Абдоллаев Нұртаза
Профессор, тарих
ғылымдарының докторы
митингтегі сөзі
Құрметті халайық, мынау бүгінгі басымызға түсіп жатқан қайғының себебі Батыс
өңіріндегі белгілі тарихшылардың бірі Беркін Жолмырзаұлының дүниеден озуы болып отыр.
Беркін бүкіл өмірін өзінің мамандығына, өзінің кәсіби біліміне, қазақтың тарихын зерттеуге
арнаған азамат. Соңғы 30 жылда біз бірге жұмыс істедік, қызметтес болдық. Кездескен сайын
жаңағы айтып жатқандай, жүзі жылы кейде бір ойға келіп тұрса сүмірейіп қалмай бетіңе
қарап күліп тұрады, оның күлгенінен, жымиғанының өзіненде терең мағыналы ойдың бар
екенін байқайсың. Сол мәселе бойынша әлдеде ойлап көру керек деп тұратынын көзінен
көретінсің. Менің айтайын дегенім Беркін Қобда өңірінде жұмыс жасады. Мен қызмет
бабымен барған сайын оның айтатыны «Ай, осы мен қәзір өзімнің орнымда жүрген жоқпын
мен ғылыммен айналысамын» - дейтін. Кейін қалаға келді, қалада да бірге қызметтес
болдық. Сөйтіп, өзіміздің киелі қара шаңырағымызға келіп, ғылым, білім саласында еңбек
етті. Беркіннің арманы орындалды ғой, «Аға менің әлі де де ойым бар, тарихы әлі
зерттелмеген тұлғаларды зерттеп, халыққа жеткізсем деймін» деген. Осы ойларды орындап
бірнеше кітаптарды жарыққа шығарды. Бірақ енді өмірі қысқа болды, қазақ айтады ғой
«біреуге ерте, біреуге кеш» немесе «маңдайға жазады» деген сөз бар, өзімізді жұбатайық,
мына бауырларына пана болайық, ағайын туысқандарының жүзі жылы болсын! Ал, Беркін,
жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын!
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
235
БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНЕ ЖАРИЯЛАНҒАН КӨҢІЛ АЙТУЛАР
БЕРКІН ҚҰРМАНБЕКОВ
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің саяси -
әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Беркін Құрманбеков ауыр сырқаттан кейін дүниеден озды.
Беркін Жолмырзаұлы 1952 жылдың 1 қаңтарында Байғанин ауданының Жарқамыс елді
мекенінде дүниеге келді. 1968 жылы Қарауылкелді станциясындағы Комсомолдың ХХХ
жылдығы атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Қазақтың С.М Киров атындағы
Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсті.
Ол еңбек жолын Қобда ауданындағы Новоалексеевка қазақ орта мектебінде мұғалім
болып бастайды. 1974 – 1978 жылдары аудандық оқу бөлімінің инспекторы, аға инспектор,
мұғалімдер кәсіподағы аудандық кеңесі төрағасы, аудандық комсомол комитетінің бюро
мүшесі, 1978 – 1980 жылдары халық депутаттары Қобда аудандық кеңесі атқару комитетінің
ұйымдастыру -нұсқау бөлімінің меңгерушісі, 1980 – 1983 жылдары Қобда аудандық партия
комитетінің үгіт – насихат бөлімінің нұсқаушысы, 1983 – 1991 жылдары үгіт – насихат
бөлімінің меңгерушісі, 1991 – 1993 жылдары аудандық оқу бөлімінің аға инспекторы, білім
қызметкерлері кәсіподағының аудандық кеңесі төрағасы, 1993 – 1996 жылдары аудандық оқу
бөлімінің меңгерушісі, сондай – ақ 1978 – 1996 жылдар аралығында бірнеше рет аудандық
кеңес депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланған. 1996 – 1997
жылдары облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының қызметкері ретінде
абыройлы жұмыстар атқарды. Жұмыс барысында жақсы біліктілік, ұйымдастырушылық
қабілет, қоғамдық белсенділік, азаматтық ұстаным көрсетіп, қызметтестері мен қалың
жұртшылық алдында үлкен беделге ие болды.
1998 жылдан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде философия
кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып, 1999 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін
университеттің саяси – әлеуметтік пәндер кафедрасын басқарды.
Беркін Жолмырзаұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті бойынша
2004 жылы «Ең үздік кафедра меңгерушісі», 2009 жылы «Ең үздік ғылыми зерттеуші»
атақтарына ие болды. Шәкірттер тәрбиелеп, жастарға білім, ғылым үйретті.
Беркін Жолмырзаұлы – 15 монографияның, 100 –ден астам ғылыми мақаланың,
газеттерге жарияланған 100 – ден асқан жарияланымдардың авторы. Негізгі ғылыми ізденісі
– Ақтөбе өңірінің тарихы, мәдениеті, өнері және сол өңірде әр дәуірде өмір сүрген батыр
бабаларымыз бен қайраткер қаламгерлерімізге, мәдени – тарихи ошақтарды насихаттауға
және Батыс Қазақстандағы сауда қатынастарының дамуына байланысты болды. Нақты айтар
болсақ, «Ідіріс Үргенішбаев», «Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс», «Ақтөбе
округінде 1928 жылы байларды кәмпескелеу», «Дума депутаты – Алпысбай Қалменов»,
«Батыс Қазақстанда сауданың дамуы», «Ойыл жәрмеңкесі», «Темір жәрмеңкесі», «Алтай
батыр», «Нұрлы жүзді Нұрпейіс», «Ырғыздың қилы тарихы», «Болат жолдың тарланы»,
«Сәуле – ғұмыр», «Темір тарихы», «Жәңгірхан жәрмеңкесі», т.б еңбектері көпшілік
талғамынан шықты. Оның Батыс Қазақстан тарихының өзекті проблемаларына байланысты
бірнеше мақалалары республикалық «Қазақ тарихы», «Ақиқат», «Отан тарихы», «Жалын»,
«Парасат», «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланды, Батыс Қазақстанда сауда
қатынастарының дамуына байланысты мәселелерді зерттеуге арналған бірнеше мақалалары
шетелдік басылымдарда жарық көрді. Ол Қазақстан бойынша тың тақырып – жәрмеңкелер
тарихын зерттеуге бірінші болып жол салды. Сөйтіп, өңірде өлкетанушы, Нұрпейістанушы
ретінде танымал тұлға болды.
Беркін Жолмырзаұлы өмірлік серігі – ұстаз Сәуле екеуі тіршілікте қос шынардай болып
қол ұстасып, отбасында шынайы да қазақы да тәрбие беріп, алтын асықтай бес баласының
өмірде өз орындарын табуына, әр баланың ойындағы арман – мұраттарының орындалуына,
өз қалаулары бойынша маман болып қалыптасуына көп еңбек сіңіріп, үлгілі отбасы бола
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
236
білді.
Беркін Жолмырзаұлы кәсіби деңгейі жоғары және адамгершілік қасиеттері мол беделді
азамат болатын. Ол көзі тірісінде сүйікті жар, асыл әке, отбасының қамқоршысы, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсете білді. Марқұмның жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттерінің
жүрегінде мәңгі сақталады.
Құдайберген Жұбанов атындағыАқтөбе мемлекеттік университетінің ұжымы.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24 шілде, 2012жыл
Аяулы ініміз Беркін Құрманбековтың дүниеден өткенін естіп қатты қайғырып
отырмын. Қазаның арты қайырлы болғай.
Қымбатты Еркін Жолмырзаұлы, сіздің әулетіңіздің басына түскен қайғыны
отбасымызбен бөлісеміз.
Қажығали МҰҚАНБЕТҚАЛИҰЛЫ, жазушы, Астана.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24шілде, 2012жыл
***
Беркін бауырымыз абзал азамат, қайраткер тұлға еді. Сыйлас, қадірлес едік. Оның
бойынан адамдарға деген жылылық есіп тұрушы еді. Осының бәрі өткен шақпен
айтылатыны өкінішті.
Енді Беркін Құрманбеков есімі, ол атқарған азаматтық істер арқылы арамызда
жаңғырып тұрмақшы. Сол ғана көңілімізге демеу болмақ.
Нұрың пейіште шалқығай...
Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,академик,Ақтау қаласы.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24шілде, 2012жыл
***
Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы және мәдениет қызметкерлері кәсіподағы
облыстық комитеті Еркін Жолмырзаұлы Құрманбековке інісі
Беркін Жолмырзаұлының
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24шілде, 2012жыл
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректораты және кәсіподақ ұйымы
педагогика және психология факультеті деканы орынбасары Мәншүк Беркінқызы
Құрманбековаға әкесі
Беркін Жолмырзаұлының
қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24шілде, 2012жыл
***
Қобда ауданының әкімдігі және мәслихаты, облыстың белгілі азаматы, білім беру
саласының қайраткері, жерлесіміз
Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековтың
қайтыс болуына байланысты отбасына, тума туыстарына ауыр қайғысына ортақтасып,
көңіл айтады.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24шілде, 2012жыл
***
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
237
Байғанин ауданының әкімдігі және аудандық мәслихаты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, жерлесіміз
Беркін Құрманбековтың
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, барлық тума туыстарына және
ағасы Еркін Құрманбековке қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Ақтөбе, №93 (19.629) 24шілде, 2012жыл
***
«Шамшырақ– Ақтөбе» ЖШС – на қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник»
газеттерінің ұжымы Ақтөбе мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі,
Беркін Құрманбековтың
қайтыс болуына байланысты отбасына, тума туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл
айтады. Ақтөбе, №94 - 95 (19.630 – 19.631)
26 шілде, 2012жыл
***
Темір ауданы әкімдігі мен мәслихаты облыстың белгілі азаматы, білім беру саласының
қайраткері
Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековтың
қайтыс болуына байланысты отбасына, тума туыстарына ауыр қайғысына ортақтасып,
көңіл айтады.
Ақтөбе, №94 - 95 (19.630 – 19.631)
Сыйласып, араласқан азаматтардың бірі
Беркін Құрманбековтың
дүниеден озғанын облыстық газеттен оқып, білдік. Жаны жайсаң, үнемі ізденісте
жүретін азамат еді. Марқұмның қазасына қайғырып, ағалары Сергей мен Еркінге, балалары
мен туыс –бауырларына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Жаңғабыл Қабақбаевтың отбасы.
Ақтөбе, №94 - 95 (19.630 – 19.631)
26 шілде, 2012жыл
***
«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалы облыстық ішкі саясат басқармасының
жанындағы қоғамдық – саяси кеңестің үйлестірушісі Еркін Құрманбековке інісі, тарих
ғылымдарының кандидаты, доцент
Беркін Құрманбековтың
қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Ақтөбе, №94 - 95 (19.630 – 19.631)
26 шілде, 2012жы
***
Коллектив управления внутренней политики Актюбинской области выражает
искреннее соболезнование координатору общественно – политического совета при
управлении Еркину ЖолмурзиновичуКурманбеку, а также семье и близким по поводу
кончины
КУРМАНБЕКОВА
Беркина Жолмурзиновича
Актюбинский вестник № 93 (19.379)
24 июля 2012 года
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
238
ЕСКЕ АЛУ
Ақтөбе қаласы
Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков
Жемнің бойы – Жаркамыстан түлеп ен,
Жүрегіне бір жылылық түнеген.
Жастайыңнан білім жолын қудың сен,
Жан анаңның ойын ақтап тілеген.
Ұмтылғанға арман алдан шығады,
Әке есімі бағдар беріп тұрады.
Алматыға жол тартқаның кеше еді,
Жолмырзадай жақсы жанның ұланы.
Он алтыңда студент боп ҚазГУ – де,
Жайраң қағып жүруші едің мәз күйде.
Құшағыңа Сәулені алып оралдың,
Диплом ап, бес жылдан соң аз күнде.
Ұстаздықпен ілгерілеп жолдарың,
Шәкірттерге тарих жайын толғадың.
Еңбегіңмен сыйлы болып кеттің сен,
Өз перзенті секілденіп Қобданың.
Кемелді шақ Ақтөбеге оралдың,
Ғылым жолы – жанға жақын жоралғың.
Өткен күндер шежіресін тірілтіп,
Кандидат боп еңбегіңді қорғадың.
Қай кезде де ер жарыған батаға,
Сол бір кұндер енді қайта ата ма?
Қызмет қылдың Алтай сынды батырға,
Нұрлы жүзді Нұрпейістей атаға.
Бақилыққа сапар шектің, шырағым,
Деп ойлаушы ем таусылмайтын құнарым.
Ақ дидарың пейіш нұрын сезінсін,
Бір Алладан осы енді сұрарым...
Шындаулет АймақұлыАлдияров,
Нағашы ағасы, отставкадағы аға әділет кеңесшісі,
ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері.
Ақтөбе, № 106 – 107.(19.642 – 19.643)
21 тамыз, 2012жыл.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
239
ҚҰРМАНБЕКОВ
Беркін Жолмырзаұлы
(1.01.1952ж - 18.07.2012ж)
Ұлағатты ұстаз, тарих ғылымдарының кандидатыҚұрманбеков Беркін Жолмырзаұлы
ағамыздың өмірден озғаны қабырғамызды қайыстырып, мезгілсіз қазасы жақындары мен дос
–жарандары үшін үлкен қайғы екені сөзсіз. Беркін Құрманбеков еңбек жолын Қобда ауданы
Новоалексеевка қазақ орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Аудандық оқу бөлімінің
инспекторы, аға инспектор, мұғалімдер кәсіподағы аудандық кәсіподақ төрағасы, аудандық
комсомол комитетінің бюро мүшесі, Қобда ауданы атқару комитетінің бөлім меңгерушісі,
Қобда аудандық партия комитетітінің нұсқаушысы, үгіт – насихат бөлімінің меңгерушісі,
облыстық мұғалімдер білім жетілдіру институтының қызметкері сияқты қызметтерді
абыроймен атқарды. 1998 жылдан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде
философия кафедрасында оқытушы, кафедра меңгерушісі болып ғылым жолына ауысты.
Парасатты, аса еңбекқор Беркін Жолмырзаұлының еңбегі елеусіз қалмай, көптеген
мемлекеттік наградаларға ие болды. Белгілі ғалым, елге жанашыр, ардақты жанның елге
істеген жақсылығы, ғылымға қосқанүлесі осынау қайғылы шақта еріксіз көзге жас алғызады.
Қаралы сәтте абзал тұлғаның отбасына көңіл айтып асыл ағамызды сағынышпен еске
аламыз.
ӨТЕПОВТАР отбасы.
Қобда № 38 (6422)
16 тамыз 2012 жыл.
Ақтөбе қаласы
Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков
(1.01.1952ж - 18.07.2012ж)
Туғаныңды еске алатын күніміз,
Бүгін сізге жетер ме екен үніміз.
Туған күнмен құттықтаудың орнына
Рухыңа арналады біздің ыстық жырымыз.
Қадірлеп кәрі, баланы,
Сүйдің дала, қаланы.
Кітаптар жазып тарихи
Сөздер айттың даналы.
Ерекше едің басқадан,
Талай іс қалды бастаған.
Жүрегінде калып халықтың,
Ұмтылмас мәңгі жақсы адам.
Еске алушылар:
балалары, немерелері.
28 желтоқсан 2012 жыл.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
240
ЖЕДЕЛ ХАТТАР
Қымбатты Еркін, аяулы ініміз Беркіннің дүниеден өткенін естіп қатты қайғырып
отырмыз. Қазаның арты қайырлы болғай,отбасына біздің көңіл айтуымызды жеткізерсің.
Қажығали – Сұлуханым.
Астана
***
Қадірлі Еркін Жолмырзаұлы, қайғылы қазаның хабарын естідік. Беркін ағамыз
мезгілсіз дүниеден озыпты. Беркін Жолмырзаұлы қалың қауымға қадірлі әлеуметке ардақты
абзал азамат еді. Ырысты Ырғыз өңірінің тарихын түгендеуге көп үлес қосқан азаматтың
қазасына ырғыздықтардың да қабырғасы қайысуда. Өзімнің және барша ырғыздықтардың
атынан қайғыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Берік болыңыз, марқұмның жатқан жері
жарық, иманы жолдас болсын.
М.Дуанбеков
Ырғыз ауданының әкімі
***
Құрметті Ереке, Балалар, Ағайындар!
Беркін бауырымның о дүниелік болғанын естіп қиналып отырмын. Абзал азамат
қайраткер тұлға еді. Сыйлас, қадірлес едік. Беркіннен адамдарға деген жылылық есіп тұрушы
еді, әңгіменің бәрі өткен шақта болып отыр, себебі атпал азамат ортамызда жоқ, жарық
дүниеден өтті. Бірақ Беркін бауырымыздың атқарған азаматтық істері жоғалмайды үнемі
есте болады.
Нұры пейіште шалқығай, отбасына бірлік, береке, амандық тілеймін.
Ақтау, Өмірзақ Озғанбаев.
Ақтөбе қаласы
Әбілқайыр - хан даңғылы 40 үй
Ішкі саясат бөлімінің жанындағы
Қоғамдық саяси Кеңестің
Үйлестірушісі Құрманбеков
Еркін Жолмырзаұлына
Қадірлі Еркін Жолмырзаұлы!
Адам баласы үшін бір ана құрсағынан тараған бауырдан артық кім бар. Соңыңыздан
ерген ініңіз, арқа сүйер айбыныңыз Беркіннің мезгілсіз дүниеден озуына байланысты
қайғыңызға ортақ екенімді білдіремін.
Марқұмның жаны жәннатқа жайғассын, ағайын – айналасын рухымен желеп жебеп
жатсын!
Әйтеке би аудандық
мәслихат хатшысы – Ақансері Ермағанбет.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
241
Ғалым - өлкетанушы Б.Құрманбековтың өлкетану бағытында
жазылған кітаптарының библиографиялық танымдық түсаукесеріне
арналған «Туған өлкенің тарихы сыр шертеді...» атты кездесуді
жүргізудің сценарийлік жоспары
Заң колледжі 22.11.2012 ж
Сағ 11:00
1. Оқу залында кітап көрмесі жасалады.
2. Көрермендер залында: Трибуна, Президиум, проектор, слайд, микрофон.
3. Библиографиялық тұсаукесердің ашылуы.
Даулетқалива Гүлмира
Кіріспе. Таныстыру.
4. Жүргізуші Е. Құрманбек. Өлкетарихының өзекті мәселелері.
5. Сөз С. Мұхтаров, Б.Баймұханов – филология ғылымдарының кандидаттары ғылыми
шолу.
6. Жүргізуші Е.Құрманбек. «Ырғыздың қилы тарихы» кітабы туралы.
7. Ән «Ырғызым» орындалады. Қ. Тобағабылов.
8. Жүргізуші Е.Құрманбек «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» кітабы туралы.
9. Сөз М.Байғанин.
10. Күй. Орындайтын М.Байғанин.
11. Жүргізуші Е.Құрманбек. «Алтай батыр» кітабы туралы.
12. Сөз. С.Хұсайынов.
13. Ән. «Туған жер» Заң колледжі оқушысы.
14. Библиографиялық шолу. Даулетқалиева Гүлмира.
15. Жүргізуші Е.Құрманбек. «Батыс Қазақстанда сауданың дамуы» кітабы туралы.
Әбілхайырхан, Жәңгірхан, Жәңгірхан немересі. Ғұбайдолла. Меновой двор. Молдабай.
Әкімгерей.
16. Ән. «Молдабай» орындалады. Қ. Тобағабылов.
17. Жүргізуші Е.Құрманбек «Ойыл Жәрмеңкесі» кітабы туралы.
18. Ән. «Ойыл толқыны» орындалады. Қ. Тобағабылов.
19. Жүргізуші Е.Құрманбек. «Темір тарихы», «Темір жәрмеңкесі», А.Қалменов
кітаптары туралы.
20. Ән. «Темірім-Шұбарқұдығым» Заң колледжі оқушысы.
21. Жүргізуші Е.Құрманбек «І.Үргенішбаев» кітабы туралы.
22. Сөз. І.Ізбанов.
23. Жүргізуші Е.Құрманбек Тәуелсіздік. Өлкетанудағы. Ақтаңдақтар. Президент күні.
24. Сөз. А.Пирзадаев. Қорытынды. Тәуелсіздік жастар II – съезі, студенттер слеті.
Білім. Тіл. Дін.
25. Ән. «Көк тудың желбірегені» орындалады. Заң колледжі оқушысы.
26. Библиографиялық тұсаукесердің аяқталуы.
Хронометраж – 90 мин.
Библиографиялық тұсаукесерді дайындап өткізгендер:
Гүлмира Даулетқалиева
Еркін Құрманбек
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
242
«ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТАРИХЫ СЫР ШЕРТЕДІ...»
Даулетқалиева Гүлмирам Қосымқызы
Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ
колледж кітапханасының меңгерушісі:
Ақтөбе қаласы Қазақ гуманитарлық заң университеті колледжінің кітапханасында
Ақтөбе өңіріне белгілі ғалым – өлкетанушы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік Университетінің саяси – әлеуметтік пәндер
кафедрасының
меңгерушісі
болып
қызметін
атқарған
Беркін
Жолмырзаұлы
Құрманбековтың қаламынан шыққан кітаптардың «Туған өлкенің тарихы сыр шертеді...»
атты библиографиялық танымдық тұсаукесері өтті.
Елдің елдігін, жеріміздің тұтастығын танытқан заманының тұлғалы азаматтарын,
батырларының есімдерін өкінішке қарай, өзінің туған жерінде көп біле қоймайтынымыз
ақиқат. Жас ұрпаққа тәрбие берудің тура жолы – тарихи тағылым.
Қазақстаннның тәуелсіздік алуы көптеген тарихи оқиғаларды ақиқат тұрғысынан қайта
қарап, зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Биыл елімізде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
аталып өтеді. Біздің шарамыз осы мереке көлемінде өткізіліп отыр.
Осындай айтулы мереке қарсаңында өткен шара ҚР мәдениет қайраткері Еркін
Жолмырзаұлы Құрманбектің қолдауымен, Беркін Жолмырзаұлының Айгүл, Гүлдария атты
қыздарының көмектесуімен өткізілді. Кешке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
Университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Болат Баймұханов,
Н.Байғаниннің ұлы Момын Нұрпейісұлы, сонымен бірге уақытын Әлия ерлігін, Әлия даңқын
зерттеуге, насихаттауға арнап жүрген белгілі азамат Ғалымжан Байдербес қатысып сөз
сөйледі.
Кітапхананың оқу залында Қазақстанн Республикасының Тұңғыш Президент күніне
және Беркін Құрманбековтың еңбектеріне арналған кең көлемді ашық кітап көрмесі, слайд
ұйымдастырылды.
Кеш барысында, өлкетарихының өзекті мәселелері, ғалым – өлкетанушы Беркін
Құрманбековтың еңбектерінің ғылыми маңызы, оның архивтік деректерге сүйене жазылғаны
туралы баса айтылды.
Беркін Құрманбековтың еңбектері Ырғыз, Темір, Ойыл өлкелерінің даму тарихы
туралы болғаннан кейін, тұсаукесер кешті Ақтөбе өңіріне белгілі әнші Қоянбай Тобығабылов
«Ырғызым», «Ойыл толқыны», колледж оқушылары Аққожиев Сағынжан, Бердалиев
Еркебұлан «Темірім – Шұбарқұдығым» әндерімен көркемдеді.
Нұрпейіс Байғаниннің ұрпағы Момын Байғанин қонақ кәдесі ретінде күй орындап
берді. Сонымен қатар С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұжымы да
кешке қатысты. Колледж кітапханасы тағы да өлкетану тақырыбында жазылған 10 кітаппен
толықты. Және ол кітаптар оқушылардың Ақтөбе облысы тарихын білуге, рефераттар,
баяндамалар жазуға көмек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |