Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Шық бермес Шығайбай, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Жиренше



Pdf көрінісі
бет89/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

Шық бермес Шығайбай, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Жиренше,
жазба әдебиеттегі 
Тоғжан, Ербол мен Меңтай
есімдері ана тілінде оқыған кез 
келген азаматтың аялық білімінде орныққан. Ал кейінгі қазақ әдебиетінде, 
оның ішінде поэзиялық шығармаларда кездесетін 
Дариға
(М. Мақатаев), 
Ләйлә 
(Ж. Жақыпбаев),
Ғалия
(С. Ақсұңқарұлы) есімдері бір кезде өлең арналған 
нақты нысаннан ажырап, дерексіз, жиынтық бейне атауына айналып кеткені де 
шындық. Қазір бұлар өмір, махаббат, қол жетпес арманды вербалдайтын 
концепт ретінде қаламгерлердің ментальділігін әр қырынан көрсететін 
прецедентті атау. Ақындардың кейінгі буындары үшін бұл атау-есімдер 
жоғарыда аталған сөз зергерлерінің тұтас шығармашылығының орнына жүретін 
таңба ретінде қызмет етеді. Мысалы: 
Өкініп 
Өкси бастап фәни басын, 
Өлгенше іздеді ақын 
«... Дариғасын»
Өмірден өтті-кетті Мұқағали, 
Қайырып қара өлеңмен кәлимасын. (С. Адай) 
Жоғарыдан жымиясыз –
жайлы өңді... 
Ләйлә 
өмірді, жирен атты сүйесіз. 
Сіз бен біздей жақсы аға-іні қайда енді, 
Ақындардың патшалығы - иесіз... (Г. Салықбай) 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


119 
С. Адайдың өлеңінде прецедентті атау тырнақшаға алынып, цитата екені 
ажыратылса, Г. Салықбай ешқандай қосымша маркермен ерекшелемеген.
Әлем әдебиетінде кең тараған прецеденттік атау – мифонимнің бірі – 
Прометей. Бұл мифоним антикалық дәуірден бері адам, оның қайтпас 
қайсарлығы, азапқа шыдамдылығының символы ретінде белгілі. Олимп 
тауларынан отты ұрлап алып, жер бетіндегі адамдарға бергені үшін жан төзгісіз 
мәңгі азапқа бұйырылған Прометей көптеген қаламгерлер үшін өз кейіпкерін 
даралаудың формасы мен әдісіне айналған, ал оқырман осы прецеденттік 
атаумен ассоциация негізінде көркем шығарманың мазмұндық-астарлы, 
мазмұндық-концептуалды ақпарын қабылдауы, түсінуі қажет. 
Кез келген прецеденттік атау – жалқы есім зерттеушілер пікірінше [131; 
139], өзіндік құрылымға ие. Прецеденттік атау құрылымының орталығы, 
ядросы – қабылданатын прецеденттік атау инвариантының дифференциалды 
белгілері, яғни бейненің сыртқы ұқсастығы мен мінез-құлықтағы ұқсастық, 
сәйкестік, сондай-ақ прецеденттік жағдай, ал оның перифериясында атрибуттар 
орналасады. Сол себептен де прецеденттік атауда жинақталған, сақталған, 
қатталған ақпар қаламгерлерге оларды өз ой елегінен өткізіп, өз тарапынан 
жаңа қосымша мән үстеп, түрлі контекстерде әр қилы жаңа, бұрынғыдан 
өзгеше образ жасауға мүмкіндік береді. 
Қазақ әдебиетінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет