Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет13/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Жалпы гистология – тіндер, тіндердің шығу тегі, құрылысы мен қызметі, оларға ғана тән ерекшеліктері туралы оқытатын ғылым. Тіндер эмбриондық даму кезінде қалыптасатын жасушалар мен олардың туындыларының күрделі жүйесі болып табылады.
Жеке гистология жалпы гистологияның маңызды бөлігі болып саналады. Ол көптеген тіндердің ерекшеліктері мен олардың әр түрлі мүшелердегі өзара байланыстарын, жүйелерді түзудегі ұқсастықтарын қарастырады.
Гистология, цитология және эмбриология пәні студенттерге нақтылы материлда материалистік диалектика заңдарын толық ашуға мүмкіндік береді.
Жасушалар, тіндер және мүшелер заңдылықтарын тану олардың қызметтеріне байланысты жүргізілуі тиіс. Құрылысы мен қызметі арасындағы қатынас материя мен оның қозғалысының бірлігі жайлы диалектикалық материализм заңы позициясымен қарастырылады.
Әрбір құрылымды зерттеу Ч. Дарвиннің эволюциялық іліміне негізделген тарихи поэзиясымен жүргізілуі қажет. Ч. Дарвиннің бұл ілімі бойынша адам организмін құрастырушы бөлімдер филогенетикалық даму нәтижесі ретінде қарастырылады. Филогенезде тіндердің даму теориялары (А.А.Заварзиннің параллельдік қатар мен Н.Г.Хлопиннің дивергентті дамуы) тіндердің қалыптасуының негізгі заңдылықтарын орнатады.
Қазіргі гистологияда жасушалар, тіндер мен мүшелер дамуын, құрылысын, қызметін түсіну үшін тірі объектілерде бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін зерттеудің эксперименталдық әдістері кеңінен қолданады.
Гистология медицина саласының ішіндегі маңызды орын алатын, әрі адам организмінің құрылыс-қызметін, өмір бойғы тіршілігі мен патологиясына анализ беретін ілімдердің бірі болып сан
Қазіргі гистология, цитология және эмбриологияда жасушалардың, тіндер мен мүшелердің даму процесін, құрылысын және қызметін жан – жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әр түрлі зерттеу әдістері қолданады.
Цитологиялық және гистологиялық анализдердің негізгі кезеңдері: зерттеу объектісін таңдау,оны микроскопта зерттеуге дайындау, микроскопиялық әдістерді қолдану.
Зерттеу объектісі - тірі және тіршілігін жойған жасушалар мен тіндер, олардың жарық және электрондық микроскоппен алынған бейнелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет