Электрондық микроскопия
Электронды микроскопта электрондардың толқын ұзындығы, жарық микроскопқа қарағанда едәуір 50 000 В кернеу кезінде вакуумдегі электродтар шоғырының қозғалысы кезінде пайда болатын электромагниттік тербелістің толқыны 0,0056 нм тең. Бұл жағдайда теория бойынша арақашықтық шегі шамамен 0,002 нм немесе 0,000002 мкм болуы мүмкін. Қазіргі электрондық микроскоптарда айқындағыш арақашықтық 0,1- 0,7 нм құрайды.
Жарық түсіретін (трансмиссиялық) микроскоптың көмегімен зерттеуші объектінің тек жазық кескінін алуға болады. Зерттелінуші объект бетінен үш өлшемді бейнені көру үшін растрлық микроскоп қолданылады. Растрлық микроскоп зерттелуші объектіні электрондық микрозондпен сканерлеу принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл микроскопта электрондар сәулесі объект арқылы өтпей, оның бетінен шағылысады. Фиксацияланған және кептірілген объект алдын – ала арнайы әдіспен өңделеді: объектің беті. рельефіне үйлестіріліп, вакуумда буланған металдың өте жұқа қабатымен қапталады. Фокусқа дәл туырланған электрондардың жұқа шоғыры (скандейтін шоғыр, микрозонд; зонд – сүңгі), дефлектор (шағылдырғыш) деп аталатын арнайы құрал көмегімен, объект бетіне қиғаштап және үнемі алды-арты жылжитын (скандейтін қимыл) түрде түсіріледі. Металдынған объект бетіне түскен электрондар, оның жеке нүктелерінен «екіншілік» электрондарды қағып шығарады. Олардың мөлшері шоғырдың объект бетіне қатысты түсу бұрышына тәуелді. Детектор арқылы қабылданған электрондар, люминесценциялық экранның немесе фотопластинканың фокусына туырланып, объект бетінің рельефіне сәйкес жарық немесе көлеңке нүктелерден тұратын, кәдімгі телевизор экрандағы сияқты, үш өлшемді (көлемді) бейне қалыптастырады.
5. Жасушалық қабық (плазмолемма). Плазмолемманың химиялық құрамы мен функциясы. Жасушааралық байланыс /контакты/.
ЖАСУШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
Жасуша – тінддердің жетекші құрамы. Жасуша – ядро, цитоплазма, жасушалық қабықтан тұатын, тіріге тән барлық қызметтерді: зат және энергия алмасуын, көбею, өсу, генетикалық ақпараттарды сақтауды орындайтын организмнің құрылымдық бірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |