Гистологиялық препарат дегеніміз - арнаулы гистологиялық бояулармен өнделген, қалындығы 5-15 мкм жасуша, тін, мүше кесінділері (тілімдері). Олардың түрлері: жұғын (мысалы, қанның, сүйек кемігінің, жұлын сұйықтығының жұғыны), мөрлі (мысалы, көкбауырдың тимустың, бауырдың), тіннен алынған жұқа қабық (пленка) (мысалы, жұмсақ ми қабығының, іш перденің), жұқа кесінді. Гистологиялық препараттарды арнайы өңдеуден өткізбей зерттеуге болады. Мысалы, дайындалған қан жұғынын, мөрлі препаратты немесе кесіндіні микроскоптың астында бірден қарауға болады. Бірақ құрылымның контрасты төмен болғандықтан, олар әдеттегі жарықтық микроскоптан нашар көрінеді, сондықтан да арнайы микроскоптардың пайдалануы талап етіледі. Сол себептен жиі арнайы өңделген препараттар қолданылады: фиксацияланған, қатты ортаға бекітілген және боялған.
Гистологиялық препараттарды дайындау кезеңдері: материалды алу және оны фиксациялау
ß
материалды тығыздау
ß
кесінділерді дайындау
ß
кесінділерді гистологиялық бояулармен бояу
ß
консервлеуші ортаға кесіндіні бекіту
Материалды алу.Гистологиялық зерттеу үшін материалды алу биопсиялық (грек. bios - тіршілік және opsis – көру) – тірі организмнен зерттелетін мүшеден (биопат) кесек алу жолымен жүреді.
Қайтыс болған соң диагноз коюға қажет гистологиялық материал аутопсия (грек. autos - өзі және opsis көру, яғни өз көзімен көру) кезінде алынады.
Материалды алу барысында қойылатын талаптар: материалды алу уақытын максималды қысқарту, олардың құрылымын өзгертіп алмау үшін абайлап, мүмкіндігінше аз зақымдау, фиксация үшін жағдай жасау.
Фиксациялау(лат. fixatio - бекіту). Ол мүшеден алыңған кішкентай материал не фиксаторға (спирт, формалин, арнайы фиксациялайтын қоспалар, ауыр металл тұздары) салынғанда, не термиялық өңдеуден өткенде орындалады. Фиксатордың әсерінен тіндер мен мүшелерде күрделіхимиялық, физикалық өзгерістер жүреді. Олардың ішінде неғұрлым маңыздысы тірі белоктардың қайтымсыз коагуляция процесіне ұшырап, тіршілік процестерінің тоқтауы. Фиксациялау материал кесегінің тығыздалуына және оның көлемінің кішіреюіне әкеледі. Фиксациядан кейінгі кезең тығыздау, яғни парафинде немесе целлоидинде бекіту. Ол үшін фиксацияланған үлгіні сусыздандыру (дегидратациялау) қажет, себебі фиксаторлардың көпшілігі сулы ерітінділер болып табылады және су тығыздаушы орталармен араласпайды. Дегидратация жасу үшін фиксацияланған материалды концентрациясы жоғарылайтын спирт қатарынан 60% , 70%, 80%, 90% және абсалютті - 100% спирттен өткізеді.
Тығыздау кезінде фиксацияланған және сусыздандырылған тінді балқыған сұйық парафинге немесе басқа тығыздаушы заттарға (мысалы, целлоидинге және органикалық қара майға) батырады. Парафин материалға сіңіп, суыған кезде тығыз тін кесегі (блок)пайда болады. Парафинді желім ретінде қолданып блокты ағаш кубке бекітіеді. Материалды тығыздау мұздату арқылы да орындалады. Тіндік кесекті мұздату әдісін пайдаланып, оны неғұрлым тез тығыздауға болады. Тығыздау өте жұқа кесінді алу үшін қолайлы.