Қарақамыс),  Көкжар  (Ойыл) 
Ақтөбе жәрмеңкелері пайда болды. Бұл жәрмеңкелер Қазақстандағы ірі сауда орындары ғана 
емес қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосқан өнер ордалары да болды. 
Батыс Қазақстан жәрмеңкелері қазақтың ұлттық ойындары мен қол өнерін насихаттауға 
қолайлы  жағдайлар  туғызды.  Жәрмеңкеге  жергілікті  халықты  көп  жинау  үшін  арнайы  ат 
жарыс  бәйгесі  өткізіліп  отырды.  Ақтөбе  жәрмеңкесіне  ат  жарысты  көру  үшін  Торғай 
облысының  губернаторы  өзінің  қызметкерлерін  ертіп  келген  (10).  Жәрмеңкелерде  ақын, 
жырау,  сал-серілердің  дәстүрлі  өнерлері  орыстың  цирк  өнерімен  толыға  түсті.  Халықтың 
жәрмеңкелерде сүйсініп тамашалайтын  балуандар күресі, кірдің тасын көтеру, арба сүйреп, 
темір иіп, төске тас қойып үрып сындыру, т.б. жәрмеңкелердің міндетті атрибутына айналды. 
XIX ғасырда пайда болып, қалыптасқан жәрмеңкелер Батыс Қазақстанның әлеуметтік, 
экономикалық өміріне үлкен үлес қоса отырып, халыктык мәдениеттің орталықтары ретінде 
ел тарихынан үлкен орын алды. 
Ғалым Құрманбеков XIX ғасырдың екінші ширегінде Бөкей  Ордасында тауарлы-ақша 
қатынастарының дамуын зерделеді. 
Бөкей  Ордасының  ханы  Жәңгір  1835  жылғы  17  желтоқсандағы  жазбаларында 
қазақтардың өз малдарын негізінен ақшаға сатқанын көрсетеді. Осы жылы 100 мыңдай қой, 6 
мың  мүйізді  ірі  қара,  2  мың  жылқы  сатылған.  Сонымен  қатар  қазақтар  жылқы,  мүйізді  ірі 
қара,  қой  терілерін,  ешкі  түбітін,  түйе  мен  қой  жүндерін,  жылқының  жалы  мен  қылын, 
текемет пен киіз, аң терілерін (қарсақ, қоян, түлкі, қасқыр, т.б.) ақшаға өткізген. 
Сонымен  бірге,  Жәңгір  хан  жыл  сайын  Орда  қазақтарының  300  мыңдай  қой,  20  мың 
жылқы  малдарын  өте  көп  ақшаға  сататындарын,  қазақтардың  астық  өнімдерімен  фабрика 
бұйымдарын кеңінен қолданатынын ерекше атап көрсеткен. 
Академик  С.Зиманов  Бөкей  Ордасындағы  жәрмеңке  саудасының  жақсы  нәтижесінің 
бірі  ретінде  қазақ  және  орыс  еңбекші  бұқарасының  өзара  байланысының  орнауы  деп  атап 
көрсетті  (11).  Орыс  саудагерлері  хан  Ордасындағы  жәрмеңкеден  аса  зор  пайда  тапты. 
Қазақтар  да  өз  кезегінде  өздеріне  өте  қажет  орыстың  мануфактура,  галантерея  тауарларын 
алып, қажеттеріне жаратты. 
Ғалым  Кұрманбеков  Беркін  Жолмырзаұлының  Батыс  Қазақстандағы  сауданың  дамуы 
туралы жазған ғылыми еңбегі -докторлық диссертациясы да дайын болатын. Оны қорғаудың 
жолдарында кезінде ойластырған болатынбыз. Бірақ өлшеулі өмір оған мүмкіндік бермеді. 
Қорыта айтқанда, ғалым Құрманбековтің  артында «Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы 
көтеріліс», «Ақтөбе округінде 1928 жылы байларды конфискациялау», «Ідіріс Үргенішбаев», 
«Қайраткер  Алпысбай  Қалменов»,  «Қайраткер  Қаратаев»  т.б.  кітаптары  мен  мақалалары 
қалды.  Ірі  халықаралық  конференциялар  өткізіп,  Ақтөбе  жерінде  көптеген  ғалымдардың 
басын  біріктірген  сәтті  шаралары  жадымызда  қалды.  «Ең  үздік  кафедра  меңгерушісі», 
«Университет үздік зерттеушісі» атақтары, «Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің  өзекті 
мәселелері»  тақырыбына  сәтті  қорғалған  кандидаттық  диссертациясы,  оның  мұқият 
зерттейтін ойлы ғалым екендігін көрсетті. Беркін Жолмырзаұлы осы өлкенің үлкен патриоты 
болатын.  Басқа  да  зерттеу  жұмыстарында  Ақтөбе  облысымен  шектеліп  қалмай  Батыс 
Қазақстанды  қамтитын.  Қазақ  елінің  «Мәңгі  ел»  болуын  армандайтын.  Алаш  арманы  -  
бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан.  Алаш  идеологиясы  –  ұлттық  идеология.  Ғалым  Құрманбеков 
Отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейтін.  
Зерттеуші  Беркін  Құрманбеков  ондаған  жерлестерінің  атын,  еңбектерін  әйгілеп, 
ғылыми айналымға қосты. Әбдіғаппар Жанбосынұлы, Тайшым Орысұлы, Ідіріс Үргенішбаев 
т.б. тұлғалардың халық үшін еткен еңбегі оның ғылыми еңбектеріне арқау болды. 
Соңында  қалған  біздердің  –  замандастарының,  көптеген  студенттерінің  міндеті  оның 
жарқын  бейнесін,  ғылыми  мұраларын  ұмытпай,  оларға  мұқият  болу.  Университет 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  248  
 
Құрманбеков  аудиториясын  ашып  жатса,  жылына  не  екі  жылда  бір  кезек  Құрманбеков 
оқуларын  өткізіп,  жас  ғалымдарды  өлке  тарихын  зерттеу  мәселесіне  назар  аударып  жатса 
құба – құп. Университет басшылығы ғалымның есімін халық жадында сақтаудың шараларын 
алатындығына күмәніміз жоқ. 
Мұндай  сенімді  ұялататын  біздің  бүгінгі  Мұхамбетов  Архимед  Бегежанұлы  облыс 
әкімі,  Нұрқатова  Сара  Қайыржанқызы  –  әкімнің  орынбасары.  Табылдинова  Назира 
Сарсенбайқызы  -  мәдениет  басқармасы  басшысы,  Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық 
институтының  ректоры  Нұрмағанбетов  Амантай  Әбілқайырұлымен  болған  әңгімелер  де 
ұлттық  сананы  қалыптастыру  үшін  тарихи  сананы  қалыптастыру  қажеттігіне  ерекше  екпін 
қойылып айтылды. Сәттілік тілеймін. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  249  
 
«ОЙЫЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ...» 
 
Пангереев Абат Шамұлы   
 Құдайберген Жұбанов атындағы 
университеттің кафедра меңгерушісі,  
филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
Біздің халықта ораза-намаз - тоқтықта; алтын-күміс - тас екен, арпа-бидай ас екен деген 
мәтелге  айналып  кеткен  шындықты  сөздер  бар.  Бұл  не  деген  сөз?  Бұл  -  ел  болып  бесігіңді 
түзеу үшін, жақсы өмір сүріп ұрпақ өсіру үшін ең алдымен керекті нәрсе - экономикалық әл-
ауқат деген сөз. Аш адам  оқа, зер, әшекейді де қажет етпейтіні белгілі. 
Жалпы, өнер мен әдебиет, ғылым мен білім, мәдениет атаулының бәрі, өркениеттік өсу, 
экономика  дамымай  алға  баспайтыны  белгілі.  Дамитын  ел  -  бұл  экономикалық  қарым-
қатынасын  жолға  қойған  ел.  Яғни,  қай  заманда  да  экономикалық  қатынастарды  реттейтін 
механизм  -  сауда-саттық.  Демек  халық  өмірінде  ерекше  орын  алатын  нәрсе  -  осы 
механизмдерді қозғайтын күш жәрмеңке болып табылады. 
Міне,  қолымызға  алып  отырған  тарих  ғылымының  кандидаты,доцент,  өлкетанушы 
және  өлкемізді  басқа  да  жұртшылыққа  танытушы  патриоттық  сезімге  бай,  бірегей  азамат 
Беркін  Құрманбековтің  «Ойыл  жәрмеңкесі»  атты  кітабының  тақырыбының  актуалдылығы 
осында.  Бұл  кітап  Ойыл  жәрмеңкесінің  стратегиялық  маңызын,  оның  Ойыл  жерінен  орын 
тебу себептері мен тарихын, жәрмеңкенің жұмыс істеп тұрған әр жылының товар айналымы 
мен  жәрмеңкенің  ішкі  тәртіп  ережесі  қандайлықты  болғандығын,  басқа  жәрмеңкелермен 
салыстырғандағы маңыздылығы, сапалық деңгейі қандай дәрежеде екендігін ғылыми негізде 
зерттеген, зерделеген тұңғыш еңбек. 
Ойылдың  аудан  болып  құрылғанын  80  жыл  толған  мерейтойына  арналып  осыдан  5-6 
жыл  бұрын  энциклоцедияға  ұқсамайтын  бір  кітап  шықты.  Алайда  ол  еңбектен  біз  осы 
Құрманбеков көрсетіп отырған деректерді таба алмадық. Өйткені бұндай дүниені жазу үшін 
бұлтартпас архив деректері және ғылыми негіз бен дағды қажет. Әйтпесе Ойылда жәрмеңке 
болғандығын, оның Көкжар жәрмеңкесі деп аталғандығын,  құрамы ерекше күйдірген қызыл 
кірпіштен бірде-бір шеге қолданбай қатар-қатар салынған сауда дүкендерінің әлі күнге дейін 
дәл сол күйінде дерлік сақталғандығын әркім білгенмен, мәселенің осы Беркін Құрманбеков 
жазған  кітаптағыдай  анық-қанығын  білетін  адам  жоққа  тән.  Кітаптағы  Ойыл  бекінісінің 
іргетасы  1869  жылы  6  шілдеде  қаланғандығы,  оның  құрылысын  барон  фон  Штемпель 
басқарғандығы,  1884-1891  жылдар  аралығында  Ойыл  бекінісіне  137  крестьян 
отбасыларының  көшіп  келгендігі  бұрын  еш  жерде  көрсетілмеген  мәліметтер.  Көкжар 
жәрмеңкесінің  1867  жылы  көктемде  өз  жұмысын  бастап,  оған  алғаш  peт  121  саудагер 
қатысқандығы,  оның  60-татар,  33-і  орыс,  22-сі  Орал  казактары  болғандығы  да  бұрын 
жарияланбаған  деректер.  Міне  осындай  жағынан  алып  қарағанда  Ойыл  жәрмеңкесі  туралы 
бұл еңбек - архив көздерін ұтымды пайдаланған зерттеу деп бағалануы тиіс. 
Қандай  да болмасын мәселенің екі  жағы  бар,  ол  - тиімділігі мен тиімсіздігі. Мәселен, 
Ойыл  бекінісін  салу,  одан  соң  шикізат  көзін  пайдалану  үшін  жәрмеңке  ашу  патшалы 
Ресейдің  отарлаушы  саясатын  білдіретіндігі  айдан  анық.  1868  жылғы  Орынбор  мен  Батыс 
Сібір  губернаторлары  бекіткен  Дала  облыстарын  басқару  туралы  Уақытша  Ережеге  қарсы 
бағытталған Кіші жүздегі көтерілістер осының айғағы. Бұл айтылып тұрған жәйт  та кітапта 
орынды  көрсетілген.  Жалпы,  жер  аттарына  байланысты  әңгіме  -  ұзақ  әңгіме,  ол  халық 
поэзиясына  да  арқау  болып,  «зар  заман»  поэзиясы  деп  аталып  кеткен  әдеби  бағытты 
тудырды,  ғылыми-зерттеулер  тақырыбына  да  айналып  бүге-шүгесіне  дейін  талданды. 
Сондықтан  біз  бұл  мәселеге  тоқталмаймыз,  тек  оның  тиімсіз  екендігін  айтамыз.  Ал,  енді 
тиімді  жағына  келер  болсақ  жәрмеңкенің  арқасында  халықтың  әл-ауқаты  артты,  қажетті 
бұйымдарын, тұрмыстық заттарын, тағам түрлерін басы артық малына айырбастап алуға, не 
ақшалай  сатып  алуға  жағдай  туды.  Бұл  біріншіден.  Екіншіден,  халықта  сауда  жасау 
мәдениеті,  экономикалық  сауат  қалыптасты.  Үшіншіден,  жан-жақтан  келген  керуендер 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  250  
 
арқылы  басқа  елдердің  мәдениеттерінің  ұшығы  жетті.  Төртіншіден,  елдің  өзіне-өзі  сенімі 
артты, басқалармен терезесін тең ұстап, елдік еңсесі көтерілді. Бесіншіден, жәрмеңке - өнер 
ордасы деп автордың өзі дербес бір тарау арнағандай Көкжар жәрмеңкесі шын мәнінде өнер 
көрігін қыздырған мәдениет ошағына айналды. Халық енді материалдық дүниелермен бірге 
рухани  құндылықтармен  де  сусындап,  ұлттық  мақтаныш  кеудесін  кернегендей  болды.  Сөз 
реті  келгенде айта кету керек, біз әдетте  рухани құндылықты материалдық негіздің алдына 
қоямыз.  Шынтуайтына  келгенде  керісінше,  яғни  материалдық  қүндылық  алда.  Қоғамдық 
формациялар  өзгеріп  жататын  ауыспалы  кезеңдерде,  не  экономикалық  кұлдырау 
кезеңдерінде,  болмаса  ел  бір  үзім  нанға  зар  болып  қалатындай  кризис  уақыттарда  өнер 
түрлері, тіпті ғылым да соңғы планға ығысатыны, не болмаса қажетсіз болып қалатындығы 
тарихи  шындық.  Бұл  туралы  ұлы  Абай  да  айтқан.  Оның  әйгілі  «Сегіз  аяқ»  деген  өмірдің 
бірталай құбылыстарының теориясы іспетті жазған өлеңінде: 
Ғылымды іздеп, 
Дүниені көздеп, 
Екі жаққа үңілдім; 
Құлағын салмас, 
Тіліңді алмас 
Көп наданнан түңілдім. 
Екі кеме құйрығын 
Ұста жетсе бұйрығың, - деп келетін біз көтеріп отырған мәселеге тікелей  байланысты 
бір  шумақ бар.  Кейбір зерттеуші  ғалымдар Абай ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа 
- Батыс пен Шығысқа үңілді деп жаңсақ пікір білдіріп жүр. Дұрысында біртуар ақынның өзі 
анық айтып отырғандай ғылым дүниені, яки материалдық құндылықты жасау үшін керек, ал 
материалдық  дүние  халық  игілігі  үшін,  өмірді  жақсарту  үшін  қажеттілік  екендігі  айқын. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  мынау:  Ғылым  мен  өнер  материалдық  дүниені  жасайды  да,  ал 
материалдық дүние өз кезегінде ғылым мен өнерді дамытады. Сонда  осы екіжақты процесс 
бір-біріне  өтіп,  үздіксіз  даму  үстінде  болмақ.  Осындай  түпкілікті  мәселені  жіті  байқаған 
кітаптың  авторы  Беркін  Құрманбеков  жәрмеңкенің  материалдық  құндылықты  жасаудағы 
ролін  көрсетіп  қана  қоймай,  оның  өнер  ордасына  айналған  кейпін  де  ашып  көрсеткен. 
Алаштан ән оздырған Мұхит, Қызыл, Молдабайлардың есімдері, Қалнияз, Қашаған, Нұрым, 
Ақтан,  Мұрат,  Жаскелеңдердің  айтыстары  -  бәрі-бәрі  кітапта  орнын  тауып  орайластыра 
көрсетілген. 
Көпшілікке ұсынылып отырған бұл кітап туралы сөзімді қорыта келе мынадай ұсыныс 
айтпақпын: 
1.  Кітап  тарих-филология  жэне  экономика  факультеті  студенттеріне  көмекші  оқу 
құралы ретінде пайдалану үшін Ғылыми Кеңеске ұсынылса; 
2.  Тарих  мамандығы  студенттеріне  осы  тақырыптың  арнаулы  курс  ретінде  жүргізілу 
шаралары қарастырылса. 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  251  
 
«Өлке тарихының өзекті мәселелері» атты  
белгілі ғалым-өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты,  
доцент Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековтің 
ғылыми еңбектері бойынша өткізілген  
ғылыми-тәжірибелік конференциясында  
айтылған ұсыныстар 
 
Конференцияны  облыстық  мәдениет  басқармасы,  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе 
мемлекеттік  университеті,  С.Бәйішев  атындағы  облыстық  ғылыми-әмбебап  кітапхана 
14 қаңтарда  2013  жылы  ұйымдастырып,  өткізді.  Конференцияда  алты  ғылым  докторы,  бес 
ғылым  кандидаты,  ҚР-ның  екі  мәдениет  қайраткері  баяндамалар  жасады.Конференцияда 
баяндама жасаған ғалымдар өлке тарихының өзекті мәселелеріне жан-жақты тоқталып, оны 
зерттеу,  насихаттау  жұмыстары  бойынша  нақты  шаралар  алу  жайында  өздерінің  ойларын, 
ұсыныстарын  ортаға  салды.  Б.Құрманбеков  өлке  тарихын  зерттеу  бойынша  17  кітап,  200 
ғылыми мақалалар жазды. 
ОЗҒАНБАЙ  ӨМІРЗАҚ  -  Академик,  философия  және  тарих  ғылымдарының  докторы. 
Ақтау қаласы. 
1) Қ.Жұбанов атындағы университет Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков аудиториясын 
ашса; 
2) Жылына немесе  екі  жылда бір рет Құрманбеков оқуларын  «Өлке  тарихының өзекті 
мәселелері»  тақырыбымен ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткізсе, жас ғалымдарды өлке 
тарихын зерттеу мәселесіне тарту жолға қойылар еді. 
  ПАНГЕРЕЕВ  АБАТ  ШАМҰЛЫ  -  Қ.Жұбанов  атындағы  университеттің  кафедра 
меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор. 
1) Б.Ж.  Құрманбековтің  «Ойыл  жәрмеңкесі»  кітабын  тарих-филология  және    
экономика  факультеттері  студенттеріне  көмекші  оқу  құралы  ретінде  пайдалану  үшін   
Ғылыми   Кеңеске ұсынылса; 
2) Тарих  мамандығы  студенттеріне  осы  тақырыптың,  яғни  «Батыс  Қазақстандағы 
жәрмеңкелер» тарихы арнаулы курс ретінде жүргізілу шаралары қарастырылса. 
ИСМАҒУЛОВ  ҰЗАҚБАЙ  ШАУКЕРҰЛЫ  -  Қ. Жұбанов  атындағы  АМУ-нің  Отан 
тарихы және тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы. 
1)  Б.Ж.  Құрманбековтің  бұл  салада  жасаған  жұмыстары  көңіл  қойып  айтарлықтай  іс 
болып отыр. Өлке тарихын зерттеу маңызды ғылыми жұмыс. Өлкеміздің атақты азаматтарын 
білу,  туған  жердің  тарихын  зерттеу,жазу  жас  ұрпаққа  таныту  керек.  Сондықтан,  өлке 
тарихын  арнайы  курс  етіп  оқыту  қажет.  Сонымен  бірге  Б.Ж.  Құрманбековтің  ғылыми 
еңбектерін  негізге  ала  отырып,  өлке  тарихына  байланысты  тұрақты  конференция  өткізіліп 
тұрса жақсы болар еді. 
2)  Осы  ғылыми  конференция  материалдары  жинақ  болып  шығарылса,  мұғалімдерге, 
студенттерге  үлкен  көмек,  сонымен  бірге,  өлкетану  ісіне  қосылған  біткен  бір  жұмыс  болар 
еді. 
3)  Ғалым  Б.Ж.  Құрманбековтің  өлке  тарихына  байланысты  жазған    ғылыми  еңбектері 
бойынша  мысалы:  жәрмеңкелер  тарихы,  Ресей  мемлекеттік  Думасы  депутаттары,  өлкенің 
атақты азаматтары туралы, облыс аудандары тарихы т.б тақырыптар  бойынша студенттерге 
дипломдық, курстық жұмыстар жаздырылса, өлке тарихын зерттеуге бет бұрыс болып және 
осы бағытқа жас буын, жаңа леп көзқарас келер еді. 
 
С.Бәйішев атындағы  
Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми  
кітапханасының директоры  
Н. Жұмағұлова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет