150
бойынша қарама-қарсы контекске түсіру жолымен пародиялау тәсілі; 9.
Интертекст – «өз адамдарына» қарасты эрудиция көрсету тәсілі; 10. Интертекст
– мәтінді айшықтау тәсілі [13].
Ғалым
тізіп көрсеткен қызметтер, негізінен, жоғарыда көрсетілген
классификацияның ұсақталған түрі деп айтуға болады. Жасырын
бағалауыштық қызметі және қарым-қатынастың алғашқы құралы екендігінен
басқа бесеуін сілтемелік қызмет тобына кіргізуге болады.
Тек стилистикалық
контраст контекске түскен интертекстердің барлығы пародия болмайтынын
айта кеткен жөн. Сондай-ақ ғалым жіктеуіндегі интертекстердің бірінші
көрсетілген қарым-қатынас орнатушы қызметі кең мағынада мәтін түзушілік
қызмет атқаратынын ескере отырып, өз тарапымыздан көркем мәтіндегі
интертекстердің қызметін бес топқа біріктіруді ұсынамыз: 1. Интертекстердің
сілтемелік қызметі; 2. Интертекстердің мәтін түзушілік қызметі; 3.
Интертекстердің
бағалауыштық қызметі; 4. Интертекстердің айшықтаушы
қызметі; 5. Интертекстердің парольдік қызметі.
Әрине, көркем мәтінде интертекстердің тек бір ғана қызметі емес,
бірнешеуі қатар байқалады. Көбінесе сілтемелік және бағалауыштық қызметі
қосарлана көрінеді, өйткені интертекст авторы өзі эталон немесе түкке
тұрғысыз деп таңдап алуының өзімен-ақ претекске
және оның авторына
бағалауын да, сілтеуін де көрсетеді. Ал бұл автор мен оқырман үшін
интертекстер қызметі үнемі сәйкесе бермейтінін көрсетеді.
3.1 Интертекстердің сілтемелік қызметі
Интертекстуалды элементтердің сілтемелік қызметі түрліше вербалданады.
Интертекстуалды элементтерді автор көбіне өз шығармасының
семантикасын оқырманның толық түсінуі үшін қажетті басқа мәтінге сілтеме
ретінде қолданады. Интертексте оқырман толық немесе жете түсініп,
қабылдамаған локальді позицияларды претекст контексін еске түсіру арқылы
түсінуге болады. Бұл жағдайда оқырман интертекст пен претекст контекстерін
қатар алып, салыстыру, қарсы қою нәтижесінде
оны өзі оқып отырған мәтін
ақпарына үстемелеп, сонымен толықтырады, байытады. Көбіне сілтемелік
қызметті эпиграф-интертекст атқарады. Мысалы, өткен ғасырдың басында өмір
сүрген С. Дөнентаевтің «Бозторғай» және со ғасырдың 70-жылдарының
аяғынан бастап шығармашылықпен айналыса бастаған Е. Раушановтың
«Білмеймін» өлеңдерінің арасындағы семантикалық байланыс осыны
дәлелдейді. Прецедентті мәтінде вербалданған күш, билік иелерінің әлсіздерге
жасаған зорлық-қысастығы арада қанша уақыт өтсе де, әлеуметтік формация
өзгерсе де сол қалпында қалып отырғанын кейінгі мәтін көрсетеді. Екі мәтін
арасындағы байланысты претекстен алынған эпиграф қана емес, мезгіл
қатынасты білдіретін лексикалық индикатор,
яғни мәтін континуумын
анықтайтын тілдік бірлік те
(әлі)
нақтылайды:
Бозторғай
зорлық
көріп
тұрымтайдан...
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У