149
конструкции «текст в тексте» и «текст о тексте», создает подобие
тропеических отношений на уровне текста;
можно
говорить о
конструктивной, текстопорождающей функции интертекстуализации;
интертекстуальность становится
механизмом метаязыковой рефлексии»
[100,
7-38].
Интертекстуалдылық қаламгер және оның мәтіні өмір сүріп отырған
лингвомәдени кеңістіктегі қоғам мүшелерінің күнделікті сөйлеуінде, жазуында
қайтсе де байқалады.
Бұл көркем тексті оқу, қабылдаумен тығыз байланысты
үнемі болып жататын үдеріс. Олар көбіне өзіне ұнаған көркем тексті, оның
тілдік қабатындағы түрлі бірліктерді өзінің ой-пікірін білдіруге,
белгілі бір
жағдайларды бағалауға, тіпті болмаса өз эрудициясын көрсетуге пайдаланады.
Ондай бірліктер өзінің автосемантиялылығы (контекстен үзіп алып, басқа
контекске түсе алу мүмкіндігі), коммуникативтік ситуацияға сәйкес
полисемантикалылығы және эволюцияға бейімділігі,
қысқалығы, әсерлілігі
нәтижесінде оқырманның тілдік жадында қалып, реті келген жағдайда
қолданысқа түседі. Ал оны
естіген адам басқа жағдайда, басқа кезде, басқа
адамға қайта қолдануы ықтимал. Сол себептен кез келген функционалдық
стильдегі және басқа семиотикалық жүйедегі
мәтіндерден алынған
интертекстер қоғам мүшелерінің қарым-қатынас құралы, яғни контакт орнату,
оны дамыту сияқты қызметтер де атқарады. Бұл жағдайда интертекстуалды
элементтің претекспен байланысы үзіліп, тиісінше ассоциациясы жоғалып, тек
ситуативті жұмсалады. Интертекст автор құзіретінен шығып, қолданушының өз
сөзіне айналады. Мәселен, өз сөйлеу тәжірибесінде Қ. Аманжоловтың
Достарыңызбен бөлісу: