Дәнекертінінiң жасуша аралық заты Дәнекер тінінің жасуша аралық заты – коллагенді, эластикалық, ретикулярлы талшықтардан және аморфты заттан тұрады. Жасуша аралық зат негізінен дәнекер тінінің жасушаларынан бөлінген секрециядан, екіншіден қан плазмасынан толтырылады. Ұрықтың 1-2 айында олар дами бастайды. Жасуша аралық зат ұдайы бұзылып, қайта қалпына келіп отырады.
Жасуша аралық заттың физика - химиялық жағдайы да оның функциясын анықтайды. Егер жасуша аралық зат өте тығыз болса, сол ғұрлым механикалық, тіректік, функциясы берік болады.
Коллаген талшықтары дәнекер тіндері талшықтарының ішіндегі ең мықтысы. Коллаген талшықтары борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінде әр түрлі бағытта орналасады. Коллаген талшықтары созылмайды, үзілмейді және берiк. Суда тез ісінеді. Оның негізгі құрамы фибриллярлы белок - коллаген Коллаген типтерінің шамамен 14 түрін ажыратады. Мысалы:
І типті коллаген терінің дәнекер тінінде, сіңірде, сүйекте, көздің касаң қабығында, артерия қабырғасында және т.б. кездеседі;
ІІ типті коллаген гиалинді, фиброзды шеміршек, шыны тәрізді дене және көздің қасаң қабығының құрамына енеді;
ІІІ типті коллагенұрық терісінің дермасында, ірі қан тамырларының қабырғаларында, сондай – ақ ретикулярлы талшықтарда болады.
ІV типті коллаген базальді мембраналарда, көз бұршағының капсуласында кездеседі;
V типті коллаген амнионда, хорионда, эндомизиде, перимизиде, теріде коллаген синтездеуші жасушалардың айналасында болады.
Ретикулярлы талшықтар коллагенді талшықтар типіне жатады, себебі оның құрамына коллаген белогы (ІІІ тип) мен қан түзу мүшелерінің ретикулярлы жасушалары синтездейтін көмірсутегі кіреді. және көміртек бар. Ретикулярлы талшықтар үш өлшемдi тор (ретикулум) түзедi.
Эластикалық талшықтар дәнекер тіндерінде серпімді және созылмалы болады. Беріктігі бойынша коллагенді талшықтардан төмен. Эластикалық талшықтардың құрамында микрофибриллярлы және аморфты компоненттерді ажыратады. Бұл талшықтардың құрамында фибробластар синтездейтін эластин белогы бар. Эластин белогында амин қышқылы аз, цистин мүлдем болмайды және амин қышқылының туындысы – десмозин мен изодесмозин болады. Эластикалық талшықтардың коллагенді талшықтардан айырмашылығы, оларда көлденең жолақты құрылым жоқ. Неғұрлым жетілген эластикалық талшықтарда аморфты кұрамның 90 % эластині болады. Жетілген эластикалық талшықтардан басқа, элаунинді және окситаланды талшықтарды ажыратады.
Аморфты зат - дәнекер тінінің жасушалары мен талшықтарынан түзілген, гидрофильді сұйық орта. Негізгі заттың құрамына - белоктар, қан плазмасы, су, органикалық емес иондар, протеогликан, глюкозаминогликан, майлар енеді. Негізгі заттың функциясы – қан мен жасуша арасында зат тасымалдау, механикалық, тіректік, қорғаныштық.