Адал азамат


Беркін, елу жас құтты болсын!



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Беркін, елу жас құтты болсын
 
Бағындырған ақыл, күш еркіңді де  
Кейде мың ғып өмірде бір күнді де,  
Алысып ауыздықпен аққан жылдар 
Елуге алып келді Беркінді де. 
 
Сол жасың құтты болсын елу деген
Нақ шағың бойда қуат, жеңіл денең, 
Елуді ердің жасы дейді халық 
Төбесі кәріліктің көрінбеген 
Тілегім түзу ұста рольдерін 
Толқынды теңізінде өмір деген. 
 
Азырақ шолу айтсам өміріңе 
Алмассың оны реніш көңіліңе 
Айрылып сен әкеден сәби кезде 
Келді ғой көп қиындық көруіңе 
Сәбилік сонау бір кезеңдерді 
Әкенің сезбей қалдың мейірінде. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
22  
    
 
Өзі жесір қалып жасы жиырма сегізде 
Өздеріңді өсірді шаң тигізбей бетіңе  
Ақмоншақтай ананың осы еңбегі 
Беркін жан әр қашанда болсын деймін есіңде 
 
Осылай өтті сенің бала шағың 
Бұрқытып Байғаниннің ала шаңын 
Көрсетіп жігерлілік сол кездерден 
Өз күшіңмен жасалды болашағың 
 
Таңдадың  сен өмірден ұстаз жолын 
Ол жолда биіктерге жетті қолың. 
Жоям деп өткендегі ақтандақты, 
Тарихшылар сапынан алдың орын 
Тоқтамай кандидаттық, доценттікке  
Игерген  докторлықпен член қордың 
 
Бірінші аттап өтіп босағамды, 
Папа деп айтамын деп осы ағамды. 
Өмірде өзіңменен келе жатқан, 
Тілейміз Сәулешкеде қосағарды. 
 
Ағаларың асқар тау Еркін,Сергей, 
Бақытымен өмірін жасай бергей. 
Сендесе ішкен асын жерге қояр, 
Сенде бар Маржан,Зоя екі жеңгей, 
 
 Бақытпен жаса жасын тағдыр берген, 
Балалар қызық сыйлап соңыңа ерген. 
Бастаған Айгүл балдар отау құрып, 
Аман болсын алдыңда апа жездең. 
Біз сені айтқан жоқпыз жиенім деп 
Ініден бірге туған жандармыз біз 
Шешеңмен бірге туған жандармыз біз 
Тілейтін жақсылықты Тәңір бер деп 
 
Тағы да құтты болсын жасың келген 
Ұрпақсың сенде бізден өсіп өнген 
Нағашың Сисенбінің Аймағы ғой 
Қайратын Қуандық ақын көзбен көрген 
Газетте «Ақтөбе» атты сұхбатында 
Палуан ед деп ол нағыз баға берген 
Тілектер сол Аймақтың ұл келіні 
Және де немерелер, шөберелерден. 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
23  
    
 
АДАЛ АЗАМАТ, ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ, ҒАЛЫМ 
 
Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы 
АқМПИ – нің Қазақстан тарихы және 
тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
 
Өмірдің сағаты қай сәтте, қай жерде тоқтайтынын меніңше бірде-бір пенде алдына-ала 
дәл  болжап  көрмеген.  Бірақ  дүниеден  озу  аса  ауыр  және  жанға  өткір  сезім.  Осындай  ауыр 
сезім  бірінен  соң  бірі  Ақтөбе  өңіріне  игі  істерімен  танылған  Құрманбековтер  отбасында 
болды. Қаза болғандардың баршасы ағайын-туыс, жолдас-жора сыйлаған жандар еді.  
Менімен шамамен 33 жыл шамасында қызметтес, әріптес болған Беркін Жолмырзаұлы 
есімі  Ақтөбе  өңіріне,  соның  ішінде  Қобда,  Байғанин,  Шалқар  кеңістігінің  кәрі-жасы  мен 
қатар  жоғарғы  оқу  орындары  қызметкерлері  соның  ішінде  тарихшылар  ортасына  кең 
танылған  шығармашы  болатын.  Байғанин  өңіріндегі  мектептердің  бірінде  орта  білім  алып, 
казіргі  Әл-Фараби  атындағы  ҚҰУ  тарих  факультетін  тәмамдап,  өмірінің  нағыз  жалынды 
тұсын Ақтөбе облысының Қобда өңірінде өткізгенін өзі үлкен құрметпен айтушы еді. Беркін 
Жолмырзаұлы    ағайын-туыстардан  қол  үзбеуінің  өзі  тек  қазақ  этносына  тән  бойындағы 
қасиетінің  кең  және  мол  екенінен  болса  керек.  Оны  әрдайым  замандас  әріптестері  мен 
ағайын-туыстары,  тіпті  сол  өңірдің  айтулы  азаматтары  арнайы  іздеп  келіп  сәлем  беріп, 
күйзелтіп жүрген ойларын  ортаға салып ақыл-кеңес алушы еді. Қызмет бабында іс-сапарда 
болғанымызда  бір-бірімізбен  өмірдің  сан-қилы  мәселелері  бойынша  пікір  алысатынбыз. 
Сондай кездесу-сұбхаттар нәтижесінде менің ойға түйгенім бұл азаматтың ата тегі Шалқар, 
Сағыз, Жем, Ор-Жайық бойының біршама аймағына, тіпті Қазақстанның батыс өңірінде екі 
ғасырға  жуық  уақыттан  бері  адамгершілігімен,  парасаттылығымен,  елге,  халыққа  қызмет 
етумен қиын-қыстау кезде қиналғандарға аянбай қол үшін беріп, қарапайым жұртшылықтың 
құрметіне  бөленгені еді. 
Аталған  университеттің  факультетін  тәмамдаған  тұстан  бастап  Беркін  туған  жері 
Ақтөбе облысында негізгі мамандығын халық арасындағы саяси-көпшілік шаралармен шебер 
ұштастыра біліп үлкен жауапкершілікпен атқарып, қызметтің қандай саласы болмасын білімі 
мен өмірден түйген тәжірибесін аямаған адал азамат.  
Бүкіл  өмірін  саяси  насихатшылық  пен  ғылыми  ұстаздық  қызметіне  арнаған  ол  өзінің 
ой-түйінін ірі турап, жалтақтамай, байсалды, ғылым мен практикада жан-жақты анықталған 
тұжырымдар негізінде нақтылы мысалдармен жеткізуші еді. Оның тек өзіне тән қасиеттердің 
бірі  ойындағысын  көзіңе  тура  қарап  шебер  мәмлегерлік  әдіспен  айтатын,  жүріс-тұрысынан 
батылдық  пен  байсалдылық,  орнықтылық  бірден  сезілетін.  Оның  бойындағы  рухани 
қазынасын  халық  арасындағы  саяси-көпшілік  шаралар  мен  ел  болашағы  студент  жастарды 
оқытуға  арнап  сол  саланың  шуағы  мен  ызғарынан  қуат  алып,  шынығып  өзге  ұлттың 
өкілдерінің тілін тауып, ұлт жанды қарапайым жұртшылықтың көңілінен әрдайым шығушы 
еді. 
Адамның  шығармашылық  еңбегін  алақанның  жылуымен  сипап  бағалайтұғын 
дәстүрімізді ұмытуға болмайды ғой деймін. Оның үстіне игі іс тындырушы өзіңнің өкшеңді 
басып  келген  және  мамандығын  жете  меңгерген  әріптесің  болса  ше.  Беркіннің 
шығармашылық  жолы  табанды  ғылыми  ізденістің,  қоғам  өміріндегі  салихалы  ұстаным 
секілді үлкен құбылыстың өзекті мәселелерін терең ой жүйесінен талдап тұжырымдап өткізе 
білудің  айқын  дәлелі  бола  алады.  Бұны  ғылыми  ұстанымынан,  яғни  диссертациялық 
зерттеуінен  отансүйгіштік  пен  тарихи  тәжірибенің    теориясы  мен  практикасынан  көруге 
болады. 
Кеңестер Одағы жазылмас сырқатқа ұшырап ол саяси-әлеуметтік ғылымға ерекше әсер 
етіп көптеген бұрынғы тұжырымдарды қайтадан сараптауға мәжбүр еткені баршаға аян. Сол 
жағдайда зерттеушілердің біршама бөлігі күні кешегі ант беріп қолдаған ұстанымынан теріс 
айналған  шақта  бұл  азамат  сол  университет  ұстаздары  ұсынған  проблемасы  бойынша 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
24  
    
 
диссертациялық зерттеуін сәтті тәмамдап, бойындағы батылдық, тұрақты ғылыми көзқарасқа 
бейім  екендігін  әбден  дәлелдейді.  Зерттеу  тұжырымдарымен  елге  танылған  тарих 
ғылымының  маңдай  алды  тұлғалары  зерттеудің  ғылыми  құндылығын  жоғары  бағалап 
қолдауы  автордың  зерттеушілік  қабылетін  биіктен  көрсетті.  Ғылыми  Кеңесте  сөз  алғандар 
диссертация тұжырымдары іс жүзінде апробацияланып автордың оны ұйымдастырушылық-
саяси қызметте қолдануға зор ұмтылыс жасағанын ерекше атаған.  
КСРО тұсында білім алып дүниетанымы қалыптасып ой-өрісі шыңдалып келген Беркін 
Жолмырзаұлы  рухани  қазынасы  егеменділікке  қолы  жеткен  елімізге  жаңа  өріс  берді  десек 
ешқандай  артық  болмас.  Бұл  Кеңес  одағының  құрыштан  құйылғандай  көрінетін  қаңқасы 
құлап,  еліміз  бабалар  ғасырлар  бойы  аңсап  өткен  тәуелсіздік  туын  көтерген  кез  болатын. 
Республика  халқының  рухына  қуат  берген  "тәуелсіздік"  деген  жалғыз  ғана  сөз  болмаса, 
материалдық, экономикалық, саяси жүйенің күн жеген матадай ыдыраған, экономика қуаты 
әлсіреп  өнімі  күрт  төмендеген  жылдарда,  азаматтардың  еңсесі  төмен  түскен  заманында  да 
өзінің  қалаған  рухани  дүниетанымдық  қалауы  сертін  сақтап  саралық  бағытынан  таймады. 
Тіпті сол қилы кезеңдерде өз бойын тік ұстап қазақ елінің болашақ шуақты күндеріне сенім 
артып  оны  қатардағы  халыққа,  соның  ішінде,  мінезі  мен  ісінде  әрдайым  жаңашылдыққа 
ұмтылатын жастарға үлгі бола білді.  
Туған  еліміз  егемендік  туын  қолына  алып  ұлттық-демократиялық,  либералдық 
мемлекеттік құрылымына шешімді қадамдар жасаған тұста ол  бойындағы жаңа толқынмен 
қуаттанған  ұлттық-патриоттық  сезімнің  тынысын  кеңейіп,  зиялылардан  дем  алып  жүрегін 
әрдайым  сыздатқан  отаншылдығынан  там-тұмдап  ұлттық  идеяны  қайта  кұруға  белсене 
кірісті.  Өзінің  студент  жастар  арасындағы  дәрістерінде,  ғылыми  шараларда  сөйлеген 
сөздерінде  әр  ары  таза  қазақстандық  ұлттық  идеяны  енді  жаңа  жағдайдың  бедеріне 
өркендетуге, өрістетуге міндетті екенін батыл айтты. Ондай ардақты міндетті орындау үшін 
Алаш  атын  жамылып  бос  кеуде  кағумен  бітпейді,  Әлихан  айткандай  «өз  жүгімізді  белгілі 
орынға  апарсақ»  болғаны  деген  шартты  әрдайым  қолдап  айналасындағыларды  нақты  іс-
қимылға шақырды. 
Бұл  азамат  Алаш  партиясы  пайда  болып,  Алаш  үкіметі  құрылып,  ұлттық  қозғалыста 
қазақтың мен деген азаматтары елдің ертеңін ойлап, кызмет еткен сәттерін барынша зерттеп 
егемен  тарихымыздың  беттеріне  өзінің  қазақ  зиялыларының  алдыңғы  буыны  туралы  тың 
деректеріне  қол  жеткізе  білген.  Егемендікке  ұмтылған  тұстан  қазақты  Алаш  идеясы 
толғандырып  келгені  баршамызға  аян.  Оны  даттаған  кез  де  болды,  аңсаған  кез  де  болды. 
Ендігі  жаңа  қазақ  Алаштың  жан-жігері  ғана  емес,  нағыз  жанашыры  екенін  дәлелдеуі  тиіс. 
Бұл  —  оның  рухани  өсуінің  негізгі  арнасы  және  бағдаршамы.  Тіпті  біздің  коғамда  бір 
заманда  өткір  сипат  алған  мемлекеттік  тіл  -  қазақ  тілі  мәселесінің  оңды  шешілуі  дәл  осы 
Алаштықтардың ұстанымдарына байланысты деп білу керек екенін де Беркін Жолмырзаұлы 
жиындарда, факультет, кафедра мәжілістерінде батыл айтушы еді. Ол Алаш зиялыларының 
мұрасына  бейжай  карай  алмайтын  қазақ  жерінде  туыстар  арасында  рухтың  құбылысын 
айтулы  елдік  жиын  түрінде  атап  өту  —  перзенттік  парызымыз  деген  ойды  да  әрдайым 
қолдаушы еді. 
Кездесулерде  талдайтын  тақырыптарымыздың  ішінде  адамзат  тарихы  мен 
философиясы  және  қазақ  даласының  бастан  кешкені  мен  күнделікті  тіршілігі  бір  биік  төбе 
болатын. Әңгімеміз қандай дәрежедегі пікірталасқа ұласпасын бір ортақ пікірге саятын едік. 
Солардың ішінде, ойда терең із қалдырғаны дүниедегі  ең бір баянсыз нәрсе  – байлық  пен 
билік.  Бір  кездері  бүкіл  дүниені  дүркіреткен  талай  империялар  мен  оларды  билеушілер 
дүниеден  озған.  Шынында,  адам  түгілі  мемлекеттің  басынан  да  бақ  таяды.  Оның  ең  бізге 
жақын айғағы  – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және КСРО мемлекетінің мұрағат қорына 
кетіп  посткеңестік  кеңістікте  егеменді  мемлекеттердің  бой  көтеруі.  Осы  орайда  тағы  ой-
толғанысымыз  ұмтылмайды.  Біздің  пайымдауымызша  негізі  адамды  жеке  мүдде  мен  қоғам 
мүддесі бір-бірінен озып та кетпей, қалып та қоймай, қатар жетелеп отыруы тиіс. Мемлекет, 
ұлт, жеке тұлға сонда ғана үйлесімді дами алмақ.  
Беркінмен  түрлі  басқосуларда  ортақ  болған  мәселе  ол  өткен  ғасырдың  90-шы 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
25  
    
 
жылдарының  аяғындағы  елдегі  меншіктің  радикалды  өзгерісіне  байланысты  да  өткір 
пікірсайыс  болатын  еді.  Өмірге  келген  тұстан  санамызға  сіңіп  оны  қорғауға  тәрбиеленген 
мемлекеттік  меншік  базарға  түскенін  көргенде  тұста  бізге  сан-қилы  ойлар  келген.  Баршаға 
аян  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  кейбір  пысықайлар  «мен  сол  аңсап  жеткен 
егемендікті нығайтып, көркейту үшін не істей аламын?» деп емес «мен бұдан не жымқырып 
үлгеремін?»  деген  ашқарақ  құлқын  ойдың  соңында  жүрді.  Осындай  қылықтарды  көргенде 
Беркін қатты қиналып «ішкі тобырлық мүдделерді тойындыру үшін ғана бостандықты аңсап 
келгендейміз»,- деп қатты қиналушы еді.   
  Егемендікке ұмтылған тұста ең өзекті болып, өткір сипат алған мәселе – қазақ тілінің 
мәртебесі болды. Осы іске оң бағыт беруге батыл күрескендердің алғы шебінде де ол болған. 
Осы  күнге  дейін  көз  алдымда  оның  ұстанымы.  Тіл  саясатын  демократиялық  болашақтағы 
мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, тіл тағдыры – ел тағдыры екенін баршаға 
түсіндіруге  аянбай  ат  салысты.  Ол  қазақ  халқының  санғасырлық  мол,  асыл  қазынасының 
інжу-маржандарын  кеңінен  насихаттау,  студент  жастарды  отансүйгіштікке,  атамекен  мен 
туған  елді  қорғауға,  тілі,  ділі,  діні  бір  рухани  құндылықтары  ортақ  халықтардың 
бауырластығына жаңа жол ашуды мақсаттаған азамат болды. 
  Қуаныш пен қиындыққа толы қысқа ғана өмірін Беркін Жолмырзаұлы осылай өткізіп 
тіршілікке  мол  рухани  байлық,  отбасылық  абырой,  ойшыл  ұрпақтар  санасында  азаматтық 
руханият  қалдырды  деуге  тұрарлық  дей  келе  естелігімді  мынадай  шумақпен  аяқтауды  жөн 
көрдім: 
 
Ер жігіттің серігі — 
арғымақтан туған Ақтаңгер, 
қалдырмас жолда жолдасын, 
анасы Құмай болғасын 
жалтармай асар құз-жардан, 
балдырлы балшық сыздардан, 
тұяғымен тарпып мұз жарған. 
Хас жүйрік — ердің бағы да! 
Жалы калың деп жабыға 
ер салма — сұлу сырты алдар. 
Тектіден туар тұлпарлар! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
26  
    
 
СЛОВО О НАСТАВНИКЕ 
 
Коллектив кафедры  
социально-политических дисциплин 
Актюбинского государственного  
Университета имени К.Жубанова 
 
Последние  годы  своей  трудовой  биографии  Б.Ж.Курманбеков  возглавлял  кафедру 
социально-политических  дисциплин  АГУ  имени  К.Жубанова.  Именно  его  организаторские 
качества руководителя способствовала успешной работе кафедры. В 2004 году кафедра СПД 
была удостоена звания  «Лучшая кафедра  университета». Он очень гордился тем, что сумел 
вывести возглавляемый им коллектив в число ведущих кафедр университета. Члены кафедры 
также  радовались,  когда  по  итогам  2007  года  Б.Ж.Курманбеков  был  справедливо  назван 
«Лучшим научным исследователем года» в университете. В область его научных интересов 
входили  проблемы  развития  торговых  отношений  в  Западном  Казахстане,  история 
национально-освободительных движений 1916 года в Казахстане, история возникновения и 
развития  районов  Актюбинской  области,  исторические  биографии  государственных  и 
общественных  деятелей  нашего  региона.  Во  всех  его  научных  трудах  содержались 
материалы,  направленные  на  преодоление  господствовавших  ранее  в  исторической  науке 
идеологических  догм  и  схематизма,  на  разработку  новых  подходов  в  освещении  узловых 
проблем истории края. При этом для него было важным занимать взвешенную, свободную от 
конъюнктурщицы  позицию,  избегать  крайностей,  придерживаться  научно-  объективного, 
академического  стиля  изложения  исторических  фактов.  Он  обладал  способностью  удачно 
сочетать  научную  основательность  с  живой  яркой  формой  изложения  исторического 
материала, приобщать тем самым широкие массы читателей к историческим знаниям. 
Б.Ж.  Курманбеков  отличался  широтой  кругозора,  целеустремленностью,  гибкостью 
мышления  и  творческой  интуицией,  позволяющими  ему  принимать  активные  участие  в 
масштабных  научно-исследовательских  проектах.  Он  был  одним  из  авторов  2-томной 
истории  Западного  Казахстана.В  его  характере  всегда  были  простота  в  обращении, 
внимательность  и  чуткость  к  людям  всех  рангов  и  возрастов.  Его  всегда  переполняли 
оптимизм,  энергия,  он  любил  шутку,  тонко  чувствовал  новое  и  бережно  относился  к 
традициям. Очень любил и знал на память стихи, особенно поэзию О.Сулейменова. В тесном 
кругу  во  время  праздничных  застолий  поражал  пением  народных  песен,  а  также  арий  из 
опер.    Б.Ж.Курманбеков  обладал  приятным  баритоном.  Б.Ж.Курманбеков  серьезно 
занимался  общественно-политической  деятельностью,  был  членом  НДП  НурОтан.  Он  был 
опытным лектором, часто выступал перед большими аудиториями с лекциями, умел увлечь 
слушателей. 
Б.Ж. Курманбеков отличался твердостью своих убеждений, обладал большим тактом в 
общении с людьми. Он был добрым и отзывчивым человеком, всегда верным товарищескому 
долгу. Его окружала крепкая и дружная семья. Он мужественно боролся со своими недугами, 
болезнью. И временами казалось, что он справился… 
Добрая память о нашем учителе, руководителе, старшем товарище навсегда останется в 
наших сердцах. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
27  
    
 
БЕРКІН ҚҰРМАНБЕКОВ ДОСЫМА 
 
Исмаилов Есет Ахатұлы 
Қ. Жұбанов атындағы университеттің 
«Дизаин» кафедрасының доценті, 
ҚР Cуретшілер одағының мүшесі 
Ақтөбе қаласы, Дәстүр үйі 
 
 
Кең пейіл, дархан жүректі. 
Азамат, сыйлы, ізетті. 
Кеткенің Беркін өмірден 
Бәрімізді жүдетті. 
 
Жанымыз тұр езіліп, 
Жоқ екеніңді сезініп. 
Сене алмай біраз жүрдік біз 
Жатқан шығар деп көз іліп. 
 
Ұрпағы едің Ұлықтың, 
Түскендей жерге сынып күн. 
Бүгін міне, толып тұр, 
Кеткелі саған 40 күн. 
 
Қайнағам, сырлас Беркін ең, 
Жарыма қырғыз, төркіні ең. 
Жайнатып ұрпақ әкелдің, 
От алып Сәуле көркінен. 
 
Қадірлеп кәрі, баланы, 
Сүйдің дала, қаланы. 
Кітаптар жазып тарихи 
Сөздер айттың даналы. 
 
Ұрпаққа үлгі болатын 
Істерің бар, із боп қалатын. 
Әлі де көп еді берерің 
Несібең бар еді алатын. 
 
Ерекше едің басқадан 
Талай қолды бастаған. 
Жүрегінде қалып халықтың 
Ұмытылмас мәңгі жақсы адам. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
28  
    
 
ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ... 
 
Мұханбетқалиев Есбол Есенбайұлы,  
Қ. Жұбанов атындағы университеттің 
«Саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының  
аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты 
 
Өткен шақпен жазу- қиынның қиыны. Себебі, марқұм ағайымыз өте жайдарлы, мінезі 
ашық, пейілі кең, жүрегі таза, көкірегі ояу адам еді. Қазақ халқында «алпыс-тал түс»,- деген 
мәтел бар. Шынымен де көрген түстей болмай, сұм ажал арамыздан алып кетті. Ортамызда 
ақылшымыз, кеңесшіміз болатын еді. Кафедра отырыстарында байсалдылық танытып, әрбір 
істің тиянақты, жауапты атқарылуын қадағалап отыратын. Мені үнемі «атына заты сай Есбол 
десе,  есі  дұрыс  бала»  -  деп  мақтап  қоятын.  Біз  қалай  жұмыс  жасағанымызды  білмей 
қалатынбыз.  Кафедрадағы  оқытушылардың  жағдайын  жасауға,  жастарға  қол  ұшын  беріп 
көмектесуге  дайын  тұратын.  Кей  кездері  біз  жас  болғасын,  «ағай  біз  қашан  бастық 
боламыз?»  дегенде,  «төр  өзінен  өзі  келеді»,  -  деп  қоятын.  Ғылым  жолында,  өмір  жолында 
қиындықтарға  тап  болғандарға  ағалық  қамқорлығын,  қолынан  келгенін  аямады.  Ауырып 
жүргенін білдірмеді, сездірмеді. 
Ағайдың  жүрген  жері  думан  болатын.  «Ойыл  жәрмеңкесі»  атты  кітабы  шыққан  кезде 
техникалық  факультеттің  19-шы  аудиториясында  тұсаукесерін  жасап,  бәріміз  құттықтап 
жатырмыз. Сол кезде ағай аталмыш кітапты жазғаным үшін «Мені бәрі Ойылдық деп жүр», - 
деп қалжыңдады. Басқа да кітабының тұсаукесерінде белгілі қоғам қайраткерлерімен, Ақтөбе 
облысына танымал адамдармен жүздесетінбіз. Сонда құттықтаушы мінбеде «Кітабыңыздың 
тұсаукесері құтты болсын!» дегенде, «Менің тұсауым баяғы да кесілген»  деп күлдіргені бар. 
Ағайдың негізгі зерттеу тақырыбының өзегі- жәрмеңке, өзі де бір жәрмеңкеден кем болмады. 
Бәрімізді толғантқан, тебіренткен, жанымызға батқан  ағайдың сүйікті де, аяулы жары Сәуле 
апайымызға  арнап  жазған  өлеңі,  өзегімізді  өртеп    жіберді.  «Сәуле  ғұмыр»  деп  жазған 
еңбегінің  тұсаукесерін  жасағанда  көңіліміз  қатты  толқыды.  «Әркім  сыйлағанның  құлы, 
сүйгенінің құрбаны» дегенді сонда ғана білдік, түсіндік. 
Ағай әнді жақсы айтатын, «сегіз қырлы, бір сырлы жігіт еді». Шәмшінің әндерін өзінің 
баритон даусымен аузына кесе қойып, Ұлыстың Ұлы күнінде кафедрада отырғанда шырқап, 
бәрімізді  таң  қалдырды.  Егер  де  «Мен  тарихшы  болмағанымда,  енді  Е.Хасанғалиев,  
Н. Нүсіпжанов  ағаларыңның  қасында  жүруші  едім»,-  деп  күлдіртті.  Осындай  қызықты 
оқиғалар көп болды, әттең десеңші... 
Биылғы  оқу  жылында  ағайдың  орны  үңірейіп  тұрды.  Ағайдан  үйренеріміз  көп  еді... 
Кафедра  мүшелері ағай келіп қалатындай  сезінді... 
Жатқан жерің жарық болсын, иманың жолдас болсын, топырағың торқалы болсын. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
29  
    
 
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АЗАМАТ ЕДІ... 
 
Мұхтаров Сабыржан  
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 
филология факультетінің деканы, 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
1990  жылдардың  ортасы  ауған  тұста  Беркін  ағамызды  алғаш  көріп,  танысқан  едім. 
Ұлттық  ғылым  академиясы  А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі  институтында 
стажировкадан өтіп жатқан кезім, Ақтөбеге келіп, университетке соғып ем, өзіме бұрыннан 
таныс  бір  топ  оқытушылармен  тұрған  Бәкеңе  кезіктім,  танысып,  біліскеннен-ақ  ағамыздың 
ашықтығы  анық  байқалды,  іркілмей,  әңгіме  қай  тақырыпқа  ойысса  да  белсенді  үн  қосады 
екен.  
Бәкең  екеуміздің  сол  таныстығымыз  уақыт  өтуімен  ұлғая  берді,  тарих  пен  филология 
бір-бірінен онша алыс ғылым салалары емес қой, ортақ әңгімелеріміз көп болатын. Ауданда 
біраз жыл қызмет істеп, ғылымға кештеу келгенімен Бәкең өз жолын тез белгілеп, тез тапты, 
зерттеу  жұмысында  өнімді  еңбек  етті.  Көп  ұзатпай  кандидаттық  диссертациясын  қорғады. 
Біраз  адамдардың  шығармашылығында  диссертация  қорғағаннан  кейін  бір  үзіліс,  демалыс 
болып  жатады,  ал  Беркін  ағамыздың  ғылыми  жұмысының  бір  сәт  бәсеңдегенін  көрмедік, 
өзінің  алғырлығы,  зеректігі,  еңбекқорлығы  арқасында  ғылымның  алтын  өзегін  тез  ұстады 
білем, Ақтөбе өңірі тарихына қатысты құнды еңбектерді бірінен соң бірін жарыққа шығарып 
тұрды.  Ал  ғылыми  еңбекті  жарыққа  шығарудың  ар  жағында  алғашқы  идеядан  бастап 
материал  жинау,  салыстыру,  зерделеу,  қағазға  түсіру  секілді  көп  жұмыстың  тұратыны 
белгілі.  Сондай-ақ,  Бәкеңнің  еңбектерінің  әрқайсысы  ғылыми  құндылығы  бар  зерделі 
зерттеулер болатын. 
Беркін  ағамызбен  араласа  жүріп,  үлкен  жүректі  азамат  екендігін  де  таныдық,  жан-
жақты  қабілетін  білдік.  Тәп-тәуір  ән  айтқанын  естідік,  шығарған  өлеңінің  куәсі  болдық, 
жолдастары арасында айтатын әдемі әзіліне, тілінің шұрайылылығына риза болдық. Құрдасы 
Бақтығали Шәпиевтің айтқан мына бір әңгімесіне ішегіміз қата күлгеніміз бар. 
Беркін  ағамызды  университетте  бірге  қызмет  жасайтын  құрдастары  қазақы  ұғым 
бойынша  қатты  қадір  тұтты,  бір  жылы  дүниеге  келген  жігіттердің  өзара  сыйластықтары 
керемет  болатын.  Бірде  Бәкеңмен  Бақтығали  Шәпиев  құрдасы  темекі  шегіп  тұрады  ғой, 
әңгіме арасында Шәпиев «Бәке, осы сенің туған күнің қашан?»-деп сұрайды. Бәкең «өзіңнің 
туған күнің қашан еді?» деп қарсы сұрақ қояды. Құрдасы Бақтығали Беркін ағамыздан үлкен 
болып  шығуды  ойлап  қулықпен  «менің  туған  күнім  3  қаңтар»  дейді  ғой.  Сонда  Бәкең 
құрдасының бетіне бір қарап алып: «пацан екенсің ғой!»-депті. «Қалай пацан, 3 қаңтармын»- 
деген құрдасына қалтасынан жеке куәлігін қоса суырып беріп, «1 қаңтар!» деп арыға аузын 
аштырмапты.  Бақтығали  ағамыз  осы  оқиғаны  рахаттана  айтып,  «бұл  миллионнан  бір 
болатын  ықтималдық»  деп  соншалықты  риза  болатын-ды.  Сол  құрдастары  Бәкеңді  бірінен 
айы,  бірінен  күні  үлкендігін  ескеріп,  бәрі  «Көке»  дейтін.  Меніңше,  Бәкең  сол  сәл 
үлкендігімен  қатар  құрдастары  арасында  ақыл-парасаты,  биік  адамгершілігі  арқылы  да 
қадірлі болды-ау деймін. 
Бәкең ғылымдағы өнімді жұмыс жасағаны секілді қоғамдық өмірде де сергек, белсенді 
болатын.  Облыстың  саяси-мәдени  өміріндегі  әрбір  оқиға,  іс-шаралардан  тыс  қалғанын 
көргеніміз  жоқ!    Кітапханалармен  де  байланысы  жанды,  қоғамға  пайда  әкелетін  байланыс 
болатын. Әр баспадан шығып жататын маңызы бар әдебиетті қалт жібермейтін, тауып, оқып, 
өрелі  ойын  айтып  отыратын  еді.  Менің,  тарихшы,  әдебиетші  болмасам  да,  әйтеуір  жерде 
қалмасын  деген  оймен  халықты  құлақтандыру  мақсатында  жарыққа  шығарған    «Есет 
Көтібарұлының үзеңгілес серіктері»  атты еңбегімді  оқып шығып, облыстық  «Ақтөбе»газеті 
бетінде жылы пікірін білдіргені де бар. 
Жолдасы  Сәуле  апаймен  жақсы  жұбайлық  өмір  кешті,  алтын  асықтай  балаларын 
тәрбиелеп  өсірді.  Қазір  Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  қызмет  істейтін 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
30  
    
 
қызы  Мәншүкпен  екі  оқу  жылында  Педагогика  және  психология  факультеті  деканатында 
бірге жұмыс жасадық.  Мәншүктің бойынан отбасында алған жақсы тәрбиесі,  ата-анасының 
қанымен  берілген  табиғи  жақсы  қабілет-қасиеттері  анық  байқалады,  институт  басшылығы 
да,  факультет  оқытушылары  да  Мәншүктің  алғырлығына,  адалдығына,  іскерлігіне 
ризашылықтарын  айтып  отырады.  Студент  қауымы  да  әрдайым  Мәншүкті  жақсы  көріп, 
қаумалап жүргені. Ата-ананың бір бақыты баласының жақсы азамат болғаны ғой, марқұмдар 
Бәкең  мен  Сәуле  апайды  бұл  жолда  бақытты деуге  әбден  негіз  бар, балалары  әрдайым  тіл-
көзден аман-есен жүрсін! 
Өмірлік  жары  Сәуле  апай  қайтыс  болғасын  Беркін  ағамыздың  да  өмірі  көп  ұзамады. 
Бір-біріне бұл өмірде шын берілген жұбай, сенімді серік, берік тіреу, жақсы жар бола білген 
жандар  бөлек  өмір  сүру  ауыртпашылығын  көтере  алмады  білем,  сыңарынан  айрылған 
аққудай Бәкең де Сәулешінің артынан аттанды, жатқан жерлері  жайлы, топырақтары торқа 
болсын. Жандары жайсаң бұл кісілердің ендігі өмірін артында қалған балалары мен ғылыми 
мұрасы жалғастыратын болады. Алла өлшеп берген ғұмырда Беркін ағамыз бен өзіміз дәмдес 
болған Сәуле апай есімдерін біз де әрдайым қадір тұтып, қастерлейтін боламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет