ұшып жерге түсемін. «Мына кезекке қалай тұруға болады?» - деймін әлдекімнен. «Ой, бұл кезектің соңына ешкім жеткен емес. Көбісі кезектерін баласының баласына қалдырып кетеді», - дейді әлгі әлдекім. Не істерімді білмей, ғимараттың ішіне қайта кіремін. Кенет: «Әй, бауырым!» - деген бір жұмсақ үнді естимін. Жалт қарасам, көзі күлімдеген еңкіштеу егде кісі. «Сен мұны таста, бұдан ештеңе өнбейді. Бері жүр», - дейді. Түрі таныс секілді, бірақ тани алмаймын. Тұрған жұрттың ара-арасымен өтіп, қабылдау бөлмесінің ішіне кірдік. Шамасы, ішке кіргеннен кейін, кезек әртүрлі кабинеттерге бөлінетін секілді. «Менің кезегім осы жерде. Осында отырып күт», - деп әлгі кісі шығып кетеді. Күтпеген бақыттан қуанышым Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
77
қойныма сыяр емес. Осы кезде: «Ал, жақсы, кірдім, сонда не айтуым керек», - деген ой келеді басыма. Шынында да не айтарым белгісіз, тіпті кезекке не үшін тұрғанымды өзім білмейтін секілдімін. «Қап, ұят болатын болды-ау», - деймін іштей ыңғайсызданып. Осы арада не болғаны есімде жоқ. Әлден уақытта қарасам, кіретін есікте жазулы тұрған өзімнің аты-жөнімді көремін. Түкке түсінбей: «Мынау менмін ғой, шырағым-ау», - деймін хатшы қызға жазуды көрсетіп. «Сіз болсаңыз қайтейін, кіріңіз онда өзіңізге», - дейді қыз безбүйректеніп. Мен жүрексіне орнымнан тұрамын. Кім болуы мүмкін аржағында? Артымда тұрған көп халықтың ішінен: «Не де болса, тәуекел, кір», - деген сыбырды естимін. Іле-шала: «Қой, бірдеңені бүлдіріп аларсың, байқа, ойбай, байқа», - деген сыбыр тағы естіледі. Тәуекел деп есікті ашып,