ішке кіріп келгенде... астапыралла, екі көзін менен алмай, өзіме қарай ақырын жақындап келе жатқан өзімді көремін. Бір түрлі түрі суық. Денем тітіркеніп, шегіне беремін. Ол онан сайын жақындай түседі. Бетіме демі тиеді... Қолыма қолы тиіп еді, өліктің қолындай мұп-мұздай екен. Айғайлаған өз даусымнан шошып ояндым». Алғашқы және соңғы түстің
вербалды құрылымында мағыналық ұйытқы сөздер ретінде мазасыздық,
континуум шектеулілігі, белгісіздік, қараңғылық, қорқыныш, қауіптілік
семаларын білдіретін лексемалар жиынтығы алынған. Олар негізгі мәтіннің,
яғни автор шығармасының вербалды құрылымындағы жекелеген мағыналық
ұйытқы сөздерді сөзбе-сөз немесе мағынасы жуық тілдік бірліктермен қайталап
отырады. Мәселен, арнайы баяншының адам өмірі, тірлігі туралы алғашқы
пікірінің өзінде бірнеше лексикалық бірлік - шектеулі кеңістіктің атауы
қолданылған. Автор пікіріндегі көлемі бірте-бірте кішірейе берген үш шектеулі
мекен мағынасы М. Жұмабаев өлеңінен алынған цитатамен тиянақталады да,
континуум күрт өзгеріске түседі, яғни локальді кеңістік шексіздікпен қатар
қойылып, теңестіріледі: «...Біреудің көзін бірдеңеге жеткізу мүмкін емес. Сондықтан әркім өзіне үй ішінен күрке жасап, сол күркенің заңымен ғана өмір сүріп, өз тілегін өзі қанағаттандырғаннан басқаға лаж жоқ. Күркеде өмір сүрген адамның еңсесі қайдан көтерілсін. Өзімнен өзім әлдебір атын атап, түсін түстеуге келмейтін қорлық пен зорлықтың қыспағында жүргендеймін. ... «Сұм өмір абақты ғой саналыға...»». Бейтарап бояулы үй лексемасы
жағымсыз мәнді бағалауыштығы басым сөзбен (күрке) алмасып, ауызекі
сөйлеу тілінің эмоционалды-экспрессивтілігі жоғары абақты қолданысымен
тұйықталады. Деректі және дерексіз зат есімдер, сын есімдер оппозициясы
кейіпкердің рухани дүниесіндегі және психологиясындағы екіұдайылықты,
сенімсіздікті, кереғарлықты, күресті көрсетеді. Ол өзі жатқан аурухана
бөлмесін былай суреттейді: «Талай ауруға пана болған бір адамдық шағын