78
бүктеп, сыртына айбақ-сайбақ қолын қойыпты. Жазылуында маған таныс
бірдеңе бар. Бірақ не екенін өзім де білмеймін. ...Кенет жүрегім су ете
қалды. ... Әлдебір үрей дедектетіп аяғымды жерге тигізбейді».
Автор кейіпкеріне өз жағдайын түсіну, ашу үшін түсін тәптіштей
баяндатады. Әсіресе кейіпкердің өз портретін
вербалдауы өте әсерлі шыққан,
сол арқылы қаламгер жұмбақ жайдың шешіміне сілтеме жасайды: жағымсыз
коннотативтілігі айқын лексика кейіпкердің
өз бойындағы екі жарылу
нәтижесін вербалдайды. Үш түсті де вербалдаған лексика оқырман ойында
кейіпкерге аяныш сезіміне қоса ол үшін қорқыныш та тудырады.
Повестегі
оқиғалар мен кейіпкер түсі ассоциация негізінде қатар қойылып,
мазмұндық-
астарлы, мазмұндық-концептуалды ақпар түзеді.
Повесте кейіпкердің айнадан өз бейнесін танымайтын сәті түстің жеке
детальдарын өзектендіретінін лексикалық қайталамалар байқатады
: «Кенет
дәл қасымнан әлдекімнің бейнесі көлбең етіп, тұла бойым түршігіп,
айғайлап жібердім. Одан кейін қалай құлаштап ұрғанымды өзім де сезбей
қалдым. Сезгенім – қолымның әлдебір қатты затқа тиіп, іле-шала салдыр-
гүлдір етіп сынған әйнектің жерге шашылғаны.
Достарыңызбен бөлісу: