Адал азамат


МЕН ҚҰРМАНБЕКОВТЫҢ АЛТЫНШЫ БАЛАСЫМЫН



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

МЕН ҚҰРМАНБЕКОВТЫҢ АЛТЫНШЫ БАЛАСЫМЫН 
 
Сарин Оразбай 
ауыл шаруашылығының  
ардагері, сыйлас аға 
 
Менің Құрманбековтер әулеттерімен  бірге жүргеніме 61 жыл болды 
Ол  кездегі  партияның  саясатына  сәйкес  артта  қалған  колхоздардың  экономикасын 
ілгерілету  мақсатында  Байғанин  аудандық  атқару  комитетінің  орынбасары  болып  қызмет 
істейтін  Жолмырза  ағамыз  артта  қалған  мешеу  «Қызыл-әскер»  колхозына  1951ж.  Басқарма 
төрағасы болып келді. Сол кезде менің әкем Сары колхоз бригадирі еді. Содан бір күні түскі 
шайға  барған  менің  әкеме  дастархан  басында  ағайдың  шешесі  Марқа  апамыз  өздерінің 
шалқарлық екенін, өзінің Тілеу руының Қазыбай туысы екенін, Бошай жеңгеміздің Төртқара 
руларынан  екенін  айтады.  Менің  әкем  шешемнің  Шалқардан,    Қазыбай  бөлімінің  қызы 
екенін айтады.  
Содан кейін Марқа апа әкеме танысайын,  «сіңілімді алып  келіп таныстыр» деп сауал 
айтқасын,  бір  күндері  осы  үйде  екеуі  танысып  жерлес,  туыстас  болып  кетеді.  Апай  4 
немересі  бар  екенін  айтады,  Сергей,  Еркін  Мансия,  Мадинаны  айтады.  Марқа  апа  өзінің 
Жолмырза ағамен Алма есімді қызының бар екенін айтады. Ал мен Сары мен Жолмырзадан 
жалғызбын.  Біздің  тумалығымыз  осылай  басталып,  әлі  бөлінбестен  келеміз.«Қызыл  – 
әскерде» Райса, Арыстанбек қайтыс болды. 
Жолмырза  ағамыз  шаруаны  жетік  білетін,  ғаламат  адам  екенін  ауданға  да  облысқа  да 
таныта білгені шығар, артта қалған колхозды милионер атандырып ауданға келген «Москвич 
400»  машинадан  соң,  екінші  жылғы  көрсеткішімен  су  жаңа  «Победа»    машинасын  ауданда 
бірінші  болып  мінген  кісі  осы  Жөкең  аға  еді.  Біз  бұрын  машина  көрмеген  таң  қалып, 
қызықтап, есіміз кетіп айналып шықпаушы едік. Ағаның шоферы Москвичті де Победаны да 
жүргізушісі  Меңдібаев  Ахмет  деген  кісі  Жолмырза  ағамызбен  дүниеден  өткенше  бірге 
болды.  
Ағамызда  көктемде  көлік  етіп  пайдаланатын  екі  дөңгелекті  рессорлы  трантас  арбасы 
мен  қыста  жегетін  Сәндібай  деген  шебер  жасаған  шанасы  болды.  Оған  жегетін  ақ  боз  аты 
болды. Осыларды көзімізбен көрдік. 1954 жылы «Қызыл әскерден» «Қарауылкелдіге» көшіп 
келіп  үй  салды.  Осы  үйге  кіргеннен  кейін  ауырып,  ұмытпасам  октябрьде  қайтыс  болды. 
Апамыз Марқа, Бошай, Сергей, Еркін, Мансия, Мадина, Беркін, ағамыз қайтарда іште қалған 
Сәния және мен Оразбай осы үйде тұрдық. Мен бұл үйде 4 жыл жатып Сергей екеуіміз 1957 
жылы Қарауылкелдіде орта мектепті бітірдік. Сәния 1957 ж. қайтыс болды. 
«Қызыл әскер» колхозы табиғаты ерекше жер еді. Ағып жататын өзеннің бойы, қалың 
ит тұмсығы өтпейтін ну қалың шилі жер еді. Тәжімұраттың тауы деген атпен аталатын биік 
тауы  да  бар.  Бұл  тау  математик  ғалым,  профессор  Ильяс  Тәжімұратовтың  әкесінің  атымен 
аталып кеткен. Осы таудың басына шыққанда он бес шақырым жердегі «Жарлы» темір жол 
станциясында тұрған және жүріп жатқан поездарды көріп қызыққа қарап тұратын едік. 
Беркін жазғы демалыс кезінде 6-7 сынып оқитын шағында  «Қызыл әскердегі»  біздің 
үйге  келіп  он  шақты  күн  ойнап  қайтатын  еді.  Бір  келгенінде  әдеттегідей  үлкен  жүк 
автомашинасының  покрышкасын  таудың  басына  шығарып,  аяғы  мен  басын  тіреп  отырып 
алып  таудан  ойға  қарай  домалатып  ойнайтын  еді.  Содан  бір  күні  доңғалақ  жолдағы  үйге 
соғып Беркін жаралы болып қалған екен. Оны менің шешем Жәмила үйге алып келіп, саны, 
жамбасы  мен  қарынынан  алған  жарақаттарын  сиырдың  жаңа  тартылған  шикі  қаймағын 
қыздырып  жағып,  оншақты  күндей  емдеп,  жазылғасын  үйіне  жіберген  ғой.  Осы  оқиғасы 
жәйлі  «әжем  қаймақпен  емдеп  жазды»-деп  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін  отырыстарда 
айтып, күліп мәз болып жүретін еді. 
Әкем Сары 1961 жылы, шешем Жамила 102 жасап (1902-2007) ж.ж. қайтыс болды. Мен 
1939 ж.туғанмын. 3 ұл, 1 қызым, 10 немерем бар. Балаларымның бәрі Сергейді –әке, Еркінді 
–  көке,  Беркінді  –  тәте  деп  келеді.  Яғни  балаларда  бірге  туғанындай  көретіндігі  деп 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
49  
    
 
бағалаймын. Қырғыз, қазақ болып бөлінбей келеміз. 
Беркін  мені  телефонмен  іздесе  менің  балаларыма  «Оразбай  деген  Құрманбековтің 
алтыншы баласы қайда жүр – хабарлассын, қонаққа келсін » десе, біздің балалар мәз болып 
күлетін.  
Беркін  туралы  арнап  естелік  кітап    жазатын  университет,  институт  және  марқұм 
Сәуленің  мектептес  жолдастары  мен  Беркіннің  жерлестеріне  Алланың  нұры  жауып, 
отбасылары аман болып, ізгілікті ұзақ өмір сүрсін деп  тілеймін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
50  
    
 
ЕСІМІН ЕЛ МАҚТАҒАН
ЖАҚСЫ ІСІН ЖҰРТ ЖАҚТАҒАН БІРЕГЕЙ ТҰЛҒА 
 
Қаржаубаев Сабыр   
ауыл шаруашылығының ардагері,  
оқымысты-зоотехник 
   
Мен,  Құрманбеков  Беркін  Жолмырзаұлын  1975  жылдан  бері  білемін.  Себебі  менде 
Беркінмен қатар Қобдаға, аудандық  ауыл шаруашылық басқармасына бас зоотехник болып 
келіп,  көп  жыл  жұмыс  жасадым.  Құрманбеков  Беркін  Жолмырзаұлы  Алматыда  С.М.Киров 
атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  тарих  факультетін  бітірген  соң, 
Новоалексеевка  қазақ  орта  мектебінде  мұғалім  болды.  Жолдасы  Құрманбекова  Сәуле  екеуі 
бірге  университет  бітірген  жас  мамандар.  Мамасы,  Ақмоншақ  таныса-араласа  келе  жақсы 
сыйлас  жеңге  болып  кетті.  Менің  жолдасым  Айтжанова  Құндыз  Сәулемен  мектепте 
жұмыстас  болды.  Балаларымыз  бірге  өсіп,  ойнап,  балалар  бақшасына,  мектепке  бірге  бара 
бастады. Кейін балаларымыз Новоалексеевка орыс орта мектебін бірге бітірді. Айгүл, Ляйля 
біздің балалармен қатар оқыды. Мәншүк, Марина, Гүлдария ол уақытта бала бақшаларында 
болатынды. Беркіннің уйі Қобдаға кірер жерде – күн шығыс жағында, екеуміз ауылдың екі 
шетінде  тұрдық.  Сөйтіп  жүргенде  Ақтөбеден  Төлемісов  Болат  деген  азамат  көшіп  келді. 
Ауылдың  ортасында  тұрды.  Тұрмыстық  қызмет  көрсету  үйі    (Дом  быта)  директоры  болып 
жұмыс жасады. Оның жолдасы Маржан келініміз орыс орта мектебінде тарих пәнінен сабақ 
берді.  Сөйтіп  үш  үй  тума  болып,  бір  бірімізге  араласып,  тату  тұрдық.  Қарым  -  қатынас 
жоғарғы дәрежеде болды.  
Демалыс  күндері  жеңгеміз  біздің  үйге  кішкене  балаларымен  келіп  тұратын.  Ағамыз 
Жолмырза туралы көп естелік әңгімелер айтушы еді. Балалары жайында да олардың балалық 
шақтағы  өмірлерін    және  әкесіз  қалай  оқығанын,  өскенін,  тағы  басқа  әңгімелерді  айтып 
отыратын.  Жеңгеміз  әңгімені  әдемі,  мазмұнды,  асықпай,  ойын  жүйелі  етіп  жеткізіп  жатық 
тілмен  айтатын. Жеңгеміз  ұстамды,  мінезі  кең  пейілді,  адам  баласына  артық  жағымсыз  сөз 
айтпайтын  кісі  еді.  Әке  қанымен  келген  адами  биік  қасиет,  ана  сүтімен  дарыған  адалдық 
Беркін Жолмырзаұлын  ылғи да биікке жетеледі. Оны жолдастары көш басымыз деп, құрмет 
тұтса, үлкендер ұстаздар жағы өз бағыты бар, ой-өрісі кең принципті азамат өсіп келеді деп 
айтушы  еді.  Өмір  қашанда  алға  жылжиды.  Жас  жігіттің  еңбекқорлығын,  табанды 
жұмыстарының  нақты  айғағы  –  аудан  басшыларының  сенім  білдіруі  еді.  Сөйтіп, 
Құрманбеков Беркін Жолмырзаұлына – кешегі Кеңес дәуірінде Қобда ауданы идеологиясына 
басшылық  жасау,  аудандық  оқу  бөліміне  жетекшілік  ету  тапсырылды.  Бұл  жұмыстарды 
Беркін абыройлы, іскерлік пен білікті  ұлттық бағыт, мазмұн бере атқарды. Сөйтіп, ауданда 
Кеңес  дәуірінде  Райком,  Райисполком,  аудан  ауыл  шаруашылығы  басқармасы  тығыз 
байланыста  жұмыс  жасадық.    Идеология  күшіне  мінді.  Құрманбеков  Беркін  Жолмырзаұлы 
бүкіл  аудан  халқымен  тығыз  байланыста  болды.  Үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізді, 
социалистік жарыс ұйымдастырды, «Малшылар үйін»  жасақтады. Колхоздарға, совхоздарға 
ол  уақытта  командировкіге  бірге  шығып  тұратынбыз.  Елді  мекендер  тұрғындарына  лекция 
оқиды,  кездесулер  өткізеді,  пікірлер,  ұсыныс-ойлар  жинастырады.  Қызықты  уақыттар  өтіп 
жатты.  Идеология  саласын  басқарып  жүргенде  Беркін  –  мәдениет,  денсаулық,  білім, 
әлеуметтік  және  ауыл  шаруашылығына  қатты  қарайтын.    Себебі  ол  уақытта  жоғарыдан 
сұрау,  қатаң  бақылау  мықты,  тапсырманы  орындауға  жауапкершілік  жоғары  болатын.  Ол 
жатпай-тұрмай еңбек етті. Беркін ауданда белгілі азаматтардың бірі болды. Ауданда жылына 
бір  рет  ауыл  шаруашылық  қызметкерлері  күні  өтіп  тұратын.  Осы  мейрамдарда  Беркін 
мейрамды қайда, қай жерде өткіземіз деп ұсыныс беретінді. Ауыл шаруашылық мейрамдары 
және шопандар тойы (слет чабанов)  Терісаққан өзенінің бойында 17 ші үй болатын көбіне 
сол  жерде  өтетін.  Аудан  орталығынан,  колхоз-совхоздардан  ағаш  үйлер  тігіліп,  озат 
еңбекшілер  марапатталып,  кешке  дейін  ойын-сауық  болып,  рахаттанып  үйге  қайтатынбыз. 
Балалар  да  бізбен  жүретін,  суға  түсіп,  жарыстарды,  концерттерді  көріп  мәз-мейрам 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
51  
    
 
болатынды. 
Айта  берсең  ол  уақыт  та  бір  қызық,  және  жастық  шақ  болып  өтіп  жатады.  Осындай 
отырыста  Беркін  жас  болса  да,  көрген-білгенін,  жастық  шағын,  мектепте  оқығанын, 
студенттік  өмірді  қалай  өткізгенін  қызық  қылып  айтып  отыратын.  Беркін  туған  жері 
Байғанин  ауданы  туралы  ерекше  сағынышпен  ықыластана  әңгімелейтін.  Ол  тарихшы 
болғасын құрбы жолдастары Беркін сөйлейді, ол біздің көшбасшымыз деп ойнап отыратын. 
Беркіннің  бойындағы  бір  қасиеті  –  ашуланбайтын.  Біреу  жолдастары  ашуланса  білдірмей 
күлкіге айналдырып, тез арада сөз таба қоятын. Беркінді жолдастары жақсы көретінді, қадір-
қасиетінен де шығар, олардың ықылас пейілі жоғары болды. 
Менің  білетінім,  Қобда  ауданында,  мен  жұмыс  істеп  жүргенімде  Беркін  ауданда  өз 
деңгейінде жақсы жұмыстар істеді. Беркін қызметін істеп жүріп,  алдын болжай білді, Қобда 
ауданының  тарихын  зерттей  жүрді,  аудан  тарихынан  «Қобда»  газетіне  мақалалар  жазды. 
Тарих ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Сөйтіп, Беркін ғылыми 
жұмысқа ауысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 
тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  саяси-әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  үздік 
меңгерушісі болды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының тарихының өзекті тақырыптарына 
арнаған бірнеше кітап, монографиялардың, көптеген ғылыми-конференциялар жинақтарында 
Москва,  Киев,  Ташкент,  Бішкек,  Алматы,  Астана  т.б.  қалаларында  шығатын  ғылыми 
журналдардағы ғылыми мақалалардың авторы. 
Мен әңгіме айтып отырған азамат есімін ел мақтаған жақсы ісін жұрт жақтаған бірегей 
тұлға Құрманбеков Беркін Жолмырзаұлы десем қателеспеймін. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
52  
    
 
СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ АСЫЛ  ЖЕЗДЕМ!... 
 
Ибраева Әсемгүл,  
балдызы 
Көкшетау қаласы 
 
Сәуле  апайым  менен  көп  үлкен  ғой.  Сол  себепті  де  мен  Беркін  жездемді  ес  жиғалы 
білемін. Қолынан кітабы түспейтін  оқымысты, ой үстінде жүретін ғалым, мінезі  салмақты, 
байыпты қалпында бала күнімде қалай көрсем, сол қалпында мәңгі есімде қалды. Арамызда 
түсінбестік немесе жаттық деген болған жоқ. Арқа сүйер ағамыз, жанашыр туысымыз болды. 
Беркін жездемнің біздің елге демалысқа бірер аптаға келіп кетіп, келесі жылы үй-ішінің 
ұсақ  түйек  әңгімесіне  дейін  ұмытпай,  соны  сұрап-біліп  отыруы  әлдебір  жылылық 
әкелетін.Ол  оның  зеректігі,  білімдарлығы  да  шығар.  Бәлкім,  туыстығы,  біздің  шаңырақтың 
да тыныс-тіршілігіне алаңдаушылығы болар. 
Әзілдесу, жезде деп ойнауды кейін есейген соң ғана білдік. Ол да біздің жаққа келгенде 
бәрімізге  еркелеп,  зілсіз  қалжыңымен  қағытып,  әрқайсымызға  тиісіп    отыратын.  Білімді, 
ақылды адам емес пе, ойыны жанға жара салмай, жарасып тұратын. 
Оның  ақыл-парасатының  аса  биік,  сезімтал,  жаны  таза,  махаббаты  шынайы  екенін 
кейінгі  жылдары  ғана  ерекше  түсіне  бастағандай  едім.  Байқап  отырсам,  біздің  шаңыраққа 
деген ілтипаты, Сәуленің бауырлары- бізге деген көңілі, тіпті Сәуле туып-өскен ақ қайыңды, 
орман-тоғайлы  өлкеге  деген  сағынышы  -  осының  бәрі  оның  Сәулеге  деген  өшпес 
махаббатынан  туындаған  екен  ғой!...  Шындығында,  өмірде  көріп  жүргеніміздей  жастықта 
лап  етіп  тұтанған  махаббат,  үйленіп,  тірліктің  күйбеңіне  жегілгеннен  кейін  қарапайым 
сыйластыққа  жалғасып  жатушы  еді.  Беркін  жездемнің  сезімі  суыған  жоқ,  махаббаты 
ұлғаймаса,  бәсең  тартқан  жоқ.  Онысын  ол  жасырған  да  емес.  Сәулесінен  айырылғанда 
сыңарынан айырылған аққудай болды. Сағыныш дертінен айықпай қойды. Айығайын деген 
де жоқ. Сол сыңары ұшқан жаққа аңсары ауды да тұрды. Сол сағымды белестің арғы жағына 
жетуді  күтті  де  жүрді.  Сол  сыңарынсыз  қаңырап  қалған  айна  көлді  ішқұса  боп,  сағыныш 
күйігі өн бойын өртеп, байыз таппай айналып ұшты да жүрді. Ойына Алатаудың баурайында 
кездесіп, екеуінің мәңгілікке табысқан армансыз шақтары он оралған шығар-ақ!... 
Рас, мен жездем Беркін мен апам Сәулені  адал махаббаттарын аялаған киелі аққуларға 
ұқсатамын.  Екеуінің  арман-тілегі  бір,  айдыны  бір,  ақ  таңдары  бір  еді  ғой.  Қатар  ұшар 
аспандары бір еді ғой... 
Сол  мәңгілік  мекендерінде  қуана,  қатар  ұшып  бара  жатқан  шығар  деп  ойлаймын  бұл 
күнде. Мұндай жандар өмірде сирек кездесетін шығар.  
Ештеңе  демесе  де  екеуі  бізге:  «Өмірді  қадірлеңдер,  бір-бірлеріңді  аялаңдар,  сыйласа 
біліңдер!» деп аманат айтқандай. 
Қош,  жезде!  Апайым  Сәулені  қалай  сағынсам,  мен  сені  де  солай  сағынамын!  Кім 
екеуіңді  бөле  қарар.  Сәуленің  бүкіл  бауырлары  осылай  ойлайтынына  мен  кепілмін. 
Жандарың жаннатта болсын, қос аққу!... 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
53  
    
 
ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ АҒА 
 
 Жазықова Мақпал 
                                                               Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық  
                                                               институтының аға оқытушысы
педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
Кеше  ғана  арамызда  жүрген  аяулы  азамат  Беркін  Жолмырзаұлы  Құрманбеков  қысқа 
ғұмырында адал ұл, аяулы жар, ардақты әке, тағылымды ұстаз, білгір ғалым бола білген жан-
жақты  дарын  иесі  еді.  Осы  қасиеттерімен  бірге  оның  халқымыздың  «үлкенге  –    құрмет, 
кішіге  –  ізет»  деген  қағидасын  берік  сақтай  білген  үлкен  жүректі  аға  болғанын  да  айтқым 
келеді. 
Балалық  шақтың  бал  дәурені  туралы  сөз  болғанда,  алдымен  Байғанин  ауданының 
орталығы Қарауылкелді  ауылының бір бұрышындағы Майтүбектегі ынтымаққа толы тірлік 
еске түседі. Жиырма-отыз үйден тұратын осы бір  аймақта жаздың ұзақ та шуақты, қыстың 
қысқа  да  ызғарлы  күндерінде  балалардың  күміс  күлкісі,  үлкендердің  сабырлы  үні  естіліп, 
бәрімізді  еріксіз  баурап  алатын.  Достық,  адалдық,  бауырмалдық,  бірлік  деген  адами 
ұғымдардың  мағынасын  да  алғаш  сол  жерде  түсініп,  қарттардың  мағыналы  да  мәнді 
ақылдарын  жадымызға  түйіп  өстік.  Ауыл  балалары  бір  ауық  бос  тұрған  жаз  үйді  мектеп, 
кітапхана,  емхана  қылып,  өзімізден  кейінгілерді  оқытып,  емдесек,  енді  бірде  тимуршылар 
болып,  үлкендердің  ауласын  тазалап,  үй  шаруасына  көмектесетін  едік.  Қысты  күндері 
ауылдың  жас-кәрісі  бірге  аққала  соғып,  биіктен  құстай  ұшып  сырғанауды  ұнататынбыз. 
Әбден  шаршап,  үйге,  жылы  жерге  кірген  кезде  үлкендердің  өнегелі  әңгімесінің  куәсі 
болатынбыз.  Қазір  ойлап  отырсам,  мұның  барлығы  ынтымағы  жарасқан  майтүбектік 
қарттардың қан туыстығын емес, жан туыстығын ойлап, ұрпақтарын бір үйдің балаларындай 
татулықта тәрбиелеуге талпынғаны екен ғой.  
Содан да болар, ата-аналарымыз Еркін мен Беркін ағалардың аналарын Бошай мама деп 
айтқызғанда,  бала  көңіліміз  мұны  еш  қарсылықсыз  қабылдадық.  Кейін  Құрманбековтердің 
ата-анамыздың  жақын  жолдастары  екенін,  ал  олардың  балаларының  біздің  ағаларымыздың 
достары  екенін  ажырата  бастасақ  та,  сол  бір  бауырластық  қатынас  жалғаса  берді.  Анамыз 
Қаншайым  Нұрманова  орта  мектепте  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  сабақ  бергендіктен, 
ауыл  балаларының  біразы  сол  кісінің  оқушылары  атанды.  Сол  анамыз  күні  кешеге  дейін 
Еркін мен Беркін ағалардың әдебиетке жақын болғанын, мектептегі «Жас қалам» үйірмесінің 
белсенді мүшелері болғанын айтып отыратын. Жоғары сынып оқушысы Беркін ағаның өлең 
оқып  тұрған  суреті  де  біздің  үйдің  альбомында  әлі  сақтаулы.  Бүкіл  саналы  өмірі  Байғанин 
ауданының әлеуметтік жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан да болар, әкеміз Кеңес 
Одағының  Батыры  Қ.Жазықов  әрқашан  ауыл  балаларының  кейінгі  өмір  жолдарын  жіті 
бақылап,  олардың  жетістіктерін  мақтана  айтып,  бізге  үлгі  етіп  отыратын.  Кішкентай  ғана 
Майтүбектен 
шыққан 
физика-математика 
ғылымдарының 
докторы 
Ілияс 
аға 
Тәжімұратовтың,  философия  ғылымдарының  докторы  Әзімбай  аға  Асаровтың,  облыстық 
комсомол комитетінің хатшысы Еркін аға Құрманбековтің есімдерін біз бала күннен жаттап 
өстік.  Кейін  бұл  есімдердің  қатарына  тарих  ғылымдарының  кандидаты  Беркін  аға 
Құрманбековтің есімі қосылғаны баршаға мәлім. 
Бір үйдің балаларындай тел өскен жастар бірінен кейін бірі мектеп бітіріп, қалаға оқуға 
кетіп жатты, олардың кейбірі ауылға қайта оралса, кейбірі еңбек жолдарын жырақта бастады. 
Осы ретте Еркін мен  Беркін ағалардың жұмыс бабына орай аналарын қалаға көшіріп алып 
кеткен күні біздің, ауыл балаларының, біраз жерге дейін машинаның артынан жүгіріп, Бошай 
мамамен  қимай  қоштасқанымыз  есімізге  түседі...  Кейін  аяулы  Беркін  аға  жұбайы  Сәуле 
жеңгеймен  бірге  балалық  парыздарын  адал  атқарып,  Бошай  маманы  өз  қолдарымен  ақтық 
сапарға аттандырды. 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
54  
    
 
Өмір сапарының әр тұсында бір-бірімізге сырттай тілектес болып жүрген   Беркін аға 
екеуміз  кейін,  яғни  өткен  ғасырдың  90-шы  жылдары,  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе 
мемлекеттік  университетінде  бірге  қызмет  еттік.  Осы  тұста  да  ағаның  кішіге  деген 
қамқорлығы  сезіліп  тұратын.    «Мақпал,  жоғары  оқу  орнында  қызмет  еткеннен  кейін 
ғылыммен  айналысу  –  басты  міндетіміз.  Сондықтан  босқа  жүрмей,  ғылыми  жұмысыңды 
аяқта.  Бұл  сенің  қолыңнан  келеді»,  -  деп  жігерлендірген  кездері  де  болды.  Сондай 
жігерлендірудің арқасында болар, мен де майтүбектік ағалардың ізімен ғылыми жұмысымды 
аяқтап, 2008 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие болдым. 
Өмірдің  өзі  белгілі  бір  заңдылықтар  мен  сабақтастықтан  тұратыны  анық.  Оған  кейін 
кіші ұлым Олжастың Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженерлік-
техникалық  факультетінде  «Бейорганикалық  заттардың  химиялық  технологиясы» 
мамандығында  оқыған  жылдары  Беркін  ағаның  философиядан  сабақ  беруі  айғақ  болатын 
сияқты. Осы кезде ағаның ұстаздық еңбегін жаңа қырынан көргендей болдым. Балам: «Бізге 
философиядан Беркін деген ағай береді. Дәріс оқығанда басқа оқытушылар сияқты қағаздан 
оқымайды,  интерактивті  тақтаның  көмегімен  әртүрлі  слайдтар  арқылы  түсіндіреді»,  -  деп, 
таңданысын жасырмаған еді. Қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үдерісіне енгізу басты 
назарда  тұрған  тұста  мұндай  дәрістер  жаңалық  болмаса  да,  Беркін  ағаның  жаңалықтың 
жаршысы бола білгені көңілге қуаныш ұялатады. Қазір туған жерде жоғары білім алған ұлым 
Олжас  Америка  Құрама  Штаттарында  «Болашақ»  халықаралық  бағдарламасы  бойынша 
магистратурада өз білімін жалғастыруда. 
Кезінде  ата-анамыздың  шәкірті  болып,  үлкен  өмірге  қанат  қаққан  Еркін  және  Беркін 
Құрманбековтер  әкеміздің  80,  90  жылдық  мерейтойларында  Батыр  ағалары  туралы 
тағылымды  естеліктерімен  бөліскен  болатын.  Осы  тұста  Беркін  ағаның  «Біз  білетін  бір 
Батыр» кітабынан алынған төмендегі естелік жолдарын келтіре кеткенді жөн көріп отырмын: 
«...Осы Майтүбекте асыр салып ойнап өскен, мектеп есігін тұңғыш ашқан біздерге балалық 
шағымызда  үлгі  аларлық  жайсаң  адамдар  өте  көп  болды.  Сол  жылдары  өңкей  ерекше 
тұлғалардың  тұрағына  айналған  Майтүбекте  миллионер  «Қызыл  әскер»  колхозының 
басқарма  төрағасы,  менің  әкем  Жолмырза  Құрманбеков,  Кеңестер  Одағының  Батыры 
Қожағали  Жазықов,  поселкелік  кеңес  төрайымы  Әліп  Балманова,  Ленин  орденді  Құрман, 
әнші-жырау Қоғабай, шежіреші Төлекбай, 37-жылдың құрбаны болған Тәжімұрат сияқты бір 
ғана ауыл емес, бір ауданның мақтанышына айналған құрметті адамдардың отбасылары өмір 
сүрген  еді.  Балалық  бал  дәуренде  біздер  күн-ұзын  «банды»  Тәжімұрат,  барлаушы  батыр 
Қожағали  болып,  немістерді  тобымен  тұтқынға  алып,  «Дунайдан  жүзіп  өтіп»,  ойынды 
соғатын едік. Әсіресе, өзара келісіммен Қожағали батыр болатын кезегі келген бала бақытты 
болатын. Біздің осы ойынымыз да шын Қожағалидың назарынан тыс қалмайды екен. Батыр 
аға  біздерге  соғыс  ойынын  доғарып,  кітап  оқуға,  ертегі-жырлар  оқуға  кеңес  беретін...  Сол 
үшін мен Батыр  аға Қожағалидың биік адамгершілік рухына басымды иіп, тағзым етемін». 
Бұл  жолдар  ұстаз-ғалымның  балалық  шағы  өткен  туған  ауылына  деген  сүйіспеншілігінің, 
елдің  абзал  азаматтарына  деген    сағынышының  айғағы  екені  анық.  Олай  болса,  үлкен 
жүректі  Беркін  ағаны  да  онымен  рухани  жақындықта  болған  іні-қарындастары  ешқашан 
ұмытпайды деп ойлаймыз. Ағаның артында қалған ұрпағына бақытты ғұмыр тілеймін.  
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
55  
    
 
АҒА ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР 
 
Өтеп Алпысбай Есмағанбетұлы 
Қобда аудандық маслихат  
аппаратының басшысы 
 
Күнделікті  күйбең  тірлікпен  кейде  қалаға  бір  шаруалардың  ретімен  бара  қалғанда 
Ақтөбе  университетінің жанынан немесе Тургенев  көшесіндегі  үйінің маңайынан өтіп бара 
жатқанда  Беркін  Құрманбеков  ағамыздың  жарқын  бейнесі  еріксіз  еске  түседі.  Мен  өзім 
Беркін  Құрманбековпен  кездейсоқ  жағдайлардың  негізінде  танысып  қалғанмын.  Тіршілікте 
жүздеген адамдармен танысып, білісіп, кейбірімен кейін жақын дос, қимас жолдас та болып 
жатасың.  Сол  кездесулердің  ішінен  Бекеңмен  болған  таныстық  кездесуі  маған  аса  ыстық 
болып  көрінеді.  Ол  кезде  өзім  Қобда  ауданындағы  сол  тұстағы  іргелі  кеңшаралардың  бірі 
«Бегалы»  кеңшарында    мал  дәрігері  болып  жұмыс  жасайтынмын.  80  жылдары  жұмыс 
бабымен  аудандық  партия  комитетінің  бір  мөрі  қажет  болып,  аудан  әкімшілігінің 
ғимаратына  барғанмын.  Онда  кездейсоқ  бір  парақ  қағаз  сұрап  бір  кабинетке  кіре  салдым. 
Онда  атпалдай,  жүзі  жылы  бір  жігіт  ұшараса  қойды.  Барлық  шаруама  өз  шаруасын 
тыңдырғандай  жәрдем  көрсетті.  Тілдесе  келе  екеуіміз  рулас,  ағайын  болып  шақтық.  Сол 
арада  ағамызбен  бірталай  әңгіменің  басын  қайырып,  үйге  «Осындай  бір  аға  таптым»  деп 
үлкен әсермен оралғаным әлі есімде.  
Қобдада зейінді жас еңбек жолын Қобда қазақ орта мектебінде бастаған болатын. Кеңес 
заманының талабы бөлек, жас кадрдың іс-қимыл, қабілетінен хабардар аудан басшылары көп 
ұзатпай  Беркін  Жолмырзаұлын  ауданда  оқу  бөлімінің  инспекторы,  аға  инспектор, 
мұғалімдер кәсіподағы ұйымының төрағасы, аудандық комсомол комитетінің бюро мүшесі, 
аудандық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы 
және үгіт -насихат бөлімінің меңгерушісі сияқты жауапты қызметтерге тағайындап отырды. 
Ол  қызметтерде  жүргенде  оқу-тәрбие  ісінде  озық  іс-тәжірибелер  мен  тиімді  әдіс-тәсілдерді 
кеңінен  енгізуді  қолға  алды,  кәсіподақ  басшысы  ретінде  ауданның  барлық  ұстаздарының 
мұң-мұқтажына қол ұшын беріп отырды.  
Партия қызметтерінде жүргенде бойынан іскерлік пен ғылымға деген құштарлық  есіп 
тұрған  қызметкердің  де  соңынан  келесі  толқынның  ере  бастауы,  сол  дәуірдің  кадр 
саясатының  мықтылығының  бір  тұсы  болатын.  Ол  кезеңдерде  аудан  орталығына  барған 
сайын    ағамызға  жиі  соғып,кейде  кеңес,  кейде  тек  әңгімесін  тыңдау  үшін  жолығатынмын. 
Қандай  маңызды  істің  басында  жүрсе  де  жастарға  көмегін  аямайтын,  талай  рет  Бекеңнің 
халыққа  жасаған  жақсылығының  куәсі  болдым.Облысқа  көшкесін  қай  іске  де  икемі  бар 
талантты  азамат  ғылым  жолына  мойын  бұрған  тұста  өзі  қызмет  істеген,  талай  жәдігер  мен 
тарихи  оқиғалардың  ізіне  куә  болған  Қобданың  тарихын  да  зерттеумен  шұғылданған  еді. 
Б.Құрманбеков  зор  ізденіс  пен  қажыр-қайратты  қажет  ететін  И.Таймановтың  Қобда 
жеріндегі соңғы шайқасы туралы «Последний бой Исатая Тайманова», Қобда жерінде кеңес 
үкіметін  орнату  үшін  күрескен  революционерлер  туралы  «Красные  партизаны»,  Қобдалық 
«Даңқ»  орденінің  толық  иегері  М.Кошелев  туралы  «На  вечно  в  памяти  народной» 
фашистердің  Моабит  концлагерінің  тұтқыны  Ғайнан  Құрмашев  туралы  «Хобдинский 
соратник  Мусы  Джалиля»,  Қобда  ауданының  құрылуы  туралы  «Хобдинский  район  60  лет 
назад»,  Кеңес  Одағының  Батыры    Ә.Молдағұлова  туралы  «Әлияны  құрметтейік,  халайық» 
еңбектерін  жариялады.  Ағамыз  өзінің  жалынды  жастық  шағы  өткен  батырлар  мекенінің 
тарихына, оның бай шежіресіне деген қызығушылығын ауданнан кеткесін де үзбей, зерттеу 
жұмыстарын  тоқтатпады.  Қобдадағы  жолдас-жора,  қызметтес  азаматтармен  үнемі 
хабарласып,  біздер  арқылы  да  құнды  материалдарды  жиыстырып  жүретін.  Бекеңнің 
республикалық «Алтын орда» газетінде репрессия құрбандары туралы «Қобдадағы зобалаң», 
«Қиналар ма екен біздерге деген екен-ау Махамбет» атты мақалалары жарық көргенде біздер 
қобдалықтар  өз  өлкеміздің  тарихының  беймәлім  беттерімен  танысып  қалғанбыз. 
Университетте  кафедра  меңгерушісі  қызметін  атқарып,  облыста  мойындалған  ғалым 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
56  
    
 
саналып жүрген шағында да ауыл жастарына әркез сүйеніш болып, оларға барынша қолдау 
көрсетіп жүрді. Жеңгеміз Сәуле апай да өз ісінің шебері, ізденістен бір сәт те қол үзбейтін 
жан  еді.  Жолдасы  білім  бөлімінде  инспектор  болған  тұста  да  өзінің  қарапайымдылығынан, 
кісіге  деген  жанашыр  мінезінен  бір  жазбаған  болатын.  Отбасында  қай  кезде  барсаң  да  
жарқын  жүзі  күлімсіреп,  құшақ  жая  қарсы  алатын.  Сәуле  апайдың  мінезінде  бір  өзіне  ғана 
тән  ерекшелік,  өзім  деген  жандардың  арасында  ғана  білінетін  әдемі  әңгімешілдігі  де  өзіне 
тым жарасымды еді. Мектептегі ұжымдастастарының айтуынша С.Құрманбекова сол кездегі 
жаңа  әдістемелерді  көбіне  тәжірибеге  енгізуге  ешқандай  жасқанбайтын.  Шәкірттерінің 
жүрегінде жылы жүректі, қамқор да қайырымды ұлағатты ұстаз бейнесінде қалды.Кейіннен 
Ақтөбеге көшкен жылдары жеңгеміздің талай жылдан бері қалалықтың мәртебесін иемденіп 
жүрсе  де,  бойынан  ауылдың  жүрекке  жақын  иісі  бірден  аңғарылатын.  Аяулы  ағамызбен 
соңғы  жылдары  жүздесуіміз  сиреп,  кездесудің  реті  көп  келе  бермейтін.  Қыруар  шаруаның 
басында жүрсе де Бекең өзі келе алмаса да телефон шалып, хат-хабарын үзген емес. 
Адамды  әсірелегенім  емес,  Беркін  Құрманбеков  ағамыз  қобдалықтардың  есінде  шын 
мәнәнде  көпті  көрген,  азаматтық  бейнесі,  жалпы  дүниетанымы,  әрбір  сұқбаты  бір  ғанибет 
дейтіндей зиялы тұлға ретінде есте қалады. 
Жайған  жапырақтары,  қыздарының  да  білімді,  тәрбиелі,  жауапты  қызметтерді 
абыроймен  атқарып  жүрген  азаматшалар  болып  өсуі  де  өнегелі  жандардың  мол 
тағылымының жемісі деп білеміз. 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет