Адал азамат



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
40  
    
 
КҮН ЖЫЛУЫНАН ЖАРАЛҒАН ЖАН ЕДІ 
 
Нұрманов Орынбасар 
 Қ. Жұбанов атындағы  
Ақтөбе мемлекеттік университетінің 
физика– математика факультетінің 
 физика кафедрасы доценті. 
 
Ежелден  ақ  ауыл  қазақтың кіндігі байланған ерекше ортасы ғой... 
Мұндағы адамдардың тұрмыс – тірішілігі де, мінез құлқы да, болмыс - бітімі де өзгеше 
болатын.  Мал  бағып,  егін  салып,  қолдары  тисе  газет  журнал  оқып,  радио  тыңдап,  ертеден 
кешке  дейін  бой  жазып,  тыным  көрмейтін  ауыл  адамдары  танысқада,  бейтанысқа  да 
жатсынуды  білмейтін  құшағы  кең  бауырмашыл,  барын  дастарханға  қоятын  ақкөңіл 
мейірман,  ұлттық  салт  дәстүрімізді,  сөз  өнерімізді,  қол  өнерімізді  сақтап,  өнерді  байытып 
ұрпақтан ұрпаққа мирас қып келе жатқанда солар.  
Біздің  жақта  Байғанин  ауданы  (бұрынғы  Табын  ауданы)  адамдары  шетінен  домбыра 
шерткен,  күйлерді  мәнімен  тартқан,  әндерді  сәнімен  айтатын  өнерлі  болып  келеді.  Сырым, 
Мөңке, Дәулеткерей, Қазанғап секілді шешендердің, күйшілердің жұрт арасында кең тараған 
танымы,  кең  тараған  тағлымы  мен,  тәрбиесі  зор,  өткір  сөздердің  мағынасын    жайлап  жас 
ұрпақтардың ой сезіміне сіңіруге тырысқан орта болған.  
Осы  естелікке  арқау  болып  отырған  марқұм  тарих  ғылымдарының  кандидаты                       
Қ.  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  доценті,  кафедра  меңгерушісі 
Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков сондай ел азаматы еді. Әлі де болса талай жанға керек,  
біздің досымыз әрі жолдасымыз еді.  
Амал не? Маңдайға жазылғаннан артық ештеңе болмайтыны хақ. 
Күн жылуынан жарылған жан еді, жатқан жері жайлы болсын! 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
41  
    
 
АҚҚУЛАР – ЖАНДАРЫ МӘҢГІ БІРГЕ БОЛСЫН 
 
 
Жумалиев Совет 
Досы, Трансэнерго 
Акционерлік қоғамының ісмері 
 
Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу,  Жиренше-Қарашаш,  Лейла-Меджнун,  Тахир-Зухра  т.б. 
аңыздарын  бәріміз  естідік,  оқыдық.  Жалпы  бұлардың  тағдыры  өмірде  болған, 
көркемделінген.  Біз  олардың  тағдырларын  білеміз,  таң  қаламыз,  кызығамыз,  бұл 
кейіпкерлердің  сүйіспеншілігіне,  таза  махаббатына,  өмірі  қысқа  болғанына,  махабаттарына 
кедергі күштер табылып қайғылы қазада болып қалғанына мықты өкінеміз. 
Осындай оқиғалар қасымызда, біздің өмірімізде болады деп ойламаймыз, болуы мүмкін 
емес  деп  есептейміз.  Себебі  қазір  әрбір  ер  жігіт,  ару  қыз  бір  -  біріне  ұнаса,  олардың 
үйленуіне ешкім кедергі бола алмайды. Тек олар аңыздағыдай өз махабаттарын сақтай білсе 
болғаны. 
Досымыз  Беркін-Сәуле  осы  қатарға  кіреді  деп  ойлаймын.  Жас  жұбайлық  кезінде 
олардың қарым - қатынасы қалай болғанын білмеймін, ол уақытта біз бейтаныс болдық. Біз 
Беркін - Сәулемен 1982 жылдары таныстық, көңіліміз жарасты-дос болып кеттік. 1984 жылы 
Бауыржан  деген  ұлым  туғанда,  олар  оған  өкіл  әке,  шеше  болды.  Яғни  Бауыржан  арқылы 
туыс адамдар болдық. Бара - бара одан да жақындастық. Сәуленің әкесінің есімі Совет екен. 
Менің  де  атым  Совет  болғасын  Сәуле  бір  отырыста  «Мен  сені  енді  әке  деп  атаймын»  деп 
айтты. Сол уәдесін өле - өлгенше ұстап тұрды. Жалпы Сәуле орысқол жерде өсіп - өнгенмен 
өзінің  қазақи  тәрбиесі,  адамгершілігі  өте  жоғары  болды.  Солтүстік  Қазақстан  облысының 
қазақтарын біз орысқол жер деп санап жүрдік. 
Сәуленің  ақылдығы,  сабырлығы,  шыдамдылығының  арқасында  әрқашанда  тума  - 
туыстарының  арасында  сыйлы  келін  болды.  Оның  жаратылысы  сондай  ешкімді,  ешқашан 
ренжитіндей, көңіліне тиетіндей қарсы сөздерді айытпаған. 
Біздің  әйелдер  орыс  әйелдерге  еліктей  үй  ішін  де  өздерінше  билік  құрғысы  келіп,  өз 
ерлеріне міндетсініп, өздерін жоғарырақ қойғысы келіп тәрбиесіздігін көрсетіп жүр.  
Сәуле  ешқашан  Беркін  туралы  ондай  әнгіме  жүргізген  жоқ,  үй  ішінде  ешқашан  у-шу 
болған  емес,  шынайы  таза  ниетімен  күйеуіне  сыйлайтынын,  жанымен  сүйетінін  білдіріп 
жүрді.  Ешқашан  Беркіннің  алдына  шықпайтын.  Жолдастармен  бірге  отырысымызда, 
қауышып  жүргенімізде Сәуле әрдайым үлгі болып тұрды-қалай өз жарын құрметтеу керегін, 
көңілін аулап жағып,  ұнап жүруді, үй шаруасын жүргізуді, бар  ақшаны ретімен пайдалану, 
үнемдеп  жұмсау  балаларды  тәрбиелеу  т.б.  ол  өз  жанұясында  басшы  болуға  тырысқан  жоқ. 
Бірақта оның әр шаруаны жүргізуіне, оның қатысуы керектігі, онсыз бітпейтіне бәріне оның 
қажеттігін біліп  тұрды. Осыны Беркінде білді бір жағынан сол себептерден де шығар Беркін 
Сәулені өте мықты сыйлады, жандарының байланысы, бір бірімен түсіністігі өте зор болды. 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ішкі қиындық кезінде уақытты оздырмай Сәуле 
Беркінге  ғылым  жұмысымен  айналасуға  ұсыныс  берді,  кандидаттық  диссертация  қорғауға 
мұрындық етті. Содан кейін Беркін көп ғылыми шығарма, кітаптар жазды, оғанда Сәуленің 
қатысы  көп.  Сонымен  жар  болсаң  Сәуледей  бол.  Қазақтың  мақалы  бар  ғой  «келін  қайын 
енесінің  топырағынан  жарытылады»  деген.  Мен  алладан  сұрайтыным-Бауыржанның 
келіншегі өз енесі емес-Сәуле енесінің топырағынан жаратылса екен. Сонда Бауыржан балам 
бақытты болады, Беркін сияқты.  
Сәуле  қайтыс  болғаннан  кейін,  бұған  байланысты  қызметтен  басқа,  Беркін  Сәулеге 
арнап  кітап  жазды,  оның  ішінде  өзінің  бар  ризалығын  білдірді,  газеттердегі  Сәуле  туралы 
жазылған мақалаларды жинақтап бір журнал істеді, Сәулені № 30 мектепте еске алу ретінде 
кездесу ұйымдастырды, Сәулеге арнап өлең жазды. Бәрі қысқа мерзімде. .... 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
42  
    
 
АРТЫНА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН АЗАМАТ 
 
Мамбетов Убайдулла Есенович 
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық 
 институтының доценті 
 
Беркінмен  мен  студенттік  щақтан  таныс  болатынмын.  Ол  Қазақ  мемлекеттік 
университетінің  тарих  факультетінде,  мен  философия  –экономика  факультетінінің  саяси 
экономия мамандығында оқыдым. 
Етене  жақын араласпағанмен жақсы сыйластықта болдық. 
Жұқалтақ    келген,  ашаң  жүзді,  өте  ізетті,  кездескен  сайын  үнемі  сыпайы  жымиып 
тұратын жас жігіт адамды өзіне іштей тартатын. 
Жастық  шақтың  ала  құйын  албырттығы,  ауылдан  қалаға  келіп  «аласұрып»  жүретін 
қызбалық  мінез  Беркінде  байқалмайтын,  керісінше  жастығына  қарамастан  өте  байсалды, 
бетінен  парасаттылық  нышаны  есіп  тұратын.Мен  үшін  есте  қаларлық,  жастарға  үлгі 
боларлық жағдай Беркіннің өмірлік жан жары болған Сәулемен екеуінің махаббаты дер едім. 
Қателеспесем  олар  оқудың  алғашқы  курстарынан  бастап  жұптары  жазылған  жоқ. 
Жатақхананың  алдына қол  ұстасып  шығып,  қолтықтасып  бірге  бара  жатқандарына  студент 
жастар қызыға да, қызғана да, қарайтын. Ұлағатты отбасын құрып, балалалы- шағалы болды, 
олардың қызығын бірге тамашалады. Сол жұптары жазылмаған күйі, бірін-бірі қимаған қос 
аққудай өмірден де озды. Сонау кеңестік кезеңде облыстық партия ұйымының үгіт-насихат 
тобының мүшесі ретінде Қобда ауданында болғанмын. Ұмытпасам Беркін аудандық партия 
комитетінде  жауапты  қызмет  атқаратын.  Қызмет  бабы  біткеннен  кейін  Беркін  үйіне 
шақырды. Анасы Ақмоншақ апаймен танысып сәлемдесіп, Сәуленің қолынан шәй – су ішіп 
аттандым. Меніңше Беркіннің бойындағы тамаша қасиеттер текті  отбасынан, соның ішінде 
Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  партия  -кеңес  қызметкері,  іскер  шаруашылық  басшысы 
болған  әкесі  Жолмырзадан,  өмірден  ерте  озған  әкесінің  орнын  жоқтатпай  бес  баланы 
тәрбиелеп  жеткізген  анасы  Ақмоншақтан,  ортамызда  жүрген  қоғам  қайраткері  Еркіндей 
абзал  ағасынан  дарыған  десек  қателеспейтін  шығармыз.  Айтпақшы,  сол  Қобдада  үйінде 
отырғанымызда Беркін, қазақ халқының патшалы Ресейге қарсы Ұлт – азаттық қозғалысына  
қатысты  тарихи  –  ғылыми  мағлұматтар  жинап  жүргенін  сол  тақырыптан  кандидаттық 
диссертация  қорғау,  болашақта  жоғары  оқу  орындарында  ұстаздық  қызмет  атқару  мақсаты 
бар  екенін  айтқан  болатын.Табанды  да,  жігерлі  азамат  ол  мақсатына  жетіп  қана  қоймай, 
Қ.Жұбанов  атындығы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  жетекші  оқытушысы  – 
профессорына  айналды,  көптеген  ғылыми  еңбектерін  жарыққа  шығарды,  елімізге  танымал 
тарихшы-ғалым  деңгейіне  көтерілді.  Бұл  өмірден  ерте  озғанына  қарамастан  Беркін  артына 
өшпес  із  қалдырды.  Ол,  Сәуле  екеуінің  бауырынан  шыққан  перзенттері,  ол  оның  ойы  мен 
қаламынан  шыққан  ғылыми  мұралары,  ол  оның  тума  –  туыстары,  жора  –  жолдастары, 
замандастарының  естерінде  қалған  адамгершілік,  туысқандық,  азаматтық  келбеті  мен 
қасиеттері. 
Беркінге  және  Сәулеге  топырақтарың  торқа  болсын,  имандарың  жолдасы  болсын  дей 
отырып,  артында  қалған  перзенттеріне  бақытты  ғұмыр  тілеймін.  Асыл  ата-аналарыңның 
рухына лайықты болыңдар демекпін.  
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
43  
    
 
ҚАЙРАН ДОСЫМ! 
Райса Егдирова (Қарақыз) 
кластас досы 
Ұлағатты ұстаз, аяулы дос, нар тұлға 
Мезгілсіз мәңгі-бақи мекеніңе 
Кете бардың сол азамат қалпыңда 
Қимай жүрміз қалған достар артыңда 
Тарихтың үлгі еттіңіз еңбектерін 
Есімізде ғылым үшін маңдайды терлеткенің 
Шәкірттерім білімді болсын деп 
Өміріңді білімменен өрнектедің 
Биікке көтеріліп беделіңіз 
Бақытқа әрқашанда кенелдіңіз 
Халыққа аз болған жоқ береріңіз 
Ілгері ұмтылғанды демедіңіз 
Жүрмес пе едік бірге болсаң шаттанып, 
Жүрмес пе едік шығармашылық кеште топталып 
Сұм ажалға қандай амал айтамыз 
Кеттің ерте ортамыздан аттанып 
*** 
Қияметке дейінгі достық 
Бәкең досым еске түскенде,  
Кеудемді кернеп жыр-ағын 
Тулайды менің жүрегім. 
Кеудеме сыймай жырларым, 
Жем өзені бойында 
Пәк сезімнен басқа жоқ ойында 
Екі сәби бір қыз, бір ұл келіпті, 
Бір ауыл, бір көше бойында. 
Арнады қос әже аппақ тілектерін 
Қуаныш кернеп қос ана жүректерін 
Аналар шаң тигізбей мәпеледі, 
Өссін деп, бірі болып білімдінің. 
Бірге оқып, бірге мектеп бітірдік, 
Жүректерде асқақ арман, мол үміт 
Бәкең кішіпейіл жан еді әрқашан,  
Сыйлайтын оны барша жан. 
Тұла бойы тұнып тұрған ақылдан
Мәртебесі биік еді баршадан 
Құшағын ғылым деп сермеген 
Ғалымы еді елімнің. 
Халқы үшін терлеген, 
Мақтанышы Байғаниндей кең-байтақ туған жерімнің 
Достарына қадірлі ақылдың кені, дана еді. 
Ұлағатты ұстаз, аяулы дос, өзгелерден дара еді 
Бәкең басқан жатыр жол, 
Болашаққа бастап жастарды 
Биіктерге асатын асқар әлі 
Төрінде қазақ тарихының 
Көгінде күн боп жанады. 
Досым Бәке, тірісің, рухың биік! 
Ғылым шыңына жастарды бастап барады. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
44  
    
 
МАЙТҮБЕКТІҢ ӨРЕНІ 
 
Айтбаев Айберген Асарұлы  
Білім саласының ардагері, 
 музыка маманы 
Байғанин-Қобда-Ақтөбе 
 
Ақтөбе – Атырау (Гурьев)  темір жолының тармағы бойында Қарауылкелді темір жол 
станциясы, осы аттас елді мекен бар. 
Бұл  облысымыздың  Байғанин  ауданы  аумағы,  аудан  орталығы.  Осы  күре  жол  аудан 
орталығы қалашығын тура екіге бөліп сайрап жатыр. Осы жолдың батыс жақ бетінде өткен 
ХХ ғасырдың елуінші жылдары жолға тақау елу-алпыс қадамдай жерде, кішкене төбешіктің 
маңында  он  –онбестен  үпір-шүпір  орналасқан  қазақы  қыстаулар  салынған.  Бұл  жер 
үлкендердің  айтуынша  Майтүбек  ауылы  деп  аталады.  Міне,  өзара  жалғаса,  біріне-бірі 
ықтасын  пана-қорған  болғандай  бой  көтерген  осынау  оншақты  үйлерде  кімдер  өмір  кешті 
десеңізші?! Бұл үйлердің бірі Кеңестер Одағының Батыры Ұлы Отан соғысының қаһарманы 
Жазықов  Қожабайдың,  бірі  физика-математика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ильяс 
Тәжімұратовтың, бірі ауданның сол кездегі үздік темір кесуші, темір өңдеуші фрезировщигі 
болған Орынбасар Мировтың, бірі ауданның белгілі азаматы колхоз басқармасы Жолмырза 
Құрманбековтың, бірі қазіргі облысымыздағы атақ-даңқы елімізге тараған Сақтаған Бәйішев 
атындағы  университеттің  профессоры,  Мәскеудің  М.Ломоносов  атындағы  университетін 
бітірген,  философия  ғылымдарының  докторы  Әзімбай  Асарұлы  Асаровтың,  көп 
шеберлердің, еңбекшілердің үйлері болғанына аудан халқы куә!  
Айтайын  дегенім,  кеше  ғана  өмірден  озған  Беркін  оқушым  туралы  болғандықтан, 
аздаған  ойларымды  білдіру  еді.  Ол  да  Майтүбектің  өрені  еді  ғой.  Беркіннің  әкесі,  Жөкең 
Жолмырза  Құрманбеков  «Қызыл  әскер»  колхозы  шаруасын  үлкейтіп  гүлдендіремін, 
адамдардың тұрмыс тіршілігін жақсартамын деп басқарма болып жүргенде қайтты, артында  
анасы, жұбайы, балалары Сергей, Еркін, Беркін, Мансия, Мадина атты балалары қалды. 
Көрші  тұрдық.  Ол  кезде  адамдардың  өзара  тату-тәтті  көңілі  ерекше,  көршілердің  бір-
бірімен  араласуы  керемет  еді  ғой.  Беркіннің  үлкен  ағасы  Сергей  екеуіміз  1957  жылы 
ауданның  қара  шаңырақ  білім  ордасы  аталатын  Комсомолдың  30  жылдығы  атындағы  орта 
мектепті  оныншы  кластың  90  оқушысының  бірегейі  болып  бітірдік.  Ертелі-кеш  мектепке 
барарда үйді-үйге соғып бірге баратынбыз. 
Беркіннің  үлкен  әжесі  Марқа,  иманды  болғыр,  біз  ол  кісіні  Ақ-әже  дейтінбіз,  анасы 
Бошай-Ақмоншақ  шешесі  де  қашан  көрсең  де  жылы  жүзбен  күлімдеп  қарсы  алатын. 
Дастарханын  жаятын.  Ақ-әженің  қолынан  нан  айран,  көже  дегендей  талай  дәм  таттық  қой. 
Менің  үлкен  шешем,  әкеміздің  анасы  Ақ  әжемен  «подруга»-дос  болды.  Бірге  шәй  ішеді, 
әңгіме-дүкен  құрады,  өткендерінен  сыр  шертіседі.  Бошай  шешей  де  жылы  жүзді,  бір 
кейімейтін,  күлімсіреп,  мақпалдай  жібек  сөзімен  жұртты  өзіне  тартып  тұратын  сырбаз 
мінезді  адам  еді.  Беркін  үйдің  ең  кенжесі  болса  да,  шолжаң,  тентекшіл,  ойынқұмар  болып 
өскен  жоқ.  Қасыңнан  көз  қиығымен  жымиып  қарап  өте  шығады.  Әрине,  ойын  баласы  ғой, 
балалықтың қызық кездерін жібермегені анық. Бірде жазғы демалыс ыссы шілде айында, тал 
түсте  бірнеше  бала  үйлердің  арасынан  бұзауларды  қуып  жүріп,  бұрыштан  құсқа  атылған  
мылтыққа Беркіннің түсіп қала жаздағаны бар. Балалар тырым-тырақай. Барсақ мылтықшы – 
жоғары кластарда өзімізге сабақ беретін ағайымыз екен. Күліп жатырмыз. Бытыра бұзаудың 
сирағына тиіпті, аяғын бір сермеп ол да зытты. Майтүбектен мектепке, арғы бетке бару-келу 
де темір  жолдан өтіледі. Жолдың шығыс бетінде оны қуалай біткен  жүлге сай, ойпаң жер 
бар.  Көктемде,  қатты  жаңбыр  кезінде  әлгі  сайдан  су  жүреді,  тасиды,  төмеңгі  жақтағы  өзен 
сымаққа  құяды.  Сол  сайдан  балалар  опыр  -  топыр,  жапа  тармағай,  таласа  тармаса,  әркім 
қалаған  жерінен  аттап,  секіріп  өтіп  жатқанда,  кішкентай  Беркін,  қолында  кішкене  сөмкесі 
бар,  асықпай,  саспай,  бөтен  жерден  бір  айналма  өткел  тауып,  жайлап  аттап,  үсті  басы  құп 
құрғақ  өте  шығатыны  көз  алдымда.  Біздер  үлкен  балалар  оны  «ә,  молодес»  деп 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
45  
    
 
мақтайтынбыз. 
Жылдар өтті, біздер де жоғары оқу орындарын бітіріп елге оралдық. Өзім еңбек жолым 
басында  өз  мектебіме  ұстаз  болып  келсем,  баяғы  кішкене  Беркін  естияр,  бастауыштан 
жоғарғы  кластарда  оқып  жүр  екен.  Сабаққа  алғыр,  сабырлы,  үнемі  ойланып  жүреді, 
байқаймын, класс оқушыларынан ерекше, тәртіпке мығым, бір сөзді. Тіпті әзіл-қалжыңға да, 
мақал-мәтелдеп  сөйлеуге  де  ыңғайлы  секілді  көрінеді.  Кейде  дүңк  етпе    тосын  сөздерімен 
класс оқушыларын, мұғалімдерді де күлдіріп тастайтын кездері де болып тұратын. Өмір бір 
орнында  тұра  ма?  Бала  Беркін  де  мектепті  үздік  бітіріп,    әркімнің  арманы  болған  сонау 
Алматыға Қазақтың мемлекеттік университетіне оқуға түскен еді. 
Университетті  үздік  бітіріп,  тарихшы  мамандығымен  елге  оралды.  Облыстың  білім 
басқармасының  жолдамасымен  Қобдаға  келді.  Тағдыр  екеумізді  Байғаниндіктерді  қасиетті 
де, киелі Қобда Исатай жерінде, батырлар елінде, Абат Байтақ, Қобыланды жатқан мекенде, 
сонау ауыл, балалық мектеп өмірінен кейін тағы кездестірді. Үйлеріміз тағы көрші, қоныстас 
отырдық. Бұл біздерге үлкен қуанышты жағдайлар болды. 
Университетте оқып жүргенде табысқан сүйікті жары Сәулесі де ақжарқын, кішіпейіл, 
қазақы үлгі, тәлім-тәрбие көрген, инабатты қыз екен. Қобда жерінде семьясына бас қосылып, 
жасына  жас  қосылып  дегендей  бес  баланың  әкесі-шешесі  аталған  Беркін-Сәуле  ауданның 
сыйлы, беделді азаматтары атанды. 
Қобда  ауданында  өмір  кешкен  жиырма  жылдан  астам  мерзімде  Беркін  балаларына 
үлгілі,  өнегелі  тәрбие  бере  білді,  Айгүлі,  Ләйласы,  Гүлдариясы  аудандық  балалар  музыка 
мектебінде  домбыра,  фортепиано  кластарында  оқыды,  бұл  да  Беркіннің  ұрпағына  заман 
талабына сай, жан жақты, қатарларынан кем қылмай өсірудегі тәрбиенің бір ықпалы, дәләлі 
еді. 
Беркін  ҚазМУ-ды  бітірісімен  Қобданың  ол  кездегі  Новоалексеевка  қазақ  орта 
мектебінде тарих пәні мұғалімі  болып еңбек жолын бастағанынан еңбекқор, білімді, үлгілі, 
ізденгіш  деген  беделге  ие  болды.  Жылдар  өткен  сайын  қызмет  лауазымы  жоғарылап, 
аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып 
беделді  қызметтерді  атқарды.  Осындай  жауапты  да  күрделі  қиындықтары  бар  қызметтерде 
жүрсе  де,  Беркін  қолынан  қаламын  тастамай,  ғылым,  журналистика  саласында  да 
шығармашылық  ізденістер  үстінде  жүрді.  Ол  Исатай  Тайманов,  Абат  Байтақ,  Қобыланды 
есімдерін халыққа жаңа қырынан танытуда аудандық,  облыстық  баспасөз беттерінде өз ой-
түйіндерін  жинақтап  көлемді  мақалалар  жазды.    Қиыл  елді  мекенінде  Исатай  Таймановқа 
тас-мүсін  қоюға  ат  салысты.  Шейітсайдағы  Исатай  бейітінің  басына  ескерткіш  белгі  қою, 
еске алу асын беруді ұйымдастыруға белсенді қатысып, бұл жұмыстың басында болды. Ұлы 
Отан соғысының батыры «Даңқ» орденінің үш дүркін иегері Кошелевтің Қобдалық екенін ел 
жұртқа  танытты,  жаңалық  жасады.  Беркіннің  заман  талабына  сай  мәдениет,  тарихи 
жағдайларға    жазған  өткір  де,  әділ  де  көркем  жазылған  мақалаларын  оқыған  сайын  оны 
құрмет тұтып, мақтан ететінбіз. Беркіннің үлкендерге деген  ылтипат сезімі, адалдығы, сәлем 
беру  үлгісі,  кішіпейілділігі,  кездескен  сайын  құшағын  жая  күлімдеп  қарсы  алуын  қалай 
ұмытарсың. 
Кездескен  кездерімізде,  уақыт  жағдайы  болса  өзінің  университетте  оқып  жүрген 
кездеріндегі  қызықты  шақтарын,  өмірден  көрген  қиындық,  жетістіктерін,  тіпті  алдағы  ой-
жоспарларын да бірнеше сағат бойы ағынан жарыла айтып, балаша мәз болатын. Оның бір 
ерекше  қасиеті  өзімен  әңгімелесіп  отырған  адамның  қандай  күйде,  қандай  жағдайда 
отырғанын байқап, сезгіштігі еді. Кейбіреулердің көзге мақтап, сырттай даттап жүретіндерді 
–Беркін бірден танитын-ды. Олардан өзін аулақ ұстайтын. Бұл үлгі балалық семьядағы алған 
тәлім-тәрбиенің,  қалыптасқан  мінезінің,  талғамының  жиынтығы  болар.  Ол  бойындағы 
сабырлылық,  ұстамдылық,  орнықтылық,    қандай  да  істі  ойлап  істейтін  тұрақтылық  қалпын 
өмір бойы сақтап өтті. 
Соңғы  бірер  жылда  Беркін  аяулы  да  сүйікті  жары  –  Сәулесінен  қапелімде  қол  үзіп 
қалды. Бұл жағдай «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей Беркіннің өзіне, жанұясы, балаларына  
өте  ауыр  тиді.  Ол  өмірдегі  жан-жары  Сәулесіне,  оның  ақ  махаббатына,  пәк  сезіміне  арнап 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
46  
    
 
«Сәуле ғұмыр» атты сағыныш кітабын жазған. Екеуміз кездескенде Беркін бала кезінен бірге 
көршілік  өмірді  есіне  алдыма,  Ақ  Сәулесіне  деген  жүрек  сезімі  сағынышыма,  көз  жасына 
ерік  берген-ді,  біраз  шерімізді  тарқатқанбыз.  Содан  ол  біздің  жанұяға  «Сәуле  ғұмырын» 
сыйлады. Әрине, ол бұндай қадірлі, қымбат қазынасын әркімге үлестірмейтіні белгілі. 
Сәулесі  өмірден  озғаннан  кейін  Беркін  томаға-тұйық,  үлкен  ойлар  үстінде  жүріп 
науқастанды. Ауруханаға түскен. Ол кезде өзім облыстан тыс жақта жүр едім. Елге келсем 
Беркін  әлі  сонда  екен.  Лезде  іздеп  барғанмын.  Қасында  болып,  біраз  әңгімелестік.  Керует 
үстінде  қазақша  молдасын  құрып  отырып  жақсы  сөйлесті.  Ажар  келбеті,  өңі,  жағдайы 
біршама жақсы көрініп еді. Содан Сәулесінің жылын өткізгеннен кейін көп ұзамай өзі де сол 
жаққа кетті ғой. Тағдыры солай болған шығар. 
Беркіннің  артында  өмірден  өз  орындарын  тапқан  бес  аруы  қалды.  Жиен,  немерелері 
бар. Балаларының бәрі жоғары білімді, өз ұжымдарында беделді сыйлы мамандар. 
Беркіннің арманы көп еді. Әлі де бергенінен берері артық еді, бірақ Беркін өзінің қысқа 
ғұмырында біраз істерді атқарғандай... болса да оның орны жетпей тұрады. 
Сонау  елуінші  жылдардың  соңында  мектеп  бітіргендер  де  қазір  қарттыққа  жетті. 
Оқушыларымыз  сол  кездердегі  шәкірттеріміз  де  зейнет  жасына  жақындаған.  Әйтсе  де,  көз 
алдыңда сол шәкірттерің өмірден озып жатса, көңіліңді кірбің шалады екен. 
Не  айтамыз.  Беркіннің  артында  қалған  ұрпақтарына  жақсылықтан  басқа  не  тілейміз. 
Солар әке-шешенің абыройын ардақтап, солар бақытты болғай деп тілейік. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
47  
    
 
ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ 
 
Бисенгазина Әлия Орынбасарқызы 
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,  балалар дәрігері  
 
«Бір адамның шынайы байлығы –  
оның осы дүниеде жасаған жақсылықтары»  
Хадис 
 
«Жақсы адамның жақсылығын айт, Иманы тасысын», - дегендей ортамызда жүргенде, 
жан - жағына күннің шуағындай жылылық таратқан, ақыл -парасаттың иесі, педагогикалық 
қызметтің  қыр-сырын  меңгерген  аяулы  Азамат  жөнінде  естелік  жазуды  міндетім,  -  деп 
санадым. Сонау 1970 жылдардың аяғында батырлар елі - Қобда ауданында осындай құрметті 
ұстаздармен танысып, еңбек еттік. Құрманбеков Беркін Жолмырзаұлы Байғанин ауданының 
тумасы.  
Әкесі  Жолмырза  атай  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  соғыстан  кейінгі  қиын-қыстау 
жылдарында  халқының  жағдайын  жақсартуға,  жанын  бере  қызмет  атқарған  екен.  Өзі 
басқарған  колхозды  республика  аумағындағы  ең  үздік  кеңшар  қатарына  қосыпты.  Сондай 
елін  сүйген  батыр  әкенің  үлгісін  көрген  Беркін  аға  балалық  кезінен  еңбекқор,  намысшыл 
болып  өсті.  Орта  мектепті  алтын  медальмен  бітіріп,  сол  кездегі  ең  жоғарғы  оқу 
орындарының  бірі  –  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  үздік  студент  атанған  әрдайым  өз 
қатарының алдыңғы сапында жүрген.  
Бұл деректерді Халықтың Құрметті Ұстазы, ҚР білім беру саласының үздігі профессор 
Бериков  Ниетжан  Берікұлынан,  бірге  оқыған  сыныптастары  жақын  жолдастарынан 
естігенбіз. Ауданда – аудандық білім беру саласының меңгерушісі, Партия комитетінің бөлім 
меңгерушісі  қызметінде  жүрген  кездің  өзінде–ақ,  көп  ғалымдар  бара  бермеген  тың  тарихи 
тақырыпқа  зерттеу жүргізіп, тынымсыз ізденіп, еңбек етіп жүрді. Есімде қалған бір естелік, 
осы ғылыми жұмысының тақырыбы, мазмұны туралы керемет әңгімелеп бергені болатын.  
Ол  жылдар  -  Елдің  келешегінің  бұлыңғыр  кезеңі  болатын...  Сол  кезде  Еліміздің 
тәуелсіздігінің негізін қалаған Ұлт азаттық көтеріліс, тарихта болған Ұлы тұлғалар жөнінде 
кітаптар жазу арман мақсаты болған екен. Өз ұлтының ұлылығын сезіндіру, елдікті, ерлікті 
таныту  болатын.  Шәкірттерін  өз  халқының  ұлтжанды,  елжанды  азаматтары  етіп  тәрбиелеу 
жазған еңбектерінің алтын діңгегі болды.  
Ардагер,  ұстаз  Сәуле  Советқызы  жарқыраған  бес  жұлдыздай  балаларының  аяулы 
Анасы, осы шаңырақтың иесінің сүйікті жары, әдептіліктің, жан сұлулығының иесі болатын. 
Көп  жылдар  бойы  өзінің  денсаулығы  мазасын  алып,  жиі  ауруханада  жатып  ем  қабылдап 
жүрген  сәттерде  де  қиналғаның  көрсетпейтін.  Азаматының  барлық  игі  істеріне  қамқор, 
балаларының,  отбасының  тілекшісі,  ақылшысы  болды.  Қызмет  бабымен  осы  отбасында 
болғанымызда  үйдің  іші  сәби  күлкісіне  толған,  қазынасы  қарт  аналары  бар,  өзара 
сыйластығы  жарасқан,  қонақжай,  әр  адамның  бауырының  үйіндей  –  жанұя  екендігін 
сезінетінмін.  Бала  кезімізден  білмесек  те,  Беркін  аға  мен  Сәуле  Совет  қызын  көргенде 
қуанып  қалатынмын,  себебі  жақсы  адамдармен  әңгімелесу  –  жақсы  бір  кітап  оқығанмен 
пара-пар  сияқты  ғой.  «Шын    ұстаз  түзде  де  ұстаз,  үйде  де  ұстаз»-демекші,  балаларын 
әдептілікке,  әдемілікке,  белсенділікке  үйретті.  Даналықтың  дәнін  септі,  жүректеріне 
мұхиттың  аржағында  іс    сапарда  жүрген  балаларының  үлкені  –  Айгүлдің  асқар  таудай 
әкесінен  айрылған  кездегі  халыққа,  бауырларына  жазған  хатының  мазмұны  барлық 
адамдарды  жылатты.  Тәңір  берген  күшпен  жазған  бұл  хаты  –  Ерлікпен  тең  болатын. 
Осындай тамаша Ұстаздардың балалары ғылым, білім, тәртіп, қаржы саласында еңбек етіп, 
еліміздің көркеюіне ат салысуда.  
Елге - елеулі, халыққа қалаулы болған Беркін Жолмырзаұлы мен  Сәуле Советқызының 
жарқын  бейнелері  мәңгі  жадымызда  қалады.  Ұрпақтарына  –  амандық,  абырой,  бақыт, 
жақсылық  тілеймін.  Балаларды  көрген  сайын  адамгершілік  қасиеттеріне  риза  болып, 
Құрманбековтер әулетіне ризашылығымыз арта түседі.  

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
48  
    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет