Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет108/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

дүниенің жыртығы,
Көңілді аулап Күннің қызыл кірпігі, 
Айдың аппақ сәулесіне оранып, 
Мен бақытты бола салам бір күні. (Г. Салықбай) 
Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы мен «Нұрдан жаралған» 
романындағы жыландар жырын автоинтертекстуалдылық деуге болады, себебі 
екі мәтінде де қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың 
күрделілігі осы аңыз арқылы беріледі. Ал бұл екеуіне де претекст болған 
ақынның одан бұрынғы өлеңі: 
Ұмытпайды. 
Біледі ел, 
Білмесін бе? 
Әулие атам 
Халықтың бұл да есінде. 
...Аруағы оның – сарүйек жылан екен,
Оратылып жатыпты іргесінде. 
Соны айтады әлі күн, 
өңір-аймақ, 
Желден ұшқыр сарүйек,
Пері қайрат, 
Алқа топта сөз алса атам менің,
Иығында тұрыпты шегіп айбат... 
Ал Ж. Жақыпбаев өзінің мектеп жылдарындағы мына өлеңін тұтас бір 
циклға эпиграф етіп алып, екінші бір поэмасына үзінді ретінде кіргізеді: 
О.Ләйлә, мұңсызбын демеспін, 
Қайғырса, қанатсыз емес кім?! 
Бірақ та жынданып кететін 
Мен саған Мәжнүн емеспін! 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


139 
*** *** *** 
Залдарда жыр қалатын
Сенімен егескім кеп: 
«Мен саған жынданатын 
Мәжнүн емеспін», - деп. 
Олардың әрқайсысының өз мақсаты, қызметі бар. Бірінші жағдайда 
албырт сезімі жүрегін қанша кернесе де, пендешілік асқақтық, ерегіс, бүкіл 
шығармашылығына қазық болған ерекше жанды мойындамау байқалса, екінші 
мысалдан сол өткенін аңсау, ностальгия аңғарылады. Екі жағдайда да претекст 
ретінде автор өзінің бұрын жазған өлеңі алынғанын ашық көрсетеді: 
эпиграфтан соң «Бала күнгі өлеңнен» деп түпнұсқа мәтінді атаса, екіншісінде 
претекст трансформацияға түскен әрі лексика-грамматикалық индикатормен 
нақтыланып, контекстік-вариативті тұрғыда пунктуациямен ажыратылған.
Осыған ұқсас автоцитатаны А. Әлім шығармашылығынан да кездестіруге 
болады. Ақын өзінің «Анау ит неге ұлиды аспан жаққа» деген өлеңіне 
С.Есенинің бір жолымен қатар өзінің бұрынырақта жазған туындысынан
эпиграф алады:
Мы теперь уходим понемногу. 
(С. Есенин) 
Жинала бастаппыз-ау жолға біз де. 
(Аманхан) 
О мезгіл, мезгіл, білем, бізді бақтың, 
Күлкісін жұтып қойып қыз-бұлақтың. 
Қатарым сиреп жатыр, өзім болсам, 
Мысалы - желең тартқан күзгі бақтың.
Қорыта айтқанда, мәтінаралық байланыстар көркем мәтінді түсініп, 
қабылдау 
үшін, 
интерпретациялау 
үшін 
ерекше 
маңызды. 
Интертекстуалдылықтың маркері болып саналатын претекстер әр түрлі білім 
аясынан алынуы мүмкін және оқырмандардың бәріне бірдей таныс болуы шарт 
емес. Кейбір претекстер кейбір адамның индивидуалды білім аясын ғана 
вербалдайды, яғни қаламгердің өмірі, өскен ортасы сияқты жеке аясы мен 
шығармашылығын қамтиды. Оның бір туындысы уақыты жағынан кейін 
жазылған басқа бір мәтініне түрлі деңгейде кіргізіліп, екеуінің де семантикасын 
өзара ұштастыруы, түсіндіруі ықтимал. Бұл жағдайда автоинтертекстуалдылық
құбылысы байқалады. Автоцитатаны тану және түсіну оқырманның мәтіндерді 
мұқият оқуына, жадына байланысты, алайда іс жүзінде көп жағдайда бұл 
байланыстарға назар аударыла бермейтіні рас. 
1.2.5 Прецедентті жағдайлар 
Зерттеу әдебиеттерінде прецедентті жағдай деп аталып жүрген құбылысты 
нақтылау үшін сөздіктерге жүгінуге тура келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


140 
ҚТТС жағдай сөзін былай анықтайды: 1. Хал-ахуал, тұрмыс-жай; 2. 
Нақтылы жай-күй, қалып; 2. Кездейсоқ оқиға, іс; 4. Оқиға желісіндегі бір сәт, 
кез; 5. Қолайлы мүмкіндік, ыңғайлы жай-күй [89]. «Қазақша-орысша сөздік» 
авторлары бұл сөзді 1. положение; обстоятельство; ситуация [149, 261] деп 
аударады. Ал С.И Ожегов пен Н.Ю. Шведованың сөздігінде [150, 109] ситуация 
– совокупность обстоятельств, положение, обстановка деп берілген. 
Лексикографиялық анықтамалардың, біздің ойымызша, соңғысындағы жағдай 
сөзі прецеденттілік құбылысына қатысты тіркеске түсе алады, себебі 
прецедентті жағдай адамзат өмірінде үнемі болып жататын, алуан түрлі 
белгілер жиынтығынан тұратын, субъективті коннотацияға ие жай-күй.
Әлемдік көркем әдебиетте суреттелетін прецедентті жағдайлардың 
көпшілігі барлық халықтардың тіршілік-болмысына тән, ортақ болып келеді. 
Тек олардың вербалдануы сол халықтардың тарихи-әлеуметтік, діни-
конфессиялық, саяси-географиялық, тіпті шаруашылық жай-жағдаяттарымен 
байланысты болады. Мұндай идеалды деп есептелетін прецедентті жағдайлар 
адам болмысының әр қырымен байланысты болып келеді де, қалың көпшіліктің 
тілдік жадында сакральді мәтіндер (Құран, Библия, Евангелие), мифология, 
ауыз әдебиеті, көркем шығармалар арқылы аса эмоционалды, бейнелі болып 
қалыптасады. Мәселен, У. Шекспирдің Офелиясының өлімі ағылшын және 
орыс тілді әдебиетте сұлулық – қызғаныш - өлім прецедентті жағдайы ретінде 
бірнеше шығармада суреттеледі. Прецедентті жағдайлар вербалданатын 
құбылыс болғандықтан, интертекстуалды парадигмаға кіретін интертекстер бұл 
жағдайдың тек бір атрибутивті белгісін жаңғыртып, өзектендіру арқылы жаңа 
мәтіннің 
концептуалды-мазмұндық 
ақпарын 
байытып, 
толықтырады. 
Прецедентті жағдайға қатысты негізгі концептіні автор өзінің жеке түйсінуімен 
толықтыруы нәтижесінде сол концептінің перифериялық аймағы кеңейіп, оның 
динамикалылық сипаты айқындала түседі. Прецедентті жағдайлар көбінесе 
түрлі символдар арқылы көрінеді: адамдар арасындағы қарым-қатынасқа
адалдыққа түскен дақ, селкеулік – қызыл алма (Ә. Кекілбаев); адам жанындағы 
беймазалық, ішкі қайшылық – бархан, самолет (О. Бөкеев); ғұмыры ерте 
үзілген қыз бала – гүл, қызғалдақ (М. Мақатаев, А. Әлім).
Қазақ халқының жалпыұлттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет