«даналықтың дастанын». Өлеңнің екінші шумағындағы артоним шайхы бейнесін ассоциативті-
символды түрде көрсетеді, өйткені ол фрагмент арқылы қаламгер де, оқырман
да Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығын біртұтас контекст деп есте
ұстап отырады. Иассауи контексіне сілтейтін аллюзивті реминисценция
лексикалық, синтаксистік деңгейде оңай танылады:
көрдей мұң, сол себептен 63-те жерге кіру, пенделіктің қуысы. Жалпы
алғанда,
қазақ
поэзиясында
жалқы
есімдерді
өз
шығармашылығында қолданбайтын ақын кемде-кем. Алайда, антропоним,
топоним, артонимдерді ең көп қолданатын ақын деп С. Ақсұңқарұлын айтуға
болады. Бұл қаламгер өз өлеңдерінде публицистика мен лириканы
ұштастырып, қоғам, халық үшін ерекше маңызды мәселелерді асқан
бейнелілікпен, әсерлілікпен қөз алдыңызға әкеледі. Бұл орайда ақынға
прецедентті атаулар көп көмектеседі. Мәселен, ақынның «Белгісіз солдаттар»
атты өлеңінде 23 оним кездеседі. Ұлттық және әлемдік білім аясынан алынған
бұл прецедентті атаудың қай-қайсысында болмасын, адамзат өркениеті
басынан кешірген ұзақ уақытты қамтитын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси,
мәдени ақпар жинақталған, ол автордың субъективті көзқарасымен, өлеңдегі
мағыналық ұйытқы сөздер тобымен бірлікте эмоционалдық мән-мағынасы
жоғары мәтін түзуге мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысының өзіндік
атқарып тұрған жүгі бар.
Прецедентті атаулар ішінде түрлі теонимдер мен топонимдердің де жиі
кездесетінін айта кету артық емес. Мәселен,
Мұса – Ой, босқан, босқан, босқан құсалы елім, Тақырға тары шаштым - мысалы оның, Тар заман, Тақыс заман, Тарғыл заман, Табылмас перғауыны Мұса ма едің? (Е. Раушанов);
Сүлеймен - Саусағымен бірнеше жаз гүл іліп, Күйлер шертіп нәзік қана дірілмен, Көк шалғынмен самал өтті жүгіріп, Сүлеймендей су бетімен жүгірген