Адал азамат



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
133  
    
 
ЯРКОЙ ЛИЧНОСТЬЮ БЫЛ БЕРКИН! 
 
Мурзагалиев Ахмет Жакеевич 
Кандидат технических наук, доцент 
Декан технического факультета  
АГУ им.К.Жубанова 
 
В жизни, в силу разных обстоятельств, нам приходится иметь разного рода контакты и 
возможность общения с огромным количеством людей. Как правило,многие из этих встреч 
бывают  мимолетными,  незначащими,  не  вызывают  ни  чувств,  ни  эмоций.  И  только  
личностями  светлым,  неординарным,наделенными  от  бога  особым  талантом  сеять  вокруг 
себя добро и радость человеческого общения, свойственно оставлять в душах окружающих 
неизгладимый след. 
Таким  и  запомнился  мне  уважаемый  коллега  и  замечательный  друг  Беркин 
Жолмурзинович  Курманбеков  –  широкоизвестный  в  общественных  кругах  и  организациях 
системы  отечественного  образования  Республики  Казахстан  и  области  ученый,автор  более 
200 статей и полутора десятков книг, признанный популизатор научных знаний и истинный 
патриот  родного  края,  профессионал  своего  дела,  прекрасный  семьянин,  человек  твердых 
убеждений и высших нравственных устоев. 
Так  получилось,  что  в  начале  двухтысячного  года  мы  со  своей  семьей,  в  силу 
объективных  причин,  переехали  на  постоянное  место  жительство  в  г.Актобе.  Можно 
представить себе, какие жизненные коллизии, переживания и чувства связаны с этим фактом 
для любого человека. Особенно, если это произошло с вами не пору юности, а в зрелые годы, 
когда любые изменения налаженного быта связаны с потерей и сменой устоявшихся позиций 
в личностном и человеческом плане
В  этом  плане  одним  из  самых  важных  приобретений  человека  в  жизни  является  круг 
его  нового  общения,  друзья,  с  которыми  можно  поделиться  собственными 
взглядами,переживаниями, сомнениями и чувствами,получить дельные советы и достойные 
ответы на многие вопросы по поводу своего мироощущения и миропонимания. 
Считаю, что мне повезло в жизни, так как с первых дней общения с новым коллективом 
я  имел  удовольствие  познакомиться  и  в  дальнейшем  подружиться  с  Беркином 
Жолмурзиновичем. Он сразу же обратил на себя внемание своей импозантной внешностью, 
открытым,  заинтересованным  взглядом,живостью  ума  и  глубиной  мышления  и  самое 
главное, умением распологать к себе собеседника с первых минут общения. 
При  этом  он,  как  человек,  прошедший  богатую  практическую  школу 
администрирования  в  бывших  советских  и  партийных  органах,  обладал  необычайным 
организаторским  талантом,  умением  связывать  все  явления  и  факты  жизни  в  единое  целое 
системным  образом  и  на  основе  жизненного  опыта  предлагать  коллегам  и  собеседникам 
наиболее  оптимальные  для  данной  ситуации  советы  и  предложения.  Мне  лично  не  раз 
приходилось  быть  сведетелем  именно  такого  решения  вопросов  учебно-воспитательного 
характера в процессе работы Беркина Жолмурзиновича заведующим кафедрой социально  – 
политических дисциплин нашего университета. 
Достаточно  восхищения  то,  что  после  безвременной  кончины  своей  супруги,  Беркин, 
несмотря  на  свою  болезень,  посвятил  ей  полную  скорби  и  любви  песню,  издать  книгу 
памяти,  организовать  офицальные  мероприятия  в  школе,  где  работала  супруга  и  в  стенах 
родного  университета.  На  такие  поступки  способен  только  искренне  любящий
правдивый,  чистый  душой  и  открытым  сердцем  человек,  каким  и  был  наш  Беркин 
Жолмурзинович. 
Внешне  строгий,  принципиальный,  обременный  многочисленными  заботами  и 
реалиями  нынешних  дней,  успешный  руководитель  одного  из  крупных  подразделений 
университета, наш современник Беркин Жолмурзинович был в душе романтиком, с тонкой, 
ранимой душой, для которого во главе стояли высшие нравственные ценности. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
134  
    
 
Много  планов  было  у  моего  дорогого  коллеги    и  друга  по  поводу  дальнейших 
жизненных дел. К сожалению, им не суждено было сбыться. 
Но и того, что он сделал за свою яркую содержательную жизнь достаточно для нас, его 
коллег, друзей, последователей как пример беззаветного служения избранному делу, людям, 
как  образец  выполнения  предначертанных  судьбой  каждому  особой  миссии  –  быть 
настоящим человеком! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
135  
    
 
ӘЛІДЕ КӨП СЕПТІГІ ТИЕТІН ЕДІ 
Айтжанұлы Абай 
Әріптес 
 
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының екінші жартысында мен Қарабұтақ аудандық 
партия комитетінің (қазірде Әйтеке би ауданы) үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне 
тағайындалдым.  Бұл  қызметке  аудандық  комсомол  комитетінің  бірінші  хатшылығы 
қызметінен  ауысып  келдім.  Ол  уақытта  аудандық  партия  комитетінің  жауапты  қызметкері 
болу  үлкен  жауапкершілік  жүктейтін  лауазым  еді.  Отыз  жасқа  жақындап  қалған  кезім, 
партия комитетінде мен ең жас қызметкер болдым. Дегенмен тапсырылған міндетті атқаруға 
барлық  мүмкіндігіммен  кірісіп  кеттім  және  маған  жүктелген  міндеттерді  толық  дәрежеде 
атқаруыма  сол  кездегі  партия  комитетіндегі  тәжірибелі  қызметтес  әріптестер  де 
жәрдемдескен еді. 
Көп кешікпей жұмыс бабымен облыстық партия комитетіне жиналысқа барып алғашқы 
рет,  өзге  аудандарда  жұмыс  жасап  жатқан  өзімнің  әріптестеріммен  таныстым.  Әрине 
олардың  барлығының  менен  жас  жағынан  да,  қызметтік  тәжірибесі  жағынан  да 
артықшылықтары бірден көрініп тұрды. Жас болғасын ба, майталман партия қызметкерлері 
арасында әптегеннен абдырап, жүрексініп қалғаным бар еді. Сол  кезде бірден маған жылы 
шырай  көрсетіп,  әңгімелесіп,танысып,өзіне  жақын  тартқан  адам  Беркін  Жолмырзаұлы 
болды.  Сол  кезде  Бәкең  Қобда  аудандық  партия  комитетінің  үгіт  –  насихат  бөлімінің 
меңгерушісі  екен.  Бәкең  кәдімгі  менің  бір  жақын  ағамдай,мені  қамқорлығына  алып,  өзінің 
жалпы  идеология  жұмыстарының  кейбір  қыры  мен  сырының  астарын  ашып,  маған  ұстаз 
болғандай  болды.  Кейіннен  облыстық  деңгейде  кездескен  сайын  жақын  адамдай  жүздесіп, 
пікір  алысатын  болдық.  Сол  кезде  Қобда  ауданы  облыс  бойынша  ірі  аудандардың  бірі  еді 
және  ол  ауданда  халқының  ұлттық  құрамына  сәйкес  пе,  әлде  жергілікті  халықтың  тіршілік 
көзқарасына байланысты ма, әйтеуір орыс тілінің басымдылығы айқын еді. Солай бола тұра 
сол  ауданның  идеологиясын  басқарып  тұрған  Бәкеңнің  бойындағы  қазақшылығы,  ұлтқа 
жаңашырлығы  бар  болмысынан  айқын  көрініп  тұратын.  Ол  кезде  Горбачевтің  қайта  құру 
саясаты  енді  жүзеге  аса  бастаған  уақыт.  Дегенмен  Бәкең  сол    кездің  өзінде-ақ  ел  тарихы, 
мәдениеті, салт-дәстүрі туралы өз ойын ашық айтуға жүрексінбейтін. 
Бәкеңмен өте жақын қауышып, бір-бірімізді жақсы түсініскен уақытымыз ел астанасы 
Алматы  қаласына  қысқа  мерзімді  оқуға  барған  кезіміз  болды.  Біз  Ақтөбе  облысынан 
оншақты  адам  Алматы  қаласындағы  жоғарғы  партия  мектебінің  ғимаратында  оқып,  соның 
жатаққанасында  орналасқанбыз.  Күндіз  лекциялар  тындап,  семинарларға  қатысып  кешке 
қарай  жай  демалатынбыз.  Кешке  қаланың  салқын  самал  ауасымен  дем  алып,  зәулім 
ағаштармен  көмкерілген  көшелермен  ұзақ  жүріп;  Алматы  жазының  жылыда  жұмсақ 
шырайлы  күндеріне  шомылып  қайтатынбыз.  Бәкеңнің  сонда  бір  жаңа  қырын  ашқандай 
болдым.  Ол  өзі  бір  әңгімешіл  еді.  Әңгіме  айтқанда  жұмсақ  қоңыр  даусымен,  сөйлемдердің 
дыбыс  белгілеріне  үлкен  мән  беріп,  асықпай,  аптықпай,  кейде  сәл-пәл  үзіп,  кейде  лепті 
үнмен,  қазақша  айтқанда  майын  тамызып  айтатын  еді.  Сөздерінің  арасындағы  үзілістердің 
өзіне де мән беріп, тыныстап, әңгіменің желісін үзбей, бейне бір кітаптан оқып отырғандай 
айтатын  еді.  Мен  өзімнің  мінезімдегі  бір  қасиетім-әңгіме  айтудан  гөрі,тыңдауды  жақсы 
көремін.  Сондықтанда  Бәкеңнің  әңгімесін  үзбей,  тек  кейде  «иә»,  немесе  «содан  соң»  деп 
демеп  әңгіменің  артын  күтіп  тыңдай  беруші  едім.  Сол  кездерде  Бәкең  өзінің  ойда  жүрген 
жоспарларын айтып кітап жазуға деген материалдарының көптігін айтқанды. Әсіресе Қобда 
ауданы  туралы,  ондағы  ерлігімен,  ақындығымен,  еңбекқорлығымен,  мәрттігімен  елге 
танымал  болған  адамдардың  өмір  тарихын  жақсы  білетін.  Сол  оқуға  барған  кезде  біздің 
аудандық  қарт  журналист,  облысқа  белгілі  ағамыз  Нысаналы  Жанбырбаевта  болған.  Ол 
кісінің  өзі  жатқан  бір  шежіре  ғой.  Өзі  журналист,  көп  жылдар  партия,  совет  органдарында 
жоғарғы лауазымды қызмет атқарып аудандық  газеттің жауапты қызметкері  болған.  Менен 
жоғары лауазымды қызмет атқарған, аудандық газеттің жауапты қызметкері болған. Менен 
гөрі  Бәкең  Нысахаңмен  көп  пікір  алысатын,  кей  жағдайда  бірінің  әңгімесін  екіншісі 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
136  
    
 
жалғастырып, әңгіме желісінің жаңа бедерін ашып, айтып кететін еді. Өйткені екеуі де облыс 
көлеміндегі  тарихи  оқиғаларды,  оған  қатысы  бар  адамдарды  өте  жақсы  білетін  еді.  Мен 
болсам екеуінің қасында жүріп жақсы әңгімеге қарық болатынмын. 
Жалпы Бәкеңнің негізгі мамандығы тарихшы екенін сол кезде білген жоқпын. Кейіннен 
біршама  жылдар  өткеннен  кейін,  бір  жұмыстармен  Қ.Жұбанов  атындағы  университетке 
барғанымда, оқу орнының дәлізінде кездесіп қалып сөйлескенімізде, ол кісінің осында тарих 
кафедрасында  жұмыс  істейтінін  білдім.  Баяғы  сыпайы  мінезі.  Өзгеріссіз.  Адамға  өте  зейін 
қойып  қарап,  бар  ықыласымен  тыңдап,  бауырына  тартып,  менің  не  жағдаймен  жүргенімді 
тәптіштеп сұрап алды. Жұмыстың мәнің  түсінген бойда, кімге жолығуға болатынын айтып 
жол  сілтеді.  Сосын,  егерде  жұмысым  бітпейтін  болып  жатса,  өзін  тауып  алуымды  жөн 
санады.  Бірақ  ол  кісіге  қайтып  жолығудың  реті  келмеді.  Өйткені  түйіттеген  шаруам  Бәкең 
сілтеген  жолдар  арқылы  біткеннен  кейін,  күнделікті  кірбің  тіршіліктің  соңына  түсіп 
кеттімде, кездесе алмадым. 
Содан бері Бәкеңмен кездесудің жолы бір түспей ақ қойды. Тіршілікте адам баласына 
берілген уақыттың өте қысқа екенін жас келе біледі екенсің. Бәкеңнің бұ дүниеден өткенін де 
өте  кеш  естідім.  Ол  кісінің  үлкен  ғалым  екенін,  көптеген  ғылыми  кітаптар  жазғанын  да 
жақында білдім. Қандай сыпайы адам еді. Жоғарғы оқу орнының дәріс берушісі, ғалым адам, 
жәй,  ауданнан  келген,  ертеде  бірге  азын-аулақ  жұмыстас,дәмдес  болған  адаммен  жақсы 
сөйлесіп,  қиын  кезенде  қол  ұшын  беруге  дайындығын  шынайы  білгізген  Бәкеңнің  тағы  да 
бір,  жолдасқа  деген  шынайы  көзқарас,  біреуге  көмектесуге  дайын  тұру  сияқты,  жақсы 
адамгершілік қасиетін сонда сездім. Ондай адамдар шынында да рәбайдә кездеседі. Содан да 
кейін ойға ой келеді. Бәкеңдей азаматтар, өз елін сүйетін, тарихын жақсы білетін, біле тұра 
өзгелерде білсін, әсіресе жастар білсін деген ұғымды өмірінің негізгі тірегі етіп ұстап, соны 
жүзеге  асыруға  ерең  еңбек  етуге  талпынып,  бар  асыл  уақытын,қадірлі  денсаулығын  сарап 
еткен,  қалтасындағы  қаражатына  дейін  аямайтын  адамдар  сирек  қой.  Сондай  адамдар  ұзақ 
жасап,  қоғамның  қарқынды  дамуына,  сол  қоғамда  тіршілік  жасап  жатқан  адамдардың 
санасының  жаңа  заман  талаптарына  сай  ойлар  туғызатын  еңбектер  жасап,  елімізді  жаңа 
белестерге  жетелейтін  болса  өте  жақсы  болар  еді.  Әттегені  -  ай  Бәкеңе  келгенде  олай 
болмады. Бәкеңнің әліде елге қоғамға көп септігі тиетін еді. 
Аса қадірлі Бәке! Жатқан жеріңіз жайлы болсын! 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
137  
    
 
ҚҰРМАНБЕКОВТЕР  ӘУЛЕТІНІҢ ТАРИХЫМЕН ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Сарин Оразбай 
 Байганин ауданы                                             
ауыл  шаруашылығының 
ардагері, агроном 
 
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар халыққа өте ауыр кезең еді. Ауыл шаруашылығы 
нашар, жұртшылықтың тұрмыс-жайы жетер-жетпес, шаруаның беті    жаңа ғана дұрысталып 
келе  жатқан  уақыт.  Сол  жылдары  аудандағы  басшы  іскер  қызметкерді  артта  қалған 
шаруашылықтарға жіберіп, ауыл шаруашылығын көтеру саясаты жүзеге асырылды. Сөйтіп, 
«елу, отыз мыңдықшылар» -  деген атпен көп басшылар колхоздарды басқаруға келді. Ол оң 
саясат  болды,  келген  сауатты,  тәжірибиелі,  іскер  басшылар  калхоздардың  шаруашылығын 
тез жолға қойды, калхозшылардың  тұрмыс-жағдайын жақсартты, жұртшылықты жұмыспен 
қамтамасыз етті, жаңа өмір, жаңа көзқарас, таза тыныс әкелді. 
Сол  білікті,  тәжірибиелі,  іскер  отызмыңдықшылардың  бірі  Ұлы  Отан  соғысының  от-
жалынды  ошағы  Сталинград  майданынан  өткен  жауынгер,  еңбекте  шындалған  басшы 
Жолмырза  Құрманбеков  еді.  Байғанин  ауданына  Шалқар  ауданынан  партия  тапсырмасы-
нұсқауымен  келген  коммунист,  ауданда  аз  уақытта  халық  құрметіне,  әріптестерінің 
сыйластығына  ие  болды.  Міне,  осындай  қабілетті  қызметкерді  облыс,  аудан  басшылары 
«Қызыл әскер» колхозына басқармалыққа жіберді. Аудан басшылары, колхоз басқармалары, 
көпшілік беделді азамат Жолмырзаны сыйлап Жөкең деп атап кетті. 
Жөкеңді халық сыйлады, өте мықты құрметтеді. Бұл сый-құрмет жайдан – жай өзінен-
өзі  келе  қалған  жоқ.  Жөкеңді  басқарма  басшысы    ретінде  колхозшылар  өте  жақсы  көрді. 
Себебі ол басшы болып, колхозшылардың тұрмыс жағдайын жақсартты. Барлығын жұмысқа 
тартып,  еңбекпен  қамтамасыз  етті.  Сол  арқылы  соғыстан  кейінгі  күйзелісте  жүрген  жұрт 
тойынып,  киініп,  оқуға,  еңбекке  бет  бұрды.  Балаларын    жетілдірді.  Колхозшылар 
семьяларына  еңбек  күн  есебінен  ұн,бидай,  киім,  мата,  байпақ  берді.    Халықтық  надан, 
қорқып  үрейлі  кезі,  соғыстан  шаршап  шыққан  кезі,  «бұл  не  деген  тамақ,  киім  алмаймыз, 
ұсталып кетеміз» деп үрейленгендерде болған еді. Кейін түсіндірген соң алып тұрмыстарын 
түзеді  ғой.  Басқарманың  осы  жақсылығын  олар  ұмытпай,  сыйлады,  жақсы  көрді.  Айтқан 
тапсырмасын  керемет  орындады,  жұмысты  жауапкершілікпен  ұқыпты  атқарды.  Басқарма 
шаруаны  марапатты  әділ  шешті.  Ол  колхозшылардың  сүйіспеншілігін    әкелді.  Кейде  тіпті 
колхозшылар  таңертең,  түсте  Жөкең  үйге  шайға  келген  кезде  келетін  еді.  Басқарманың 
үйінде  дастарқан төрінде отырып, жағдайын айтып, өтінішін жеткізетін. Айтқан сұрақтары 
шешімін тауып, риза болып кететін. Сөйтіп басқарманың үйінің есігі колхозшыларға ашық 
болды. 
Құрманбеков  Жолмырзаның  абыройы  мен  атын,  жақсы  істерін  Байғанин  ауданы 
тұрғындары ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп келеді. «Жақсының аты өлмес» деген осы деп 
білеміз. Тауып, дәл айтылған нақыл сөз. 
Жөкең ісімен жақсылығымен тек колхозшылардың арасында ғана құрметті болған жоқ. 
Жөкең  басшы-азамат,  беделді  тұлға  ретінде  аудан  басшылары  мен  белсенділер  арасында 
үлкен  беделге,  жоғары  абыройға,  лайықты  атаққа  ие  болды.  Сыйлы  қайраткер  дәрежесіне 
көтерілді.  Аудан  активі  алдында  сөйлегенде  іскер  нақты  сөзімен,  шешен  көркем  тілімен, 
мазмұнды 
ойымен 
жұртшылықты 
баурап 
алып, 
өзіне 
қаратып, 
тыңдататын. 
Шаруашылықтың  білгір  ұйымдастырушысы,  білімді  басшы,тәрбиелі  азамат,  шаруаның 
қиюын, шешімін дұрыс таба білетін еді. Білімі, оқуы сол 50 жылдардағы басшылардың тәуірі 
болатын. Москвада алты айлық ауыл шаруашылығы басшыларын дайындайтын курста және 
Алматының  партия  мектебінде  оқыған  Жөкең  оқығаны  да  тоқығаны  да  мол  еді.  Осы  білім 
мен  тәжірибесін  колхоз  шаруашылығын  өркендетіп  «милионер»  колхоз  етуге,  халықтың 
жағдайын  жасауға,  кәсіпті  меңгеруіне,  білім  алуына  жұмсады.  Осы  өнеге-үлгі,  отбасы, 
ортасы, тәрбиесі Жөкең мен Ақмоншақтың ұл-қыздарына үлгі, тәрбие болды. Олар осындай 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
138  
    
 
отбасының  тағылымын  бойларына,  ойларына  сіңірді,  адами,  азаматтық  тұлғалары 
қалыптасты. 
Жөкең келген кезде бұрын біріктірілген «Қызыл-әскер» колхозында басқарма төрағасы 
Жартаев  Қуан,  орынбасары  бұрын  «Қызыл  -  ту»  колхозын  басқарған  Шахабаев  Асқар,  бас 
бухгалтері  Тілегенов  Жұбанғали,  екінші  бухгалтері  Төлесінов  Жазықбай,  қой  фермасының 
меңгерушісі Бекпағанбетов Әділхан, сиыр фермасының меңгерушісі Сарбалин Айтжан, түйе 
фермасының  меңгерушісі Алтыншаш деген әйел болатын. 
1951 жылдың қаңтарында 1950 жылдың желтоқсан айының жылдық санағы аяқталған 
бойда  «Қызыл-әскер»  колхозы  мен  «Қызыл  ту»  колхозы  қосылып  «Қызыл-әскер»  колхозы 
аталған  еді.  «Қызыл-әскер»колхозы  өзінің  табиғатымен  ерекшелінетін  орталық  еді.  Колхоз 
орталығы  таудың  етегі,іргесінен  кішігірім  Жарлы  деген  өзен  ағатын.  Өзен  басын 
Қозықатқан,  Асылқара,  Жарлы  деген  таулардан-бұлақтардан  қосылған  сулар  бірігіп  өзен 
болып  ағатын,  жолшыбай  жауған  жаңбыр  суларымен  және  көктемде  еріген  қар  суымен 
көбейіп таситын еді. Күн ыси бастағанда бөлек-бөлек қара сулар болып үзіліп қалатын. Өзен 
бойы  су  шайған  жерлер  көк  майса  шөптер  мен  көк құрақтар,  оған  қоса  қара  суларда  өскен 
нарқамыстармен  көмкеріліп,  құстар  жабайы  үйректер  жұмыртқалап  балапандарын  өргізіп 
мекен  етеді.  Өзеннің  екінші  беті  ит  тұмсығы  өтпейтін  қалың  ши  еді.  Ауылдың  жеке 
азынаулықұсақ жандықтар мен бұзау, боталары жаздай күн суытқанша өзен бойын жағалап 
жайылып кешкісін өздері қайтатын. 
Колхозда 2 бөлімше болды. №1-і бөлімше «Қызыл-Әскерде» №2-сі «Қызыл-ту» болды. 
Екі  бөлімшеде  орталықтан  правлениемен  басқарылатын.  Колхоздың  жалпы  жиналысы 
колхоздың жоғарғы органы болып саналатын. Ал правлениені басқаратын колхоздың бірінші 
басқармасы.  Оның  5-7  мүшесі  көпшілік  жиналыспен  дауысқа  түсу  арқылы  сайланатын. 
Мүшелері болып басқарманың орынбасары, бастауыш партия ұйымының хатшысы, бір қой 
фермасы  мен  бір  ірі  қара  фермасының  меңгерушілері,  бір  еңбек  озаты,  төл  мен  жүнді  көп 
алған шопан мен бұзауды көп алып, сүтті көп сауған сауыншыдан сайланатын. Правление ай 
сайын  болып,  онда  істелген  шаруалар  мен  тындырылған    істер    сараланып,  алдағы  айда 
істелетін  жұмыстың  жоспарын  бекітіп,  келесіде  нәтижесі  сұралып  бағаланып  тұрылатын 
колхоздың ұйымдастырғыш күші еді.  
Колхоз 25 шақырым жердегі «Қарауылкелдідегі» ауылдық кеңеске (советке) қарайтын. 
Онда  басқарма  төрағасының  есебі  исполкомде  тыңдалатын.  Онда  да  исполком  мүшелері 
сайланатын.  Исполком  председателі  совет  Атқару  комитетінің  председателі  Дауылбаев 
Қайырберді де хатшысы Іңірбаев Мырзағали еді. 
Дәл  сол  жылдары  колхоздар  қосылып,  ірілендірілу  аяқталған  кезде  ауданда  бірінші 
хатшы  мен  Атқару  комитетінің  төрағасынан  басқалардың,  сол  ірілендірілген  колхоздарды 
басқаруға  қабілетті  кадрлардың  көші  басталған  кезде  табиғаты  ерекше,  жері  шүйгін, 
шабындығы  мол,  жайылысы  жетерлік  «Қызыл-әскер»  колхозына  аудандық  Атқару 
Комитетінің орынбасары, аудандық  жоспарлау  бөлімінің бастығы Құрманбеков  Жолмырза 
келген еді. Ол кезде біздер 11-12 жастағы балалармыз. Бір күндері колхозға жаңа басқарма 
(қырғыз басқарма) келді деген хабарды естігенде таңданыспен қарағанбыз. Біз сол жастағы 
балалар  болып  оқу  тараған  бойда  өгіз  жегілген  тырмамен  шөп  тырмалайтынбыз,  қыздар 
айырмен шөмелей  салатын. 
Жаңа  басқарманы  сайлау  онымен  танысу  үшін  екі  ферманың  тайлы-таяғы  қалмастан 
еңбек адамдары  қатысқан жалпы жиналысы бір күн, күні бойы болды. Жаңа басқарма, оның 
орынбасары,  бас  бухгалтер,  екінші  бухгалтер-кассир  сайланды  да,  бастауыш  партия 
ұйымының хатшысы болып бұрын жылқы фермасын басқарған Құлшаев Сағынай бекітілді. 
Жалпы жиналыс аяқталған бойда колхоз правлениесі болып, оған жаңа мүшелер сайланды. 
Осыған  дейін  колхозды  басқарған  Жартаев  Қуан  мен  Шахабаев  Асқар,  бас  бухгалтер 
Тілегенов.Ж  оның  орынбасары  Төлесіновтер  қызметтерінен  босатылды.  Правление 
председателі  болып  Құрманбеков.Ж  председатель  орынбасарлығына  «Ақжар»  колхозынан 
келген  Жайлауов  Меңдімұрат,  бастауыш  партия  ұйымының  хатшысы  Құлшаев  С,  1-қой 
фермасының меңгерушісі, 1-ірі қара фермасының меңгерушісі, 1- озат төлді-жүнді көп алған 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
139  
    
 
шопан,  1  төлді  көп  алған  аман  сақтаған,  сиырдан  көп  сүт  сауған  сауыншы  сайланған  еді.  
Сөйтіп  ферма  меңгерушілері  де  жаңартылды.  Енді  қой  фермасын  басқаруға  жас  кадр 
Тоқсанбаев  Жаңаберген,  ірі  қара  мен  түйе  фермасын  басқаруға  Сарбалин  Айтжан,  бас 
бухгалтер болып Әділханов Қуан тағайындалды.  
Мал  төлдеп  болып,  жабағы  жүн  қырқылып,  ел  мал  азығын  дайындауға  жаңа  кірісіп 
жатқан кез. 
Осы  жаңа  басшылардың  қатысуымен,ауданнан  статистикадан,  қаржы-бақылау 
бөлімінің  бастығы  Сарғожаев  Қуандық  бастаған    үлкен  комиссия  құрылып,  мал-мүлік 
қапысыз  саналып,  негізгі  қорлар  есепке  алынып,  комиссия  қортындысын  колхозшылардың 
жалпы жиналысында Сарғожаев Қ бүге-шүгесіне дейін жіліктеп тұрып баяндады. 
Жаңа  сайланған  колхоз  басшылары  іске  кіріскеннен  кейін  жауапкершіліктің  ауыр 
жүктерін мойындарына алып,жаңаша еңбекке мойынсыну, жаңа қоғамға алғаш рет жаңа көз 
қараспен  қарау  ісі  осылай  басталған  еді.  Жаңа  басқарма  жаңалық  алып  келді.  Бұрыңғы 
сылбырлық жойылды.  Талап күшейді,  сұрау көбейді. 
Жолмырза ағаның колхоздағы алғашқы жұмысы осылай басталып еді... 
Сөйтіп  малдар  жазғы  жайлауға  орналастырылса,  мал  азығын  дайындаушылар 
шабындықта  еңбек  етіп  жатқан  кез.  Мал  отарлары  саптастырылып,  сауын  сиырдың 
2бөлімшеде сауын фермасы құрылып, сиыр сауылды, сепарат тартылып қаймақ пен майдың 
көбесі  сөгіліп  көбейді.  Сарымай  шыжғырылып,  тортасынан  айрылып  «Қарауылкелдідегі» 
Маслопромға  тапсырылып  тұрылды.  Жұма  сайын  флягамен  өгіз  арбамен  оны  апарып 
тапсырушы шешеміз Меткіл еді. Меткіл шешеміз күн сайын сиымдылығы 200литрлік ағаш 
домалақ  күбімен  таң  құланиек  болғанда  шөп  ауылға  келіп  «Айран,  Айран»-деп  айқайлап 
тұратын, колхозшыларға айран тарататын. 
Жолмырза  аға  –  өте  көрегенді,  ақылды,  жетім  мен  жесірлерді  қадірлей  білетін, 
маңдайынан  сипап,  қамқорлық  жасайтын,  қадірлі    да  құрметке  бөленген  кемеңгер  басшы 
бола  алатын  білікті    адам  екендігі  белгілі  болды.  Ол  кісінің  сөзге  сараң,  қаңқу  сөзге  үйір 
емес,  көп  тыңдап  аз  сөйлейтін,  әрбір  адамнан  қатаң  талап  ететін,  тапсырылған  жұмыстың 
орындалуын жіті қадағалайтын кісі  екенін бригадир болып істейтін менің әкем Сары айтып 
отыратын. 
Жөкең  келгенге  дейін  халықтың  әлеуметтік  жағдайлары  мәз  емес  еді.  Жеке  мал 
біреуінде болса, біреуінде жоқ. Еңбек ету барда еңбек ақысына беретін ақша жоқ. Азғантай 
егілген  дән  2  ферма  бойынша  жүз-жүз  гектардан  ғана  өгіз  сабанмен  жыртылып  егілетін. 
Тұқым  себу    адам  қолымен  себілетін.  Жаяу  жүріп  дорбадан  алынып  уыстап  себілетін. 
Оныңда өзіндік шеберлері Оразалы мен Қыстаубай сияқты қаныгі себушілері болатын. Егін 
піскеннен кейін екі ферманың оқушылары мен қолы бос қыз-келіншектерді  ұйымдастырып 
қырман  дайындап  егінді  қол  орақпен  орып,  бау-бау  етіп  көделеп  атқа  жегілген  6  қырлы 
цемент  таспен  бастырып,  тазартып,  қапталып    фермалардың  қоймаларында  сақталып  жан 
басына есептеліп астық берілетін. Жаңадан еңсесін көтеріп келе жатқан халықты шаршатып 
діңкелеткен салық деген үрейлі заң бар еді. Әрбір отбасына салынатын салықтан халық өте 
қатты  күйзеліс  көріп  еді.  Отбасына  56  келі  ет  пен  тортасын  айырған  8  келі  сарымайды 
тапсыру-Заң болды. Бір бұзаулы сиыры бар үйлер күзде 56 келі еті үшін бұзауын және 8 келі 
майын  1  қазанға  дейін  тапсырып  болу  міндеті  бірінші  кезекте  тұрды.  Сиыры  жоқтар 
тапсыратын  сарымайы  үшін  лақ  не  тоқты  тауып  беріп  малмен  есептесіп  өліп-өшіп 
құтылатын  да  56  келі  еті  үшін  колхоз  правлениесінің  төрағасына  арыз  жазып  қой  алып 
тапсыратын. Бұл жағдай Жөкең келгесін келмеске кетті. 
Жаңа  басқарма  келді,  іске  бел  шешіп  кірісті,  қиыншылықтармен  белдесті.  Шаруаны 
басқарудың  түйіншіктері  шешілді.  Етке  мал  тапсырылды,сарымай  тапсырылып  ақша  банкі 
арқылы  «Қызыл-әскер»  колхозының  счетіне  құйылды.  Халық  салықтан  босатылды,  енді 
тапқаны-тамағына, жұтқаны-жұмыршағына барып жайғасып жатты. 
Халық  еңбекақы  есебінен  аванс  алып  қолына  ақша  ұстағанда  таңданыспен  қарап 
беттеріне күлкі ойнап, ажарланып шуақты күндерге қол жеткізді. Колхоздың экономикалық 
ахуалы  жақсарып,  әлсіздерге  күн  сәулесі  түсті.  Еңбек  озаттарын  ақшалай  марапаттау 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
140  
    
 
басталды. Мал шелденді, сүт молайды, еңбекке жаңаша құлшыныс тап болды. Малға қыста 
жетерлік  мал  азығы  қыстақтарға  тасылып  үйілді.  Жөкең  басқарған  колхоз  «миллионер» 
Колхоз болды да шықты. 
Жазда мектепті бітіріп шыққан жігіттер жұмысқа кірісіп, косилкімен шөп шауып, оны 
тасып үюде үлгі көрсеткендерді басқарма Жолмырза аға әр баламен оның әке шешелері мен 
сөйлесіп оқуға барамыз деген тілектерін жылы жүзбен қабылдап,ағалық,әкелік парызым-деп 
ойлаған  қамқор  аға  жастардың  болашағынан  зор  үміт  күтіп  сауыншы  Қамиланың  баласы 
Құрманбаев  Спанды,  шопан  Қыдыров  Тәлудің  баласы  Тәлуов  Сақиды,  шөп  шауып  әрі 
тасушы  Нұрғалиев  Тәжімағанбеттің  баласы  Қорғанды,түйеші  Алтыншаштың  жетім  өскен 
қайнысы  Қыдыров  Нәдірбайды,  Спан  екеуін  Алматыға,  Сақи  мен  Қорғанды  Оралдағы 
педагогикалық  институтқа  колхоздың  ақшасымен  тегін  оқуға  жіберді.  Степендия  төлеп 
тұрды.  Спан,  Қорған  мен  Сақи  физика-математика  факультетін  бітіріп  келсе,  Нәдірбай 
КазГу-дің журналистігін бітіріп келді. 
Осының  барлығы  Құрманбековтің  ірі  ұйымдастырушылдығы,  жұмысшының  адал 
еңбегін  бағалай  білетіндігі,  басшылықта  кемеңгер  -  көрегендігімен  жоспармен  жұмыс 
жасайтындығы,  кішіпейілдігінен  келген  абыройы.  Осындай  істерімен  ауданда  бірден-бір 
алдыңғы  қатардағы  көш  басшысы  болған  кісі  екені  көз  алдымызда,ұмытылмас  оқиғаның 
куәгеріміз. Осы үрдіс 1952 жылда да жалғасын тапты. 
1951-1952  ж.ж.  Колхоз  экономикалық    жоғарғы  көрсеткіштері  үшін  ауданда  бірінші 
болып ауыспалы Қызыл туды жеңіп алып және бұрын - соңды келмеген, ауданға бірінші рет 
келген «Москвич-400» маркілі жеңіл машинамен марапатталды. 
Байғанин ауданында жеңіл машинаны бірінші мінген осы Құрманбеков екеніне қазіргі 
кезде  көзі  тірі  қариялар  куә.  Оның  бірінші  шофері  Меңдібаев  Ахмет  деген  отыздар 
шамасындағы Ойыл ауданының тумасы еді.  
Колхозда  оң  қолынан  өнері  тамған  Зергер  сақина-білезік  соғушы  Оңғалиев  Тәжіғали 
деген  құлағы  естімейтін  жасы  жігіт  ағасы  жасындағы  шебер  қолдан  жел  үрлеуіш  жасап 
темірді  көмір  шоғына  қыздырып  жүзік,  сақина  және  білезік  соғатын.  Оның  соққан  осы 
заттары  қазіргі кезде облыстық өлкетану музейінде де бар болуы мүмкін. Соқаның түренін 
қыздырып  ұштайтын,  жер  тырмаларының  саусақтарын  төрт  бұрышты  етіп,  үшкір  қылып 
жасайтын.  Сол  шебердің    қасында  қызық  көріп  отын  жағып,  көрік  үрлеп,  балға  соғушысы 
болып Жолмырзаның үлкен ұлы Сергей жүретін. Ал,ағаштан түйін түйетін Сәндібай Абатов  
деген ағаш шебері өгізге шана, атқа жегетін жеңіл «Бөжек» шана жасайтын, ал айыр, күрек 
саптарды «Асылқора» деген жерден ағаш,тал кесіп әкеліп дайындайтын.  Сергей мектептен 
қолы  босасаТәжіғали  мен  Сәндібайдың  қасынан  шықпайтын.  Осы  екеуінен  қалған 
шеберлігін қазірде де бойына дарытқаны белгілі болып тұр. 
Күн  ысып,  өзен  суы  бөліне  бастап  қара  сулар  пайда  болғанда,  су  шайған  жерлерден 
Шым деген атауы бар жерден төрт  бұрышты үйдің жарын қалайтын шым керпіш оюдың қас 
шебері атанған Қыстаубай деген кісіні көрдік. Сом денелі, бойшаң нағыз қара күштің атасы 
десек те болатын кісі еді. Соның дайындап шығарған шым керпішінен колхозға жаңа кеңсе, 
дүкен,  медпункт  және басқармаға  үш  бөлмелі  үй қаланып  салынды. Жаңа  дүкенге  дүкенші 
болып  Жөкеңнің  шофері  Ахметтің  жолдасы  Мария  жеңгеміз  тұрса,  жаңа    мед.пунктке 
Ақтөбеден  2  орыс  қызы  келіп  істеп,  біраз  уақыттан  соң  кетіп  қалды.  Басқармаға  арналып 
салынған  3  бөлмелі  үй  біткен  бойда  жаңа  басқарманың  отбасы  Жарқамыс  деген  аудан 
орталығынан екі газ-51 бортты машинасымен көшіп келді. Райпотребсоюздың жүргізушілері 
Сағидолла  және  Әбдібахит  деген  жігіттер  машиналарына  жүк  тиеп  келді.  Үшінші  машина 
басқарманың  жаңа  «Москвичі»еді.  Оның  ішінен  шешесі  Марқа  апа,  келіншегі  Бошай 
(Ақмоншақ)  және  қыздары  Мәнсия  мен  Мәдина  түсті.  Ұлдары  Сергейі  мен  Еркіні  газиктің 
кабинасынан  түсті.  Колхоздың    шаруасы  бұрыңғысынша  жүріп  жатты.  Мал  азығын 
дайындау науқанының қызған шағы. 
Басқарманың  үй-іші  көшіп  келіп,  үйге  кіргеннен  кейін  колхоздың  бір  жиынынан  соң 
қоныс  құтты-жайлы  болсын  айтып  шығуға  түскі  шай  кезінде  сол  үйге  әкем  Сары  барған.  
Шай  үстінде  сөз  тартқан  Марқа  апа  менің  әкем  Сарыдан  –  қай  туғансың,  жолдасың  қай 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
141  
    
 
жақтың  қызы,  үй-іші  бала-шағаны  сұрайды.    Әкем  өзін  Адаймын,  жолдасым  Шалқардікі, 
Тілеу деген рудан, аты Жәмила, бір балам бар-деп өзін таныстырған. Апай онда маған күйеу 
бала  боласың,  менде  Тілеудің  қызымын,  келесіде  сіңілімді  ертіп  кел  –  деп  бірінші  танысу 
осылай  басталған  екен.  Кейіннен  араласып  кеттік.  Бірақ,  Жөкең    менің  бригадир  әкемді 
күйеу бала екен-деп іш тартпаған,жеңілдік жасамаған кісі көрінеді. Ол уақыт жақындықты, 
туыстықты,  жекжатшылықты  көтермейтін.  Бірінші  жауапкершілікті  күшейту,  талап  ету, 
тапсырылған  істің  мүлтіксіз  орындалуын  қатаң  сұрау  еді.  Тапсырма  барда-сұрау  бар. 
Жекжатшылық жауапкершіліктен  құтқармайды. Заман солай, заң қатты. Жұмыста босаңсу 
жоқ, талап қатты соған сай біздің басқармада қатты адам болған-деп еститінбіз. 
1953  жылы    ауданымызда  үлкен  өзгерістер  болды.  Тың  игеру  басталды.  Украинадан, 
Молдавиядан,  Россиядан  т.б.  өзге  ұлттардың  өкілдерінің  келу  эшалоны  ағылды. 
«Қарауылкелдіден»  машина  трактор  стансасы  -  МТС  құрылып,  трактор,  комбайндар, 
ауылшаруашылық  машиналары  жұмыс  істеу  үшін  лек-легімен  келіп  колхоздарға  көктемгі 
егіс  салу  жұмысына  қосылып  жатты.  Жұмысқа  МТС  директоры  Қостанайлық  Төртбаев 
Омар, бас инженері Алексей Фролов басшылық жасады. «Қызыл-әскер» колхозына трактор 
бригадасының  бригадирі  болып  Макаров  Павел  деген  болғанын  білеміз.  Колхоз  егісін 
«Қызыл-құдық»,  «Кіші  сорқұдық»  деген  жерлерден  салды.  Жылжымалы  жылы  вагондар 
қаптады.  Асханалар  іске  кірісті,  жұмыс  екі  сменмен  күні  –  түні  атқарылып,  далада  гуіл  – 
дырыл  дамылсыз  естілетін.  Жолмырза  ағаға  көктемгі  егісті  екі  дөңгелекті  рессорлы  бір 
адамдық  жұмсақ  «трантас»  арба  мініп  үйреншікті  Ақбоз  атын  жегіп,  әрбір  егін  алқабын 
аралап,  орыстармен  сөйлесіп  не  қажет  екенін  сұрап  жүретін.  Ақбоз  атын,  міңгі  машиналы 
болғанша  ерттеп  мініп  фермаларды  2-3  күннен  аралап  тұрушы  еді.  Атын  біздер  жайлап, 
суарып таңертеңгісін ерттеп беріп міңгізіп жіберетінбіз. Ал, қыста алыстағы мал қыстайтын 
пунктерді үйреншікті үйірдің Ақтанау айғырын жегіп Сәндібай жасаған «бәжөк» шанасымен 
аралады.  Жазда  «Москвичімен»  ауылдарға,  «Қарауылкелдіге»,  аудан    орталығы 
Жарқамыстағы жиналыстарға баратын... 
Басқарма  колхозшылардың  ыңғайын,  көңілін  тапты,жұмыс  оңға  басты.  Колхоздың 
табысы  көбейген  үстіне  көбейді.  Еңбек    озаттары  көбейе  бастады.  Еңбекті  бағалау, 
марапаттау  қанат  жайды.  Мал  көбейді,  отарлар  мен  гурттер  жаңадан  пайда  болғасын  жаңа 
малшыларда  қосылды.  Еңбек  озаты  сауыншы  Дәріш  Әкімова  мен  төл  мен  жүнді  көп  алған 
ферма  меңгерушісі  Тоқсанбаев  Жаңаберген  екеуі  Москвадағы  Бүкіл  Одақтық 
Ауылшаруашылық  (ВДНХ)  көрмесіне  алғаш  рет  жол  тартқан  еңбек  озаттары  еді.  Егіс 
салынды, егін пісті, алқапта комбайндар жүрді. «Қызыл-құдықтан» 100х100 метрлік қырман 
дайындалып,  осында  келген  астық  тазартылып  «Қарауылкелдідегі»  астық  қабылдау 
қоймасына  тасылды.  Сөйтіп  табыстың  тасқыны  үдеді.  Қызыл  бидайдың  таба  нанын  тоя 
жегеніміз әлі есімде. 
Колхозда еңбек ресурсы жеткілікті. Мал басының өсуіне орай еңбекшілер  жаңадан жас 
малшылармен  толықты.  Бұрынғы  малшы  шопандар  Жармағанбетов  Таңқы,  Қыдыров  Тәму, 
Жанболатов  Ақыбай,  Досбергенов  Табылхан,  Әбимолдалар  болса,  сиыр  гуртіне:  Досымов 
Татабай,  Длатов  Тәжіғұл,  Әкімов  Досщы,  Нұрғалиев  Ыбырай,  түйеші  Әйкен,  жақсы 
сауыншылар: Бергенова Айнаш, Длатова Мәру, Нұрғалиева Мария, Әкімова Дәріш, Әкімова 
Әнуза  істесе  олардың  қатары  жас  шопандар:  Қалмағанбетов  Сисенбай,  Есенов  Төлеу, 
Мыңжасаров  Ерліқанмен  толығып  жатты.  Бұлардан  басқалары  мал  азығын  дайындауға 
жұмылдырылатын. 
Шөп шабатын орақтарды қайрап,сынғандарын шегелеп, отыратын Кенбаев Ташат пен 
Бегеш деген екі кісі бүкіл колхоз жұмысына үлгеретін.  
Колхоз  ауданның  ауыспалы    Қызыл  туын  ұстап  тұрды.    Бұл  1953  жылда  табысты 
болып,  колхозға  үздік  көрсеткіштері  үшін  «Победа-м-20»  маркілі  көк  машина  берілді. 
«Победаны»  Жөкең  мініп  «Москвич»  машинасын  жылқы  фермасының  меңгерушісі, 
бастауыш  партия    ұйымының  хатшысы  Құлшаев  Сағынайға  берді.  Мұның  шофері  болып 
Бақсиық  Бердімұратов  істеді.  Жылқы  табыны  колхоздан  60-70  шақырым  жердегі  «Шұбар 
жылан», «Қарағандысай» шалғайда екенін білген көреген басшы Жолмырза аға «Москвичті» 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
142  
    
 
Құлшаевқа берген екен. Жөкеңнің көреген басшы екенінің бір ғана дәлелі осы  еді. 
Ал,  енді  басқарманың  отбасына  келсек,  шешесі  Марқа  өте  сабырлы,  жуас,  байсалды, 
оғаш мінезі жоқ апа еді. Жаңа ауылға көшіп келгесінде өзі сияқты сыйласа білетін керемет 
Иба,  Нәзира,  Ораш,  Сара  секілді  адамдармен  көрші  болды.  Бұларда  жаңадан  қызметке 
байланысты  көшіп  келгендердің  отбасылары  екен.  Ал  енді  Бошай  жеңгемізде  енесі  сияқты 
баяу сөйлейтін, балаларға қабақ шытпайтын, ақырып-жекіруді білмейтін, енесіне тартқан еді. 
Алла Тағала біліп қосқандай, жалпы босаға солай болса керек.  Отбасының берекесі Марқа 
апа мен жеңгемізде бола білді. Отбасында үш ұл, екі қыз тәрбиеленді. Апа мен жеңгеміз бес 
баланы саналы, тәрбиелі етіп өсірді. Үнемі балаларына ақылын айтып отырушы еді. Тәрбие 
деген отбасынан, бесіктен және дастархан басынан деген рас екен, онысына біз әлі куәміз. 
Марқа апа дүниеге бір ұл Жолмырза, бір қыз Алма апа әкелген кісі екен. Жолмырза мен 
Алманы  екеуін  екі  қолынан  ұстап  жүріп  ер  жеткізген.  Соғыстан  кейін  Жолмырза  аудан, 
колхоз  басқарса,  қызы  Алма  жұмыс  жасап  жүргенінде  Байғанин  ауданында  Тұтынушылар 
Одағының  председателі  болып  жұмыс  жасайтын  Болатов  Ислям  деген  жігітке  тұрмысқа 
шыққан.  Ислям  аға  ұзақ  жылдар  Ақтөбе  облыстық  тұтынушылар  одағында  төраға 
орынбасары болып, кейінгі  6-7 жыл бойы облыстық геофизикалық экпедиция бастығының 
орынбасары болып істеген жездеміз еді. 
Колхоз 1953 жылыда қарқынды еңбектің үлгісін тағыда көрсетті. Барлық жоспар еттен, 
сүттен,  жүннен,  астықтан  артығымен  орындалды.  Ауыспалы  Қызылту  қатарынан  екі  жыл 
қолда тұрды.  
1954  жылы  егіс  егіліп,малдар  төлдеп  болғасын,  мал  азығын  дайындау  жұмыстары 
әдеттегідей  жүріп  жатқан  кез.  Колхоз  егін  орағына  дайындалып  жатқан  шілде  айы  кезінде 
Жолмырза  аға  правление  мүшелерін  кеңсеге  шақырып,  өзінің  науқастанып  жүргенін, 
дәрігерге  көрінетінін  жәнеде  жатып  емделетін    болсам  сіздер  шаруаны  босаңсытып 
алмаңдар,  жұмыс  қарқынын  төмендетіп  алып  жүрмеңдер,шаруаға  да    халықтың  жағдайына 
бірдей  қараңдар-деп  барлық  шарушылықты  өзі  келген  күннен  бастап  правление  мүшесі 
басқарма  орынбасары  Жайлауов  Меңдімұратқа  тапсырып  дәрігерге  жол  шекті. 
Қарауылкелдідегі емханада емделді,бірақ науқас ұзаққа кетті. Жазыла қою мүмкін еместігін 
білген аға Қарауылкелдіден төрт  бөлмелі  үй салуды, жұмысты тапсырып сонда көшіп келу 
қамына кірісті. 
Қарауылкелдідегі  үйді  Қыстаубай  мен  ұлы  Сергей  салды.  Үйдің  сыртымен  төбесі 
біткен  бойда,  есік,  терезесі  салынған  соң  ішкі  жұмыстары  толық  бітпей-ақ  балаларының  
оқуы  басталар  қарсаңда  көшіп  келіп  кірді.  Жөкең  сол  жатқаннан  ұзақ  жатып,  сол  жылы 
октябрьде көз жұмып мәңгілік сапарға кетті. Артында анасы Марқа апа, Ақмоншақ жеңгеміз 
бен бес бала қалды. 
Қарауылкелдідегі  көршілері  де  өте  жақсы,  тату  тұратын  сыйлы  адамдар  екен. 
Молдағұл-Ажар,  Қожабай-Қаншайым,  Құраған-Жәния,  профессор  Тәжімұратов  Ильястың 
шешелерін Қара кемпір, Қанжан, Ақ  әже деуші  едік, сельсовет төрайымы болған  Әліп апа, 
Тұрман-Ағияш, Айтбаев Асар-Жәмиға деген қимас көршілері болды. 
Мен  Сары мен Жәмиланың жалғыз ұлы Оразбай осы үйде осы жанұямен бірге тұрып  
жатқанмын.  Марқа  апа  мен  Ақмоншақ  жеңгенің  бес    баласы  болса,  менімен  алты  баланы 
бағып тәрбиелеген қадыр тұтар аналарымыз болды. Марқа апа мені сіңлісінің баласы ретінде 
өз  балаларымен  бірдей  көруші  еді.  Апа,  жеңгеміз  үнемі  ақылын  айтып,  орынсыз  көшеге 
шығармайтын.  Бірге  ойнап,мектепте  бір  класта  оқитын  Жазықов  Бақтығали,  інісі  Шопен, 
Асаров  Әзімбай,  Айтбаев  Айберген,  Жазықов  Балғали,  ағасы  Серік,  Базарбай,  Еламан, 
Жоламан,  Баулаш  секілді  көршілеріміздің  балаларымен  бірге  ойнап,  бірге  өстік.  Орта 
мектепті Сергей екеуміз 1957жылы бітірдік.  
Орта  мектепті  бітіргеннен  кейін  Сергей  Анрахай  ауылшаруашылық  механизациялау 
техникумына  түсіп,  соны  бітіргеннен  кейін  «Қарауылкелді»  «Сағыз»  совхоздарында  бас 
инженер  болып  көп  жылдар  жақсы  жұмыс  істеп,  мен  Оралдың  ауылшарушылық 
механизациялау    техникумын  және  Батыс  Қазақстан  ауылшаруашылық  институтын  бітіріп, 
«Алтай»,  «Дияр»  совхоздарында  кооперацияға  төраға,  бас  агроном  болып  жұмыс  жасап 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
143  
    
 
зейнеткерлікке шықтық. Әрине мұның барлығы Құрманбековтер әулиетінің бергені, саналы 
тәрбие мен жақсы оқудың нәтижесінде болған жетістіктер еді. 
Ал,  Еркін  Гурьев  педагогикалық  институтын  бітірсе,  Беркіні  Алматыда  КазГу-ді 
бітірді, тарих ғылымдарының кандидаты 17 кітаптың авторы, жолдасы Сәуле де КазГУ-дің 
тарих  факультетін  бітіріп  үздік  ұстаз  атанған  еді.  Амал  қайсы  екеуіде  дүниеден  озды. 
Орындары ойысты, қабырғамыз қайысты... Соңында бес баласы мен екі немересі қалды. 
Мәнсия  мен  Мадинада  педкурс  пен  кооперативтік  техникумды  бітіріп,  кооперация 
саласында жұмыс істеп зейнеткерлікке шықты. 
Марқа  апа  «Сағыз»  совхозының  орталығы  Ноғайтыда  қайтты.  Мүрдесін 
«Қарауылкелдідегі»  ұлы  Жолмырзаның  қасына  Сергейі  әкеліп  мәңгілік  жер  қойнауына 
тапсырды. 
Жолмырза аға мен Ақмоншақ жеңгейдің ұрпақтары баршылық. Сергейдің 5 ұл, 2 қыз, 
15 немере, Еркінінде 1 ұл, 2 немере, Беркінінде 5 бала, 2 немере, Мәнсияда 7 бала, Мәдинада 
1 ұл,1 қыз,4 немерелері бар. Барлығыда ауыздары бір, тату тұрып жатқан өнегелі отбасылар. 
Сөз  соңында  мен  Жолмырза  аға  мен  бөлемін.  Яғни,  Құрманбековтер  әулетімен  бөле 
болып, балалық кезімнен бірге жүріп, бірге өскеніме биыл 61 жыл болады. 
   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет