Адал азамат



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
125  
    
 
БЕРКІН ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІҢ АДАМЫ ЕДІ 
 
Байдосов Закратдин Байдосович 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік  
университетінің профессоры,  
Ақтөбе облысының, қаласының, Шалқар,  
Темір аудандарының «Құрметті азаматы» 
 
Беркін  ғылыми  ізденіс  жұмыстарымен  студент,  одан  кейін  қызмет  жасап  жүрген 
кездерінде  үзбестен  айналысқан  сықылды.  Беркіннің  жазған  ғылыми  жұмыстары  көп 
жылдық ізденістермен ойынша жинақтаулардың дәлелдері сықылды. Ол аудандық  көлемде 
жұмыстар  жасап,  тәжірибе  жинақтап,  өмірді  көріп  халықтың  ортасында  болып  барып, 
ғылыми  жұмысқа  ауысқан  екен.  Беркіннің  тиімді,  ұтымды  жұмыс  жасауының  бір  сыры 
осында  сықылды.  Оның  ғылыми  жолға  келуінің  басқалардан  ерекшелігі:  ол  орта  мектепті 
бітіріп, сонан кейін жоғарғы оқу орнына барып, оны тәмамдап, аспирантураға түсіп, аяқтап 
ғылыми  атақ  алып  барып  университетке  келген  жоқ.  Беркін  15  жылдан  астам  уақыт  өмір, 
халық  университетінен  өткендігінде  болар,  мол  тәжірибе,  халықтан  алған  білігі  ғылыми 
жұмыстарының өнікті болуына үлкен әсер – ықпалын тигізген болар деп ойлаймын.  
Екіншіден, бүкіл Қазақстанда 150  – ден астам жоғарғы оқу орындары бар екен. Оның 
әр біреуінде 20 – 40 кафедралар бар дегеннің өзінде, олардың саны 4500 – ге тарта кафедра 
құралады  екен.  Олардың  әр  біреуінде  15-20-дан  адам  жасағанда  да  90  мыңға  жақын 
оқытушы-профессорлар  жас  ұрпақтарға  білім  бұлағын  құятын  ғылым  білімділерді 
топтастырады  екен.  Бұлардың  тең  жартысынан  астамы  ғылыми  атақтар,  дәрежелер  алған 
адамдар.  
Бірақ  солардың  ішінде  ғылыми  жағынан  өнімді  еңбек  етіп,  оны  азаматтық  жолмен 
өмірмен,  халық  үнімен  байланыстыра  білген  оқытушылар  жаппай  емес,  көптерінің 
пешенесіне  ол  жазыла  қоймаған  болар.  Осыны  іс    жүзіне  асырған  Беркін  болды.  Өздеріңіз 
жақсы  білесіздер,  онымен  қоян  –  қолтық  жұмыс  жасап,  жолдастық  араласта  болдыңыздар, 
кафедраның  өтпелі  де,  өнікті  де  жұмыстарында  қолтықтаса  жұмыс  жасастыңыздар.  Ол 
басқарған  шағын  ұжым  жақсы  кафедра  деген  атаққа  ие  болды.  Ал  оны  басқарған  ініміз 
жақсы кафедра меңгерушісі деген атаққа ие болды.  
Мен  Беркінді  Қобда  ауданында  жұмыс  жасаған  кезімнен  білемін.  1977  жылы  Қобда 
екіге бөлініп, Исатай ауданы деген жаңа аудан құрылды. Оған Алтынбек Әкімжанов бірінші 
хатшы  болып  барды.  Ал  Исатай    аудандық  атқару  комитетінің  төрағасы  болып  Бурлуцкий 
отырды.  Енді  бұрынғы  Қобда  ауданына  бірінші  хатшы  болып,  Мәртөк  райисполкомның 
төрағасы  И.К  Луценко,  ал  Бурлуцкийдің  орнына  мен  бардым.  Мен  бұған  дейін  Ақтөбе 
аудандық партия комитетінің екінші хатшысы едім. Қобдада екі жарым жылдай жасап, Темір 
аудандық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  одан  Исатай  аудандық  партия  комитетінің 
бірінші хатшысы болған едім.  
Міне,  сол  Қобда  ауданында  жұмыс  істеп  жүргенімде  Беркінді  біле  бастадым.  Ол 
аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы болып жұмыс жасайды екен. Қай жерде де, іскер 
тапсырылған  істі  меңгеріп,  игеріп  кетеді  –  ау  деген  жас  қызметкерлерге  назар  аударып 
жүретінбіз.  
Беркінге  аудандық  атқару  комитеті  мәжілісінде  қаралатын  мәселелерді  дайындау,  ол 
туралы  анықтамалар,  қаулы  жобаларын  дайындау  тапсырылған  еді.  Оларды  ойдағыдай 
орындағаннан кейін, бір күні мен оны шақырып аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру 
бөліміне нұсқаушы болып келу туралы ұсыныс жасадым. Ол әуелі нұсқаушы, артынан бөлім 
меңгерушісі болып бекітілді. Ол кезде Беркін жас, көп сөйлемейтін, бірақ ойланып айтатын, 
ойланып іс – істейтін адам екені байқалатын.  
Міне,  сол  кезден  бастап  Беркін  қоғамдық  –саяси  істерге  араласа  бастады.  Мен  басқа 
ауданда  аупарткомның  бірінші  хатшысы  болып  жүргенімде  оның  Қобда  аудандық  партия 
комитетінде, әуелі нұсқаушы, сосын бөлім меңгерушісі, одан кейін аудандық оқу бөлімінің 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
126  
    
 
басшысы  болғандығын  естуім  бар.  90жылдардың  басында  Беркін  Ақтөбеге  келгенде 
пединститут  ректоры  М.Ғ.  Арыновқа  келіп  –  кетіп  жүретін.  Кейін  Ақтөбеге  жұмысқа 
ауысты.  Сөйте  жүріп  ғылыми  –  зерттеу  жолына  түсіп,  ғылым  кандидаты  атағын  алуға 
диссертация қорғады. Доцент атағын алды. Абыройлы жұмыс жасады. Иманды болсын. Көп 
жұмыстар тындырып кетті. Жолдасымен бірге балаларын тәрбиелеп өсірді.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
127  
    
 
О СОРАТНИКЕ, ТОВАРИЩЕ  И НАСТОЯЩЕМ ПРОФЕССИОНАЛЕ… 
 
Власенко Валерий Алексеевич  
учитель географии  
Кобдинской русской средней школы.  
 
На  календаре  2013  год,  нет  больше  мощной  державы,  ни  существует  больше 
направляющей  и  руководящей  во  всех  аспектах  жизни  партии.  Но  память  настойчиво 
возвращает  к  тем  далеким  событиям  прошлого  столетия.  Может  сегодня,  скептики  скажут 
вот  ностальгия  его  мучает,  поэтому  и  занялся  писаниной.  Да  и  потом  сегодня  все  пишут. 
Мол,  дескать  только  ленивый  не  берет  перо  в  руки  и  не  пишет.  Все  пытаются  войти  в 
историю и оставить след в ней. Может оно конечно и так но по происшествии стольких лет 
по новому оцениваешь, то время когда работал на руководящей комсомольской, советской и 
партийной  работе.  Встречался  с  интересными  людьми,  учился  у  них  опыту  работы  и  не 
только.  Но  я  хочу  поделиться  мыслями  и  отзывом  о  хорошем,  прежде  всего  человеке,  а 
потом уже руководителе, коммунисте и прочем. Так случилось в силу обстоятельств я тогда 
еще  молодой  полный  задора  коммунист  стал  работать  в  Хобдинском  районном  комитете 
комсомола-заведующим  организационным  отделом.  Это  было  в  далеком  1985  году.  И 
конечно по работе стал пересекаться с отделом пропаганды и агитации райкома Компартии 
Казахстана,  где  работал  заведующим  отделом  Курманбеков  Беркин Жолмурзинович.  И  для 
меня это было очень грамотный, начитанный и хорошо разбирающийся в политике человек. 
Когда  познакомились  более  ближе  в  силе  специфики  работы  то,  я  конечно,  был  удивлен-
учитель истории по образованию он очень четко представлял каждый шаг не только района, 
области в развитии экономики и политики, но и республики. По работе все чаще мы стали 
встречаться.  Ибо  по  понедельникам  по  району  проходили  единые  политдни,  и  отдел 
пропаганды и агитации курировал эти вопросы и все сотрудники райкома партии и райкома 
комсомола  и  райсполкома  выезжали  на  встречи  с  коммунистами  в  первичные  партийные 
организации и разъясняли все нормативные документы партии и правительства.  
Что больше всего меня поразило и поражает сейчас то это феноменальная память всех 
мельчайших  деталей  таких  встреч,  я  никогда  не  видел,  чтобы  Беркин  Жолмурзинович  вел 
какие либо записи, или дневник, но помнил все. И что еще более интересно, он никогда не 
забывал,  что  он  историк  по  образованию  -  занимался  краеведческой  работой,  собирал 
исторически  важные  факты  по  району  и  региону.  Результатом  этой  кропотливой  работы 
стала книга о героях Гражданской войны на территории Кобдинского района.  
В 1989 году в феврале месяце меня переводят в отдел агитационной и информационной 
работы  райкома  партии,  это  бывший  отдел  пропаганды  и  агитации,  который  возглавлял 
Беркин  Жолмурзинович.  Я  с  теплотой  вспоминаю  это  время  совместной  работы. 
Практически  не  было  вопроса  или  темы,  на  которую  не  мог  поговорить  этот  человек.  Я 
думаю, не существовало вообще вопросов, на которые он не смог бы дать ответы. Это очень 
интересный  собеседник,  отзывчивый  товарищ,  хотя  панибратства  не  терпел,  прямой 
решительный  готовый  в  любую  минуту  прийти  на  помощь  или  посоветовать,  что  и  как 
сделать. Всегда четко и ясно определял круг вопросов и объем работы отдела и никогда не 
повышал голоса, да и вообще я ни разу не слышал и не видел, чтобы он кого-либо разносил 
за  не  исполнение  какого  –  либо  задания.  Постоянно  уравновешенный,  спокойный  и 
тактичный, не теряющий ни при каких обстоятельствах самообладания.  
И вот такая аура давала четкий и нормальный ритм работы, настрой на решение любых 
задач. В отделе его уважали, он  мог защитить каждого своего сотрудника, не смотря ни на 
какие  последствия.  И  что  не  мало  важно,  он  считался  с  мнением  других,  умел  не  только 
говорить,  но  и  слушать  собеседника,  убеждать,  если  тот  не  прав  при  этом,  не  задевая  его 
достоинств и самолюбия.  
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
128  
    
 
Обладая прекрасными организаторскими качествами, феноменальной памятью, работу 
отдела так планировал, что не требовалось особого контроля, все выполнялось во время и в 
срок и качественно.  
Шло время. Произошел развал такой державы как Советский союз, я стал работать  по 
специальности  в  школе-учителем.  И  вновь  судьба  свела  меня  с  этим  человеком.  Он 
возглавил  районный  отдел  народного  образования.    Его  советы,  беседы  на  краеведческие 
темы,  не  прошли  для  меня  даром    -  в  школе  создается  музей  краеведения,  который  я 
возглавляю. Та любовь к родному краю, та теплота, с которой это все было вложена в меня, 
поражает даже меня самого. Ведь Беркин Жолмурзинович даже не уроженец района, области 
или  республики.  Но  рвение,  с  которым  он  занимался  вопросами  краеведения,  изучения 
истории  своего  края,  передалось  и  мне.  Я  благодарен  судьбе  за  то,  что  она  подарила  эту 
встречу.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
129  
    
 
ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТУ – МІНДЕТ 
 
Матаева Жұмасұлу 
Жерлесі, шәкірті 
«Қалалық орталықтандырылған  
кітапхана жүйесі» ММ әдіскері 
 
Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар, 
Бірі – тіршілік қамы, 
Бірі – адамшылық қамы. 
М.Әуезов 
 
Мен  Беркін ағайды 1973 жылдан жас маман  ретінде танып білетінмін. Жұбайы Сәуле 
апай екеуі Ақтөбе облысы Қобда ауданы Новоалексей қазақ орта мектебіне жас маман, ұстаз 
ретінде  жолдамамен  келіп,  ұзақ  жылдар  осы  облыстағы  орны  ерекше,  тарихи  айрықша 
болмысы аудан өңірінде өмір сүріп,  балаларын өмірге әкеліп, тәрбиелеп,көп еңбек етті. Мен 
ол кезде 10 кластың оқушысымен. Бізге алғаш жас маман ретінде ағамыздың айтқан жылы да 
жанды сөзі «оқу» керек деді. Ол кездері оқуға түсу кез келген адамның қолынан келмейтін, 
бірнеше жыл қатарынан барып сынақтар тапсырып жүретін. 
Бірақ мен бірінші жылы-ақ оқуға түсіп, 1978 жылы осы Қобда ауданына маман ретінде 
қайтып оралдым. Беркін ағаймен қайта кездестік... 
Айтайын дегенім, ағайдың қай жерде жұмыс істесе де жауапкершілік пен адамгершілік 
қасиеті алда тұратын. Қанша бір жауапты жұмыстарда жүрсе де осы өлкенің тарихын зерттеп 
оған мен құсаған жастарды да жетелейтін. 
 «Білесің, сұра, тап, жаз!»  деп отыратын. Осы бір жетелеген жетектен алған тәрбиеміз 
болар, күндердің күнінде ауданның құрылғанына 70 жыл толуына орай аудандық  өлкетану 
мұражайын  ұйымдастыру  қажеттілігі  туындап,  осы  жұмысқа  мені  лайық  деп  ұсынған  да 
Беркін  ағай  болатын.  Ауданның  тарихын,  жер,  су  аттарының  шығу  тарихын  сұрастырумен 
олар  туралы  жазуды  үйреткен  де  осы  азамат.  Мұражайды  ұйымдастырып,  энциклопедияға 
деректер жинап көп жұмыстар жасағанбыз... Мұның бәрі уақыт еншісінде... 
Ағаймен аудандық  партия комитетінің үгіт  - насихат бөлімінде жұмыстас болғанмын, 
осы  басшының  бойынан  бүгінгі  ісін  ертеңге  қалдырмау,тиянақтылық,  аса  қатты  сөйлемеу, 
дауыс көтермеу, ешкімнің ар-ұжданына тимеу т.т жақсы қасиеттерді көргем. 
Сол  жылдары  ауданымыздың  тұрғындары  орыс  аралас  болғандықтан  тіл  мәселесіне 
байланысты  сұрақтардың  да  нәтижелі  шешілуіне,  ауданда  «Қазақ  тілі»    қоғамының 
ұйымдастырылуына  да  Беркін  Жолмырзаұлы  көп  үлесін  қосты.  Құжаттар  мен 
баяндамаларды  екі  тілде  жазу    мәселесін  де  көтерген  осы  ағай.  Мекемелерде  қазақ  тілін 
оқыту  жұмыстары    қолға  алынып,  екі  бірдей  таза  орыс    ұлтты  мамандары  көп  «Казпочта» 
мен «Аудандық әскери комиссариатқа» қазақ тілін үйретуді маған жүктеді. Сондағы айтқаны 
«осы  ауданда  тілге  жан  ашитын  екі  адам  болса  бірі  мен,  бірі  сен»  дегенді.    Қазақ  орта 
мектебінің  жабылып  қалуы  да    мүмкін  еді,  1990  жылдары  осы  қалай  деген  жас 
отбасыларымен  сөйлесіп,  балаларын  қазақ    мектебіне  оқытуды  сұрағанда  біз  болатынбыз. 
Ағай тілін де, өзінің қызмет ортасында қатты сыйлады. 
Соңғы  жылдары  Ақтөбе  қаласында  жоғары  оқу  орнында  да  жұмыстас  болып 
кездескенімізде  де  елді  еске  алып,  бірігіп  өткізген  үлкен  шаралар  туралы  айтуды  жақсы 
көретін. Әрине, бүгін Беркін ағайды осылай еске аламын деген төрт ұйықтасам түсіме кірген 
емес, десе де «жазмыштан озмыш жоқ» деген тағдырға ештеме жасай алмаймыз. 
Әр  адамның  құдайы  –  ары,  -  десек,  Беркін  ағайдың  ары  адамның  да,  қоғамның  да 
алдында таза деп бас иемін. Осындай жаны таза, еңбекқор, адамгершілігі мол адамның менің 
еңбек жолымда кездескеніне дән ризамын. 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
130  
    
 
СӘБИ  МІНЕЗДІ АЗАМАТ 
 
Исмағамбетова Любовь Қабылқожақызы 
Қобда аудандық Мәслихатының хатшысы 
 
Беркін  Жолмырзаұлымен  замандас  болдық,  ұзақ  жылдар  бойы  қадамдас  болдық, 
ұстаздық қызметте жүріп әріптес болдық, көңіліміз тату, сырлас та,сыйласта болдық. 
Ол бір ерекше  жаратылған жан  болатын. Аса кішіпейіл, ашық, жаспен де, жасамыспен 
де  бірден  тіл  табысып,  бауыр  басып,  араласып  кететін.  Ұсақ  –  түйек  менмендіктен, 
мансаптан, өркөкіректіктен атымен аулақ, адамға жақын азамат еді. 
Аудан  мектептерінің  директорлары  бірауыздан  қолдап,  арнайылап  сұраныс  жасап, 
Қобда аудандық білім бөлімінің бастығы қызметіне Беркін Жолмырзаұлын өзіміз сайладық. 
Сол кезде мен Калиновка орта мектебінің директоры ретінде Беркін Жолмырзаұлымен тығыз 
байланыста қызмет еттім. 
Білікті  басшы  ұдайы  мектептерді  аралап,  аттестациялау  жұмыстарын  ұйымдастырып, 
мұғалімдердің  сан  түрлі  мәселелерін  шешу  жолдарын  іздеп,  көмектесуге  барын  салатын. 
Ауданға  келген  барлық  комиссиялар  мен  тексерістер  кезінде  мектептердің  жетістіктерін, 
ұстаздардың жұмысын жақсартып  көрсетуге бар күш  – жігерін жұмсайтын. Мұғалімдер де 
сенімді ақтап, биіктен көрінуге тырысатын. 
Адамды ренжітпейтін, жұмыс бабында түсіндіре білетін. 
Ауданның  білім  саласын  басқарған  кезде,  жұмыс  қызу  жүрді.  Ол  барлық  мектептер 
басшыларына    ашық,  кез  –  келгенімізбен  теңдей  сөйлесетін,  директорларды  тыңдай  біліп, 
әрқайсысын  тұлға  ретінде  қабылдап,  білікті  мамандар  ретінде  құрметтейтін.  Мектеп 
басшылары  да  оны  ерекше  сыйлайтын.  Өзара  сыйластықтың  арқасында  жұмыста  жақсы 
нәтиже беріп жатты. 
Беркін аға асыл азамат, беделді қоғам қайраткері болды. Қызметте жүріп, тәуелсіздіктің 
алғашқы жылдарында өңірдің өткеніне қалам сілтеді. Тарихшы маман ретінде өз пәнін жетік 
білген,  өз  мамандығын  ерекше  сүйген  кәсіп  иесі  болатын.  Аудан  тарихын  ерінбей  зерттеп, 
зерделеп,  ғылыммен  шұғылданғаны  бөлек  әңгіменің  арқауы.Отбасында  аяулы  жар,  қамқор 
әке  болды.  Жан  жары  Сәулені  ерекше  бағалап,  қадірлейтін,  олардың  сыйластығы  жоғары 
болды. Қыздарын қаншалықты тәрбиелеп, жеткізіп, мақтан еткені қандай! 
Өмірде  қиындықсыз  болмайтыны  белгілі  ғой,  сондай  жағдайларда  өз  мәселелерін  өзі 
шешуге талпынып, ешкімге салмақ салмауға тырысатын. 
Шәкірттері  мен  жолдастарының  жетістіктеріне  қуана  білетін.  Мен  Қобда  ауданының 
әкімі болып тағайындалғанда құттықтап, «сен де менің шәкіртімсің»,- деп мақтаныш сезімін 
жасыра  алмағаны көз алдымда. 
Беркін ағаның анасы аса бір дара тұлға, дана тұлға болғаны белгілі. Сондай кейуананың 
ұлт  құндылықтарын  бойына  сіңіріп  өскен  ұлдарының  қоғамда  өздерінің  орындарын  ойып 
тұрып  алуы,  адами  қасиеттермен  белгілі    тұлғалар  болуы  заңдылық  деп  ойлаймын.Өмірді 
сүйіп, бардың бағасын пайымдай білген, кезі келгенде оны-мұныға қарайламайтын, ерекше 
дархан,  ақ  көңіл  де  аңқылдақ,  сәби  мінезді  азамат  Беркін  Жолмырзаұлы  сенген  адамына 
жүрегін де суырып бергендей адал жан, атпал азамат еді. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
131  
    
 
ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТ 
 
Оразова Ақшолпан Ахмадиқызы, 
Қобда аудандық ішкі саясат 
 бөлімінің басшысы 
 
Ел  аузындағы  өнегелі  сөз  иелері,  төл  тарихымыздың,  мәдениетіміз  бен  тіліміздің  
жаңашылдары,  «зиялы  қауым  өкілдері»  дегенде  көз  алдыма  тынбай  ізденіп,талмай 
еңбектенуден  қол  үзбейтін  ағалы-інілі  Еркін  мен  Беркін  Құрманбеков  ағалар  келеді. 
Азаматты өсіретін де, жетілдіретін де өз заманы, ортасы десе, осы азаматтар дана қазағымыз 
айтатын  «уызына  жарыған»,  өмірден  оқып-тоқығаны  көп,  айналасына  берері  мол  жандар 
екені сөзсіз. 
Еркін  аға  мәдениет  пен  өнер  саласында,  Беркін  аға  тарих  саласында  мол  ізденісте 
жүріп,қаймағы  бұзылмаған  әдемі  қазақы  тілмен  рухани  дүниелерді  насихаттап,еркіндік 
алған, жаңа «қазақтана» бастаған халық санасына орнықтыра білді. 
Терең  білім  иелері,  елжанды  азаматтар  ешбір  жария  қылмай,  азамат  соғысына 
байланысты  деректерді  жинақтап,  батыр  бабамыз  Исатай  Таймановтың  өмір  деректерін 
зерттеп,  халық  назарына  ұсынғанының  куәсіміз.  Ағалар  игілікті    істерімен  бірін-бірі 
толықтырып, жарасымды жұмыс жасады. 
Өмір  мектебі  –  халық  қайнары  болған  Беркін  аға  Қобда  ауданының  білім  бөлімін 
басқарған  кезде  қызметтес  болдық.  Еліміз  тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары  негізінен 
орыс  тілді  мектептері  бар  ауданымызда  қазақ  тілінде  оқытатын  кластар    біртіндеп  ашыла 
бастады.  Астрахановка  орта  мектебіне  директор  қызметіне  баруға  ұсыныс  жасаған  ағай  
менің  отбасымдағы  кішкентай  бүлдіршіндерімді    себеп  қылып  үзілді-кесілді  қарсы 
болғаныма  қарамастан,  қазақ  тілін  меңгерген  мектеп  басшыларының  ерекше  қажеттілігін, 
кадр мәселесінің маңыздылығын айтып,түсіндірді.  
Сөйтіп,мен білім ордасының басшысы болдым. Сол білім саласында басшылық қызмет 
еткен  жылдары  үлкен  бір  рухани  мектептен  өткендеймін.  Беркін  Жолмырзаұлы  жұмыс 
барысында педагогика, методика мәселелері бойынша жан-жақты ақыл-кеңестер беріп, білім 
саласындағы жаңа зерттеулер,жаңалықтардан хабардар ететін. Ағай облыстық мұғалімдердің 
білімін жетілдіру институтымен тығыз байланыста жұмыс жасауға кеңес берді. Нәтижесінде 
өзім  басқарған  ұжымда  бірнеше  жыл  бойы  «Ауыл  мектебін  басқару  модулі»  тақырыбы 
бойынша  методикалық  ізденістерге  байланысты  жұмыс  жүргізіп,  мұғалімдерді 
шығармашылықпен  жұмыс  жасауға  жұмылдырып,  жинақтаған  тәжірибемізді  тарату 
мақсатында  Беркін  ағайдың  басшылығымен  аудан  және  облыс  мектептерінің 
директорларына арналған семинарлар өткізіп, аталған тақырыпта кітап дайындап шығардық. 
Беркін  Жолмырзаұлы  әр  мектеп  басшысының  еңбегін  нақты  бағалап,қолдау 
көрсетіп,кәсіптік  өсуіне  жағдай  жасайтын.  Сол  кезде  аудан  мектептерін  басқарған  Байтас 
Нұрбибі 
Әміреқызы, 
Көшкімбаева 
Бағила 
Қизатқызы, 
Исмағамбетова 
Любовь 
Қабылқожақызы  сынды  білікті  де  тәжірибелі  директорлардың  басқарушылық, 
ұйымдастырушылық қызметтері жоғары бағаланып,үлгі ретінде таратылып, ауданның білім 
саласында  еңбек  қызу  қайнап,тоқырау  кезеңінің  қиындықтары  білім  саласына  әсер  ете 
алмаған,позитивті бәсекелестік орын алған  кезең ретінде есте қалды. 
Аудандық  білім  бөлімінің  кеңестерінде  Беркін  Жолмырзаұлы  әр  басшыға  жылы  сөз 
тауып,  жарқын  қабақ  танытып,  ауылға  қанаттандырып  жіберетін,  әрқайсысымыз  мектепке 
келіп, 
құлшыныспен 
жаңа 
биіктерді 
бағындыруға 
ұмтылатынбыз. 
Аса 
бір 
мәдениетті,сабырлы, салмақты деңгейде өткізілген жиындардан жаныңа қажет жаңалық азық 
алып,  күш-жігер,  ұмтылыс,  ілгерілеушілік  сезімдері  пайда  болатыны  есте  қалды.  Білімнің 
тәуелсіз  еліміздің  ертеңі  үшін  ерекше  маңызын  түсіндіре  білген  ұлтжанды  азамат  Беркін 
Жолмырзаұлы басшылық қызметте жүріп,ел өмірін неғұрлым жақсырақ білуге , ауылдарды 
аралап,  әр  мектептің  тыныс-тіршілігін,жағдайын  көзімен  көріп,ұстаздардың  еңбегін 
бағалауға басты назар аударды. Жоғарғы азаматтық қасиеттері, адамға деген  құрмет сезімі, 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
132  
    
 
қарапайымдылығы,  терең  парасат-пайымы,  өз  ойын  ашық  айтуы  ағайды  өз  ортасында 
ерекшелендіріп тұратын. 
Беркін  Жолмырзаұлы  ауданнан  облыс  орталығына  жұмысқа  ауысып  кеткенде  де 
қызмет  бабымен  жиі  кездесіп,  хабарласып  тұратынбыз.  Өзінің  оқытушылық  және  ғылыми 
қызметі  туралы  әрдайым  ерекше  көңіл-күймен  сөз  ететін.  Таңқалдыратыны,  қашан  да  өз 
жұмысын  бір  ең  қызық,ең  бір  маңызды  деп  танып,  қызметін  ерекше  қызығушылықпен 
атқарып,  ренжу,  проблема  дегендерді  білмейтін  адам  сияқты  әсер  қалдыратын. 
Кейбіреулердей шаршау немесе еріну дегендерді білмейтіндей сезілетін. Ғылыми ізденістер 
де  оған  сондай  бір  қызғылықты,  жанына  бір  жағымды  рахат  күй  сыйлайтын  істей  болған 
сияқты. 
Беркін ағаның басты мақтанышы да,қуанышы да балалары болғандай. Кездескен жерде 
олар туралы айтудан жалықпайтын, қыздарын оқытып, еңбегінің қайтқанына,азамат болып, 
бір-бір кәсіп иесі болғанына марқайып жүретін. 
Соңғы  рет  кездескенде,  жан  серігі  Сәуле  апайдың  өмірден  ерте  кеткеніне  өкінген 
ағайдың  көңілі  пәс  болатын.  «Сәуле  ғұмыр»  атты  естелік  кітабын  ұсынды.  Ағайдың  асыл 
жарын  аққайыңдар  арасындағы  періште  арудай  жырлап,  сыңарынан  айрылған  аққудай 
көңілін білдірген – орны бөлек сүйіспеншіліктің,жарасымды сыйластықтың белгісіндей әсер 
алдым. 
Ізгі  жанды,  ақжарқын,  өр  мінезді,көңілінде  қалтарысы  жоқ,  жайдары  жүзінен  мейірім 
төгілген асыл ағаның ақ көңіл кейіпі есімізде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет