Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


құда – қыз бен ұлды дайындайтын адам; құдағи – қыз бен



Pdf көрінісі
бет4/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
құда – қыз бен ұлды дайындайтын адам; құдағи – қыз бен 
ұлды дайындайтын адамның ғылыми инструкторы; құдаша – қыз бен ұлды 
дайындайтын адамның шпион агенті
. Бір қарағанда, қысқарған сөздерге 
ұқсайтын сияқты, тек оларда толық мағыналы әр сөздің бас әріптері алынса, 
бұл мысалдарда бір сөздің құрамындағы әрбір әріп яки элемент жаңа мағына 
тудырып отыр және бұлар мәтін емес, лексикалық деңгейде. Алайда әр мәтінде 
кез келген анаграмма жасауға болатынын дәлелдеген Ф. де Соссюр кезінде өз 
зерттеулерін жариялаудан бас тартқаны белгілі. Соған қарамастан
,
орыс 
филологиясында кез келген жұмбақтың вербалды қабатында оның шешуі (В. 
Пропп), жекелеген авторлардың өлеңдерінің атауы оның лексикалық 
құрылымында анаграмма ретінде (В.В. Лукин) берілетінін дәлелдеген ғылыми 
еңбектер бар. Бұл зерттеулер бойынша анаграмма құрайтын әріптер яки 
элементтер орналасуында белгілі бір заңдылық жоқ, олар мәтіннің кез келген 
позициясында еркін түрде байқалып, метаморфты (өзгермелі, құбылмалы) 
сипатта болады да, поэтикалық мәтіндегі фонетикалық бірліктердің мағына 
тудыру қызметіне дәлел бола алады. Осы тұста Абайдың («Әлифби» өлеңін) 
айта кету артық емес. Түр жаңалығын мақсат еткен ақын ізденісінің 
нәтижесінде туған өлең бұрын-соңды кездескені байқалмайды. «Әр тармағы 
араб әліпбиінің ретіне сай тізілген бұл өлең түрі шығыс поэтикасындағы 
күрделі көркемдік тәсілден туған. Шығыс ақыны өзінің шеберлігін паш етпек 
үшін әр түрлі күрделі көркемдік тәсілдер арқылы екі жол бәйітті мың 
құбылтып, астарына сан алуан мазмұн жасырған. Бұл күрделі көркемдік 
тәсілдердің ішінде тарих, мувашшах, менкут, мухмел т.с. тәсілдер араб 
әліббиінің графикалық ерекшеліктеріне негізделе құрылады... Мувашшах екі 
түрлі болады. Біріншісінде тармақ басындағы әріптерді жоғарыдан төмен қарай 
оқығанда қандай да бір адамның аты шығады. Ал екіншісі Абай өлеңіндегідей 
әліббидің ретіне сай түзіледі» [12, 90] екен, яғни шығыс ақындарының 
көркемдік тәсілін жете меңгерген Абай өлеңі анаграммаға құрылғанын 
байқауға болады. 
Италиялық зерттеуші Г.В.Денисова интертекстуалды байланыстар 
теориясына негіз болған еңбектер қатарына жоғарыда аталған ғалымдар 
пікірлерінен басқа А.Н. Веселовскийдің тарихи поэтика және Л.С. 
Выготскийдің өнер психологиясы туралы зерттеулерін жатқызады [13, 31]. 
Ал ресейлік А.В.Снигиревтің көзқарасы бойынша интертекстуалдылықтың 
негізі тіпті әріде: «первыми исследователями задолго до появления термина 
явились комментаторы. Именно в комментариях начали появляться элементы 
интертекстуального анализа, когда авторы не только давали расшифровку 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


12 
незнакомых среднему читателю терминов и переводы иностранных слов и 
выражений, но и находили возможные связи изучаемого текста с другими 
текстами или исторической реальностью» [14, 37]. 
Қалай болған күнде де
,
мерзімі жағынан бұрын пайда болған мәтіндер мен 
кейін жазылған мәтіндер арасында байланыстар барлығы және алғашқылардың 
семантикасы соңғыларына түрлі деңгейде әсер ететіні жоғарыдағы пікірлерден 
байқалады. Мұны сол мәтінді жазушылардың өздері де мойындайды. Мәселен, 
У. Эконың [15] пікірлері толығымен осыған кеп сайса, мына бір сөздер де 
оларды бекіте түсетін сияқты: «Кез келген сәруәр кітап басқа кітаптар жайында 
әңгіме қозғайтын секілді, және сол назым қаламнан туған кез келген кітаптың 
мазмұны басқа кітаптардың мазмұнынан құрылатын тәрізді» [16]. 
Интертекстуалдылықты кең мағынада түсіну осы терминді ғылыми 
айналымға енгізген Ю. Кристеваның еңбектерімен тікелей байланысты. Оның 
интертекстуалдылық туралы пікірін қысқаша төмендегідей беруге болады: 
1. Интертекстуалдылық әр шығармадан, текстен алынған цитаталардың 
жиынтығы емес, алайда ол түрлі цитаталы сөздердің тоғысу кеңістігі. Ал 
цитаталы сөз дегеніміз – «басқа шығармалардан алынған нақты деректер
абзацтар немесе пассаждар емес, бірақ мүмкіндігінше барлық дискурстар, 
өйткені мәдениет солардан құралады және кез келген автор өз еркінен тыс сол 
атмосфераға тәуелді болады». 
2. Интертекстердің тууы оқу – жазуға байланысты. 
3. Интертекстік құрылым басқа бір құрылымға қатысты пайда болады
яғни «мәтін цитаталар мозаикасы сияқты құрылады, әр мәтін - басқа 
мәтіндерді өзіне сіңіріп алу және оларды трансформациялау» [17]. Осы 
пікірлерге байланысты әдебиеттануда интертекстуалдылықты логика-
семантикалық тұрғыдан түсіндіру қалыптасқан [18]. Ал кейбір ғалымдар 
интертекстуалдылықты мәтіндердің контаминациясы және бір мәтінде одан 
бөлек екінші бір мәтіннің сөзін құпиялап беретін анаграмма ретінде түсінеді. 
Сондай-ақ интертекстуалдылық әдебиеттанудағы «жалпы орындар», «тұрақты 
формулалар» ұғымдарымен де байланыстырылады. Бұл орайда көрнекті қазақ 
филологі, білгір аудармашы С. Талжановтың ғылыми пайымдауын айта кету 
орынды. Ол шумерлердің «Гильгамеш» (б.д.д. кезең), оғыздардың «Кітаби-
дәдәм Қорқыт» (ІХ ғ.) және ежелгі германдардың «Фауст» (ХІ ғ.) дастандарын, 
соның негізінде жазылған В. Гетенің «Фауст» (ХІХ ғ.) трагедиясындағы «ортақ 
ұғым», Гомер поэмасы мен қазақ ертегісі «Сұр мергендегі» басты кейіпкерлер 
ұқсастығы т.б. туралы айта келіп: «...ұқсас нәрселердің бәрі де сол әрбір елде, 
өз заманына сай туа бермек. Өмір бар жерде толғану бар. Бәрін бірдей 
аудармаға тели салу теріс болар. Ұқсастың бәрі аударма емес сияқты» деген 
пікір ұсынады [19, 71]. Осымен үндес пікір шығыс шығармалары арқылы қазақ 
әдеби үдерісіне енген нәзира дәстүріне де қатысты пайда болып отырғанын 
айтуға болады. Нәзира, нәзирагөйлік туралы М. Әуезовтің [20], Ө. Күмісбаевтің 
[21], А. Қыраубаеваның [22], Н. Келімбетовтің [23] пікірлерін жинақтасақ, бұл 
дәстүрде жазылған шығармаларда ортақ сюжет, кейіпкерлер болғанмен, әр 
автор оларды өзінше, дербес мәтін туындатуға пайдаланып, ал ол мәтіндер өз 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


13 
кезегінде оқырманға да өзінше түсінуге, қабылдауға, интерпретациялауға 
мүмкіндік береді. Қазақ әдебиетінде нәзира дәстүрінде жазылған мұндай 
шығармалар бертінге дейін не аударма, не еліктеу деп танылып келгенін айта 
келіп, Н. Келімбетов «нәзира дәстүрінің ішкі табиғатын бүгінгі күн тұрғысынан 
жан-жақты зерттеу қажет деп білетінін» [23, 208] көрсетеді. Біздіңше, 
зерттеуші айтып отырған ішкі табиғат сюжет, кейіпкер ортақтығынан басқа бұл 
мәтіндердің семантикалық байланыстарын, модальділігін қамтамасыз ететін 
мағыналық ұйытқы сөздерді, олардың синонимиясы мен антонимиясын, түрлі 
деңгейдегі цитацияны да қарастыруды қамтиды.
Бұл айтылғандардан интертекстуалдылық мағынасының кең екені және ол 
автор тұрғысынан түсіндірілетіні байқалады. Интертекстуалдылықтың бұл 
түрін В.В. Лукин [24, 120] максималистік деп бағаласа, интертекстуалдылық 
құбылысын неміс тіліндегі газеттер материалында зерттеген К. Костыгина 
интертекстуалдылықтың радикалдық концепциясы деп атайды [25]. 
Американдық ғалым М. Риффатер, оның ізімен И.В. Арнольд 
интертекстуалдылықты оқырманның қабылдауымен байланыстырады, яғни 
көркем шығарманы оқып отырған адам оны өзі бұрын оқыған шығарманың 
оқиғасымен, композициясымен, контексімен, семантикасымен байланыстыра 
алуы деп түсіндіреді. 
Тар мағынасында интертекстуалдылық «мәтін ішіндегі мәтін» деп 
танылады. Бұл қолданыс ғылыми айналымға Тарту университетінің 
профессоры Ю.М. Лотманның семиотикаға байланысты еңбектері арқылы 
кірді. Ю.М. Лотманның пікірін лингвистер арасынан өзіндік ойларымен 
толықтырған белгілі стилист ғалым И.В. Арнольд болды. Олардың 
көзқарастары бойынша мәтін ішіндегі мәтін қаламгердің өз шығармасына 
бөгде мәтін элементтерін енгізуі арқылы сөйлеу субъектісін өзгертіп, оның 
семантикасын толықтыруға, байытуға мүмкіндік беретін лингвокомпозициялық 
тәсіл. Енгізген бөгде мәтін элементтерінің көлемі, нақтылығы, дәлдігі, 
функционалдық типі, жанры әр түрлі болуы мүмкін. 
Мәтін ішіндегі мәтіндердің белгілерін Ю.М. Лотман былайша көрсетеді: 
«1) включение в текст участка, закодированного тем же самым, но удвоенным 
кодом (роман в романе, мотив зеркала и тема двойника); 2) коллаж «вещей» и 
«знаков» вещей (документальные врезки, сон героя); 3) композиционная рамка; 
4) введение в текст текстов в фрагментарном виде (цитаты, отсылки, эпиграфы 
и другие); 5) двойное или многократное кодирование всего текста сплошь» [26].
Айта кету керек, бұл ғалым өз еңбектерінде осы құбылыс туралы өте көп және 
жиі жазса да, интертекстуалдылық терминін мүлде қолданбайды. Аталған 
белгілер көркем мәтіндердің бәрінде барлығы бірдей кездесе бермейді және 
алғашқы кезде ондай келтірінді құрылымдарды қолдану автор үшін жағымсыз 
болып есептелді. Мұндай сөзқолданыстар қаламгерлер шеберлігінің 
жеткіліксіздігіне дәлел, тіпті плагиат деп те саналғандықтан, олар өздері
қолданған түрлі цитаталарды бүркемелеуге тырысты. Бірақ келтірінді 
құрылымдарды келтіру арқылы автор сан қилы мақсатты көздейтініне және 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


14 
түрлі жаңа ғылыми болжамдар пайда болуына байланысты ол пікірлер тез 
ұмытылды.
Қазақ көркем әдебиетінде мұндай белгілері бар мәтіндер өткен ғасырдың 
60-жылдарынан бері жиі байқала бастады. Мысалы, М. Мағауиннің «Көк 
мұнар» романы мен Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» повесіне бірінші және 
екінші белгілер тән болса, Ә. Нұршайықтың «Махаббат, қызық мол жылдар» 
романында цитаталық атауынан бастап, түрлі поэзиялық мәтіндерден 
келтірілген үзінділер, кейіпкер хаттары, күнделіктері, түстері сияқты келтірінді 
(интертекстуалды) элементтердің бірнеше түрі, яғни ғалым көрсеткен соңғы 
белгілердің бәрі кездеседі.
Мәтінаралық байланыстар мәселелерін таза лингвистикалық тұрғыдан 
түсіндіруге ұмтылған Б.М. Гаспаров та бұл терминді пайдаланбайды, алайда

оның ойынша
,
коммуникация барысында әр адам өз жадында бұрын оқыған 
мәтіннен сақталып қалған дайын блоктарды алып, жаңа мәтіндерге цитата, 
яғни бөгде сөз ретінде енгізуі мүмкін. Ол бөгде сөз арқылы енгізілген мағына 
мәтін ішіндегі ассоциацияны көбейтіп, оған қосымша мән үстейді. 
Зерттеушінің осы негіздегі мотивтік талдауы да интертекстуалды 
байланыстарды анықтау болып табылады [27].
И.В. Арнольдтің топтамасы бұларға қарағанда нақтылау: «1) цитаталық 
тақырып; 2) эпиграф; 3) қыстырынды романдар; 4) хаттар; 5) күнделіктер; 6) 
цитаталар; 7) аллюзия; 8) реминисценция» [8]. Бұл топтама ағылшын тіліндегі 
мәтіндер негізінде жасалғанмен, бар тілде жазылған әдебиетке тән деген 
ойдамыз. Әрине, аталған интертекстуалды элементтердің бір ұлттық әдебиетте 
аз, енді бірінде молынан кездесуі ана тілінде жазатын ұлт қаламгерлері мен сол 
тілде жазатын басқа ұлт өкілдерінің ұлттық-ментальдік ерекшеліктеріне, 
танымдық базасына, лингво-коммуникативтік құзіретіне, тілдік жадына, 
идиостиліне тікелей тәуелді болады. Қазақ көркем мәтіндерінде, мәселен, 
мынадай интертекстер жиі кездеседі: А. Сүлейменовтің «Адасқақ», Д. 
Исабековтың «Гауһар тас» туындыларының тақырыптары халық әндері 
атауларына (цитатасына) негізделсе, Ғ. Жайлыбайдың «Бір қыз бар 
Жезқазғандасы» Естайдың бір жолының өзгертілген цитатасы; А. 
Сүлейменовтің «Ситуация» повесінің эпиграфы орыс тілінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет