Қарынныц қозгалысы
Қарын қабыргасындағы бірыңгай салалы еттер карынга келіп түскен
асты шырынмен араластырады. Қарын сөлі сіңгсн соң оның қарыннан ішекке
көшуін қамтамасыз стсді. Асты жүтқан сәттен бастап қарын еттері біразға
дейін босаңсиды, мұны астың рефлекстік релаксациясы деп атайды. Одан орі
тагам түріне қарай қарын қимылы күшейе бастайды.
Қарын еттерінің жиырылуы фазалық жэне тонустык жиырылу болып
скіге болінеді. Фазалык жиырылу дегсніміз негізінен перистальтикалык
жиырылу, ягни толқын тәрізденіп бүлкілдеу. Минутіне үш толқын пайда
болады. Тонустық жиырылу кепке созылады, жэне жиірек (минутіне 6-7 рет)
байқалады.
Ішіне баллон енгізін, қарын қимылын, карын қуысының кысымын
манометрмен өлшеп, тіркей отырып, үш түрлі қимыл толқынын жазып алуга
болады. Толқын биіктігі жиырылу күші мен қарын қысымын көрсетеді.
Толкындардың біреуі онша биік емес, небәрі 5 - 2 0 секундке созылады, ал
екінші бір толқын бүдан ұзагырақ (12-60) жэне биіктеу келеді. Бұлардың
екеуі де перистальтикалык кимылдар, шырышты қабык бетіндегі асты
жогарыдан томен карай жылжытып отырады, бірак қарын қуысындағы аска
301
элі келмейді, толкынның үшінші түрі күрделірек жэне ұзақка ( 6 - 7 мин)
созылады. Бүл толқын қарын қысымы күшейген кезде пайда болады, оның
әсерінен қарын пилорусы әлсін-әлсін жиырылып, астың он екі елі ішекке
өтуін қамтамасыз етеді. Қарын қимылын кезеген жүйке күшейтеді, ал
симпатикалык жүйке тежейді. Қарын релаксациясы кезсген жүйкенің
козуынан, гуморальдық заттар да (гастрин, мотолин, инсулин, серотонин)
карын қимылын күшейтеді, ал секретин, панкреозамин, пептидтер тежсйді.
Достарыңызбен бөлісу: |