Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет70/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! 
Байқалып отырғанындай, орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқаларда 
лексикалық сәйкестіктер бірден көзге түседі, тек соңғы жолдар мен олардағы 
апеллятивтер ғана әр түрлі. Орыс тіліндегі үзіндіде апеллятив жеке тұлға болса, 
қазақ тіліндегі нұсқада қаратпа сөзбен бүкіл халықты атайды және кейіннен 
жазылған Б. Момышұлы контексінде соңғы жолда ешқандай шартсыз үзілді-
кесілділік болса, М. Дулатұлының контексіндегі шарттылық өлеңдегі 
жалпылық, континуумның белгісіздігінен туындайды. Екі мәтін семантикасы 
мүлде ұқсамайды. Претекст қоғамдық-әлеуметтік мәні жоғары туынды болса, 
интертекске қарап, оны таза сүйіспеншілікке арналған деп ойлауға болады, 
яғни дәйекке алынып отырған өлең шумағы басқа мәтін контексіне түсу 
арқылы өз семантикасын мүлде өзгертіп жіберген. Негізгі әңгіменің 
құрылымына енгізілген өлең шумағы өзінің тұтас өлең құрамындағы 
семантикасын жоғалтып, әңгіме контексіне бейімделіп, адамдар қарым-
қатынасының күрделі иірімдеріне терең бойлауға бағыттайтын элемент ретінде 
өзі түсіп отырған әңгіме семантикасын түзуші қызмет атқарып, мәтін 
модальділігін айқындайды. 
Біздіңше, жазушы кейіпкерінің тілдік тұлға ретіндегі лингвомәдени 
құзіреті мәтін семантикасын түзуге көмектесетін имплицитті фактор болып 
санала алады. Себебі автордың билингв кейіпкері «туған елі үшін бүкіл өмірін 
құрбан етуге дайын тұрған күрескердің бейнесіндей болып ел аузында 
жатталып қалған» [114, 16] өлеңмен таныс болған және өлеңнің өз ойына 
сәйкес келетін, өз ойының әсер-қуатын арттыратын алғашқы жолдарын 
контекстен үзіп алып, өз мақсатына жаратқан секілді, яғни тұтас елге деген 
сүйіспеншілікті жеке тұлғаға - өзінің сүйгеніне көшірген. Бұдан шығатын 
қорытынды – автор интертексті мәтін түзуші элемент ретінде қолданса, 
оқырман үшін ол әңгіме семантикасын ашып, қабылдауға көмек. Еш маркерсіз 
(тырнақшасыз, авторы көрсетілмей) берілген интертекстің жаттығы әңгіменің 
композициялық-семантикалық құрылымында мүлде сезілмейді, сондықтан 
оқырман бұл өлең жолдарын әңгіменің өзіне тән табиғи когеренті, еш 
ажырағысыз бөлшегі деп түсініп, кейіпкерлердің қиын да қызық, күрделі де 
қайшылықты қарым-қатынасын бейнелі, жинақтап ашып көрсететін элемент
деп ойлайды. Ал үзіндінің түпнұсқасын немесе претексті танып, оның 
семантикасы мен әңгіме семантикасын салыстыру, байланыстыру оқырманның 
аялық біліміне, когнитивтік базасына тікелей тәуелді. 
Б. Момышұлының әңгімесі жазылған тұста М. Дулатұлының мұрасы жасы 
үлкен, онда да лингвомәдени құзіреті жоғары оқырмандарымызға азды-көпті 
белгілі болғанмен, жастардың басым бөлігіне бейтаныс болғаны түсінікті. 
Демек, қалың көпшілік претекстің өзін де, авторын да білмеуі мүмкін. Ал, 
біздіңше, Б. Момышұлы бұл өлеңнің кімдікі екенін білген. Сондықтан да саяси-
идеологиялық жағдайларға байланысты М. Дулатұлының шығармашылығын 
атауға, оқуға тыйым салынған тұста оның өлеңін өз шығармасына 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


105 
аудармасымен болса да енгізуі қазақ зиялысының халқына жасаған еңбегін 
ескергені, бағалағаны деп есептейміз. Тек өлең аудармасын Б. Момышұлы өзі 
жасады ма әлде басқа біреудің бұрынғы аудармасын пайдаланды ма деген 
мәселе түйткіл тудырады. Ғылыми айналымдағы еңбектерде М. Дулатұлының 
шығармалары орыс тіліне аударылып, 1914 жылы «Восточный сборник» 
жинағында басылып шыққаны туралы айтылады [115]. Қазақстанға бұл 
жинақтың тек екі данасы ғана жіберілгенін және оған М. Дулатұлының 
«Шағым» атты өлеңі енгізілгені жөнінде нақты деректер жоқ екенін ескерсек, 
үзіндіні аударған Б. Момышұлының өзі болар деген ойдамыз. 
Қазіргі қазақ поэзиясында интертекстуалды элементтерді өте көп 
пайдаланатын ақындардың бірі С. Ақсұңқарұлы екені байқалады. Оның 1967-
1987 жылдары жазған топтамасын ашатын «О, Мұқа, мен де жетіммін» деп 
аталатын өлеңінде интертекстуалды элементтердің бірнеше түрі бар: эпиграф, 
реминисценция, аллюзия. Реминисценция өлең атауынан-ақ байқалады: өткен 
ғасырдың 50-жылдары дүниеге келген ақын М. Мақатаевтың тұтас 
шығармашылық контексіне арқау болған Ұлы Отан соғысы жылдарына тап 
келген балалық шақ, жетімдік семантикасы жаңғыртылып тұр. Соңғы шумақ 
өлең атауы мен эпиграфында берілген ойды қорытып, тұйықтап отыр деуге 
болады: 
От боп кірейін жас толы жанарларына, 
қызғыш құс болам - қапаста қамалғанына!!! 
СЕНАТ АЛАҢДАРЫНА 
Жеткім келеді, 
Қалуға бекіндім әрі, 
Себебі – 
Декабристер – жетімнің бәрі! 
Шумақтағы графикалық тәсілмен ерекшеленген сенат алаңдарына тіркесі 
екі бірдей прецедентті жағдайдан хабардар ететін аллюзия: Ресейде, 
Петербургтегі Сенат алаңында 1825 жылы аяусыз басылған көтеріліс пен 1986 
жылы Алматыдағы Үкімет үйі алдында да солай қатаң жазаланған жастар 
шеруін меңзейді. Алғашқы көтеріліс туралы кеңестік тарих оқулығынан білетін 
оқырмандар екі оқиғаны параллель еске алса, кейіннен мектеп бітірушілер үшін 
аллюзия тануда кедергілер бар. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстанда ресми 
қызмет ететін сенат болмаса да, ресми биліктің символы болып табылатын 
Үкімет үйінің алдындағы оқиға осы аллюзиядан оңай танылса, Петербург 
оқиғасы туралы тек еміс-еміс қана түсінік бар, өйткені когнитивтік базада ол 
туралы дерек жоқ деуге болады. Қызғыш құс тіркесі - реминисцентті 
номинатив. Сондықтан оқырман Махамбеттің «Қызғыш құсымен» және 
жоғарыдағы оқиғалармен ассоциация негізінде ұлттық және әлемдік 
энциклопедиялық білім аясын тоғыстырады. Өлең семантикасы және оқырман 
пресуппозициясы үшін аталған аялық білімнің экспрессивтілігі айрықша. 
Қазақ әдебиеті классиктерінің бірі Ғ. Мүсіреповтің «Авгейдің атқорасынан 
бастайық» деп аталатын мақаласының тіл мәдениеті мәселелеріне арналғаны 
мәлім. Бұл, негізінен, қаламгерлер, ғалым-зерттеушілер, жалпы жазу өнерінің 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


106 
жанашырлары алдындағы сөз болғандықтан, оның адресаттары атаудың 
претексімен ассоциацияға орай әдебиетіміздегі сөзқолданысқа қатысты 
мәселелер екенін түсініп, интертекстің әсер-қуатын ерекше сезінеді. Ал 
қарапайым халық үшін бұл интертекстің сол кезде қолданылуы түсініксіз 
болды, сондықтан осы түсінбестікті жою үшін түрлі анықтама әдебиет, 
материал іздегені даусыз. Ал қазір теледидар арқылы көне грек 
мифологиясынан жақсы хабардар ұрпақ үшін, керісінше, есімі ондай таныс 
емес Ғ. Мүсірепов не айтқысы келді екен, сонша былығып, тазалауға өте қиын 
Авгейдің атқорасына айналған не болды екен деген сұрақтар туындауы мүмкін. 
Бұның өзі прецедентті құбылыстардың танымал-бейтаныстығы уақытқа 
байланысты екенін көрсетеді, яғни белгілі бір кезеңде кең тараған цитата
афоризм, аллюзия басқа бір уақытта мүлде ескерусіз, танылмай өте шығары 
сөзсіз. Жекелеген цитата, мәтіннің фрагменті тілдік тұлғаның қолдануында 
кездессе де, ол тұлға претекспен толық таныс немесе оны біледі деген сөз емес. 
Мәселен, интертекст ретінде жиі қолданылып жүрген мына үзіндінің Қадір 
Мырза Әлидің қандай шығармасынан екенін мектеп оқушылары да, оқу орнына 
ұран ретінде іліп қойған ұстаздар да, қатардағы қарапайым оқырман да 
білмейді: 
Ана тілі – арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Ел аузында кең тараған бұл сентенция өз уақытында, яғни Қазақстан 
Республикасы тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін иеленіп, 
ұлттық идентификация қажеттілігі жоғары деңгейде болып тұрған кезде 
қоғамның, ұлттың саяси, идеологиялық, психологиялық сұранысын өтегені 
ақиқат, сондықтан бұл интертекст публицистикалық дискурста үнемі жұмсалып 
жүрді. Қазір, мемлекетіміз нығайып, ана тіліміздің қолданылу аясы күннен-
күнге кеңейіп келе жатқанда, бұл цитатаның өзектілігі бұрынғыдай емес. 
Әлемдік білім аясынан алынған интертекстердің ұлттық көркем шығармада 
қолданылуының да өз ерекшеліктері бар. Бұл орайда: «Бір айта кететін жайт, 
тек ұлттық қана емес, сонымен қатар білімнің әлемдік шеңберде болғаны тілдік 
тұлғаның лингвомәдени құзіреті дәрежесінің жоғары да жан-жақтылығының 
көрсеткіші болмақ. Соңғысы әсіресе лингвомәдениеттанудың белгілі бір 
нысаны болып табылатын, кең көлемдегі мәдени білімді қажет етер, 
«прецеденттік атауларда» көрініс табады» [116, 11] деген пікір тек атауларға 
ғана емес, прецеденттік феномендердің барлығына қатысты. 
Интертекстуалды байланыстарға негіз болатын претекстердің бір көзі 
афоризмдер екенін бұл мәселемен айналысушылардың бәрі көрсетеді. 
С. Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» романында басты 
кейіпкерлердің бірі Кәрім қалжыңбас, тілді, әділ, шыншыл адам ретінде 
көрінеді. Ол өзінің жамағайыны Жаманқара мен ауыл молдасы Сыбанның іс-
әрекетін, оларға қарсы өз істерін «өмір сахна – біз артиспіз» деп бағалайды 
(жазушы пунктуациясын өзгертпей бердік – А.Ә.), яғни Кәрім өзінің де, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


107 
өзгелердің де жағымсыз іс-әрекетіне өзінің субъективті көзқарасын – 
жақтырмауын, кекетуін халық арасында кең тараған қанатты сөзді қолдана 
отырып, яғни басқа субъектің сөзімен береді. Аталған афоризм күнделікті 
сөйлеу үрдісінде, публицистикалық дискурста жиі кездеседі. Мәселен, КСРО 
халық әртісі, белгілі өнер қайраткері А. Әшімовтің «Парасат» журналына 
берген сұхбатында «Шекспирдің тілімен айтқанда: «Адамдардың баршасы - 
артист». Артистік дарын біреудің бойында кем, екіншісінде артық болып 
жатады. Ал, оны шыңдау, дамыту адамның өзіне байланысты. Өнер оқу 
орындарына жастар көп түседі. Солардың ішінен суырылып шығатындары 
некен-саяқ. Менің де өнерге келуім - кездейсоқ құбылыс. Шынымды айтсам, 
бала кезімде «артист»деген сөзді онша ұната бермейтінмін» [117, 11]. Байқалып 
отырғанындай, интертекст екі дискурста да жағымсыз коннотацияға ие. Бірінші 
мысалда романдағы интертекст авторы атрибутивті емес, ал екіншісінде сұхбат 
беруші өз ойын ашып көрсетуге қолданған цитатаның авторын атайды және 
өзінің 
комментарий-түсініктемесі 
арқылы 
артист 
сөзінің жағымсыз 
эмоционалды бояуын қоюлата түседі. Бір қызығы – афоризм, жоғарыда айтып 
кеткендей, ел аузында кең таралғанымен, біз қарастырған 7 түрлі сөздікте [118-
124] У.Шекспирдің афоризмге айналып кеткен сөздері арасында байқалмайды.
Тек бір сөздікте француз ақыны Пьер Ронсардың мына шумағы келтіріледі: 
Весь мир - театр, мы все – актеры поневоле,
Всесильная судьба распределяет роли
И небеса следят за нашей игрой![118]. 
Дегенмен, қанатты сөзге айналған бұл афоризмнің Шекспирдікі екенін 
италиялық зерттеуші Г.В. Денисова [13] мен Н.Н. Кузьминаның [47, 204] 
еңбектері дәлелдейді. Соңғы зерттеуші бұл афоризмді архетиптік 
концептуалды метафора деуге бейім. 
Біз қарастырып отырған қолданыстың сентенция, яғни контекстік афоризм 
екені байқалады: өз контексінен үзіліп алына алатын құрылымның көркемдігі – 
қысқалық, мағыналық тиянақтылық, тұлғалық келісім – бірден көзге түседі де, 
қайыра қолдануға бейімді болып тұрады. Ал сентенцияның қолданылуы 
жиілеген сайын оның қанатты сөздер қатарына өту мүмкіндігі жоғарылайтыны 
аян. Бұдан шығатын қорытынды - әлемдік білім аясынан алынған интертекст өз 
коннотациясын өзгертуі өз алдына, автор да, оқырман да олардың нақты 
претексін толық біле бермейді. Бұл орайда мысалға келтірілген интертекстің 
өзгеруі назардан тыс қала алмайды. Бірінші интертекст претекстің контексімен 
сай келетінін пунктуациядан байқауға болады және Кәрімнің тезаурусына 
сәйкес театр емес, сахна сөзі қолданылған. Интертекстің лексикалық құрамы 
синонимдес сөздермен алмастырылған: актер – артист. Ал екінші мысалда 
претекстің тек бір бөлігі жұмсалған, айтылмаған алғашқы бөлігін оқырман өзі 
еске түсіріп, толықтырады. 
Бұның өзі интертекстуалдылық теориясындағы претекстен алынған цитата 
сөз сол қалпында еш өзгеріссіз қолданылуымен қатар, сол цитатаны еске 
түсіретін нышандары арқылы да вербалдана береді деген пікірдің ақиқаттығын 
дәлелдейді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


108 
Бізге географиясы, менталитеті, уақыты, тілі жағынан мүлде алыс 
претекстің ұлттық әдебиетіміздегі осындай көрінісі объективті себептерге 
байланысты, яғни бұл претекст ХVI ғасырда пайда болған және біздің тілімізге 
түпнұсқа тілден тікелей емес, дәнекер тілден аударма арқылы жетіп отыр.
Алайда дәл осындай жағдай жақын шетел саналатын Ресей 
қаламгерлерінің сентенцияларын претекст ретінде қолдануда да байқалады. 
Ұлттық мектепте, яғни қазақ тілінде оқып, білім алғанмен, басқа ақпарат 
көздері бір орталықтан, бір ыңғайда реттеліп отырған тұста ұлт тілінде жазатын 
авторлардың түр, сәтті дайын сөзқолданыс іздеуі, оны басқа тілден табуы және 
оны өзгерту, жаңғырту нәтижесінде соны бейне жасауы таңқаларлық жағдай 
емес. Дегенмен өз мәтіндеріне кіргізіп отырған интертекстердің нақты қандай 
шығармадан алынғаны көбіне қаламгерлердің өздеріне де аса белгілі бола 
қоймайды. Олар претекстің негізгі контексі, авторы туралы толымсыз дерекке 
қарамай, айтар ойын әсерлі, сәтті жеткізер дайын коммуникативті блоктарды 
пайдаланады. Мысалы, Ғ. Жайлыбайдың мына жолдарына назар аударалық: 
Барар жер біреу, 
Мінсең де бөлек күймеге. 
Теңіз-тірліктің, түсінсең, сұрапыл әні. 
Өзегің талып, әй, бала, 
Өрекпи берме, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет