86
Ғылыми кеңестің шешімі:
Арбатануға қосқан елеулі үлесі үшін Күңкілдек
Бүлкілдекичке филология немесе тарих, тіпті болмаса философия
ғылымдарының кандидаты деген атақ берілсін.
Көлемі шағын (бар болғаны 12 сөйлем)
әңгіменің мазмұндық-астарлы
ақпары мен мазмұндық-концептуалды ақпары зерттеу жұмысының құрылымы,
стандартты сөзқолданыстары, синтаксистік конструкциялары цитациясымен
түзілген. Антропонимнің өзі-ақ әңгіме модальділігін айқын көрсетеді.
Автор лингвомәдени кеңістікте бар мәтіндердің жалпы жиынтығынан
пародиялауға болады деген мәтінді таңдап алған.
Осы орайда пародиялауға
немесе сықақтауға түсетін мәтіндер ғана прецедентті мәтіндер бола алады [86,
83] деген пікір бар екенін айта кеткен орынды. Әрине, бұл тұжырым қалың
бұқараның әдеби талғамдарының көбінесе БАҚ арқылы таратылып,
насихатталып жатқан түрлі анекдот, юмористикалық хабарларда түрлі
реминисценцияларға негізделетінінен туындап отырғаны ақиқат.
Қалай болғанда да, пародияға негіз болған мәтіндерді таңдап алғанының
өзінен-ақ автордың өзінің алдындағы қаламгерге не құбылысқа деген оң не
теріс бағасы,
жоғары пікірі, құрмет-тағзымы не наразылығы танылады. Олар
тек қана мәдени кеңістікте оқырман үшін де, өздері үшін де құнды, танымал
форманы пайдаланып, жаңа мәтін түзеді. Сөйтіп ұлттық білім аясынан алынған
претекстер қаламгерлер мен оқырмандардың бірнеше буынын жалғастырар,
сабақтастырар энергияға ие деген қорытынды жасауға болады.
1.2.9 Мәтіндерді жалғастыру
Интертекстуалды байланыстардың келесі бір типі ретінде қалың
көпшілікке белгілі шығармаларды кейінгі бір автордың жалғастыруын немесе
аяқтауын айтуға болады. Әлемдік әдеби үдерісте
ертеден кездесетін бұл
құбылыс ХХ ғасырда кеңінен таралды деуге болады. Ол оқырмандардың
назарын ерекше аударған туындылардың танымалдығы, белгілілігі негізінде
оған қайта қажеттілік туғызу арқылы таза коммерциялық мақсатты
көздегендіктен пайда болса да, оларды екі жақтан қарастыруға тиіспіз. Жеке
когнитивтік кеңістігінде айрықша маңызға ие
туындыны жалғастыру авторға
өзінің шығармашылық мүмкіндігін танытуға, әдебиет әлемінде өзі ұнатқан
жазушы мен шығарманың ұмытылмауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Ал
оқырманға
қаламгердің
эрудициясы,
жалпы
кредосы
сияқты
экстралингвистикалық факторлар мен лингвистикалық факторларды бағалауға
мүмкіндік береді.
Н.А. Фатеева мақаласында А.С. Пушкиннің өлеңдерін аяқтаған В. Брюсов,
В. Ходасевич, Г. Шенгели секілді ақындардың есімін атайды, қазір америкалық
жазушы әйел М. Митчелдің «Жел ұшырғандар» романының жалғасын –
А.Риплей жазған «Скарлетт», А. Рикпатриктің қаламынан шыққан «Ретт
Батлер» романдарын атауға болады.
Қазақ әдебиетінде интертекстуалдылықтың мұндай түрі өте аз кездеседі.
Тәжірибе ретінде көрнекті ақын Қ. Шаңғытбаев өзіне ықпал еткен қаламгердің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
87
өлеңдерін аяқтап шығуды мақсат етіпті. Дегенмен, мүлде жаңа мәтіндер пайда
болғаны ақиқат. Туыстас болса да, басқа тілдегі мәтіннің семантикасы өзгеріп,
екі ақын жарысқа түсіп отырғандай әсер қалдырады, алайда екі автордың екеуі
де бір-бірін толықтырып, нақтылап, әсірелеп тұрғандай. Ақын былай дейді:
«Дәрмәндтің осы шағын мұрасының ішінде отыз алты бәйіт бар: бас-аяғы екі-
ақ жолдан тұратын өлеңдер.
Зер салып, үңіле қарасаң, Шығыс шығыриатына
тән тұжырымды бір пікірге құрылған, айналасы жұп-жұмыр дербес шығармаға
ұқсамайды, қайта асығыс адамның шабыт шағында келе қалған әдемі ойды
қағаз бетіне атүсті түсіре салып, кейін қайтып оралуға шамасы болмағандай
әсер қалдырады.
Осындай түйсік себеп болды ғой деймін, аруағы мен дарыны алдында бас
иіп, өзін ұстаз санайтын ақынымның осы бәйіттердегі аяқсыз қалған ойларын
одан әрі өрбітіп, өлең жазып көруді армандаушы едім.
Бір жағынан бұл өзі
шәкірттің ұстаз алдындағы парызын өтеуі болар деп те ойлағам. Міне, сол
шаруаның ұшығына жетіп, оны оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдім.
Мәрһәмәт!
Ил – мәмәйез, аңлар ул тиз,
Син аны сизмәс димә!
Дәрдмәнд [108].
Қазақ ақыны өз ұстазының бәйіттерін аударып, өз шығармасының
семантикасын содан өрбітеді. Өмір сүрген ортасы, ұстанған кредосы,
әлеуметтік жағдайы әр түрлі ақындардың ақиқат дүниені танып-түйсінуінде
екеуіне де тән, ортақ көзқарас болғанмен,
қазақ ақынының өлеңдерінің
семантикасы өзі негізге алған прецедентті мәтінді толықтырады, түсіндіреді,
интерпретациялайды. Қ. Шаңғытбаев әр бәйіттің өлшемін сақтай отырып,
көлемі одан көп, мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпары
айрықша әсерлі өлеңдер туындатқан. Мысалы:
Илдә бер дуст булмаса гөр,
Ил бөтен дошман түгел.
Дәрдмәнд.
Елде
жоқ болса бір досың,
Жау емес басқа дүйім жұрт;
Сонда да бар бір күндесің.
Әнекей сол ғой жұлын құрт.
Болмасын, мейлі, жазығың,
Сенбейді саған бейшара.
Сезбейтін адам пазылын
Болар ма сорлы мұншама!
Адал бол ақтан жарылған,
Сенен сол бір кір табады.
Мүрдеңді алып қабірден,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
88
Сүлдеңді қайта салады.
Қызғанып сенен әлемді,
атарға оғы болмайды.
Жасап көр ем-дом, кәдеңді,
Бәрібір дауа қонбайды.
Жеркене танып ондайды,
Жасымда мынау көп көргем.
Дәмдес қып қойған сондайды
Дүние бейбақ неткен кең!
Бір қарағанда эпиграф сияқты көрінгенмен, Қ. Шаңғытбаевтың өлеңі
қазақшаға аударылған бәйіттің бірінші жолымен басталады. Алайда өлеңнің
келесі жолынан-ақ қазақ ақынының көзқарасы бәйіт семантикасына
қайшылықты екені байқалады. Татар тіліндегі түпнұсқа мәтіндегі әдеби норма
деп есептелетін
дошман қазақ тіліндегі жалғасында ауызекі сөйлеу тіліне тән,
пейоративті коннотациясы
айқын лексикалық бірліктермен (күндес, жұлын
Достарыңызбен бөлісу: