Мейозжәне оның биологиялық маңызы Мейоз (грек. meiosis - кему) – бұл жасушалық бөлінудің ерекше тәсілі, оның нәтижесінде хромосомалар санының екі есе редукциясы (кемуі) және жасушалардың диплоидты (2n) түрінен гаплоидты (п) түріне ауысуы жүреді.
Мейоз процесі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялық бөлінуі, екінші кезең эквациондық бөліну деп аталады. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды. Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады
Редукциялық бөлінудің нәтижесінде жасушадағы хромосомалардың саны екі есе кеміп гаплоидты сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушалары пайда болады. Мейоз кезінде хромосомалар санының кемуінен басқа да мейозды митоздан ажырататын көптеген процестер жүреді. Мысалы, гомологты хромосомалардың тоғысуы.
Редукциялық бөліну І профазадан басталып, мұнда да митоздағы сияқты хромосомалардың шиыршықталуы және хромосомалардың жақындауы- конъюгация жүреді. Конъюгация нәтижесінде Профаза бес кезеңнен тұрады: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена, диакинез.
Лептотена морфология бойынша митоздың профазасына ұқсас, бірақ мейозда әдетте ядролары ірі, хромосомалары жіңішке болып келеді. Бұл сатыда хромосомалардың жіпшелері екі еселеніп шумақ түзеді. Электрондық микроскоппен қарағанда әрбір хромосоманың екі жіпшеден тұратындығы байқалады.
Зиготенада гомологты хромосомалар, яғни бір жұпты құраушы хромосомалар бір – біріне тартылып жақындасады. Хромосоманың өзара қосылуы конъюгация депаталады. Конъюгация нәтижесінде хромосомалардың генетикалық материалдарымен алмасуы жүреді (кроссинговер). Бұл сатыда хромосомалық жұптар – биваленттер түзіледі. Электрондық микроскоппен конъюгацияланған гомологты хромосомалардың синаптинемалық комплексті түзетінін көруге болады.
Пахитена сатысында шиыршықтану нәтижесінде хромосомалар жуандайды. Жабысқан хромосомалардың жеке учаскелері бір – бірімен тоғысып хиазмалар (грек. chiasma – тоғысу) түзеді. Мұнда хроматидалар учаскелерінің алмасуы - кроссинговер жүреді. Пахитеналық кезеңде хромосомалардың транскрипциялық қабілеті күшейеді. РНҚ мен белок синтезінің белсенділігі арта бастайды.
Диплотена сатысында коньюгация барысында қарама – қарсы әрекет жүреді, яғни гомологты хромосомалар бір – бірінен ажырайды. Бивалент құрамында 4 хроматидтер анық көрінеді.
Диакинез. Хромосомалардың қысқаруы мен хромосомалық жұптардың ыдырауы жалғаса береді. Хиазмалар хромосомалардың ұшына ауысады. Ядролық мембрана бұзылып, ядрошық жоғалады. Митоздық ұршық пайда болады.