более узкое определение интертекстуальности
[...]
применяя его
к не обязательно эксплицитным, но точечным отношениям
между одним и другим текстом (таким приемам, как цитация, намек т.д
.)
Обширное понятие, обозначавшееся до тех пор «интертекстуальность», я
предложил обозначать словом «транстекстуальность» [34, 22]. Ж. Женеттің
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
18
сыни пікірлерімен белгілі зерттеуші ғалым В.Е. Хализевтің тұжырымы да
үндес. Ол Ю. Кристеваның «М.М. Бахтин, слово, диалог и роман» (1967) және
М.Л. Гаспаровтың «Бахтин в русской культуре» деген мақалаларына ишара
ретінде былай дейді: «Статья Бочарова представляется рубежом в освоении
бахтинского наследия. Она, хочется верить, резко притормозит поток его
модернизирующих истолкований и откроет дорогу к более полному
постижению ценностных ориентиров мыслителя, его глубинной интуиции,
духовного credo, кризисных точек мироотношения» [35].
Ж. Женетт ұсынған гипертекстуалдылық термині мәтінаралық
байланыстардың жоғарыда аталған кең және тар мағынадағы түсінігін
ұштастырғанмен, шетелдік және орыс филологиясында сол мағынада орныққан
жоқ. Сыртқы формасы айтып тұрғандай, қазір бұл терминмен өте көп, өте ұзақ
мәтіндер жиынтығын атайды. Оның үстіне, әр ғалымның ұстанған
методологиясына сәйкес гипертекст те олардың анықтамаларында әр алуан
мазмұнды қамтиды. Мысалы, М. Риффатердің ұғымында «гипертекстуалдылық
мәтінде туындамайды, ол метатілдік құбылыс әрі ол өзін құрайтын деректердің
еркіндігімен және мәтін контексінің шексіздігімен сипатталады» [36, 46]. Ал
Ж. Женетт үшін, жоғарыда көрсетілгендей, гипертекст «толығымен немесе
жартылай алдындағы мәтінге бағытталады және онсыз түсінікті болмайды»
[34, 3], демек, пародия, стилизация, пастиш (пастиччо), перифраз. Деректер
базасын автоматты өңдеу теориясында гипертекст «бір-бірімен сілтеме арқылы
байланысқан мәтін, аудио және бейнеақпараттан тұратын жеке құжаттар
жиынтығы» [37, 174]. Қазір бұл терминмен бүкіләлемдік интернет жүйесіндегі
мәтіндер кеңістігін, яғни жиынтығын атау қалыптасқан.
Сонымен, қазіргі кезде мәтінаралық байланыстардың қай түрі болмасын,
интертекстуалдылық деп аталуы орныққан. Бұл, негізінен, интертекст сөзінің
сыртқы тұлғасына байланысты болар деп ойлаймыз. Француз ғалымының
топтамасын жетілдірген, толықтырған Н.А. Фатеева [38, 25] мен одан да ұсақ
классификация жасаған И.В. Арнольдтің ізімен біз интертекстуалдылықты
жоғарыда көрсетілген кең және тар ұғымдарды ұштастыратын көркем мәтін
компоненті деп түсінеміз.
Жалпы интертекстуалдылық теориясы көркем мәтінді түсінуде, талдауда,
интерпретациялауда жаңа бағыт болғандықтан, В.В. Лукин оны көркем
шығарманы талдаудың теориялық емес түрі [24] десе, қазақстандық зерттеуші
Қ. Ахмедьяров неотеоретикалық талдау [39] деп түсінеді.
Көркем шығарманы тудыратын да, оқитын да - адам, ал адам көркем
дүниені түсінуде тек оның сюжетіне, композициясына ғана емес, оның тілдік
құрылымына да сүйенеді, яғни көркем шығармадағы түрлі ақпар сөз арқылы
вербалданады, көркем мәтін идеясы, автордың ұстанған позициясы, оның өз
алдындағы қаламгерлермен байланысы, олардан алған әсері, оның өзі және
кейіпкерлері өмір сүрген кезеңнің әлеуметтік-мәдени деректері сөзқолданыс
арқылы көрінеді. Ал оқырманның оқу барысында көркем мәтіндегі ақпарды
түсінуі оның тұлға ретіндегі рухани ерекшеліктеріне, өмірлік ұстанымдарына
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
19
байланысты болады. Сондықтан мәтінаралық байланыстарды тек бір ғана
ғылымның нысаны деп есептеу сыңаржақтық болатынын айта кету қажет.
1.2 Интертекстуалды элементтер түрлері
«Интертекст», «интертекстуалдылық» терминдері ғылыми айналымға ХХ
ғасырдың 60-жылдарының соңында француз зерттеушісі, постструктурализм,
постмодернизм теоретигі Ю. Кристеваның еңбектері арқылы кірсе де, бұл
терминнің негізінде М.М. Бахтиннің «взаимодействие «своего» и «чужого
слова»» - ««өз» және «бөгде» сөзінің өзара ықпал-әрекеті» деген пікірі
жатқанын зерттеушілер атап көрсетеді [40, 228-229].
«Современное зарубежное литературоведение» кітабында бұл терминге
И.П. Ильин былай анықтама береді: «Әр мәтін интертекст болып табылады;
басқа мәтіндер – алдындағы мәдениет мәтіндері мен оның айналасындағы
қазіргі мәдениет мәтіндері - оларда әр қилы деңгейде азды-көпті
танылатындай түрде байқалады. Әр мәтін ескі цитаталардан, үзіндіден, мәдени
кілттерден (кодтардан), формулалардан, ритмикалық құралдардан, әлеуметтік
идиомалардың фрагменттерінен, т.б. түзілген жаңа құрылым: олардың бәрі
мәтіннің бойына сіңіп, араласып кеткен, өйткені тіл мәтіннен бұрын және
соның айналасында өмір сүреді. Кез келген мәтін үшін қажетті алғышарт
ретінде интертекстуалдылық түпнұсқалар мен оның әсері мәселелерімен ғана
шектеле алмайды, ол шығу тегі сирек анықталатын анонимдік формулалардың
ортақ өрісі, тырнақшасыз берілген цитаталардың ықтиярсыздығы деп
саналады» [41, 207].
«Эпос Франции» кітабында З.Н. Волкова уақыты жағынан бұрын және
кейін жазылған мәтіндердің арасындағы жалғастық, байланыстарды
реминисценция терминімен атайды да, оның үш түрін көрсетеді [42, 211-212].
Ресейлік ғалым Н.А. Фатеева өз еңбектерінде интертекстуалдылық
мәселесін автор және оқырман тұрғысынан қарастыра келіп, мынадай
тұжырымдар жасайды:
1. Говоря об интертекстуальности, кажется, вполне обоснованно различать
две ее стороны – читательскую (исследовательскую) и авторскую.
С точки зрения читателя, интертекстуальность – это установка на (1) более
углубленное понимание текста или разрешение непонимания текста (текстовых
аномалий) за счет установления многомерных связей с другими текстами,
связанными с данным референциальной, синтагматико-комбинаторной,
звуковой и ритмико-синтаксической памятью слова.
2. Если ранее, в начале ХХ в. авторы стремились ассимилировать
интертекст в своем тексте, вплавить его в себя вплоть до полного растворения в
нем, ввести мотивировку интертекстуализации, то конец века отличает
стремление к диссимиляции, к введению формальных маркеров межтекстовой
связи, к метатекстовой игре с «чужим» текстом [43, 12-18].
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
20
Автор осы еңбегінің жалғасында өзіне дейінгі шетелдік зерттеушілердің
(Ж. Женетт, П.Х. Тороп, И.П. Смирнов) пікірлерін жинақтай келіп және өз
қолында бар материалдарға сүйене отырып, интертекстуалды байланыстар
түрлеріне дербес топтама ұсынады. Ғалым өз топтамасының негізіне
мәтінаралық байланыстардың Ж. Женетт көрсеткен жалпы классификациясын
алғанмен, түзіліп отырған мәтінге бөгде мәтіндердің енгізілу тәсілдері мен
деңгейлері туралы П. Тороптың тұжырымдарын да, И. Смирновтың
интертекстуалдылықты конструктивті және реконструктивті деп ажыратуын да
ескереді. Сондықтан да Н.А. Фатееваның топтамасы мәтінаралық
байланыстардың ең ұсақ көрінісіне дейін қамтығанын байқауға болады:
1. Мәтін ішіндегі мәтін құрылымды интертекстуалдылық (ашық немесе
жасырын цитата, ашық немесе жасырын аллюзия, центон мәтіндер);
2. Паратекстуалдылық немесе мәтіннің өз атауына, эпиграфына және
соңғы сөзіне қатысы (цитата-атаулар, эпиграфтар);
3.
Метатекстуалдылық, яғни өзінен бұрынғы мәтінді мазмұндап айту
немесе оған сілтеме (интертекст-мазмұндау, бұрынғы мәтін тақырыбына
вариациялар, «бөгде» мәтінді аяқтап жазу, бұрынғы мәтінді тілдік ойнату);
4.
Гипертекстуалдылық, яғни бір мәтін арқылы екінші мәтінді сықақтау
немесе пародиялау;
5.
Архитекстуалдылық немесе мәтіндердің жанрлық байланысы.
6.
Интертекстуалдылықтың басқа модельдері мен түрлері (троп немесе
стилистикалық фигура, интермедиалды троптар мен стилистикалық
фигуралар, еліктеу);
7. Поэтикалық парадигмадағы интертекстуалдылық [43, 25-38].
Зерттеуші И.В. Арнольд өз жұмысында: «Интертекстуалдылық деп мәтінге
сөйлеу субъектісі басқа толық мәтіннің немесе маркерленген яки
маркерленбеген, қайта құрылған яки өзгертілмеген цитаталар, аллюзиялар,
реминисценциялар түрінде олардың үзіктерінің кіргізілуі түсініледі» дей келіп,
интертекстуалдылықтың ішкі және сыртқы, мәтіндік және кодтық, синкретті
типтеріне тән барлық ерекшеліктерінің 19 түрін көрсетеді [8].
Поэзиялық шығармаларды талдаушы профессор М.Ю. Лотман «Анализ
поэтического текста» кітабында [44] «Чужое слово в поэтическом тексте» деген
бөлімшеде айтылған ойын толықтырып, жетілдіріп, «Текст в тексте» еңбегінде
интертекстуалдылықты лингвомәдениеттану ұғымымен ұштастыра қарайды.
Ресейлік ғалым А.В. Савченконың пікірінше: «Интертекстуалдылық –
мәтін түзуші элементтер, олар мәтінде жасырын немесе ашық түрде беріледі,
оқырман санасында қосымша мағыналық ассоциациялар, аллюзиялар,
реминисценциялар туғызып, мәтіннің мағыналық шегін кеңейтуге көмектеседі»
[45, 155].
Жоғарыда келтірілген барлық пікірлерден байқалып отырғандай,
интертекстуалдылық - белгілі бір мәтіннің басқа бір мәтінмен байланысының
әр түрлі деңгейде тілдік бірліктер арқылы көрінуі. Ол тілдік бірліктердің
құрамы, құрылымы, эмоционалды-экспрессивтілігі әр алуан болып келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
21
Интертекстуалдылық мәселелерін қарастырғанда интертекст термині өте
жиі кездесетіні белгілі және ол заңды да, өйткені көптеген ғалымдар бұл екі
терминнің ара жігін ажыратпай, бірінің орнына бірін қолдана береді. Сол
себептен де қазіргі ғылыми айналымда интертекст термині төмендегі
ұғымдарды қамтиды:
«Бұрыннан бар ескі цитаталардан құралған жаңа құрылым» деп танылатын
кез келген мәтін;
Бірыңғай мәтіндер (интертекстуалды) кеңістігін құрайтын және ортақ
элементтері кездейсоқ емес бірнеше мәтін (немесе олардың үзінділері);
Құрылымында цитата бар мәтіндер, бұл көбінесе постмодернизм
бағытындағы көркем шығармаларға тән;
Түзіліп отырған мәтінге енгізілген түпнұсқа мәтін;
Көркем туындының семантикасын түзетін компонент - астарлы ой, яғни
мәтінді интерпретациялауға көмек.
Аталған ерекшеліктеріне орай мұндай мәтінаралық байланыстардың
номинативі ретінде бірнеше термин жарыса қолданылып, олар кейде бір-бірінің
орнын алмастырып жүргені байқалады. Семантикасының айқындығына немесе
сыртқы құрылымына байланысты көбіне интертекст деп танылатын құбылысты
«мәтін ішіндегі мәтін» (Ю.М. Лотман), «интертекстуалды элементтер» (Н.А.
Фатеева), «интекст» (П.Х. Тороп), «интертекст» (И.П. Смирнов), «мәтіндік
реминисценциялар» (А.А. Супрун), «интертекстуалды келтірінділер» (И.В.
Арнольд, З.А. Сандалова), «интертекстема» (К.П. Сидоренко) деп атайды. Бұл
терминдердің кейбірінде тек кеңістік семасы басым болса, енді біреулері әрі
кеңістік және мезгілдік қатынасты, әрі құбылыстың негізгі мәнді белгісін
қамтиды.
Байқалып отырғанындай, бұлар басқа мәтіннен алынып, жаңа мәтінге
кіргізіліп отырған фрагменттердің атауы, ал осы кіргізілген фрагмент бар жаңа
мәтін мен фрагмент алынған бұрынғы мәтіндердің өздері де түрліше аталып
келеді.
Қаламгер интертекстуалды элементтерді өзі түзіп (құрып, жазып) отырған
мәтінге бұрыннан көпшілікке таныс, идеялық-эстетикалық әсері қуатты,
көркем тілді шығармалардан алады. Шетелдік және орыс ғалымдары мұндай
мәтіндерді «прецедентті мәтіндер» (Ю.Н. Караулов, И.В. Арнольд, Ванхала-
Анишевски), «претекст» (К.П. Сидоренко), «преконструкт» (П. Серио), «мәтін-
дереккөз» (А.А. Супрун, А.А. Мелерович), «мәтін-дистиллят» (И.М. Михалева)
деп атайды және олардың қатарына Библияны, фольклорлық шығармаларды,
антикалық әдебиет пен мифологияны, әлемдік және орыс көркем
туындыларын, балалар әдебиетін, халық әндері мен кеңінен танымал авторлық
әндерді, саяси қайраткерлердің сөздерін, бұқаралық ақпарат құралдары
материалдарынан үзінділерді, жарнамаларды жатқызады. К.П. Сидоренконың
пікірінше, претекстерді көркем және эстетикалық емес мәтіндер деп бөлу керек
және ол соңғыларға іс қағаздарын, хабарландыруларды, жарлықтарды,
өтініштерді, оқу әдебиетін, ғылыми әдебиетті, публицистиканы жатқызады
[46]. Біздіңше, прецедентті мәтіндерді бұлай бөлу онша маңызды емес, себебі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
22
қазіргі оқырман өз дискурсында функционалды стиль мәтіндерінің біразымен
таныс және олардың ерекшеліктерін ажырата алады. Оқырман үшін сол
мәтіндер негізінде туындаған интертекстер ғана мәнді болады.
Басқа мәтінмен байланысы эксплицитті немесе имплицитті түрде көрінетін
уақыты жағынан кейін түзілген мәтінді атауда да бірізділік жоқ. Мысалы,
«қабылдаушы мәтін» (А.Г. Мамаева, Г.А. Чернявская), «екінші (кейінгі) мәтін»
(М.В. Вербицкая), «мәтін-консеквент» (И.П. Смирнов), «мәтін-микст» (И.М.
Михалева), «аналық немесе қоршаушы мәтін» (материнский или обрамляющий
текст – А.К. Жолковский).
Келтірілген терминдердің барлығы мәтіннің басқа көркем шығармалармен
және түрлі экстралингвистикалық факторлармен байланысын көрсететіндіктен
біз терминологиялық бірізділік мақсатында
Достарыңызбен бөлісу: |