глупцам не присуща трагедия, ибо они не понимают, что такое трагедия». Оны мәтін семантикасын интерпретациялау болжамы деп түсіну керек, яғни
эпиграф пен әңгіме семантикасының ыңғайластығы байқалады. Эпиграфқа
алынған афоризмнің эксплицитті, имплицитті қызметі айқын: оны әңгіме
кейіпкерінің характерін ашатын кілт және сол эпиграфты қолданып отырған
жазушының субъективті көзқарасын көрсететін элемент деп қарастыруға
болады. Эпиграфтың микроконтексінде екі рет қолданылған трагедия сөзі –
мағыналық ұйытқы сөз, себебі әңгімеде кейіпкерлер үшін ең қасіретті жайт
суреттеледі. Мұндағы «глупец» сөзінің де концептуалды мәні бар, өйткені бұл
сөз әңгіме кейіпкерінің жалпы сипатымен айқын контраста тұр.
Жазушының билингв ретіндегі тілдік құзіреті және осы арқылы әңгіме
кейіпкерінің тілдік құзіреті түрлі интертекстермен әңгіменің көп қабатты, көп
қырлы семантикасын түзуге мүмкіндік берген.
Әңгімеде «мәтін ішіндегі мәтін» құрылымды интертекстер бірнешеу: аты
аталмаған кейіпкерлердің тіліндегі Грэм Гриннен алынған цитата, орыс халық
әні, А.С.Пушкин өлеңінің үзіндісі, шығыс ақындарының жекелеген жолдары,
қазақ халық әні «Ақбақайдың» аударылған жолдары олардың ұлттық-тілдік
идентификациясын, мәдени-білім дәрежесін нақтылауға көмектеседі.
Бұлардан басқа ерекше назар аудартатын тағы бір интертекст –
жазушының өз кейіпкерінің аузына салған әрі кезінде сүйген қызына жазған
хаты ретінде келтірілген өлең жолдары:
Я дерево низкорослое, расту в низине я одиноко. Я чудесен тем, что на мне нет привлекательных ягод, Я до последней щепки твой! О любимая, прими меня как суровый дар судьбы твоей! Жазушы бұл өлең жолдарын кейіпкеріне бекерден-бекер айтқызып
отырған жоқ, яғни арада өткен ұзақ жылдарға қарамай кейіпкерлер сезімінің
суымағанын қысқа да нұсқа, әсерлі жеткізу үшін әрі соңғы кездескен және
қоштасар сәттегі барлық күйініш-қасіретінің тереңдігін оқырманға сездіру үшін
қолданады. Бұл үзінді әңгіме контексімен біте қабысып, шығарма
семантикасын түзуші элементтің бірі ретінде қабылданады.
Қаламгер өз тілдік-мәдени құзіретіне сәйкес интертексті ұлттық
когнитивтік кеңістіктен алған деген ойдамыз, себебі бұл интертекстің претексі
М. Дулатұлының «Шағым» өлеңінің алғашқы шумағы сияқты. Тек есте
ұстайтын нәрсе - Б. Момышұлы әңгіме семантикасының қажеттілігіне орай
претексті аударып, өзгертіп, коннотативті белгілері айқын «одиноко»,
«чудесен» сөздерін енгізгені байқалады:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
104
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам, мен сенікі –