17
заимствование определяются загадочными психологическими, личностными
установками» [7, 17]. Ал бұл - қаламгердің тілдік құзіреті, жады, білімі, өмірлік
ұстанымы сияқты экстралингвистикалық факторлар да көркем мәтіннің
вербалдық құрылымында көрініс табады деген сөз. Келтірілген пікірлер жалпы
интертекстуалдылық
проблемасы туралы көзқарастардың өте көп және сан
алуан екенін дәлелдейді әрі жақын арада олардың
шегі де көрінбейтінін
байқатады. Жалпы алғанда, интертекстуалдылықтың кең және тар мағынада
қолданылуы, негізінен, мәтін терминін, сондай-ақ мәтінаралық байланыстарды
түрліше түсінуден пайда болған сияқты.
Қалай болғанда да кез келген көркем шығармада мәтінаралық
байланыстардың болатыны және олар мәтіннің вербалды құрылымында түрлі
деңгейде көрінетіні қазір еш дау тудырмаса керек, тек олардың түрі, көлемі,
типі, қызметі жөнінде бірыңғай түсініктің жоқтығы нәтижесінде ғана осындай
таласты
жағдай
қалыптасып
отырғаны
да
ақиқат.
Сол
себепті
интертекстуалдылық проблемасы оған қайта-қайта оралып соғып отыруды,
кейбір
пікірлерді нақтылауды, ал тағы бір басқаларын қайта қарауды қажет
етті.
Сондықтан да француз структуралист-ғалымы Жерар Женетт өткен
ғасырда алпысыншы жылдардың соңы-жетпісінші жылдардың басында
жазылған еңбектерінде Ю. Кристеваның интертекстуалдылық туралы
пікірлерін толық қолдағанмен, 1982 жылы шыққан «Палимпсесты: литература
во второй степени» деген еңбегінде мәтінаралық байланыстардың жаңа
топтамасын ұсынды:
1) интертекстуалдылық, яғни бір мәтінде екі немесе одан да көп мәтіннің
болуы (цитата, аллюзия, плагиат және т.б.);
2) паратекстуалдылық, яғни мәтіннің өз атауына, соңғы сөзіне, эпиграфына
қатысы;
3) метатекстуалдылық, яғни өзі негізге алған мәтінді түсіндіру немесе,
көбіне, оны сынау;
4) гипертекстуалдылық, демек, бір мәтін арқылы
басқа мәтінді сықақтау
немесе пародиялау;
5) архитекстуалдылық немесе мәтіндердің жанрлық байланыстары.
Алайда бұл топтама сол ұсыныс күйінде ғана қалып, интертекстуалдылық
тым кең мағынада түсініліп, қолданылуы, соған байланысты оның зерттеу
нысаны ұшы-қиырсыз болып бара жатты. Нәтижесінде Ж. Женетт кейінгі бір
сұхбатында былай дейді: «В то время интертекстуальностью называли самые
разные типы отношений между текстами. Я же
занялся более специфическим
типом
отношений,
для
которых
предложил
новый
термин
–
гипертекстуальность, а потому был должен дать общую таблицу, в рамках
которой предлагал уже
Достарыңызбен бөлісу: