54
тілдің барлық тармақтарының нормаларымен қатар,
ауызекі сөйлеу тілінің
элементтерін де кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Бұл орайда зерттеуші М.Ш.
Жұмағұлова: «Алайда соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының
мемлекеттік
цензурадан
босауы,
қоғамдық
цензураның
әлсіреуі,
«демократияға» бетбұрыс деген желеудің күшеюі газет бағаналарында сөздің
табулық формасының, тіпті дисфемистік формасының (қара басып, очкарик,
қатырады-ай т.б.) көбеюіне жол ашты. Мұндай негативті құбылыс,
әсіресе
«Жас Алаш» пен «Түркістан» газеттерінен жиірек байқалып қалады» [87] деп
көрсеткенмен, біз өз тарапымыздан «Жас Алаш» газетінің журналистері мұндай
элементтерді саналы түрде пайдаланған дегіміз келеді. Оның тағы бір дәлелі –
осы газеттегі
Гу-Гу айдары.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының аяғында «Жас Алаш» тұрмыстық
коммуникацияда өте жиі көрінетін, бірақ тілдік репрезентациясы назардан тыс
қалып жүрген бір құбылысты (феноменді) өз мақсатына, яғни газет таралымын
көбейту үшін пайдаланғаны байқалады.
Гу-Гу айдарымен ел арасына тарап
кеткен
қауесет, лақап, алыпқашпа, ұзынқұлақ жарияланып тұрды. Бұл айдар
газет бетінде 1998 жылдан 2001 жылдың ортасына дейін үзілмей беріліп
келгеніне назар аударсақ,
қауесеттің қаншалықты өміршең, қаншалықты көп
екендігіне, қаншалықты тез, көп тарайтынына көз жеткізуге болады. Осы
айдармен берілген қауесет елімізде болатын немесе болған түрлі әлеуметтік,
мәдени, саяси өзгерістерге, аты аталмаған, алайда іс-әрекеттері арқылы таныла
алатын жоғары лауазымды адамдардың күнделікті тіршілігіндегі, қызметіндегі
іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары, сөйлеген
сөздері мен жеке бастары
мүддесіне қатысты болатындықтан, мемлекетімізде қоғамдық пікір туғызып,
моральдік-этикалық хал-ахуалға тікелей әсер етеді. Қатардағы қарапайым
оқырман оған ерекше қызығушылық білдіреді,
өйткені сол арқылы өзі сол
үлкен саясат пен үлкен билік тізгінін ұстаған адамдармен, шоу-бизнес
өкілдерімен қатар жүргендей, олармен тең дәрежедегідей сезімде (иллюзияда)
болады. Жарияланған қауесеттер қоғамдық өмірдің бар саласына қатысты
болып келеді. Мысалы:
«Елбасы сынынан дереу қорытынды шығарған бір
Достарыңызбен бөлісу: