109
санасында жаңғырып, үлгі болатынына яғни тәрбие ісінде ешқандай ұсақ нәрсе
болмайтынына меңзейді.
Ғылыми стильдегі анықтамалық материалда бұл цитата туралы былай
делінеді: «Чеховтың шеберлігіне арналған қандай да
бір мақалада әңгіме
немесе пьеса соңында атылуға тиіс мылтық туралы айтылмай қалмайды, яғни
бастапқыда суреттелген кез келген деталь сюжеттің кейінгі дамуында маңызды
болады» [126, 331].
Үш түрлі дискурста берілген претекст трансформацияланып, көлемі
өзгеріп қолданылған. Үш мысалдың авторы да претекст туралы үстірт қана
хабардар, тек претекст семантикасын ғана ұстап қалған. Алғашқы екі
мысалдағы мұндай жаңсақтықты қаламгерлердің
ұлттық мектепте білім
алғанымен түсіндіруге болса, үшінші мысалдың авторы әрі өзінің
идиоэтникалық лингвомәдени құзіреті шегінде, әрі филолог ретінде өз деңгейін
таныта алмай тұр. Себебі А.П. Чеховтың үш мысалға да ортақ претекст болып
тұрған сөзі шын мәнінде төмендегідей: «Если вы в
первом акте повесили на
стену пистолет, то в последнем он должен выстрелить. Иначе - не вешайте его»
[127, 302].
Байқап отырғанымыздай, интертекст ретінде өз мәтіндеріне кіргізген
авторлар мен А.П. Чехов контексіндегі модальділік түрліше: үзілді-кесілді
кесімділік,
тиістілік, күмәнділік сияқты алуан сезім аңғарылады. Үш
қолданыстағы интертекстің лексикалық құрамында айтарлықтай өзгеріс бар,
яғни
мылтық пистолетті алмастырған, ол авторлардың әлемді тілдік
тануындағы стереотиптен туындайды. Ал Ғ. Жайлыбай контексінде прецедентті
жағдайдың парадигматикасынан хабар беріп тұрған реминисценция претекст
семантикасын ұлттық когнитивтік кеңістікпен ұштастырған:
кеменің күймеге
ауыстырылып,
тіршіліктің теңізге балануы.
Тілдік тұлға болып есептелетін қаламгер мен
оқырманның тілдік-мәдени
құзіреті интертекстуалды байланыстардың әлеуетін тануға жәрдемдеседі.
Келтірілген мысалдарда претекст пен интертекст семантикасының,
авторлар көзқарастары арасында кереғарлық, бірін-бірі жоққа шығарушылық
жоқ, сондықтан олардың бір-біріне жаттығы, бөгделігі сезілмейді. Ал мына бір
жағдай мүлде басқаша. Публицистикалық дискурстан кеңінен белгілі сөз
тіркесінің семантикасын түсінбей, тек сыртқы
құрылымын ғана пайдаланған
қолданушының мәтіні күлкі туғызып, мазақ секілді түсініледі. Мысалы, 2001
жылғы бір кітапта: «Мүмкін, сондықтан да
барлық уақыттар мен
Достарыңызбен бөлісу: