Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


Солықтаған жол-тармақ, сұрып қапқан күйе боп, жадында өзі қалар еді



Pdf көрінісі
бет65/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118
Солықтаған жол-тармақ, сұрып қапқан күйе боп, жадында өзі қалар еді. 
Ұзын ырға кей толғаудың басы, бір сыр-мұңдарды бауырына басқан жұмыр 
шумақ не шумақтың жартысы екшеліп өзі кеп, қыл шылбырдың түйініндей 
бүйіріне батар еді. Ондай, кісінеп табысқан тармақ-жолдарын, керегінде 
шарқ ұрып іздегені есінде жоқ». Бұдан мәтін фрагменттерінің кез келгені емес, 
оқырманның жан дүниесіне жақын, эмоционалдық мәні жағынан белгілі бір 
жағдайларға сәйкес келетін үзіктері ғана еске сақтауда да, еске түсіруде де 
арнайы күш салуды қажет етпейтіні байқалады. Тілдік тұлғаның жадында бей-
берекет, ретсіз жинақталып, қатталып жатқан мәтіннің кез келген деңгейдегі 
үзінділері қажет уақытта мүлде орынсыз немесе мүлде тосын ассоциация 
арқылы өзектенуі мүмкін. Осы орайда Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық 
мол жылдар» романындағы «Чеховтың қарындасы» атанған Зәйкүлді еске 
түсірген артық емес (түсінікті болу үшін үзіндіні толық келтірдік): 
Қыста ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінен емтихан өткізуге әзірленіп 
жүрдік. Бір күні үзіліс кезінде Зәйкүл бәрімізге сұрақ қойды 
- Чеховтың бір қарындасы туралы айтқаны бар еді ғой, сол сөз кімнің 
есінде? 
- Қай қарындасы туралы?- дедік біз түсінбей. – Мария Павловнаны 
айтасың ба? 
- Тілімнің ұшында тұр, өзінің бір қарындасы жайында айтып еді ғой. 
- Не деп? 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


98 
- Не деуші еді кісі өз қарындасы туралы. Соның жақсы бір қасиетін 
айтқан. 
Біз Чеховтың әйел аттас шығармаларын атай бастадық. 
«Ниночка» ма? 
- Жоқ, -дейді Зәйкүл басын шайқап. 
«Ит жетектеген келіншек» пе? 
Зәйкүл сақылдап кеп күледі. 
- Қойыңдаршы әрі, келіншек ит жетектеуші ме еді? Ол бір ауылдың 
аңшысы ма екен иттерін қасынан қалдырмай ертіп жүретін? 
- Ойбай, Зәйкүл, сен білмейді екенсің ғой, - дейді Жомартбек орнынан 
ұшып тұрып. – Келіншектердің керемет аңшылары болады. 
- Өзгеге сенсем де, саған сенбеймін, Жомартбек, - дейді Зәйкүл қолын бір-
ақ сермеп. 
- Онда «Апалы-сіңлілі үшеуді» айтасың ба? 
- Жоқ, үшеу емес, біреу, - дейді Зәйкүл біздің діңкемізді құртып. – 
Чеховтың сол сөзін жұрт айта береді ғой ылғи. 
Өлдік-талдық дегенде, келесі үзілісте оны әрең таптық. Сөйтсек 
Зәйкүлдің сұрап отырғаны Чеховтың «Краткость – сестра таланта» 
дейтін нақылға айналып кеткен атақты сөзі екен. Сол күні бәріміз ішек-
сілеміз қата күле отырып, Зәйкүлге «Чеховтың қарындасы» деген атты 
бірауыздан бергенбіз. Афоризмнің лексикалық құрамындағы жалғыз сөз 
арқылы кейіпкер тұтас мәтінді еске түсіргісі келеді, бірақ танымдық базасында 
ол жайында нақты, толық ақпарат болмағандықтан, тек вербалды-
грамматикалық деңгейде жадында қалған сөзге жүгінеді. Ал, керісінше, 
коммуниканттардың екінші тобының танымдық базасы қарындас сөзімен 
парадигматикалық, синтагматикалық қатынастағы сөздер арқылы танылады. 
Әрбір адамның тілдік тұлға ретінде жеке когнитивтік кеңістігі [111, 46] 
болады, ал ол өз кезегінде түрлі ұжымдық (отбасылық, кәсіптік, діни, 
әлеуметтік) когнитивтік кеңістік жиынтығынан тұрады да, өзі өмір сүріп 
отырған қоғамның ұлттық-тілдік-мәдени танымдық базасына сүйенеді. Алайда 
бір ғана ұлттық когнитивтік кеңістікке жатса да, әр уақытта өмір сүрген, 
қоғамдағы саяси-идеологиялық ұстанымдардың насихатталуы, ақпарат 
көздерінің жетімсіздігі, жабықтығы, ұлттық әдебиет, мәдениет деректерінің 
кейінгі орынға ысырылуы сияқты экстралингвистикалық себептердің әсерінен
тілдік тұлғалардың – автор мен оқырманның когнитивтік базасының өзі 
түрліше қалыптасатыны кездеседі. Ол, әрине, адамның әлеуметтену үдерісіне 
байланысты болады, өйткені: «адамның психикасы белгілі бір дәрежеде 
физиологиялық алғышарттар мен әлеуметтік құралдардың бірлігі түрінде 
қалыптасады. Тек осы құралдарды меңгере отырып қана, меншіктене отырып 
қана, тұлға оларды өзінің және өз қызметінің бір бөлігі жасай отырып қана, 
адам адам бола алады» [112, 9]. 
Бұл орайда зерттеуші Г.В. Денисова тілдік тұлғаның «когнитивтік 
деңгейінің интертекстуалды құрылымын» ұсынады. Бұл белгілі бір 
лингвомәдени кеңістік мүшелері үшін тек қандай мәтіндер өзекті екеніне ғана 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


99 
емес, сол тілдік-мәдени ортада бар мәтіндерді әр ұрпақтың түрліше 
қабылдауына байланысты да өзгеріп отырады. Көркем мәтінді оқушы оны 
өзінің өмірлік жеке тәжірибесіне сүйене отырып қабылдайтындықтан, сол 
мәтінді қабылдаудың инвариантына өз нұсқасын ұштастырады. Мәселен, Ә. 
Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы туралы өткен 
ғасырдың 80-жылдардағы, соңындағы және қазіргі замандағы оқырмандардың 
пікірі бір жерден шықпайды. Оқырмандардың алғашқы тобына ол іздеп жүріп 
оқитын күшті әдеби мәтін болса, екінші топтағылар оны қатардағы көп 
романның бірі деп қабылдады, ал қазіргі жас буын ол туралы аса біле 
қоймайды. Осы жас буынның арасында романды оқып, ол туралы жақсы пікір 
айтып, оны қайта туындату (мазмұндау, сөзқолданысын пайдалану) 
нәтижесінде ғана ол қайтадан күшті мәтінге айналуы мүмкін.
Тілдік тұлғаның танымдық деңгейінің тұрақты интертекстуалды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет