75
Мәтін ішіндегі мәтіндердің бір типін көркем шығарма құрылымындағы
күнделіктер, суреттеліп отырған жағдайдың таңбасы ретінде танылатын түс,
кейіпкердің айна арқылы көрінетін егізі (двойник) құрайды. Бұлардың бәрі де
көркем шығармада баяндалып отырған жағдайдың таңбасы,
белгісі немесе
коллажы деп есептеліп, автордың өзі емес, басқа субъект арқылы суреттеледі.
Т. Әбдіковтің «Парасат майданы» повесінде мәтін ішіндегі мәтіндердің
аталған барлық белгілері кездеседі. Повесть оқиғасы арнайы баяншының
күнделігі ретінде вербалданған. Адам бойында кереғар пікірлер болатынын
автор сөйлеу субъектісін бірнеше мәрте өзгерту арқылы көрсетеді. Күнделік
пен оның ішіндегі хаттардың қамтитын уақыты аз ғана болғанмен,
олардағы
жалпыадамзаттық құндылықтар мен қағидалардың және оларға қарама-қарсы
полюстегі жамандық атаулының жеке тұлға бойындағы көрінісі мен олардың
арасындағы күрестің мәңгілік екені повестің вербалды құрылымындағы
мағыналық
ұйытқы
сөздердің
парадигмалық
және
синтагмалық
байланыстарымен, қайталамалармен берілген.
Кейіпкердің түс көруі семиотикалық тұрғыдан интертекст деп есептеледі.
Повесте кейіпкердің бірнеше түсі вербалданады. Вербалданған түс өзін
қоршаған мәтінмен астасып,
көркем шығарманың тұтастығын, байланысын
қамтамасыз етеді.
Қазақ филологиясында: «Түс – ішкі монологтің бір элементі, яғни
кейіпкердің көңіл-күйін, санасындағы үздіксіз жүріп жатқан процестің бір сәтін
бейнелейтін көркемдік тәсілдің бірі» [103] деген пікір бар. Біздің ойымызша,
автор және оқырман үшін түс - өзі енгізіліп отырған мәтіннің оқиғаларын
жанама түрде түсіндіретін
яки сипаттайтын, интерпретация жасауға
көмектесетін метатекст. Қаламгер өзі айтпақ, жеткізбек болған ақпарды түспен
вербалдайды, ал оқырман негізгі мәтіндегі және түстегі оқиғаларды қатар
қойып, салыстырып, ассоциация нәтижесінде тұтас мәтіннің астарлы,
концептуалды мазмұнына жетеді. Түс арқылы жазушы өз кейіпкеріне де,
оқырманға да суреттеп отырған жағдайын түсінуге көмек жасайды:
«...Түнде
Достарыңызбен бөлісу: