АҢдатпа 12-бет 4-бет



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата06.03.2017
өлшемі10,23 Mb.
#8100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Үшінші жақтың 

мүддесін ескерген 

дұрыс

Нашақорлар  мен  маскүнемдерді 

жаман  әдеттен  жирендіру  үшін, 

оларды  ұялтпақ  болып  газетке 

аты-жөндерін  бадырайтып  тұрып 

жазып,  жарияладық  делік.  Бұл  сол 

алқаштар  мен  нашақорларға  еш 

әсер  етпейді.  Ал,  олардың  орнына 

еш  кінәсі  болмаса  да  әйелі,  бала-

шағасы  қарабет  болады.  Жоғарыда 

айтқан  үшінші  жақ  деп  отырғаны-

мыз осылар. Әдетте, журналистердің 

осы  үшінші  жақтың  тағдырына  бас 

қ а т ы р ы п   ж а т п а й т ы н ы   ө к і н і ш т і . 

Жеке  сипаттағы  жағдайдың  аясынан 

шығып  кеткен,  біршама  жалпылама 

әрі  ортақ  нұсқау  мен  кеңесті  кәсіби 

мораль ұстанымы деп атауға бола ды. 

Мамандар арасында кәсіби моральда 

ұстаным болмайды, оны тек адамзат 

құндылықтарынан ғана алып қолданады 

деген  пікір  бар.  Алайда,  мәселенің 

мәнісі,  сол  ұстаным  деген  ұғымның 

мазмұнында  болса  керек.  Егер  оны 

абсалюттық талап дейтін болсақ, ондай 

талаптарды  кәсіби  мораль  шынында 

ортақ ар-ұжданнан алары анық. Мұның 

өзі обьективтілік пен сөз бостандығын 

қастерлеу дегенге жетелейді. Кәсіби 

кодекстерде аталмыш талаптар біршама 

анық, айқын көрініс тапқан.

Кәсіби мораль еңбек процесіне тек 

норманың көмегімен ғана ықпал етпейді. 

Ең бастысы, құнды лықтар жүйесі ар-

қылы мінез-құлықты үйлестіруге әсер 

етпек. Осы құндылықты қалыптастыруға 

журналис тердің қызметі бағытталады. 

Норма деген ұғым – анықталған бағыт 

бойынша  жұмыс  істеу  функцияны, 

оны  бұзған  жағдайда  жауапкершілік 

жүктеледі  деген  мағынаны  білдірсе, 

құндылық дегеніміз – норманы ұстану 

қажет  дегенді  өзінің  ішкі  сенім-

нанымына сүйене отырып, ерікті түрде 

жұмыс істеуді айқындайды. Егер норма 

–  әрбір  әдеттегі  оқиғадағы  мінез-

құлық мазмұнын анықтап берсе, құн-

дылық  –  үнемі  жалпы  бағыт-бағдар 

ұсынады. 

Зерттеулер 

не дейді?

Құндылық  –  адамдар  санасы-

на  қоғамда  белгілі  орын  иелену, 

Шынтуайтында,  журналистика 

мамандығы  пайда  болғаннан  бері 

де  төрт  ғасыр  өткен  екен.  Сонда 

д а   ж у р н а л и с т і ң   к ә с і б и   м о р а л ь 

мәсе лесінің  өте  жас  сала  екендігін 

айрықша атап айтуымыз керек. Оның 

нормалары  жинақталған  тәжіри-

белердің  көлемімен  жүре  келе 

қалып тасса  керек.  Алғашқы  кездегі 

қолжазба  «newsletters»,  «aviso», 

«zeitungen»-дерді  жеке  шығарып 

келген  адамдардың  бірлестігі  де  бір 

күнде  қалыптасқан  жоқ.  «XVI  ғасыр 

тұсындағы  қолжазба  газеттерде  сол 

кезеңдегі  мануфактурлық  шағын 

өндірістік  тәсілдер  қолданылды… 

«Авизо»-ның  авторы  жинақталған 

ақпараттарды  сатып  алушыларға 

жаз ған  хаты  және  «Журналистердің 

фило со фиялық  бостандықты  қол-

дау  мақсатпен  шығарма  жазу  кез-

де  ұстанатын  функциялары  тура-

лы  толғаныс»  атты  туындысы.  Атал-

мыш  «толғанысты»  жазуға  түрткі 

болған  мәселе  Лейпцигтің  ғылы-

ми-зерттеу  журналына  Ломоносов-

тың  жұмысы  жайында  қате  ақпа-

раттың  шығуы  болған.  Соған  жауап 

ретінде  монография  жазып,  жур-

налистердің  ұстануға  тиіс  ере-

желері,  тәртіптер,  нормалар  тура-

л ы   ө з   о й ы н   е р к і н   б а я н д а й д ы . 

М.Ломоносовтың  жасаған  аталмыш 

ережесі  Ресей  журналистерінің 

алғашқы кәсіби кодексі болып есеп-

теледі. Мұнымен келісуге де болады. 

көзқарас білдіру, қорытынды жасауға 

көмектесетін  бағыт  пен  мақсатты 

қ а л ы п т а с т ы р у ғ а   н е г і з   б о л а д ы . 

Адамның  қандай  бір  мақсатқа  жету 

арман-мүддесі  оның  ішкі  әлеміндегі 

қордаланған  құндылық  сенімімен 

тікелей  байланысады.  Яғни,  ол  – 

адамдардың  мінез-құлқы  мен  іс 

қызметінің  себебіне  айналады  да, 

«жарқын болашаққа» жетелеу іспетті 

«арман  объектісін»  нұсқайды,  өз 

қызметін  тану  және  күткен  дүниесін 

қаперге ала отырып, мақсатты түрде 

ұйымдастыруға жәрдемдеседі. 

Құндылық  жеке  адамның  тәжіри-

бесінің  арқасында  сананың  дерегіне 

айналмақ.  Оның  қоғамдық  және 

жеке  адамдық  екі  ұдай  сипатының 

нәтижесінде  құндылық  та  сондай 

күйде болады. Жалпы құндылық қай 

кезде  де  қоғамдық  сипатта.  Себебі, 

құндылық  адамзат  қоғамындағы 

ахуалмен,  тәрбиемен,  білім  жүйесі-

мен  байланысты  тәжірибеге  тікелей 

тәуелді.  Сонымен  қатар  «құндылық 

жеке  сипатта,  себебі,  оған  белгілі 

бір  тұлғаның  өміріндегі  қайта-

ланбас  тәжірибе,  арман-мүдде, 

қажеттіліктерінің  ерекшелігі,  әдет-

салты  мен  мінез-құлқының  түрлері 

ж и н а қ т а л а д ы » ,   –   д е й д і   ғ а л ы м 

Ю.Шерковин.

Журналистер  арасында  социо-

логиялық зерттеулер жүргізген әлем 

ғалымдары,  соның  ішінде,  финдік 

ғалым  Ларс  Брун,  болгарлық  Крилл 

Нешевтер масс-медиа үшін ең маңызды 

мәселе – объективті шындық, берілетін 

ақпараттардың  уақыт  тынысын  дөп 

басуы деген. Польша, Монғолия секілді 

елдердің ғалымдары мен журналистері 

жүргіз ген  зерттеулер  нәтижелері  де 

осыған жақындайды және шындықты 

журна листер ұстанатын басты қағида 

деп біледі.

Моральдық  функциялардың  ішін-

де  мінез-құлықты  үйлестіру  қабілеті 

ерекше  орын  иеленеді.  Сондықтан, 

зерттеушілер  арасында  үйлестіру 

қызметін  моральдың  негізгі  функ-

циясы ретінде қарастырушылар бар. 

Алайда,  кәсіби  моральдың  мүм-

кіндігі  өте  кең  екендігі  тағы  белгілі 

жайт.  Кәсіби  мораль  журналист 

қызметінде  тек  мінез-құлықтың 

ғана  үйлестірушісі  болмайды.  Ол 

журналистерге объективті, әділ болу 

секілді  құндылықтарды  бағыт  етуіне 

көмектесіп,  қоғамның  игілігі  үшін 

жұмыс  істеу  мүмкіндігін  ұсынады, 

өзге лерді түсінудің кілтіне айналады.

Адамдар қарым-қатынасы журна-

листика қызметінің барлық саласында 

тереңдеп енгендіктен, кәсіби мораль 

журналистерді әр қадам сайын өздеріне 

баға беріп отыруға итермелеп, оның 

критерийлерінің пайда болуына ықпал 

етеді.  Бәрін  толықтай  түйіндесек, 

мораль  –  кәсіби  қызметтің  мақсаты 

мен  мазмұнын  игеру  құндылығының 

ерекше  бір  тәсілі  болып  табылады. 

Журналистика – жалақы алу үшін ғана 

істелетін күнкөрістің қамы емес. Кәсіби 

және  моральдық  сана  тұрғысынан 

келсек,  журналистің  еңбегі  –  белгілі 

бір  адамның  атқаратын  жай  ғана 

ресми міндеті емес, керісінше, қоғам-

ның  игілігі  үшін  қызмет  ету  жоғары 

жауапкершілік пен міндет және жеке 

тұлғаның тағдыры деп түсінген жөн.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»


14

№116/1 (2893/1) 

20 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

«ҚЫЗЫН 


ҚЫМТАП ҰСТАҒАН 

ҚЫСЫЛМАЙДЫ»

Сұхбат

Көкейкесті



АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ 

ДЕМОГРАФИЯ КЕПІЛІ

Мемлекеттің басты байлығы – 

адам.  Қазақстанның  жер  көлемі 

үлкен  болғанымен,  халық  саны 

жағынан  мақтана  алмаймыз.  Ал, 

халық  саны  қарқынды  өсуі  үшін 

демография дімкәс болмауы  тиіс. 

Демография  дімкәс  болмау  үшін 

ана  мен  бала  денсаулығында 

кінәрат  кездеспеуі  шарт.  Осыны 

ескерген ел Үкіметі ана мен бала 

өлімін азайтуға барынша жағдайды 

жасап  отыр.  Халық  денсаулығын 

жақсарту  мақсатында  арнайы 

бағдарламалар  қабылданды.  Бұл 

өз нәтижесін берді. Статистикаға 

сүйенсек,  Тәуелсіздік  алған  25 

жылда  елімізде  ана  мен  бала 

өлімі  бірнеше  есеге  азайған. 

Егемен дік алған алғашқы жылдары 

барлық сала қиындыққа тап бол­

ғаны  есте.  Бұл  қиындық  ден­

саулық  саласына  да  салқынын 

тигізді.  Сол  алғашқы  жылдары 

ана  мен  бала  өлімінің  көрсеткіші 

бойынша  Қазақстан  алғашқы 

орындардың бірінен көрінді. Десе 

де,  Елбасының  тапсырмаларын 

амалға асыра білген Үкімет ширек 

ғасыр ішінде оң нәтижелерге қол 

жеткізді.  Ана  мен  бала  өлімінің 

көрсеткіші бірнеше есеге азайды. 

Егемендіктің  алғашқы  жылдары 

босанған мың әйелдің 67­сі қайтыс 

болса,  2015  жылы  бұл  көрсеткіш 

12­ге дейін төмендеген. Ал, бала­

лар өлімі 27­ден 9­ға азайды. Ал 

бұл  көрсеткіштердің  жақсаруы 

халық  санының  өсуіне  оң  ықпал 

етті.  Статистикаға  сүйенсек, 

Тәуел сіздік алған 25 жылда халық 

саны 1 миллион 200 мыңға артқан. 

Мамандардың  пайымдауынша, 

халық  санының  артуына  ықпал 

еткен тағы бір көрсеткіш – шаңырақ 

көтергендер  қатарының  артуы. 

Сандарды сөйлетсек, соңғы жыл­

дарда ажырасу көрсеткішінің бір­

шама азайғанын байқауға болады.  

Кестеге  көз  салсақ,  елімізде 

соңғы 5 жылда бала туу көрсеткіші 

5  пайызға  артқанын  байқаймыз. 

Күн сайын елімізде 1000­нан аса 



–  Акушер  маман  ретінде  қызмет  етіп  жүргеніңізге  жиырма  жылдан 

аса уақыт болған екен. Осы жылдар аралығында нені байқадыңыз? Жүкті 

әйелдердің денсаулығында қандай да бір өзгешелік бар ма?

–  Тек  денсаулығында  ғана  емес,  қазіргі  әйелдердің  жауапкершілігінде  де 

үлкен  айырмашылық  бар.  Бұрынғы  келіншектер  денсаулығына  ерекше  мән 

беретін. Уақытында келіп тіркеліп, кеңесімізді  бұлжытпай орындайтын. Ол кезде 

қазіргідей экологиялық мәселеге алаңдамайтын едік. Және әйелдер бала тууды 

мақсатты түрде жоспарлайтын. Күтінетін, дүниеге дені сау ұрпақ әкелу үшін 

қолдан келгеннің бәрін істейтін. Қазір ше? Бүгінде жастардың жауапкершілігі 

азайып  кетті.  Өздері  тұрмыс  қамымен  жүрміз  деп  сылтауратып  тіркеуге  кеш 

отырады.  Дәрігер  кеңесін  жүре  тыңдап,  берген  дәрумендерді  уақытында 

қабылдамайды. Тіпті, қазір алдыңда бас шұлғып отырып, емханада шыға сала 

шылымын тұтататын аналарға қандай кеңес беруге болады? Яғни, олар тәптіпті 

сақтап, дәруменді қабылдау дәрігер үшін емес, өзі, өзінің ұрпағы үшін керек 

екенін  түсінбейтін  болып  тұр  ғой.  Бірақ,  солай  екен  деп  болашақ  аналарға 

қамқорлық жасамай, кеңес бермей тағы отыра алмаймыз. Әйтеуір дәрігерлерден 

кінә жоқ. Тек сол қолдауды көп жастардың түсінбейтіні өкінішті.

– Қазір баласын қоқысқа, көшеге тастап кететіндер көп. Осының алдын 

алуға  болмай  ма?  Мәселен,  мамандар  екіойлы  боп  жүргендерге  кеңес 

берсе қайғылы жағдайлар орын алмас па еді?

–  Тоғыз  ай  он  күн  көтерген  нәрестесін  селт  етпей  далаға  тастайтындар 

шынында  да  көбейіп  кетті.  Бір  өкініштісі,  ондай  аналар  ешқашан  есепке 

тұрмайды. Жасырынып жүреді де, жақындарының көмегімен босанып, баласын 

жолға  тастап  кете  береді.  Не  деген  жүрек  десеңші?!  Егер  бізден  көмек 

сұраса қолымыздан келген жеңілдіктің бәрін жасар едік. Дегенмен, мұндайда 

дәрігерлердің  қадағалауы  керек.  Алматының  іргесінде  тұрғандықтан  біздің 

ауылдың тұрғындары қалаға барып жұмыс істейді. Бірақ, көшелерді аралаған 

кезде бойжеткен қыздардың қайда, немен айналысып жүргенін үнемі сұрап, біліп 

отырамыз. Мұның өзі кемшіліктің алдын алуға ықпалды.



– Бүгінгідей нарықтық заманда жүкті әйелдердің жаны қалаған тағамын 

тауып жеуі де қиын екені рас. Сонда да болса, сәбидің дені сау болуы үшін 

келіншектерге қандай тағамдар тұтынуға кеңес бересіз?

– Тағамнан бұрын келіншектер салауатты өмір салтын ұстануы керек. Бізде 

жүкті екенін алғаш білген сәттен саусағын қимылдатпай жатып алатындар көп. 

Қимылдамаған  соң  балаға  ауа  бармайды,  өзі  салмақ  қосып,  семіре  береді. 

Мұның балаға зияны болмаса, пайдасы жоқ. Сондықтан, келіншектерге сергек 

сезініп,  тоғыз  айға  дейін  ширақ  қимылдауға  кеңес  берер  едім.  Әрине,  ауыр 

көтеруге, үлкен жүктемемен жұмыс істеуге, түнгі жұмыстар алуға болмайды. Ал, 

былайынша қимылдау керек. 



– Бүгінде кәмелетке толмаған қыздардың ана атануы таңсық болмай 

қалды. Бұл қауіпті емес пе?

– Неге қауіпті болмасын. Әлі еркелігі таусылмаған, өзі біреуге бала болып 

жүрген  қыздардың  ана  атануы  алдымен  өзіне  қиын.  Ең  бастысы,  оның  өзі 

саналы түрде сәби сүйіп, бала күтуге дайын болмайды. Әрине, ата­анасы бір 

жағына  шығып  демеу  болса,  ештеңе  емес.  Ал,  колледжде  оқып  жүріп  ерте 

тұрмысқа шыққан қыздардың бала сүйіп, күтіне алмай, денсаулығын ақсатып 

алып жатқанын көзіміз көріп жүр. Кейбіріне жайлы ене, жанашыр жігіт жолығып, 

жолы  болып  жатады.  Ал,  баланы  қалай  күтерін  білмей  отырған  жас  анаға 

көмектесудің  орнына  аяқ­қолын  жерге  тигізбей  жұмсап,  күні  бойы  жұмысқа 

жегіп қоятындар да бар ғой. Ондай кезде баланы емізуге сүт те жиналмайды. 

Көңіл­күйдің болмауы, отбасындағы ахуалдың нашарлығы кейде жас аналардың 

сырқатын үдетіп жібереді. Мұндай жағдай болмас үшін мектептерге барып ерте 

жүктіліктің зияны туралы дәріс оқимыз. Жастарға отбасының мәнін, ертеңгі өмір 

туралы терең түсінік беруге тырысамыз. Нақты өмірден мысалдар келтіреміз. 

Әрине, оны тыңдап, ақыл­кеңеске құлақ асатын бала табылса жақсы. Бірақ, 

біздің  балаларымыз  қазір  интернеттің  көмегімен  тәлім­тәрбие  алып  жатыр 

ғой. Сондықтан, олардың көпшілігі біздің сөзімізді жүре тыңдайды. Бұрын біз 

отбасылық өмірде білген ерлі­зайыптының арасындағы құпияны олар күнделікті 

интернеттен көріп, біліп отыр. Ашық­шашық, арсыздықты күнде көру адамның 

бойындағы ұятты кемітеді, көргенсіздікке көзіңді үйретеді. Мысалы, памперсті 

бес­алты жасқа дейін киген бала бұтына дәрет сындыруды ұят көрмейді ғой. Сол 

сияқты, күнделікті оғаш қылықтарды теледидардан да, интернеттен де көрген 

балада ұят деген сезім өліп кетеді. Бізге анайы, оғаш көрінетін дүниелер олар 

үшін қалыпты жағдайға айналады. Біз осыны әлі күнге ескермей жүрміз. Текті 

ұрпақ тәрбиелегіміз келсе біз осы кемшіліктен арылуымыз керек. Сондықтан, 

ата­аналар қызын тыйып, нені көріп, немен тыныстап жүргенін назарынан тыс 

қалдырмаса екен деймін. Бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыйым», «Қызын 

қымтап ұстаған қысылмайды» дегенді тегіннен тегін айтпаса керек.



– Бір сөзіңізде жүктілікті жоспарлау керек дедіңіз? Бала сүюге қай кез 

қолайлы?

– Жүктілік 16 жастан кіші, 35 жастан асқан әйелдерде ерекше бақылауды 

қажет етеді. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының 

нәрлілігі  мен  ұйқысының  қанық  болуына  көп  көңіл  бөлуі  керек.  Күз  мезгілі 

жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен 

қоры  жиналып,  жүктілікке  байланысты  өзгерістерге  үйренісу  көбінесе  суық 

айларда жеңілірек болады. Ал, алдыңғы балалар шетінеген, түсік тасталған болса 

немесе  қандай  да  бір  гормондық,  генетикалық  үйлесімсіздіктің  туындауынан 

секемденген  жағдайда  жоғары  технологиялық  мүмкіндіктері  бар,  жақсы 

жабдықталған  арнайы  мекемелерге  қосымша  қаралған  артықтық  етпейді. 

Жүктіліктің  белгілі  уақыттарында  қажетті  анализ,  тесттер  арқылы  баланың 

жатырдағы даму барысын, проблемаларды бақылауға болады. Ерте диагностика 

қай кезде де алдын алу шаралары үшін ең маңызды қадам болып табылады.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Назерке ИНАҚЫНҚЫЗЫ

Назгүл САТЫМБАЙҚЫЗЫ, 

Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылының акушері:

Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық көрсеткіштер

Жыл 


1991

1995


2000

2005


2010

2015


Мың адам 16 451,7 15 675,8 14 865,6 15 219,3 16 440,1 17 670,6

Тәуелсіздік  жылдарындағы  некелесу,  ажырасу,  бала  туу 

көрсеткіштері

Жыл 


1995

2005


2015

Некелесу


7,3

8,12


8,48

Ажырасу 


2,4

2,14


3,04

Бала туу


17,5

18,42


22,62

ДЕРЕК__Елімізде_262_босандыру_мекемесі_қызмет_көрсетеді._Ол_мекемелерде_400_мыңнан_аса_акушер'>ДЕРЕК 

Елімізде 262 босандыру мекемесі қызмет көрсетеді. Ол мекемелерде 400 мыңнан аса акушер-

гинеколог  жұмыс  істейді.  Бұдан  бөлек,  аса  қауіпті  жағдайдағы  әйелдерге  көмек  көрсететін 

Алматыдағы Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы мен Астанадағы Ана 

мен бала ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Ал, жеңіл көлікпен жете алмайтын 

шалғайдағы елді мекендер үшін санитарлық авиация қызметі қарастырылған. 

 

Жанат МАРАТҚЫЗЫ,  акушер-гинеколог:



– Елімізде ана мен бала өлімі жыл санап азайып келеді. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. 

Көрсеткіш бұдан да жақсы болуы мүмкін еді. Бірақ, базбір аналардың жүктілік бойынша дер кезінде тіркеуге 

тұрмауы кедергісін тигізіп отыр. Негізі әрбір бала тапқысы келетін ана бала көтермей тұрып дәрігерге келіп 

тексеріліп, кеңес алып, сонан соң баланы жоспарласа дұрыс-ақ болар еді. Ал бізде жүктіліктің 12 аптасынан 

кейін, тіпті тууға жақын қалғанда дәрігерге келетіндер бар. Бұл кезеңде дәрігер ананың денсаулығынан кінәрат 

тауып жатса, оған көмектесуге шарасыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан, әрбір ананың өз денсаулығына аса 

мән бергені абзыл. Дүниеге дені сау баланы дені сау ана ғана әкелетінін есте сақтаған жөн.

ДЕРЕК

Еліміздегі  әрбір  бесінші  бала  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  өмірге  келеді.  Бүгінде  аймақ 

халқының саны 3 миллионға жуықтаған. Оңтүстік өңірде  биылғы сегіз айдың ішінде 53 051 нәресте 

дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем. 

Мамандардың  пайымдайынша,  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы  ана  мен  бала  өлімі 

көрсеткішінің жоғары болуы халықтың әлеуметтік жағдайымен де байланысты болған. 

 

Қарлығаш БАЙДӘУЛЕТОВА, әлеуметтанушы: 



– Тоқсаныншы жылдардың басында халықтың әлеуметтік жағдайы нашар болды. Мемлекеттің де мүмкіндігі 

шектеулі еді. Халықта ақша болмады. Қызметкерлер жарты жылдап жалақы алмады. Сол кездері дәрігерлердің 

көбі саудаға кетті. Маман жетіспеушілігі туындады. Әрине, бұл халық денсаулығына кері әсер етті. Жүкті 

әйелдер дер кезінде дәрігерге көрінбейтін. Соның салдарынан ана мен бала өлімі жоғары болды. Ал бүгінде 

халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы. Мемлекет тарапынан да халық денсаулығын жақсарту, өмір сүру жасын 

ұзарту үшін барынша жағдай жасалып жатыр. Дәрігерлер де, медицина мекемелері де жетерлік және олар 

озық үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Расымен де, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, халықтың бүгінгі тұрмыс жағдайын 

ертегідегідей деп айтуға болады. Айналдырған 25 жыл ішінде мемлекеттің қоғамдық­экономикалық жағдайы 

адам сенгісіз деңгейге көтерілді. 



Қалдар БЕРДІБЕКҰЛЫ

бала өмірге келеді екен. Бір жыл 

ішінде бұл көрсеткіш 400 мыңнан 

асып  жығылады.  Ал,  ана  өлімі 

соңғы 25 жылда 4 есеге азайған.  

Дәрігерлер  қауымы  ана  өлімін 

бұдан  да  төмендету  үшін  бар 

білімі мен біліктілігін, тәжірибесін 

сарп  етіп  келеді.  Өз  кезегінде 

үкімет  жыл  сайын  дәрігерлердің 

әлеуметтік  әл­әуқатын  арттырып 

отыр.    Алайда,  бұл  ана  өлімінің 

мәселесі түбегейлі шешілді деген 

сөз емес. 

Бұл  тұста  дәрігерлерді  алаң­

да татын бір мәселе бар. Ақ халат­

тылардың  айтуынша,  елімізде 

жүкті  әйелдердің  20  пайызының 

ғана денсаулығы жақсы, яғни, 80 

пайызының  денсаулығында  түрлі 

ақау  бар.  Мамандарың  мәлім­

деуінше, мұның басты себебі жүкті 

әйелдердің дер кезінде дәрігерге 

көрінбеуімен  байланысты.  Сала 

мамандарының сөзіне қарағанда, 

жүкті әйелдердің 50 пайызға жуығы 

дер  кезінде  тіркеуге  тұрмайды 

екен.  Тиісінше,  дәрігерлік  кеңес 

ал майды,  диагнос тикалық  тек­

серуден өтпейді. Бұл балада туа­ 

бітті ақаулардың, тұқым қуалай тын 

немесе  әйелдің  денсау лығына 

зиянды  аурулардың  бар­жоғын 

дер  кезінде  анықталу  мүм кіндігін 

шектейді. 

Бала  өмірге  сау  болып  келуі 

үшін әйелдің өз денсаулығына аса 

мән  беруі  қажет.  Мамандардың 

айтуынша, ана өлімі көбіне әйелдің 

аяғы  ауыр  кезінде,  босану  кезін­

де  және  бала  туғаннан  кейін  42 

күн  ішінде  орын  алып  жатады. 

Дәрігерлер ана өлімі тікелей және 

жанама болып екі түрге бөлінетінін 

айтады.  Тікелей  түрі  жүктілікпен 

байланысты  болса,  жанама  түрі 

әйелдің  денсаулығына  тәуелді. 

Мәліметтерге  қарағанда,  тікелей 

себептер  жыл  санап  азайып 

келеді. Алайда, жанама себептер 

көрсеткіші көңіл көншітерлік емес. 

Республика бойынша 3,5 млн­

дай  әйел  бала  тууға  қабілетті.  

Олардың  200  мыңнан  астамы 

жүктілік  бойынша  диспансерлік 

есепке  тіркелген.  Ал,  солардың 

ішінде  600­ден  астам  әйелге 

денсаулығына  байланысты  бала 

көтеруге тыйым салынған. 

Бүгінгі  таңда  аталмыш  мәсе­

лелерді шешу мақсатында елімізде 

«біріктірілген  модель»  құрылды. 

Бұл  жүйенің  басты  мақсаты  – 

аналарға  сапалы  медициналық 

көмек  көрсету  болып  табылады. 

Дәрігерлердің айтуына қарағанда 

ана  өліміне  бастайтын  басты 

дерттер  –  жүрек,  қанайналым 

жүйесі нің  ауралары,  жоғары 

артериялық қан қысымы, вирусты 

гепатит. Жалпы алғанда, елімізде 

ана мен балаға медициналық көмек 

көрсету  жақсы  жолға  қойылған. 

Меди циналық  мекемелердің 

басым  бөлігі  заманауи  медици­

налық  қондырғылармен  жабдық­

талған. 


№116/1 (2894/1) 

20 қазан 2016

15

zangazet@mail.ru



Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент



Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

Бас редактор



Бекжан ӘшірБАЕВ

Бас редактордың орынбасары



Айнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнер



Мақсат ТҮГЕЛОВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет