Карын сөлінін курамы мен мацызы
Адамда қарын бездері тэулігіне 2-2,5 литрдей сөл шыгарады. Ол түссіз,
реакциясы кышкыл (pH - 0,9-1,5) зат. Меншікті салмағы судан аз-ак ауыр
(1,008), құрамында 0,5-3,5% кұргак зат бар. Осмос кысымы қанның осмос
кысымына тең (7,5 атм). Қысым сел курамындагы бейорганикалык тұздар
мен иондарға байланысты. Қарын сөлінде Na, К, Са хлоридтері, сульфаттары,
фосфаітары бар. Әсіресе тұз қышкылы көп (0,3-0,5%).
Сөлде органикалык заттар - ферменттер мен муцин бар. Қарын
бездерінің негізгі гландулоци гтері пепсиноген ферментін бөліп шығарады.
Қышқыл ортада пепсиногеннен бір полипептид молекуласы (ингибитор)
бөлініп, активті пепсин ферментіне айналады. Пепсин өте қышқыл ортада
(pH- 1,5-2) қоректік заттарды гидролиздік жолмен ыдырататын фермент, pH
3,2-3,5-ке тең жерде эсер ететін пепсин - гастриксіш деп аталады. Адам
карнында гастриксин көбірек. Пепсин, эртүрлі белоктарды, айталық, белок
молекуласын полипептид сатысына дейін ыдыратады. Кейбір пепсиндер сүтті
ірітеді, яғни казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырады. Бала карны
сөліндегі сүт ірітетін фермент - химозин деп аталады. Ол сэл қышқыл, сэл
сілтілі немесе бейтарап ортада эсер етеді.
Қарын солінде ксздесетін липаза ферменті баска сөлдердегі липазадай,
тек эмульсияланған майға ғана эсер етеді. Май эдетте он екі слі ішекте
эмульсияланады (өте ұсақ бөлшектерге бөлінеді). Барша тағамдардың ішінде
май сүтте ғана эмульсия түрінде кездеседі. Сондықтан карын сөліндегі липаза
тек сүттің майын ыдырата алады. Липазалар әсерінен эмульсияланган май
ыдырап глицерин мен май қышқылына айналады.
Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды. Бірақ
карындағы ас тұзы кышқылына эбден шыланганша ас кесегініц ішінде (кақ
ортасында)
сілекейдің
а-амилаза ферменті
крахмал
мен
гликогенді
дисахаридтерге дейін, ал мальтаза ферменті мальтозаны екі молекулалы
глюкозаға ыдыратады.
Қарын сөлінде шырышты эрі сілтілі зат - муцин бар. Ол қарынның
шырышты қабығын жауып түрады да тұз кышқылын бейтараптайды. Сөйтіп,
қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен (аутолиз) қорғайды. Сонымен
бірге, ол түрлі жаракаттан да сактайды жэне қарынға келіп түскен В 12
витаминін қоршап алып, қарын сөлі ферменттерінен қорғап, ыдырамастан
денеге сіңуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |