Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Консервлеуші ортаға кесінділерді бекіту (жабу)



бет12/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Консервлеуші ортаға кесінділерді бекіту (жабу) препаратты және оның бояуын, мөлдірлігін, құрылымын ұзақ мерзім сақтауға мүмкіндік береді. Кесіндіні бекіту гистопрепаратты жасаудың соңғы кезеңі. Бұл кезеңде боялған кесіндіні заттық шыны бетіне салып мөлдір, қатып қалатын және консервациялайтын (лат.conseryatio – бұзылудан сақтау) канадалық бальзам тамызады. Кейін оның үстіне кесіндіні зақымданудан қорғайтын жабынды шыныны жабады. Осылайша бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын тұрақты гистологиялық препарат дайын болады.
Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптар:

  1. зерттелетін тін өзінің тірі кезіндегі құрылымын максималды сақтау керек;

  2. кесінді мүмкіндігінше жұқа және мөлдір болу керек;

  3. кесіндінің контрастылығы жоғары болу керек;

  4. тұрақты болу керек.

1. Гистологияның микроскопиялық және қазіргі замаңғы дамуы. Сипаттамалық, салыстырмалық және эвоюциялық гистологияның қалыптасуы. Қазақстан мемлекетіндегі гистологияның дамуы (А.Г. Зорина, А.С. Толыбеков, А.Н. Бажанов және т.б.). Адам организмі тұтас жүйе, оның ішінде тірі материяны қалыптастыратын бірқатар иерархиялық деңгейлерді атауға болады: жасушалар – тіндер – мүшелердің морфофункциялық бірліктері – мүшелер – мүшелер жұйесі. Олардың әрбірінде басқа деңгейден өзгешелігін көрсететін морфофункциялық ерекшеліктері болады.
Гистология (грек. histos — тін, logos — ілім) - тіндердің құрылысы, дамуы және тіршілік әрекеті туралы ғылым.
Тіндер организмдегі аса маңызды қызметтерді атқаратын біріккен және маманданған жасушалар мен жасушасыз жүйелерден тұрады.
Гистология курсында негізгі төрт бөлімдерді ажыратады: цитология, эмбриология, жалпы гистология және жеке гистология.
Цитология (грек. kytos — жасуша, logos — ілім) — жасушалардың құрылысы, дамуы және тіршілік әрекеті туралы ғылым.
Цитология гистологияның тиісті бөлігін құрайды, себебі жасушалар тіндердің дамуы мен құрылысының негізі болып саналады. Цитология соңғы жылдары биологиялық және медициналық практиканың дамуына елеулі үлес қосқан ғылыми жаңалықтарға бай. Ядро, оның хромосомалық аппаратының құрылысы жайлы жаңа деректер тұқым қуалайтын аурулардың, ісіктердің, қан ауруы мен басқа көптеген аурулар цитодиагностикасының негізіне жатады. Тіндік жүйелерде жасушалық мембрананың ультоқұрылымдық ерекшеліктері мен химиялық құрамын ашу жасушалардың өзара әрекеттесу, қорғаныштық реакциялар мен т.б. заңдылықтарын түсіну үшін қажет. Медициналық практикада цитодиагностика кеңінен қолданады. Жасушаларды қан және сүйек кемігі жұғынында, жұлын сұйықтығында, сілекейде, несепте және биопсия кезінде алынған әр түрлі мүшелер үлгісінде зерттейді.
Эмбриология (грек. embryon — ұрық, logos —ілім) — ұрық және оның даму заңдылықтары туралы ғылым.
Медициналық жоғарғы оқу орындарында оқылатын эмбриология курсында адамның эмбриондық даму заңдылықтарына және эмбриогенездің белгілі кезеңдерінде тіннің даму көзі мен түзілу механизміне (гистогенез) ерекше назар аударылады. Гистогенездің заңдылықтарын, оның регенерацияға қабілеттілігін постнаталдық даму кезінде тіндік құрылымның морфофункциялық ерекшеліктері анықтайды. Сондықтан эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін зерттеу тіндерді зерттеудің алдында өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет