Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет72/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Ауыспалы эпителий несеп шығару жолдарын - қатты созылатын мүшелерді астарлайды. Мүшелердің пішіндері өзгерген сайын, эпителидің қалыңдығы мен құрылысыда өзгереді.
Эпителидің генетикалық классификациясы
Тіндердің дамуын зерттеу негізінде Совет гистологы Н.Г.Хлопин эпителий тінінің онтофилогенетикалық классификациясын жасады. Оған эпителидің эпидермальді (тері), энтодермальді (ішек), целонефродермальді, эпендимоглиальді және ангиодермальді түлері жатады.
Эпидермальді түрі эктодермадан дамиды, оның құрылысы көп қабатты және көп қатарлы, негізгі қызметі – қорғаныштық. (мысалы: терінің көп қабатты жазық мүйізделген эпителиі).
Энтодермальді түрі энтодермадан дамиды. Құрылысы бойынша бір қабатты призмалы болып, заттарды сору қызметі (мысалы, жіңішке ішектің бір қабатты көмкермелі эпителиі) мен безді қызмет атқарады.
Целонефродермальді түрінің шығу тегі мезодермальді. Құрылысы бойынша бір қабатты, жазық, куб және призма тәрізді, негізгі қызметі экскреторлы (мысалы, сірлі қабықтың жазық эпителиі – мезотелий, бүйрек өзекшелерінің куб және призмалық эпителиі).
Эпендимоглиальді түрі ми қуысын астарлайтын арнайы эпителиден тұрады. Ол нерв түтігінен дамиды.Ангиодермальды түрнеі мезенхимадан дамыған қан тамырларының эндотелиалді астарын жатқызады. Құрылысы бойынша бір қабатты жазық эпителий болып табылады.
25. Эпителиальді тіндердің секреторлық қызметі. Безді эпителийлердің құрылысы мен жіктелуі. Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреция түрлері: голокринді, апокринді, мерокринді.
Безді эпителилерге секреторлық қызмет тән. Безді эпителий безді немесе секреторлық жасушалардан – гландулоциттерден тұрады. Олар тері, шырышты қабықтар және бірқатар ішкі мүшелердің бетіне арнайы өнімдер - секреттер бөледі. Ағзада секреция жолымен көптеген маңызды қызметтер орындалады: сүттің, сілекейдің, асқазан және ішек сөлдерінің түзілуі.
Гландулоциттерде көбінесе цитоплазмасында секреторлық қосындылар болады және эндоплазмалық тор мен Голджи кешені жақсы дамыған. Сондай – ақ органеллалар мен секреторлық түйіршіктер полярлы болып орналасқан.
Гландулоциттер базальді мембранада орналасады. Олардың пішіндері әр түрлі және секреция фазасына байланысты өзгереді. Ақуызды секретті синтездейтін гландулоциттердің цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тор, ал ақуызды емес секретті синтездейтін жасушаларда түйіршіксіз эндоплазмалық тор жақсы дамыған.
Безді эпителидің қызметі – секреция күрделі процесс. Ол төрт фазадан тұрады: заттардың түсуі, секреттің синтезі мен жиналуы, секретті шығару және қалпына келу.
Бірінші фазада безді жасушаларға қан мен лимфадан органикалық емес қосындылар, төмен молекулярлы қосындылар, су түседі. Екінші фаза кезінде эндоплазмалық торда бұл өнімдерден секрет синтезделеді. Эндоплазмалық тордан синтезделген секрет пластинкалы кешенге ауысады және сол жерде жиналып гранула түзеді.
Үшінші фаза кезінде түзілген гранула жасушадан бөлінеді. Секреттің бөліну механизмі әр түрлі бездерде бірдей емес, сондықтан секрецияның үш түрін ажыратады: мерокринді, апокринді және голокринді.
Секрецияның мерокринді типі кезінде безді жасушалар өзінің құрылысын толығымен сақтайды. Оларға асқазан, ішек бездері жатады. Секрецияның апокринді типі кезінде безді жасушалар жартылай бұзылады. Оларға сүт және тер бездері жатады. Голокринді типте цитоплазмада секрет жиналып, безді жасуша толығымен бұзылады. Бұл бездерге терінің май бездері жатады.
Төртінші фаза - безді жасушалардың қалпына келуі. Ол жасушалық регенерацияға, яғни камбиальді жасушалардың бөлінуі мен дифференцировкасына байланысты.
Безді эпителиалды тін бездер қалыптастырады. Бездерді екі топқа бөледі: ішкі секреция бездері немесе эндокринді және сыртқы секреция бездері немесе экзокринді.
Эндокринді бездер жоғары белсенді заттар - қан мен лимфаға тікелей түсетін гормондарды түзеді. Сондықтан олар тек қана безді жасушалардан тұрады және шығару өзектері болмайды. Оларға гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті безі, ұйқы безінің аралшалары жатады.
Экзокринді бездер сыртқы ортаға, яғни терінің және эпителимен астарланған мүшелер қуысының бетіне бөлінетін секреттер түзеді. Көпжасушалы экзокринді бездер екі бөлімнен тұрады: секреторлық немесе соңғы бөлімдерден және шығарушы өзектерден. Секреторлық бөлімдер грандулоциттерден түзілген. Шығарушы өзекшелер бездің шығу тегіне байланысты әр түрлі эпителимен астарланған.
Соңғы бөлімдердің құрылысына байланысты келесі бездерді ажыратады: күрделі және қарпайым. Қарапайым бездерде шығару өзектері тармақталмаған, ал күрделіде - тармақталған.
Секреттің химиялық құрамы әр түрлі. Осыған байланысты экзокринді бездер бірнеше түрлерге жіктеледі: ақуызды, шырышты, ақуызды-шырышты, майлы және тұзды (тер және жас).
Бездердің регенерациясы
Секреторлық қызметіне байланысты бездерде ұдайы физиологиялық регенерация процесі жүреді.
9.Ядро. Оның генетикалық ақпаратты ұрпақтан – ұрпққа беру және жасушаның тіршілігіндегі маңызы. Ядроның негізгі компоненттері: ядролық қабық, ядрошық, хроматин, кариоплазма.
Клетка ядросында тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі - нуклеин қышқылдары. Тірі клеткаларда нуклеин қышқылдарының екі түрі - ДНК және РНК кездеседі. ДНК күрделі полинуклеотидтік тізбектен тұратын спираль тәрізді ширатылған молекула, ол күрделі молекулалық зат,оның қарапайым заттары нуклеотидтер деп аталады. Нуклеотид құрамына азоттық негіз /аденин,гуанин,тимин,цитозин/, көмірсутек – дезоксирибоза және фосфор қышқылының негізі кіреді. ДНК молекуласындағы спираль тәрізді ширатылған молекула екі тізбек азоттық негіздер арқылы мықты /ковалентті/ байланысады.Бұл сутектік байланыс комплементарлық принциппен болады, яғни аденин тек тиминмен,ал цитозин тек гуанинмен байланысады.Толықтыаушы принциптегі байланыс бізге ДНК молекуласының негізгі қасиетін - өзін- өзі еселей алатынын түсінуге көмектеседі. ДНК молекуласының екі еселенуін редупликация деп атайды.Редупликация клетканың бөлінуге немесе көбеюге даярлану кезінде ферменттердің қатысуымен жүреді.Ферменттердің бірі азоттық негіздердің арасындағы сутектік байланыстарды ыдыратып , екі тізбекті бірінен бірін ажыратады. Ферменттердің екіншілері ядро құрамындағы бос нуклеотидтерден ажыраған тізбектерді толықтыратын тізбек түзеді. Сондықтан редупликацияда аналық ДНК молекуласынан жаңа екі молекуласы түзіледі. Бұл екі жаңа молекуладағы генетикалық информация /тұқым қуалайтын хабар/ аналық ДНК – ға сай болады. Сонысен клетка ядросында тұқым қуалаушылықты сақтайтын және ұрпақтан ұрпаққа беретін қасиет тек ДНК молекуласына байланысты.
Ядроның маңызы ДНК молекуласының құрылысы және ерекше қасиеттеріне байланысты. ДНК –ның бұл қасиеттері ядроның тұқым қуалаушылықты сақтау , ғенетикалық информацияны ұрпаққа беру және клеткадағы зат алмасуды реттеу функцияларын қамтамасыз етеді. Онымен қоса ядро клетканың метоболизмдік орталығы болып табылады.
Генетикалық хабардың өтуі және ядроның басқада функциялары ДНК және әртүрлі РНК қатысуымен жүреді. Генетикалық информацияның орындалу реттілігі мынадай : транскрипция – процессинг – трансляция – модификация. Транскрипция – дегеніміз ДНК негізінде РНК молекуласының синтезделуі.
Процессинг – информациялық РНК түзіліп, и-РНК – да жазылған нәруыз құрылымы туралы хабардың ядродан цитоплазмаға жылжуы. Трансляция – иРНК – дағы нәруыз құрылымы туралы хабар арасында поипептид тізбегінің құрылуы.Трансляциядан кейінгі модификация – түзілген полипептид молекуласына әртүрлі химиялық топтардың қосылуы.
Ядро – клетканың негізгі бөлігі. Ядролық аппарат генетикалық информацияны сақтайды және белоктық синтезді реттейді.
Клеткада көбінесе бір ядро болады. Сондаяқ, екі немесе көп ядролы клеткаларды кездестіруге болады. Ядро клетка орталығында орналасқан, ал кейде ол цитоплазманың шетіне қарай ығысқан.Ядроның пішіні клетканың формасына сәйкес келеді. Ол көбінесе дөңгелек ,таяқша ,бұршақ,сопақша тәрізді болады. Ядроның көлемі клетканың жасына ,функциясына ,тканның түріне байланысты.
Ядроны екі жағдайда зерттеуге болады: клетка бөлінбегенде /интерфазада/
және бөлінген митоз кезінде. Бөлінбеген клеткадағы ядроны интерфазалық деп атайды. Ол ядро қабығы хроматин, ядрошық,кариоплазмадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет