Адал азамат



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

Бөлелер 
 
Сенде тудың анадан, 
Менде тудым анадан. 
Бір - біріне етене 
Бір әулиеттен тараған. 
Байқайсыңба бауырым 
Нағашымыз бір адам, 
Қыздан біздер туыппыз, 
Дей алмаймын суықпыз, 
Қызды бабам сыйлаған 
Сондықтанда біз бөле болып жүріппіз. 
 
Сарының ұлы – Оразбай 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
144  
    
 
МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ 
 
Мусиралина Бұлбұл Оқасқызы 
Беркін Жолмырзаұлының шәкірті,  
мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау 
және олардың біліктілігін арттыру  
Өңірлік орталығының психологі 
 
Адам  орта  жасқа  келген  соң,  тоқтап  артына  бір  бұрылып  қараса  бір  сәт  өз  өмірін  ой 
елегінен өткізетін болса, артына қалдырған ізінен көп адамдар – ғибрат алады екен. Сол бір 
сәтті  ынтық  сезім,  сағынышпен  еске  аламын.  1998  –  2002  жылдары  аралығында  мен  Қ. 
Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің психология факультетін тәмамдаған 
болатынмын.  Сол  жылдары  Беркін  ағай  бізге  Мәдениеттану  сабағынан  дәріс  беретін.  Біз 
лектік  залға  ағылшындар,  биологтар,  химиктер  және  біздің  мамандығымыз  психологтар 
дәріс тыңдауға барлығымыз жиналатынбыз. Бір қызығы сол 400 – 500 студенттің ішінен мені 
ағай  көрмейді  ғой,  деген  оймен  көп  студенттер  сабақтан  қашып  кететін.  Сонда  ағай  келесі 
сабаққа  келгенде  студенттің  толық  аты  –  жөнімен  атамаса  да  бесінші  қатардағы  отырған 
сары  қыз,  екінші  қатардағы  отырған  қара  бала,  көңілсіз  отырған  қара  қыз  сіздер  сабақта 
болған жоқсыздар ғой дегенде ағай барлығымызды қалай еске сақтайды екен деп таңдана да, 
таңырқай қарайтынбыз...  
Сол  төртінші  курстың  соңында  біздің  топтан  бір  қыз  бала  Байғанин  ауданы  жағына 
тұрмысқа  шығып  барлығымыз  топпен  емтиханның  келе  жатқанына  қарамастан  тойға  кетіп 
қалдық. Көктем кезі болатын. Тойдан келе жатып жол кедергілеріне кездесіп емтиханға бір 
күн  кешігіп  қалдық.  Сонда  ағай  ешқандай  ренжіместен  бізді  емтиханға  кіргізген  болатын. 
Сонда ағайдың келтірген өмірлік мысалы менің өмір бойы санамда тоқылып қалды «Балалар, 
мен  сендерге  сабақты  оқыңдар  деп  айтпаймын,  бірақта,  мынаны  естеріңнен  шығармаңдар. 
Бір  күні  университетті  тәмамдарсыңдар,  жылдар  өтер  –  кетер.  Үйленіп,  тұрмыс  құрып, 
кетерсіңдер!  Бір  күні  жолдасың  балаларыңмен  аялдамада  автобус  күтіп  тұрсаң,  әдемі  бір 
машина  келіп,  сенің  үстіңе  балшық  шашып  кетеді.  Әлгі  машинаға  қарасаң  оның  ішіндегі 
сенің  бұрынғы  группаласың  бәленше  екен.  Сен  оқымай  кеткенде,  ол  оқыды,  үздік  бітіріп, 
үлкен  жетістікке  жеткен  ғой.  Сонда  сенің  жүрегің  еріксіз  шымыр  етеді.  Кезінде  неге 
оқымағанмын деген ой еріксіз ойыңа оралады, ол кезде бәрі кеш болады» - дейтін. Шынымен 
өстік  –  өндік  Беркін  ағайдың  сол  айтқаны  айдай  келді.  Ағайдың  шыдамдылығы  мен 
байыптылығына өз басым тәнтімін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
145  
    
 
 
 
 
 
 
 
 
Әже 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
146  
    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                    Папа 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         Мама 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
147  
    
 
 
 
Мама бізбен: (солдан оңға қарай) 
Мансия, Еркін, Сания, Беркін, Мадина, Қазтуған (көрші), Оразбай 
Қарауылкелді 
 
Беркін Қаншайым апайы жүргізетін әдебиет үйірмесінде өлең оқып тұр  
Қарауылкелді 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
148  
    
 
 
 
Мадина, Беркін, Мансия, Сергей, Еркін 
Ақтөбеде жиналғанбыз ғой. Беркін елуде 
 
 
 
 
Беркін, Мадина, Еркін 
Керемет кездесу 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
149  
    
 
 
 
Беркін, Сәуле  
Тойда жүргенде 
 
 
 
Мама, Беркін  

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
150  
    
 
 
 
 
Беркін, Сәуле немерелері  
Әмина, Құдайбергенмен. Тәтті сәт. 
 
 
 
Беркін, Сәуле қыздарымен 
Немересі Әминамен-шуақты шақ 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
151  
    
 
 
 
Маншук, Ләйлә, Айгүл, Марина, Дария 
Бақытты уақыт 
 
 
 
Құдаш, Саид, Әминок, Ләйлә, Маншук, Айгүл, Марина, Дария 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
152  
    
 
 
 
Беркін, Сәуле 
Көрікті жерді көрейік. 
Ақтөбе, Тұңғыш Президент паркінде 
 
 
Тойдағы әсем би 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
153  
    
 
 
 
Беркін, Сәуле 
Қостанай «Сосновый бор» курортында 
Жақсы жайлы демалыста 
 
 
 
Беркін, Байман 
Шалқар ауданы Сарбұлақ ауылында  
Шежіре жинауда 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
154  
    
 
 
 
Беркін Нағашы жұртпен. Жалғас, Шындәулет, Дәметкен, Баян 
 
 
 
 
Беркін маманың сіңілісі Жалғаспен, інісі Шындәулетпен 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
155  
    
 
 
 
 
 
Сәуленің туыстары 
 
 
Беркін Қайын жұртпен және қыздарымен 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
156  
    
 
 
 
Беркін студент 
Алматы 
 
 
 
 Беркін, Сәуле. Алматы 
Білім мен қызық мол жылдар 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
157  
    
 
 
 
 
Беркін және Қобдаға келген М.Әуезов атындағы драма театрының атақты актерлері 
Тартымды әңгіме 
 
 
 
 
Беркін Қобда аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің  
Меңгерушісі. Жауапты жұмыстар 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
158  
    
 
 
 
 
Беркін, Айгүл Ленинградта. Ғылыми ізденіс 
 
 
 
Беркін, Ахмет, Төретай, Көшкінбай 
Құрдастардың көңілді жиыны 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
159  
    
 
 
 
 
 
Қобдалық достардың сағынышты кездесуі 
 
 
 
 
Университет ректоры, академик К.Кенжебаев және ғалымдар. Жылы қабылдау 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
160  
    
 
 
 
Беркін саяси- әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі  
оқытушылармен келісті отырыс 
 
 
 
Әбілқайырханға арналған конференция. Пединститут.  
Ғалымдар: Беркін, Дәулет, Самат, Нұртаза  
Ғылыми әңгіме 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
161  
    
 
 
 
 
 
Облыстық кітапхана. Беркіннің 
«А.Қалменов» кітабының тұсаукесері. Үлкен жиын 
 
 
 
Беркін Н.Байғаниннің хатшысы А.Ескендіровтің «Қазақстан-Гүлстан» кітабының облыстық 
кітапханадағы тұсаукесерінде Темірболат Ескендіров, Еркін, Момын Байғанин. 2011 жыл. 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
162  
    
 
 
 
Облыстық музей. Исатай батыр жайлы маңызды кездесу 
 
 
 
 
Облыстық музейде 
Беркін И.Тайманов туралы жақсы айтты 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
163  
    
 
 
Беркіннің Темір жәрмеңкесі атты кітабының тұсаукесерінде 
 
 
 
 
Мансия, Беркін «Ойыл жәрмеңкесі» кітабының тұсаукесері. Университет. 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
164  
    
 
 
 
Беркіннің өлкетарихы жайлы кітаптарын таныстыруға арналған ғылыми конференция. 
Ақтөбе гуминитарлық заң колледжі 2012 жыл Ғ.Байдербес – мазмұнды бағалау 
 
 
 
С.Бәйішов атындағы облыстық кітапхана Беркіннің туған күніне және еңбектеріне арналған 
өлке тарихының өзекті мәселелері ғылыми конференциясы және «Қайраткер Қаратаев» 
кітабының тұсаукесері. Академик,  Ө.Озғанбаев. Ғылыми сараптамалау мен бағалау 
14.01.2013 жыл 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
165  
    
 
 
 
 
АМУ – саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасында Беркіннің ғылыми еңбектері көрмесінің 
ашылуына қатысқан ғалымдар мен балалары. 
6.12.2012жыл. 
 
 
Беркінді еске алу облыстың белгілі азаматтары  
Әкімов Ө Әжібаев Е Есенбаев Е Жекеев М Кемешев Б Елеусіз Қ  
25.10.12. 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
166  
    
 
 
 
Ғалымның хаты.  
«Университеттің ең үздік зерттеушісі»  
Б. Құрманбековтың ғылыми еңбектері 
 
 
 
Беркін 60 жаста.  
С. Жиенбаев атындағы облыстық кітапханада. Мерейлі шақ 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
167  
    
 
 
 
 
Беркін, Сәуле балаларымен 
 
 
 
 
Беркін, Шындәулет. Еркін.  
Маманы еске алу. Дәстүр үйі. 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
168  
    
 
 
 
Ғалымдар:   Болат,  Сабыржан, Беркін, Еркін, Қуантай 
Беркіннің «Ырғыздың қилы тарихы» кітабының тұсаукесері. 
Жылы лебіз. Университет залы. 2011 жыл 
 
 
 
Қайраткер «А. Калменов» кітабының тұсаукесері. 
Облыстық ғылыми кітапхана. Риза көңіл 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
169  
    
 
 
 
Еркін, Беркін, Сәбит.  
Папаны еске алу. 2009 жыл 
 
 
 
Папаның 100 жылдық мерейтойы. Тағзым 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
170  
    
 
 
 
Бейнесі жадымызда.  
Папаның 100 жылдық мерейтойы. 2009 жыл. 
 
 
 
Қостанай. «Сосновый бор» курорты 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
171  
    
 
 
АДАМГЕРШІЛІГІ МОЛ АЗАМАТ ЕДІ 
 
Жиеналин Жұмағазы Зайырұлы 
«Білім және ғылым қызметкерлерінің 
кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»  
төсбелгінің иегері 
 
Шәкәрім  «Өткен  адам  болады  көзден  таса,  өлді  –  өшті,  оны  ешкім  ойламаса»  деп 
айтқан екен.  
Жақсы адам жарық дүниеде қанша жасаса да, ғұмыры көп болып көрінбейді. Беркін де 
аз өмір сүрді. Бірақ оның игі ісі, адал қызметі ойымызда  – адамдық, азаматтық қыр – сыры 
жарқылдап  өткен  сол  аз  тіршілігінде  оның  сәулелі,  шуақты  көңілі  көп  адамға  шапағат  боп 
дарыды. Сол көптің бірі – өзіммін.  
Сонау  1994  жылы  отбасы  жағдайымен  Ойыл  ауданынан  Қобдаға  көшіп  келдім.  Сол 
жылдар  қиын  уақыт  еді.  Және  де  жаңа  орта,  көп  таныс  жоқ.  Балалы-шағалымыз.  Айлық- 
жалақыны  4  –  5  айлап  бермейтін  уақыт  еді.  Сол  кезде  Беркін  аудандық  білім  бөлімін 
басқаратын.  Азғана  сағатпен  Қобда  қазақ  орта  мектебіне  жұмысқа  орналастым.  Жолдасым 
да, үлкен балам да мұғалім.  
Содан  бір  күні  Беркін  мені  шақырып  алып  білім  бөліміне  жұмысқа  шақырды.  Және 
мектептегі  сағатымды  да  беруге  мүмкіндік  жасады.  Бұрын  таныстығымыз  жоқ  болса  да, 
менің  балалы  –  шағалы  екенімді  ескеріп  осылай  көмектесті.  Және  жыл  сайын  мектеп 
директорымен  өзі  келісіп,  мектептен  сағат  алып  беріп  отырды.  Әрине,  бұл  үлкен  жүректі, 
адамгершілігі  мол  адамның  қолынан  келетін  іс  еді.  Содан  кейін  Беркінмен  жақсы  дос  – 
жолдас, сырлас болып кеттік. Қамқорлығын ұмытпаймын.  
Беркіннің жақсы бір қасиеті әңгімені шебер айтатын. Тарихымызды көп білетін. Және  
қоғамда  не  болып  жатқан  өзгерістерге  өз  пікірін  білдіріп  отырушы  еді.  Жұмыс  барысында 
ешкімге айқайлап дауыс көтеріп жатқанын көрген емеспін. Қандай шаруа болса да, өзіңмен 
ақылдаса отырып шешетін. Бұл әрине, түсінген адамға үлкен жауапкершілік жүктейтін еді. 
Сондықтан, кімде – кім болса да, тапсырылған жұмысты тиянақты орындауға тырысатын.  
Сонымен бірге, Беркін жоғары жақпен де тіл табыса білді. Оған өзінің бұрын сол жақта 
жұмыс істегені де, беделі және іскерлігі де себеп болушы еді. 
Беркіннің  мен  байқаған  тағы  бір  жақсы  қасиеті,  қарамағындағы  мектеп  басшыларына 
түсіністікпен қарап, оларды ұжымы алдында қараламай, беделін сақтайтын. Бірақ, кемшілігі 
болса, оңаша «сазайын» беретін. Бұл да кадр тәрбиелеудің бір әдісі ме деп ойлайтынбыз.  
Беркін  үй  шаруасынан  гөрі  мемлекеттің  қызметіне  көп  көңіл  бөлетін,  қоғамшыл 
болатын. Үй шаруасына жолдасы Сәуле жүретін еді. Сәуле де ақжарқын, қарапайым, адамды 
алаламайтын, көпшіл, ер – азаматты сыйлай білетін ардақты жан еді. Ол да о дүниелік болды. 
Жатқан жері жайлы болсын, марқұмның! 
Қазақ «Көзден кетсе, көңілден де кетеді» дейді. Бұл қағида дұрыс та, бұрыс та. Дұрыс 
болатыны  –  біз  құдайдың  пендесіміз,  бүгінгі  таңсық,  ертеңгі  қаңсық.  Бүгінгі  ұлық,  ертең 
былық. Уақыттың заңы солай ма, Абай атамыз айтқандай:    
«Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл. 
Жыл жиылып қартайып қалғаны бұл. 
Сүйгенің, сүйенгенің жалған болса, 
Жалғаны  жоқ  бір  Алла  кеңшілік  қыл»  -  деп  бүгінгі  шындық  тез  арада  жалғанға 
айналып, бүгінгі жалған ертең шындыққа айналып жатқан заманда біреу туралы сөз айтудың 
өзі қиынның қиыны. 
Дегенмен, азамат Беркін туралы ақиқат сөз айту адамгершілік  болады деп ойлаймын. 
Беркінмен  бірге  туып,  бірге  өспесем  де,  онымен  біраз  жыл  қызметтес  болдым.  Сол  аз  ғана 
уақыттың  ішінде,  мен,  Беркінді  жақсы  жолдас,  іскер  азамат  және  адамгершілігі  мол  жан 
ретінде тани білдім. Бұндай жандар көптің көңілінде мәңгі сақталары сөзсіз. 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
172  
    
 
ЖАДЫМЫЗДА ЖҮРЕР ЖАРҚЫН БЕЙНЕ 
 
Сынабаева Бақытгүл  
Нұрпейіс Байғанин атындағы  
Ақтөбе облыстық балалар  
кітапханасының директоры 
 
«Ғалымның хаты өлмейді» - дейді халық даналығы. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, 
ғылым  жолына  арнаған  тамаша  азаматтардың  бірі  –  Беркін  Құрманбеков.  Ақтөбе  өңірінің 
Байғанин  ауданынан  шыққан  өнегелі  ұстаз  2000  жылдары  Құдайберген  Жұбанов  атындағы 
Ақтөбе  университетінің  саяси  –  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  меңгерушісі  қызметін 
атқара  жүріп,  артына  құнды  еңбектер  қалдырды.  Беркін  Жолмырзаұлы  біздің 
кітапханалармен  тығыз  байланыста,  кітапханашылармен  жақсы  қарым  –  қатынаста  болды, 
сыйлас әріптес бола білді. Оның ғылыми еңбектері кітапханаларда түгел жинақталған және 
облыс,  аудан  тарихына,  атақты  адамдарға  арналғандықтан  оқырмандардың  үлкен 
сұранысына айналып отыр.  
Ғалымның өлке тарихынан сыр шертетін архив құжаттары негізінде жазылған «Ақтөбе 
округінде»...еңбегінде  ірі  байларды  конфискациялау    ісінің  округ,  аудандарда  жүзеге 
асырылу жолдары мен нәтижелері баяндалса, «Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс» 
еңбегінде Ақтөбе, Темір,  Ырғыз  уездері  мен Орал облысы Бөкей Ордасындағы, Маңғыстау 
өңіріндегі  көтерілістің  барысы,  көтеріліс  басшылары  аталып,  көтерілістің  Қазақстанның 
батыс  аймақтарындағы  ерекшеліктері  нақтылы  көрсетілген.  Ғалымның  2008  жылы  жарық 
көрген  «Алтай  батыр»  атты  еңбегінде  ХVІІІ  ғасырдағы  Кіші  жүздің  батыры,  беделді  би, 
шебер  дипломат  Алтай  Ебескіұлы  туралы  жазылған.  Ал  «Темір  тарихы»  атты  еңбегі  Темір 
уезінің құрылуы, уезде сауда қатынастарының дамуы және 1916 жылғы көтеріліс туралы тың 
деректермен  қамтылған.  Сақтаған  Бәйішев  атындағы  облыстық  әмбебап  –  ғылыми 
кітапханасында  «Ырғыздың  қилы  тарихы»  атты  еңбегінің  тұсаукесер  рәсімі  өткізілді. 
Шараны  Құдайберген  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  университетінің  оқытушысы,  филология 
ғылымының  кандидаты, елордалық «Астана» журналының Батыс өңірі бойынша ресми өкілі 
Болат Баймұқанов жүргізді. Шара барысында Беркін Жолмырзаұлының еңбектері,  баспасөз 
басылымдарында  жарық  көрген  мақалалары  бойынша  ұйымдастырылған  арнайы  көрме 
ұсынылды. Зейнеткер – журналист Н.Қартбаев ғалым еңбектері туралы ой бөліссе, Орынбор 
қаласында  өткен  Бүкілодақтық  байқаудың  лауреаты,  облыстық  халық  шығармашылығы 
үйінің  әншісі  А.Ешпанова  «Ырғыз  туралы  толғауды»  орындады.  Кеңес  Одағының  батыры 
І.Үргенішбаевтың    100  жылдығы  қарсаңында  жарық  көрген  «Ідіріс  Үргенішбаев»  атты 
еңбегінде Шалқар ауданының тұрғындары, батырдың зайыбы Жәмилә әже мен  келіні Зиягүл 
Үргенішбаеваның, немересі Арман Есенгелдіұлының  айтқан деректерімен архивтен алынған 
материалдар пайдаланылған. Беркін Құрманбековтің Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына 
орай шыққан «Нұрлы жүзді Нұрпейіс»  атты еңбегі бұрын көпшілікке белгісіз болып келген 
тың  деректерімен  құнды.  Бұл  кітапта  ақынның  әдеби  хатшысы  Ахмет  Ескендіровтің  қарт 
жыраудың жырларын үзбестен қағаз бетіне түсіріп отырғанын, оның ақынға деген шынайы 
адал  қызметін  барынша  ашып  көрсеткен.  Н.Байғаниннің  баласы  Момын  Байғанинде  әкесі 
туралы  деректі  мағлұматтардың  шынайы    нақты  берілгенін  ерекше  атап  көрсетеді.  Беркін 
Жолмырзаұлы кезінде Т.Ескендіровтің әкесіне арнап шығарған  «Қазақстан – Гүлстан» атты 
кітабының тұсаукесерін С.Бәйішев атындағы облыстық  әмбебап  – ғылыми  кітапханасында 
өткізуді  ұсынған.  2012  жылы  Ақтөбе  облысының  80  жылдығын  атап  өту  барысында 
ғалымның  «Ойыл  жәрмеңкесі»,  «Темір  жәрмеңкесі»  атты  еңбектері  үлкен  сұранысқа  ие 
болды.  Аталмыш  еңбектер  аз  тиражбен  шыққандықтан  электрондық    нұсқаға  аударылса 
оқырмандар үшін игілікті іс болар еді. 
С.Бәйішев  атындағы  облыстық    әмбебап  –  ғылыми  кітапханасында  «Өлке  тарихының 
өзекті  мәселелері»  атты  ғылыми  тәжірибелік  конференция  және  қазақ  халқының  ардагер 
ұлы,  Ресей  мемлекеттік  думасының  депутаты  Бақытжан  Қаратаев  туралы  кітабының 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
173  
    
 
тұсаукесері,  белгілі  ғалым  –  өлкетанушы,  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Беркін 
Жолмырзаұлы Құрманбековтің ғылыми еңбектері бойынша өткізілді. Конференцияда белгілі 
тарихшы, әдебиетші,  философ  ғалымдар баяндамалар  жасады. Б.Қаратаевтің ұрпақтары сөз 
сөйледі. 
Өлке тарихын зерттеуде елеулі еңбегімен таныла білген тарихшы ғалыммен кітапхана 
оқырмандары  жиі  кездесетін.  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»,  деп  Абай 
атамыз айтқандай, қандай заман болмасын ұстаздың еңбегі өлшеусіз ғой, ағамыз да ғибратты 
ғұмырын, саналы өмірін ұстаздыққа арнады. Ғылым жолына кешірек келгенмен абзал аға ел 
алдындағы парыз – қарызын өтеп кетті. Кітапхана тарапынан бұл еңбектердің бәрін де тұтас, 
сол  қалпында  оқырманға  жеткізе  алсақ  болашақта  халықтың  ортақ  мұрасы,  асыл  қазынасы 
болатындығы даусыз. Негізі ғалымнан қалған сол мұраларды барынша қастерлеп, қамқорлық 
аясында  сақтап  қалу  бүгінгі  біздің  еншіміздегі  ұлы  миссия,  басты  мақсат.  Саналы  өмірін 
ұрпақ  тәрбиесі  мен  ғылым  жолына  арнаған  тарихшы  –  ғалымның  өмірінен  түйер  тағылым 
мол. 
Сондықтан  Беркін  Құрманбековтің  жарқын  бейнесі  біздің  есімізде  өлке  тарихын 
зерттеуші  ғалым  ретінде  өзінің  білімділігімен,  тіл  шеберлігімен,  өзі  өмір  сүріп  отырған 
қоғамның  тағдыры  мен  болашағын  терең  ойлай  білетін,  батыл  да  қайраткер  азамат 
бейнесінде қалады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет