Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Ол сүйекті және жарғақты лабиринттен тұрады. Есту мүшесінің рецепторлы жасушалары



бет19/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Ол сүйекті және жарғақты лабиринттен тұрады. Есту мүшесінің рецепторлы жасушалары спиральді мүшеде, ал тепе – теңдікті сақтау мүшесі макула қапшықтары мен тарақшаларда орналасқан. Лабиринт сүйекті және жарғақты болып екіге бөлінеді. Сүйекті лабиринт жарғақты лабиринтке тіректік, қорғаныш қызметін атқарады. Жарғақты лабиринттің қабырғасы дәнекер және эпителий тінінен тұрады.
Сүйекті және жарғақты лабиринттің арасы перилимфа, ал жарғақты лабиринттің қуысы эндолимфа сұйығымен толтырылған.
Жарғақты лабиринттің вести- булярлы бөлігі екі қапшықтан – утрикулюс және саккулюстен тұрады. Олар жіңішке канал арқылы қосылады.
Каналдар утрикулюспен қосылған жерінде кеңейген ампуланы көруге болады. Ампула аймағында рецепторлы жасушалары бар. Утрикулюс пен саккулюсте бұл жерді макула деп атайды.
3. Жарықтық және электрондық микроскопиялау. Арнайы және сандық зерттеулердің әдістері. ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ МИКРОСКОПИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ. Микроскопиялау жарық (жарық микроскопты пайдаланып) және электрондық ( электронды микроскопты пайдаланып) болып екіге бөлінеді.
Жарық микроскопия: Жарық микроскопия гистологиялық препараттарды зерттеудегі негізгі әдістердің бірі. Қазіргі микроскоптар жоғарғы айқындағыштық қабілеті бар және жасушалар мен тіндердің өте нәзік құрылымдарын зерттеуге мүмкіндік беретін әр түрлі күрделі оптикалық жүйелерден тұрады. Микроскоппен көруге болатын ең кішкентай құрылымның көлемі айқындағыштың шегі (d0) арқылы анықталады. Көбінесе ол жарық толқынның λ ұзындығына байланысты және d0 = λ/2. формуласы арқылы анықталады. Сонымен, жарық толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым айқындағыштың шегі де қысқа және препаратта көлемі бойынша ең кішкентай құрылымды көруге болады.
Гистологиялық препаратты зерттеу үшін көбінесе маркалары әр түрлі жарық микроскоптары қолданады. Жарық микроскобында жарық түсіру үшін табиғи немесе жасанды жарық көздері қолданады. Спектрдің көрінетін бөлігінің минималды толқын ұзындығы шамамен 0,4 мкм. Жарық микроскобының айқындағыштық ара қашықтығы 0,2 мкм тең, ал жалпы ұлғайтуы 2500 ретке жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет