Адал азамат



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
204  
    
 
ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫН ТАБА БІЛДІ 
 
Баймағамбетова Қарлыға 
Байғанин аудандық партия 
комитетінің бұрынғы хатшысы, 
Еңбек ардагері, зейнеткер 
 
Аяулы ініміз Беркінді жаңа шығарып салу рәсіміне қатысқан, қазір садақасына қатысып 
отырған  жамағат.  Ортамыздан  бүгін  бәрімізге  өте  аяулы  айналайын  азамат  кетіп  отыр. 
Бәріңізге  де  қайырлы  болсын  дегім  келеді.  Мен  кеше  кештегі  қонағасында  да  өз  пікірімді 
айтып сөйлегенмін. Жолмырза ағай туралы, Құрманбековтер әулеті туралы қаралы митингіде 
және  садақада  көп  кісілер  көптеген  жақсы  әңгімелер  айтып  жатыр.  Әсіресе  ағайды  жақсы 
білетін,  қатар  иықтас  жұмыстас  болған,  бүкіл  облысқа  белгілі,  құрметті  азамат  Ниетжан 
ағамыз  толық  айтып  өтті.  Ниетжан  ағай  Беркіннің  әкесінің  қандай  азамат  болғанын, 
анасының қандай ана болғанын жақсылап айтып берді. 
Мен мына Сергейдің, Еркіннің, Мансияның, Мадинаның, Беркіннің папасы Жолмырза 
ағаймен қызметтес болдым. Жолмырза ағайдың қалай үлгілі қызмет жасағанын көрдім. 1952-
1953 оқу жылында мен институтты бітіріп келіп, Қарауылкелді орта мектебінде  мұғалімдік 
жұмысымды бастағанда Жолмырза ағай артта қалған «Қызыл әскер» колхозына  бастамамен 
басқарма болып жұмысқа келген кезі екен. Керемет ұйымдастырғыш, «ісің бітсін десең ретін 
тап» дейді  ғой шаруаның қиюын келтіріп, колхозшылардың тұрмысын жақсартып,  «Қызыл 
әскер»  колхозын  бір  –  екі  жылда  миллионер  колхоз  жасады.  Жолмырза  аға  жұмысқа  аса 
ыждағатты,тамаша  іскер,  адамдарға  қамқорлығы  өте  жоғары,мемлекет  ісіне    берілген 
қызметкер  еді.  Сонымен  қатар,  партия  конференциясында,  аудандық  жиналыстарда 
көпшілікті аузына қаратып сөйлей алатын шешен еді. Ол кісінің сөздерін тыңдағанмын.  
Беркін  Байғанин  ауданының  танымал  болған  түлегі.  Осы  митингі  мен  садақаны 
басқарып  жүрген  Жәрдемғали  да  Байғанин  ауданының  түлегі.  Байғанин  ауданынан  көңіл 
айтуға бір топ ел азаматтары келіп отыр. Беркіннің мектептес,кластастары Клара, Жақсылық, 
Райса  т.б.  қызметтес  жолдастары,  папасымен  мамасының  көзін  көрген  адамдар,  Сергейдің, 
Еркіннің жолдастары келіп,жұбату сөздерін айтуда. 
  Мұндай жерде қайта-қайта сөйлеу оп-оңай емес, әйтседе менің айтатыным Беркін қай 
жерде  жұмыс  жасасада,  қай  жерде  жүрседе  ешуақытта  да  туған  жерін  естен  шығармаған 
азамат  еді.  Мен  осы  Құрманбековтер  отбасына  жақын  араласқан  адаммын.  Мені  Бошай 
жеңгей деп атап кеткен жақсы жеңгем қайын сіңілім дейтін. Кете кеткенше тілектестігімізді 
ешқашан  бөлген  емеспіз.  Соңғы  сапарға  шығарып  салдық.  Беркіннің  ағалары  инженер 
Сергейдің  Байғанин  ауданының  ауыл  шаруашылығына  техника  жағынан  еңбегі  сіңді, 
жұмысты жақсы істеді. Ал, Еркін болса облысқа белгілі, танымал гуманитарлық-насихаттық 
саланың,  мәдениет  қайраткері.  Еркін  мен  Зоя  бізбен  сыйлас  отбасы,  Қажығали  мен 
Сұлуханның достары, реті келгенде дастарханынан қалдырмайды, бізде солай. «Көңіл сыйса, 
бәрі сыяды» демейме, көңіліміз жарасқан, тілектес жандармыз. 
  Жұмыр  басты  пенденің  өмірінің  басы  мен  аяғы  болатыны  белгілі  емес  пе?  Осы  екі 
арада  адам  өз  жолын,  өз  орнын  таба  білгені  бақыт.  Ал,  Беркін  қай  жерде  қандай  жұмыс 
жасасада  өз  орнын  таба  білген  тұлға.  Ол  қоғамға,  қазаққа,  облысқа  пайдалы  жұмыстар 
атқарды.  Әсіресе  ғылым  саласындағы  осында  айтып  жатқандай,  көлемді  ұтымды 
жұмыстарды тыңдырды.  
  Ұнаған  жұмысынды  істесең,  онан  қанағат  тапсаң,  сүйікті  жар,  үбірлі-шүбірлі  бала 
болса,  ортаңда  абройлы,  жақсы  атқа  ие  болсаң  бақыт  деген  осы  емес  пе?  Беркін  осының 
бәріне  қолы  жеткен  бақытты  адам  еді.  Қараңызшы  қаршадай  өмірдің  ішінде  қаншама 
еңбектер  жазып,  кейінгі  ұрпақтарына,  шәкірттеріне  мұра,  үлгі  ретінде  өзінің  ісін 
жалғастыруға  қалдырып  кетті.  «Өлді  деуге  болама,  айтыңдаршы,  өлмей  тұғын  артына  сөз 
қалдырған»-деген  ұлы  Абай  айтқан  жай  осы  емес  пе?  Беркін  үш  жасында  әкесіз  қалып, 
белгілі  ғалым,  қадірлі  ұстаз,  қабілетті  ұйымдастырушы  дәрежесіне  дейін  жетті.  Ал  анасы 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
205  
    
 
отыз  жасында  жесір  қалса  да,  бес  баланы  оқытып,    жақсы  тәрбиелеп  жеткізді.    Беркін  мен 
Сәуле  келінімізде  бес  баласына  жоғарғы  білім  беріп,  қанаттандырып  кетті.  Әрине  адам 
баласында арман таусылмайды ғой, бірақ бәрі бірдей орындала бермейді, арман жеткізе ме? 
Жасының  жеткені,  Алланың  бергені  осы  болған  шығар?!  Әйтседе,  балаларына  әдемі  үлгі 
қалдырып кетті, тек оларға емес кейінгі ұрпақтың бәріне де өнеге қалдырды. Сондықтан тек 
қана шүкірлік етеміз. 
Айналайын,  Беркіннің  қазасы  бауырларына  да,  балаларына  да,  бірге  өскен  мінекей 
жолдастарына да, әрбір әңгімені айтқан сайын көздеріне жастары толып отырған, қызметтес 
жолдастарына да, білетін адамдардың бәріне  де  оңай болған  жоқ. Алланың ісі солай. Шын 
мәнісінде, бұл өмірге келгеннен кейін әр адамның басынан әртүрлі жағдайлар өтіп жатады. 
Соған,  амал  жоқ  мойынсынбаса  болмайды.  Беркіннің  өмірден  кетіп,  жерге  түскен  уақыты, 
құдды  бүкіл  мұсылмандар  қауымы  үшін  өте  керемет  жақсы  қасиетті  айдың  ең  басында 
алғашқы  күніне  сәйкес  келіп  отыр.  Алдынан  жарылқасын,  жаны  жұмақта  болсын,  берген 
садақасы  қабыл  болсын.  Айналайын  бауырлары,  бәріңе  де  айтатыным,  құдай  тек 
отбасыларыңа  ендігі  жерде  қиыншылық  көрсетпесін.  Көргендерің  той  болсын,  тойда 
кездесейік.  Осында қатысып отырған барлық жамағат мына үлкен құрметті, қасиетті айдың 
басында бауырымыздың садақасында жиналып отырмыз, қаралы күн болғанымен,құдай тек 
арты жақсы болсын! Осындай қасиетті айда сіздің отбасыларыңызға Алланың нұры жаусын 
деген тілек айтамын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
206  
    
 
СЛОВО О БЕРКИНЕ ЖОЛМЫРЗАЕВИЧЕ 
 
                                        
Нургалиев Нурбек Абибуллаевич 
Заведуюший кафедрой  
социально – политических дисциплин,  
кандидат философских наук,  
старший преподаватель 
АГУ им. К. Жубанова  
 
Человек становится тем, что он есть,  
благодаря делу, которое он делает своим. 
Карл Ясперс 
 
Каждый  из  нас,  придя  в  этот  мир,  вносит  свою  лепту  для  преобразования  своей 
окружающей  действительности  с  целью  создания  того  мира,  которую  мы  называем 
культурой. Таким человеком был заведующий кафедрой социально-политических дисциплин 
АГУ  им. К. Жубанова  Беркин  Жолмырзаевич  Курманбеков,  и  это  не  случайно,  так  как 
руководить  такой    кафедрой  значит  непосредственно  быть  участником  в  формировании  и 
становлении  молодого  поколения,  ибо  подрастающее  поколение  с  положительным 
мировоззренческим ориентиром, нравственными установками, это будущее не только нашей 
страны, но и всего мира. 
С  Беркином  Жолмырзаевичем  я  познакомился  в  сентябре  1997  года,  когда  устроился 
преподавателем  на  кафедру  философии  и  культурологии  АГУ  им.К.Жубанова.  Опыта 
преподавательской  деятельности  у  меня  не  было,  а  Беркин  Жолмырзаевич  имел  большой 
опыт  не  только  преподавательской  деятельности  в  школе,  но  и  работы  на  руководящих 
должностях в районных организациях образования Актюбинской области.  
Он отличался целеустремленностью и организованностью. Беркин ага за короткий срок 
успешно  защитил  кандидатскую  диссертацию  по  истории  в  период  прохождения 
шестимесячного  курса  повышения  квалификации  в  КазГу  им. аль-Фараби.  Материал  для 
исследования  он  собирал  уже  будучи  учителем  в  школе,  занимался  научно-
исследовательской  деятельностью  по  истории.  В  ноябре  1999  года  он  был  назначен 
заведующим кафедрой социально-политических дисциплин АГУ им.К.Жубанова.  
В  должности  заведующего  кафедрой  социально-политических  дисциплин  Беркин 
Жолмырзаевич  с  успехом  организовал  работу  кафедры  благодаря  неустанной  работе, 
профессиональной компетентности, организаторским способностям и жизненному опыту. 
Однако  на  работе  не  всегда  можно  раскрыть  сущность  личности.  Она,  как  правило, 
раскрывается за праздничным столом, в неформальной обстановке и, конечно, в задушевной 
беседе, так как именно в такие моменты можно узнать человека с другой стороны. 
Вот  некоторые эпизоды из воспоминаний от таких встреч и бесед,  которые говорят о 
многогранности  и  многоуровневости  личности  Беркин  ага.  Летом  2001  года,  совершив 
очередную поездку в научную библиотеку в г.Алматы, я показал ему свою первую научную 
статью,опубликованную  в  сборнике  КазГУ.  Он  хорошо  отозвался  о  данной  работе  и 
искренне пожелал удачи в этом нелегком пути научного исследования. 
Очень  болезненно  и  трепетно  относился  к  здоровью  близких  и  родственников 
сотрудников кафедры, был в курсе и оказывал поддержку в трудных ситуациях. К примеру, 
когда  умер отец Мухитова Орынбасара, преподавателя кафедры, лично посещал похороны, 
оказывая не только моральную, но и материальную поддержку. 
В  последние  годы  Беркин  Жолмырзаевич  был  увлечен  написанием  докторской 
диссертации,  и,насколько я знаю, она была завершена и готова к защите, но по некоторым 
организаторским причинам, она не была защищена, о чем он горько сожалел. 
Он был прекрасным отцом, очень любил свою жену и дочерей. 
Он  был  интересным  собеседником,  который  мог  подолгу  с  чувством  гордости 
рассказывать  о  своих  студенческих  годах,  проведенных  в  Алматы  и  в  КазГУ.  Помню  его 
фразу: «Ребята, ведь я застал именно время расцвета не только КазГУ, но всей казахстанской 
культуры». 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
207  
    
 
ТАРИХШЫ АҒА БАТЫР АТЫН ШЫҒАРДЫ 
 
Үргенішбаев Арман, мұғалім. 
Кеңес Одағы Батыры 
І. Үргенішбаевтің немересі. 
Шалқар қаласы 
 
Бұл  күндері  тәуелсіз  елімізде  халқымыздың  асыл  мұрасын  өсер  ұрпаққа  жеткізу 
мақсатында сан алуан  істер атқарылып жатқаны  дүниеге белгілі. Осы ойға оралғанда елдің 
кешегі жағдайынан бүгінгі биігіне көтерілуіне орай көптеген ардагер азаматтардың атқарған 
асыл  істері  еске  түседі.  Осындай  ағалардың  бірі  Қазақстанға,  облысымызға  белгілі  азамат 
болған,  тарихи  құндылықтарымызды  терең  зерттей  білген,  ғалым-зерттеуші  Беркін 
Құрманбеков  еді.  Артында  өнегелі  сөзі,  бүгінгі  ұрпаққа  мақтанышпен  ұсынылатын  үлгі 
істері,ғылыми  еңбектері  қалған  ағамыздың    тарихи-мәдени  мұрасын  елге  таныту-  бүгінгі 
ұрпақтың парызы әрі қарызы. Өмірде кездескен кейбір жақсы адамдардың кескін  – келбеті, 
айтқан  ұлағатты  сөздері  мәңгі  есіңде  қалады.  Сондай  жандардың  бірі  туысқан  ағам  Беркін 
аға болады. 
2004  жылы  күзде  ағам  Беркін  мен  Байман  атам  үйіме,  яғни  Шалқарға  келді.  Ондағы 
мақсат-атам Кеңес  Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев туралы нақты дерек алу,кітап жазу 
еді.  
Ағаларым  келген  күні  әжем  Жәмиланың    ауылы  Талдықұмда  болды.  Сонда  барып 
әжеммен сөйлесіп атам туралы мағлұматтар алды. Жәмиля әже батыр атам туралы көп әңгіме 
айтқан  екен.Ідіріс  атам  екеуі  қалай  танысып,тұрмыс  құрғаны,  Ідіріс  атамның  мұғалімдік 
жұмысы,  соғысқа  аттануы  туралы  тебірене  еске  алып,Беркін  ағамның  сұрақтарына  жауап 
беріп сұхбаттасқан екен. Келесі күні ағалар  «Сарбұлақ» елді мекеніне сапар шекті. Ондағы 
ауыл ақсақалдарымен сөйлесіп, туысқандар жайлы әртүрлі  әңгімелер тақырыбын қозғады.   
Облыстық  тарихи  –  өлкетану  музейінде  2005  жылы  9  мамырда  батыр  ата  Ідіріс 
Үргенішбаевқа  арналған  кездесу  болды.  Кездесу  өте  тартымды,  ұйымдастыру  дәрежесі 
жоғары  деңгейде  өтті.  Осы  кездесуде  Беркін  ағам  батыр  туралы  мазмұнды,  көркем  сөз 
сөйледі. Нағыз тарихшы-ғалым сөзі,  талдау, тұжырым, қортындылары тындармандарды риза 
етті. Батырды пассионарлық тұлға деп дәлелдеп берді.  
2007  жылы  Ақтөбеде  І.Үргенішбаев  атындағы  көшенің  салтанатты  ашылуы  болды. 
Көше  тұрғындары  жиналып,  қалалық  мекемелерден  қызметкерлер  келіп,  сөз  сөйленіп, 
патриоттық әндер айтылды. Ас берілді. Сол салтанатқа Беркін ағам бағалы тарту дайындады. 
Батыр  атам  туралы  «І. Үргенішбаев»  деген  кітап  жазып  шығарды.  Кітап  салтанатқа 
қатысушыларға, көше тұрғындарына берілді.  
Кітап бізге өте ұнады. Ідіріс атам туралы архивтік деректер, естеліктер негізінде, Беркін 
ағаның өзінің зерттеулері, жинау барысында табылған материалдар негізінде жазылған екен. 
Тілі  жеңіл,  түсінікті,  материалдар  бір  жүйемен  бірінен  соң  бірі  хронология  бойынша 
берілген. Оның ішінде Жәмила әженің әңгіме- естелігі, фотосы өте құнды болып табылады. 
Менің  Есенгелді  әкемнің  де  суреті  жария  етілгені,  ұрпақ  үшін  әсерлі  болды.  Батырға 
арналған жыр, ән – Шалқарлықтардың батырға патриоттық құрметі болса, олардың кітапқа 
енуі авторларға құрмет болып табылады. 
Кітап  мазмұнымен  ішіндегі  деректермен  құнды.  Себебі,  батыр  ата  туралы  бөтен 
деректерді  100 жыл  өткен соң табу өте қиын шаруа. Кітаптың дизайны да керемет,ішіндегі  
фотоларда  сөйлеп  тұр.  Кітап  мектеп  оқушыларын,жалпы  жастарды  тәрбиелеу  құралы, 
ауданның  атақты  адамдарын  білгізу  құралы,  патриоттық  тәрбие  беру  құралы  есебінде  өте 
қажет еңбек. «Әр адам өз ауыл, ауданының атақтысы, мен ардақтысын білсін» деген қағидаға 
сүйенсек, Беркін аға І.Үргенішбаев кітабы арқылы осы жоғарғы дәрежедегі ұстаным талапқа 
жауап беріп тұр.  
Шалқарда 2011 жылы мамырда Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев атындағы 
жүлде  үшін  тоғызқұмалақтан,  шахматтан  облыстық  біріншілік  шаралары  да  өткізілді. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
208  
    
 
Жарысқа  Ақтөбе  қаласы  мен  аудандардан  35  пен  70  жас  арасындағы  ересектер  қатысты. 
Жарысты  аудан  әкімі  Р.Сыдықов  сөз  сөйлеп  ашты.  Ал  жарысты  қорытындылауды  Беркін 
Жолмырзаұлының ағасы Еркін жасады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. 
2012  жылы  Кеңес  Одағының  Батыры  І.Үргенішбаев  100  жасқа  толды.  Жыл 
І.Үргенішбаев  жылы  болып  өтті.  Еркін  ағам  басқарып  нақты  жоспарлар  жасалып, 
көлемді,мазмұнды тарихи танымдық шаралар өткізілді. Ең басты оқиға Беркін ағаның жазған 
«І.Үргенішбаев» атты кітабы 1000 дана болып, көркем басылып тағы шығарылды.  
Облыстық  тарихи-өлкетану  музейінде,  облыстық  драма  театрында,  Шалқарда 
салтанатты мерейтойлық шаралар өткізілді. Ақтөбедегі, Шалқардағы батыр ескерткіштеріне 
гүлдер  қойылды,  жанында  сөз  сөйленіп,  патриоттық  шаралар  ұйымдастырылды.  Ақтөбеде 
тоғызқұмалақтан  облыстық  біріншілік  өткізілді.    I-II-III  орын  алған  тоғыз  құмалақшыларға 
жақсы сыйлықтарды Лескен, Дәулетжан, Еркін, Ғалым ағаларым тапсырды. 
Командалық  бірінші  орынды  Беркін  ағаның  туған  Байғанин  ауданы  спортшылары 
жеңіп алды. 
Шалқарда  батыр  атаның  100  жылдығы  І.Үргенішбаев  атындағы  мектеп  мұғалімдері 
ұйымдастырумен аталып өтті. Салтанатты жиын болып, аудан әкімі Р.Сыдықов сөз сөйледі. 
Ардагерлерге ас берілді. Осы шаралардың бәрінің бастауы, әрі негізі Беркін ағамның еңбегі 
«І.Үргенішбаев»  деген  кітабы  болды.  Әр  шарада  Беркін  ағамның  кітабынан  үзінді, 
сілтемелер жасалынып отырылды.  
Адамға  тек  қана  жақсылық  ойлайтын,  кез  келген  нәрсеге  мұқият  мән  беріп  қарайтын 
және  бәрін  есте  сақтайтын  Беркін  ағамды,  алтынның  сынығын,  ыстық  ықыласпен  еске 
аламын.  Өмірден  сәбидей  пәктікпен,  ақкөңіл  адалдықпен  өткен  ағаға  пейіштен  орын 
тілеймін. Ағамның қазасына бара алмасамда, бір екі ауыз пікір білдіруді өзімнің азаматтық 
борышым деп санадым. 
 Жыл өтті аға, сізді іздегелі, 
Санаға жарқын бейнең жүз келеді 
Тарихты қажымастан түгендеуші ең, 
Мына өмір ұқтырғандай бізге нені? 
Қайда сол жарқын күндер, шуақты шақ, 
Бақытты қылатындай бірақ құшақ. 
Тұрады асыл тұлғаң ойымызда, 
Жүрерміз жақсы ісіңнен жігер, күш ап. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
209  
    
 
ОЙЫН БАТЫЛ, ДӘЛЕЛДІ АЙТАТЫН 
 
Жасекенов Қази Құдайбергенұлы 
Продюссер, мәдениет қызметкері 
 
Шыныменде  осындай  жағдайда,  сөйлеуде  қиын.  Таныған,  көзін  көріп  бірге    жүрген, 
сыйлас  Құрманбековтер  әулетімен,  Беркін  ағаның  отбасыларымен  өте  жақсы  таныспыз.  
Анасымен  марқұм  талай  араласып,  қолынан  шай  ішіп,  үйінде  болып,  дастарқанынан  дәм 
татып  жүргенде,    бір  байқағаным,  Құрманбеков  әулетінің  үйінде  кітаптардың  көптігі,  және 
олардың кітапты өте жақсы көретіні, оқымысты, білікті, мәдениетті, сыпайылығы еді. Өмір 
бойы,  осы  уақытқа  дейін  олардың  аузынан  жаман  сөздер  естіген  емеспін.  Ал  менің 
отбасымда анда – санда ондай сөздер шығып кетуі мүмкін. Беркін ағаймен Ерекең шақырып, 
Қобдаға  барғанда  таныстық.  Сонда  Сәуле  марқұмның  қолынан  шай  ішіп  әңгімелестік.  
Осында,  Ақтөбеге  көшіп  келгенде  қатты  қуандық,  ертерек  көшу  керек  еді.  Беркінмен 
сөйлескеніңнің    өзі  бір  кітап  оқығандай.  Көп  затты  зерттеп,  зерделеп  қарап  жүретін.  Бүкіл 
республикадан  шақырып,  стадионда  ақындардың  айтысын  өткізетінбіз.  Халық  өте  көп 
келетін, жақсылап айтысты тыңдайтын.   
Қалған  әріптестері  келмегенде  Беркін,  ізденіп  жүріп  «мына  айтыс    өнерін  үлкендер 
қарайды,  көрермендері  үлкендер  екен,  жастар  жоқ,  кім  ертең  тыңдайды»  деп  айтысқа 
жастарды тарту туралы ойларын  айтқан еді.  Жәрменкенің тарихын зерттеп жүрген Беркін, 
біздің  бір хабарда наурыз туралы әңгіме болғанда, мен ойлағанмын не айтар  екен деп. Біз  
енді «Свободный художник» ауызша бос айта береміз,  қорқатын ештемеміз жоқ.  Байқасам 
Беркін  менен  де  асып  кетті,  Беркін,  мына  наурызда  халық  төрт  сағат  тұрып  концерт 
тыңдайды    шаршамайды  ма?  –  екен,  деп  Наурыз  мерекесін  өткізудің  кейбір  келелі  ұлттық 
мәселелерін ашық ортаға салды. Сөйтіп, Беркін бәріне жаны ашитын, ұлт мәселелерін батыл 
айтатын еді. Сәуле қайтыс болғанда Беркін де, бәрімізді де   қатты өкіндірді. Ол  екеуі сондай 
Қыз Жібек пен Төлеген сияқты ауыз біршілігі жарасқан, адамдар еді. Талай тойда жүргенде 
ой, керемет би билегенді жақсы көретін, жігіттің сұлтаны, білімді, ұлтжанды тарихшы, үлкен 
философ еді. Беркін әңгіменің майын тамызып айтатын. Кездесіп қалсам деп, сөйлесіп қалсақ 
екен деп, Беркінді сөйлесу үшін іздеп жүретінмін.  Ерекеңді де, Беркінді де ағамдай жақсы 
көремін.  Бұл  отбасына  балаларына  да  өте  ауыр  болды.  Ереке,    сізге  де  айтарым  уайым 
қайғыны уақыт емдесін, құдай соңғы жылдары сіздерге көп қайғы түсірді , енді тек қуаныш 
болсын,  осы  балалардың  қызығын  көріп,  тойын  көрейік.  Беркін  мен  Сәуленің  жоқтығын 
білдірмейік.  Бүгін  мен  Қ.Жұбанов  атындағы  университеттің  ұжымына    өте  риза  болдым. 
Беркінмен  қоштасу  шараларын  керемет  ұйымдастырды.    Беркінге  де  бұрын    айттып  едім,  
коллективің жақсы ғой деп, Беркін сонда «Бізде ауызбіршілік мол, тәртіп бар сондықтан бәрі 
дұрыс болады» - деген еді. Ректор  Кенжекеңнің өзінің мақсаты да осындай болғаны еді ғой. 
Беркіннің  коллективі  өте  керемет.  Әр  адам  осындай  коллективті  армандайды.  Жатқан  жері 
жайлы, топырағы торқа болсын, иманы жолдасы болсын! 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
210  
    
 
ТЕМІРЛІКТЕР АЛҒЫС АЙТАДЫ 
 
 Көбенов Ізімғали 
Халықаралық «Невада – Семей» қозғалысының  
Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, 
дәрігер, қоғам белсендісі. 
 
Қадірлі  жерлестер,  Мен  Беркінмен  90  жылдарда  танысып  едім,  1995  жылы    Батыр 
қызымыз  Әлия Молдағұлованың 70 жылдығын, ел болып, халық болып дүбірлетіп тойлатып 
өткіздік. Ол жылдары мен республиканың депутаты едім. Сол той  кезінде  Беркін халыққа 
қызмет  жасап  жүрді.  Сол  кезде  үлкен    Еркін  ағамыз  облыстық  мәдениет  басқармасын,  ал 
Беркін  Қобда  ауданының  оқу  бөлімін  басқарды.  Әлия  Молдағұлованың  70  жылдығына 
арналған  театрландырылған  тамаша  көрініс,  көңілді  концерт,  ақындар  айтысы,  салтанатты 
жиын,  Ә.Молдағұлованың  ескерткішін  ашу,  Әлия  ауылын  көріктендіру,  жолды  жөндеу, 
музей,  мәдениет  үйін, мектепті    мерекеге  дайындау,  көптеген  атақты  қонақтарды күтіп  алу 
т.б  сияқты  көлемді  шаруалардың  бәрі  облыспен,  ауданның  Беркін  сияқты  іскер, 
жауапкершілігі жоғары азамат басшылардың тиянақты істерінің нәтижесі арқасында жүзеге 
асқаны белгілі. 
Әлия  Молдағұлованың  70  жылдығына  арналып  облыста  көптеген  шаралар 
мектептерде, аудандарда, ауылдарда өтті, облыс көлемінде  тамаша салтанат өтті. Сол кезде 
Беркіннің  елге  деген  ұлтжандылығына,  патриоттығына    танқалумен  болдық,  осы  арада  көп 
азаматтар отыр, сол шаралардың барлығын да растайды. Одан соң  егемендік алғаннан кейін 
Беркіннің  үлкен  жұмысы    Қалменов  Алпысбай  –  Ресей  мемлекеттік  думасының  депутаты 
туралы кітап жазуы болды. Тек қана бір азаматты, бір ұрпақты жазғаны емес, ол бүкіл Темір 
ауданының,  қазақ  халқының  егеменді  Қазақстанға  қосқан  үлесін  жазғаны.  Темір 
ауданындағылар оған әлі күнге дейін алғыс айтады, сондай талай алғыстарды  Беркін ағама 
жеткіздім.  Беркінмен  Темір  ауданына  осыдан  екі  –  үш  жыл  бұрын  бірге  барғанбыз.  Беркін 
ағамызбен  Нұрпейістің    Шұбардағы  туған  немерелерінің,  шөберелерінің  үйіне  бардық.  Ең 
үлкен  пайдалы  жұмысы  Нұрпейіс  Байғанин  атамыздың  тарихын,  ісін,  ұрпағын, 
жауапкершілікпен    маңдай  терін  төгіп  бір  үлкен  кітап  шығарды.  Темір  ауданына  барған 
кездерімдегі  әңгіме  барысында    Нұрпейістің  ұрпақтары,  ел  азаматтары  Нұрпейіс  атамыз 
ұмытылып  бара  жатыр  еді,  Беркін  ағамыз  тарихты  жаңартып,  ақынның  өмірін, 
шығармашылығын,  бүкіл  ұрпағының  шежіресін,  буын-буынымен  бөліп  жаңаша  жазып  
жеткізіп берді, деп алғыс ризашылығын білдіріп отырады, Беркін ғалым – өлкетанушы Темір 
тарихы,  Темір  жәрмеңкесі  деген  кітаптарын  да  шығарды.  Бұл  ғылыми  еңбектер  жаңа 
көзқараспен бұрынғыдан өзгеше жазылды.   
Бұл  тек  қана  Темір  ауданына  істеген  жақсылығы  ғана  емес,  Егеменді  Қазақстанның 
тарихына қосқан үлесі. Ал  енді  бүгін қасиетті  рамадан қадірлі  ораза айы басталып жатыр, 
айдың  сұлтаны,  осындай  айда  сол  Беркіннің  жатқан  жері  жайлы  болсын,  иманы  жолдасы 
болсын,  алдағы  уақытта  Құрманбековтер  әулетінде  қуаныш  болсын!  Садақаларыңыз  қабыл 
болсын! Орны жұмақта болсын! 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет