АҢдатпа 6-бет 5-бет


ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛЫНА МЫҢ ЖАРЫМҒА ЖУЫҚ БАЛА



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата15.03.2017
өлшемі6,77 Mb.
#9422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛЫНА МЫҢ ЖАРЫМҒА ЖУЫҚ БАЛА 

ЖОҒАЛАДЫ  ЕКЕН.  ОЛАРДЫҢ  БІРАЗЫ  ТАБЫЛ-

СА,  ЕНДІ  БІРІНІҢ  МҮРДЕСІ  ҒАНА  ТАБЫЛЫП,  АЛ 

ЕНДІ  БІРЕУЛЕРІ  МҮЛДЕМ  ІЗ-ТҮЗСІЗ  КЕТЕТІН 

КӨРІНЕДІ. БҮГІНГІ КҮНІ ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ЖАЛ-

ПЫ  САНЫ  5000-НАН  АСТАМ  БАЛА  ІЗДЕСТІРІЛУ 

ҮСТІНДЕ  ЕКЕН.  БҰЛ  СТАТИСТИКАНЫ  БЫЛТЫР-

ҒЫ  ЖЫЛДЫҢ  КӨКТЕМІНДЕ  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ИНТЕРНЕТ  АССОЦИАЦИЯСЫ»  ЗАҢДЫ  ТҰЛҒАЛАР 

БІРЛЕСТІГІНІҢ  ПРЕЗИДЕНТІ  ШАВКАТ  САБЫРОВ  

МЫРЗА  КЕЛТІРГЕН  ЕДІ.  АЙДЫҢ-КҮНІНІҢ  АМА-

НЫНДА  БАЛАПАНДАРЫМЫЗДАН  НЕГЕ  КӨЗ  ЖА-

ЗЫП ҚАЛЫП ЖАТЫРМЫЗ? 

еріп кете барған. Демек ата-анасының 

бақылауынан  тыс  қалған  кез  келген 

бала  қарақшының  жетегінде  кетуі  

әбден мүмкін. Сондықтан, мамандар 

ата-аналарға  барынша  абай  болуды 

ескертіп отыр.

Өкінішке  қарай,  елімізде  бала-

ларды  қауіптен  сақтандыру  мақ-

сатында  айтарлықтай  жұмыс  жүр-

гізіліп  жатқан  жоқ.  Мамандардың 

пікірінше,  Қазақстанда  жоғалған 

балаларды  іздеп  табу  тек  полиция 

мен  жақындарының  шаруасы  деген 

түсінік  кең  тараған.  Қоғамның  өзі 

жоғалған балалардың табылуына үлес 

қоса  бермейді.  Оған  дәлел  бүгінгі 

уақытта осы бағытта жасалып жатқан 

жұмыстардың кемшін түсіп жатқаны. 

Көктемде кейбір белсенділер жоғал-

ған балалар туралы вебпортал ашып, 

аталмыш  мәселеге  орай  қоғам 

назарын  аудартуды  көздеген  еді. 

Бастама  авторы  Шавкат  Сабыров 

«Қазақстанда  шамамен  бес  мыңға 

жуық  жоғалған  бала  бар.  Біз  әуелі 

жоғалған балалар туралы деректерді 

осы  порталға  енгіземіз.  Көрші 

елдермен біріге отырып, ортақ дерек 

қорын  жасаймыз.  Себебі  жоғалған 

немесе  ұрланған  бала,  айталық, 

Ресейге кетіп қалуы мүмкін ғой. Бұдан 

бөлек,  порталда  балаларға,  ата-

аналарға,  мұғалімдерге  арналған 

қажетті  ақпараттар  жарияланады. 

Егер  бала  адасып  кетсе,  не  істеуі 

керек  немесе  телефонды  қалай 

қ о л д а н а   а л а д ы   д е г е н   с и я қ т ы 

деректер  де  енгіземіз»  деген  еді. 

Жоғалған  балаларды  іздеп  қана 

қоймай,  балаларға  психологиялық 

к ө м е к   к ө р с е т е т і н   б ұ л   с а й т т ы ң 

ашылуына  қуанып-ақ  қалғанбыз. 

Баласы жоғалған ата-аналар порталға 

хабарлама  қалдырып,  одан  ары 

порталға келіп түсетін ақпарат бірден 

полицияға  жіберіліп,  полиция  ол 

ақпаратты  тексеріп  анықтағаннан 

кейін іздеу салу туралы мәлімет сайтта 

жариялануы  керек  еді.  Балаларды 

іздестіруге  арналған  портал  2014 

жылдың  қыркүйегінде  іске  қосылуы 

керек болатын. Өкінішке қарай, бүгінде 

жоғалған  балалар  туралы  ақпарат 

жарияланатын сайт жасау ісі кейінге 

шегерілуде.  Қажетті  қаражаттың 

тапшылығына  орай  бастамашыл  топ 

портал жасау ісін кешіктіруде.

Осы  орайда  балалар  психологі 

М а р г а р и т а   Ө с к е м б а е в а   « Б і з 

әлі  де  болса  балалардың  жоғалу 

дерегіне,  олардың  өлі  денелерінің 

табылуына  мән  бермей  отырмыз, 

қ о ғ а м ы м ы з д а   а т а - а н а л а р м е н 

н е   б а л а л а р м е н   п с и х о л о г и я л ы қ 

жұмыстар  да  жүргізілмей  жатыр.  Ең 

болмаса  мемлекеттік  емес  ұйымдар 

балалардың  жоғалуының  алдын  алу 

мақсатында жұмыстар жүргізсе екен» 

дейді.  Құс  екеш  құс  та  балапанын 

қорғайды. Осындайда құс құрлы бола 

алып отырмыз ба дейсің, еріксіз.



Еркенұр ЕРЗИЯ

Лимана  ҚОЙШИЕВА,  «Сенім»  психологиялық  көмек  көрсету 

және  алдау-арбау  жағдайларының  алдын  алу  орталығының 

жетекшісі, психолог:

«Бұл мәселеде жалғызбасты қарттарға 

көмек қажет»

–  Алаяқтар,  әдетте,  адамдардың  жеңіл  пайда  табу,  бір  нәрсеге 

оңай әрі тез қол жеткізу сияқты қасиеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап 

алады.  Олар,  негізінен,  әртістік  дарыны  бар,  өтірікті  шындай  етіп 

жеткізетін айлакерлігі басым адамдар болып келеді. Сондай-ақ, таза 

әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне 

тура қарап, барынша сенім тудыруға тырысады. Алдау-арбау жолында 

жүрген жұбайлық жұптар да кездеседі. Олар тез әрекет етіп, басқадай 

ақпарат  алуға  мүмкіндік  бермейді.  «Тез  шешім  қабылда,  әйтпесе, 

үлгермейсің» деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам 

шешім қабылдау қажет болғандықтан, зардап шегуші оның ұсынысын 

қабылдауға  мәжбүр  болады.  Жапа  шеккен  адамдар  әдетте:  «Не 

болғанын түсінбей қалдым», «Гипноз жасады ғой деймін», «Ол сондай 

сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым», – дегенді жиі айтады. Алайда, 

адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын 

қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей, сезбей де қалады. Әсіресе, 

бүгінде жалғызбасты қарттардың үйін тартып алып жатқан алаяқтар 

көп.  Сондықтан,  жылжымайтын  мүлік  алаяқтардың  басты  көздегені 

екенін  ескере  отырып,  әлеуметтік  қызметкерлер  жалғызбасты 

қарттарға көмектесіп, олардан сақтандырса екен.

Марат  БӘШІМОВ,  Еуропалық  құқық  пен  адам  құқығы 

сараптамалық институтының директоры:

«Ең бірінші себеп – әлеуметтік 

жағдайдың төмендігі»

–  Өз  басым  елімізде  алаяқтардың  көбеюінің  себебін  әлеуметтік 

жағдайдан іздеймін. Елімізде жұмыссыздық көп. Бәрі қымбат. Ақша 

керек.  Еріксіз  алаяқтық  жолмен  ақша  тапқысы  келеді.  Сондықтан, 

алаяқтықтың көбеюінің ең бірінші себебі әлеуметік жағдай деп білемін. 

Екіншіден,  халықтың  құқықтық  сауатының  төмендігі.  Сол  себепті, 

халқымыздың құқықтық сауатын көтеру керек.

Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:

«Халықпен бірлесе жұмыс жүргізу 

керек»

– Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне 

қол сұғу, иә болмаса, бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске 

асатын қылмыс болып табылады. Алаяқтықтың негізгі принципі – өзі 

құрбан етіп отырған адамды алдау арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай 

нәрселердің  құқын  ерікті  түрде  бергізу.  Көп  жағдайда  алданған 

адамдар өзінің алданғанын білсе де, құқық қорғау органдарына өтініш 

бермейді.  Өйткені,  оңай  алданып  қалғанына  арланады,  екіншіден, 

арыз түсіргенімен ештеңе өнбейді деп есептейді. Үшіншіден, мұндай 

қылмысты  дәлелдеу  өте  қиын.  Кейде  олар  топ  болып  әрекет  етіп, 

өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар 

адамның  бір  нәрсеге  қызыға  қарау,  әуестік  тәрізді  психологиялық 

ерекшелігін  ескеріп,  соны  пайдаланып  кетеді.  Осыған  орай, 

алаяқтықтың  алдын  алу  үшін  құқық  қорғау  органдарына  халықпен 

бірлесе жұмыс жүргізу керек.

Еркенұр ЕРЗИЯ

7

zangazet@maiI.ru



№110/1  (2888/1) 

6 қазан 2016

(Соңы. Басы 1-бетте)

ЗАҢ  ЗАҢҒАРЫ

«АДАМДЫ СҮЙГЕН 

АДАМНЫҢ ЖҮРЕГІ 

ТАЗА БОЛАДЫ»

Біз ата тарихтың абызына айнала 

бастаған осындай қайраткерлерімізді 

қанша  мәрте  болса  да  дәріптеп, 

қаншама  жылдар  өтсе  де  ұлықтап 

отыруға  тиіспіз.  Арғы  тарихтан 

тартсаң, айтулы ақтаңдақтар жетерлік. 

Бергі  тарихқа  бет  бұрсаң,  бедері 

көп  саясатты  өз  ұлтының  игілігіне 

қарай  бейімдеуге  ұмтылған  беделді 

тұлғалар баршылық.  

«Халықтың  салт-дәстүрі  заңнан 

биік» деген тұжырымды алға тартып, 

өз  халқының  әдет-ғұрпын  қайта 

жаңғыртуға  ұмтылу    қылышынан 

қан  тамып  тұрған  кеңес  заманында 

мүмкін  еместей  көрінеді  көпшілікке. 

Ол  сол  кездегі  саясат  үшін  заңды 

құбылыс-тұғын. Алаш деп атойлаған 

талай қазақтың айтулы азаматтарын 

жалмаған кеңестік саясаттың мұндай 

тұжырым айтқан азаматты да аямасы 

анық  еді.  Бірақ,  мұндай  тұжырым 

айтып,    өз  халқын  ата-дәстүрден 

ажырамауға  шақыру  Нағашыбай 

Шәйкеновтей  азаматтың  қолынан 

келді.  Ол  өзінің  ежелгі  бабалар 

ұстанымының  дұрыстығына,  оның 

ұрпақ тәрбиесіне ауадай қажеттігіне 

еш  күмән  келтірген  емес.  Яғни, 

біздің бүгінгі құқықтық кеңістігімізге 

енгізілген алқабилер соты, медиация 

м ә с е л е л е р і н і ң   б ә р і   Ш ә й к е н о в 

көзқарасын нақтылай түсті.  

Қайраткерлік 

қалай қалыптасады?

Тәуелді заманның тәртібі көпшілік-

ті  өз  заңымен  жүруге  мәжбүрледі. 

Бірақ,  осы  біржақты  саясаттың  сая-

сында  қазақ  халқының  ұлт  болып 

қайта түлеуге деген ұмтылысы қатар 

жүріп жатты. Оларға осы Нағашыбай 

Шәйкенов  секілді  азаматтар  түрткі 

болды,  осы  кісілердей  ерік-жігері 

мықты қайраткерлер тамызық берді. 

Нағашыбай  Аманғалиұлының  құқық 

ғылымына  қатысты  еңбектері,  оның 

қазаққа қатысты құқықты түсіну ерек-

шеліктері, осы жолдағы жеке тұлғаның 

мүддесі  мен  құқықтарын  түсіндіруі 

өзінше  бір  зерттеуді  қажет  ететін 

ғылым.  

Ғалымның Қазақстанның азаматтық 

заңнамасын  қалыптастырудағы  рөлі 

мен қызметі, оның мемлекеттік тергеу 

комитетін құру идеясы, қазақстандық 

парламентаризмнің дамуы және 1995 

жылғы  Конституцияны  әзірлеудегі 

жанкештілігі, одан берідегі ғалымның 

ұ с т а з д ы қ   б о л м ы с ы   Н а ғ а ш ы б а й 

Аманғалиұлының  қайраткер  ретінде 

қалыптасуына түрткі болған мәселе-

лер  еді.  Ол  кездегі  шынайы  еңбек, 

н а ғ ы з   ж а н к е ш т і л і к   п е н   б а с ы н 

бәйгеге  тігу  секілді  құрбандықтар 

негізінде  қалыптасатын.  Ол  кездегі 

қайраткерлік  қазіргідей  ағаларын 

жағалау  арқылы  емес,  ұлтының 

алдындағы  жауапкершілікті  жан-

ж ү р е г і м е н   с е з і н і п ,   с о л   ж о л д а 

ауыр  міндеттерді  арқалап  шығу 

арқылы  дәлелденетін.  С.Зиманов, 

Н.Шәйкенов секілді азаматтардың бұл 

шарттылық тұрғысында ел алдындағы 

жүздері  жарқын,  беделдері  биік. 

Яғни, олардың беделі осындай талай 

жанкештілік пен үлкен тартыстардың 

арасында  қалыптасты.  Бағынышты 

мемлекеттің  өкілі  бола  тұра,  басты 

мәселе  ұлттық  сипат  пен  ұлттық 

рухтың  жоғалмауы  екенін  ұлықтай 

білген  мұндай  азаматтар  сол  кезде 

әр салада еңбек етті. Егер де олардың 

қаракеті,  олардың  қайраткерлігі  сол 

кезде кеңестік жүйемен қатар жұмыс 

істемегенде  біздің  білім  жүйеміз, 

құқықтық  кеңістігіміз,  ақпарат  сала-

мыз,  мәдениет  пен  медицинамыз  

бүгінде  бұндай  жетістікке  жетер  ме 

еді, кім біледі?! 

Бұл  мәселеде  бізге  Нағашыбай 

Аманғалиұлының  өмір  жолы  мысал. 

Оның  құқықтық  жүйе,  заң  саласын-

дағы  қайраткерлігі  талай  кітапқа 

жүк  болар  жұмыс.  Бұл  жердегі 

міндет  біздің  бүгінгі  құқықтық  сала, 

сот  жүйесінің  мойнында.  Егер  де 

осы  Нағашыбай  Аманғалиұлындай 

айтулы  азаматтардың  көзін  көрген, 

сонымен  замандас  болған  кісілер-

ден  қайраткердің  ел  игілігі  үшін 

істеген  қыруар  шаруаларының  жай-

жапсарын  сұрастырып,  ғылыми, 

сауатты  зерттеулер  мен  шынайы 

естеліктер  жазылмаса,  ертеңгі  күнгі 

қ а з ы н а м ы з д ы ң   қ а б ы р ғ а с ы   б о с 

қалмақ. Өткен тарихтың бағасы бүгін 

берілуі тиіс. 

Біздің  бүгінгі  жазылып  отыр-

ған  мақа ламыз  ертеңгі  тарихтың 

қалы бын  құрауға  да  жарамайды. 

Өйткені,  біз  абзал  ағалардың  алдын 

көрмедік, қайраткерлігі мен табанды 

күресіне  сүйініп  қасында  жүрмедік. 

Олардың қайраткерлігі, олардың ұлт 

мәселесіндегі табанды текетіресі бізге 

алдыңғы  буын  ағалардың  айтуымен 

ғана  көмескі  жетті.  Сондықтан  да, 

С.Зимановтың болсын, Қ.Халиковтың 

болсын,  Н.Шәйкеновтің  болсын, 

тіпті,  беріде  ғана  өмірден  өткен 

М.Нәрікбаев  ағамыздың  болсын 

Қазақ станның тәуелсіз сот жүйесінің 

қалыптасуына  сіңірген  еңбектері 

нақты дәлелді құжатпен қатар, абзал 

ағалардың алдын көрген шәкірттерінің 

белсенділігімен жарыққа шығуға тиіс. 

Қазақстанның бүгінгі сот жүйесін-

де немесе құқықтық жүйеде отырған 

басшылық  ең  алдымен  ардагерлерін 

дәріптеп,  олардың  әрбір  еңбегін 

келер  ұрпаққа  аманаттауға  міндетті. 

Біз  Нағашыбай  Шәйкеновтің  баста-

масымен  ҚР  Әділет  министрлігі 

жанынан құқықтық ақпарат орталығы, 

Заңнамалар институты, «Юридическая 

газета» және «Заң газеті», мамандан-

дырылған  «Жеті  жарғы»  заң  баспа-

сы  ашылғанын  білеміз.  Құқықтық 

ғылымның тұжырымдамалық мәселе-

лерін  дайындауға,  нарықтық  қайта 

құруларды  қамтамасыз  етуге  үлесін 

қосып, көптеген маңызды заң актіле-

рінің  жобаларын  дайындауға  белсе-

не  қатысқан  ғалым.  Сондай-ақ,  ол 

кісінің Әділет министрі болған кезінде 

құқықтық  реформа  үшін  табанды 

күрес жүргізгені көпке үлгі. Өкінішке 

қарай,  міне,  біз  осындай  санаулы 

ғана  уикипедиялық  білім  негізінде 

жазылған  жалпы  мағлұматтан  әріге 

аса  алмаймыз.  Заң  саласындағы 

мұндай  талантты,  бұл  кісілердей 

көре ген  ғалым  адамдар  саусақпен 

санарлық. Осы тұрғыдан алғанда сол 

санаулылардың тәуелсіз ел тарихына 

сіңірген сан салалы еңбегін жинақтау 

бүгінгі ғылымның үлесіндегі шаруа.  

Халықаралық педагогикалық білім 

беру  академиясының  академигі, 

«Қазақстан білім беру ісінің құрметті 

қызметкері»,  профессор  Мұстафа 

М а т а е в   Н а ғ а ш ы б а й   Ш ә й к е н о в 

жайлы: 

«Еліміздің  құқығының  дамуы на 



еңбек еткен ел ағалары мен талантты 

заңгер ғалымдар бар. Кейбіреуі өмір-

ден  озды.  Бірақ,  олардың  есімдері 

және ең бектері халқымыз үшін үлкен 

абырой сыйлады. Мысалы, Нағашыбай 

Шәйкенов – қазіргі Қазақ заң универ-

си тетінің  не гізін  қалаушы,  реформа 

жүргізу ші.  Оның  ең бектерін  құр-

меттеуші  ғалымдар    оны  насихаттау 

жұмыстарын  ұйымда стырса,  жақсы 

болар  еді  деп  ойлай мын.  Ректор 

бола  тұра,  бір  акаде миялық  топтың 

тәлімгері  қызмет ін  қатар  атқар ған. 

Жастарғ а өзінің тұлғалық қасиеті мен 

ұнай  білген.  Әдіс темелік  жағынан 

да,  білімділік  жағынан  да  алға 

тартатын  қасиеттерге  бай  тұлға. 

саласының,  соттық  құрылымның 

негізін қалайтын ұлттық салт-дәстүрге 

бейімделген  мектеп  қалыптастыру 

керек  екендігін  жақсы  сезінді. 

Олар  осы  жолға  өзінің  білім-білігін 

салды. «Кейбір институттар үшін заң 

факультетін  ашу  мәртебе  сияқты. 

Менің есебім бойынша, тек Алматының 

өзінде  тоғызға  жуық  заң  факультеті 

жұмыс істейді. Бүкіл факультетте бір 

ғана кафедра, онда бес оқытушы бар, 

ал,  меңгерушісі  экономист.  Ондай 

оқу  орнынан  қандай  заңгер  шығуы 

мүмкін?  Сондықтан,  министрлік  заң 

білімін,  заңгерлер  дайындауды  өз 

бақылауына  алуды  жөн  көріп  отыр. 

Бұл  жеке-дара  билік  жүргізу  деген 

сөз  емес.  Мақсат  –  ғалымдардың, 

ғалиұлын  тек  заңгер,  білікті  басшы, 

мықты  министр  есебінде  ғана  емес, 

өте талантты ұстаз, көреген стратег, 

белсенді қайраткер ретінде де қатты 

құрметтейді. Сабақ барысында оның 

тек  теорияға  ғана  емес,  практикаға 

да көп сүйеніп, студенттерін практи-

калық  жұмыстармен  сынайтынын 

да  замандастары  құрметпен  еске 

алысады.    «Н.Шәйкенов  ораторлық 

дарынға ие еді, сөзімен сендіру, ойын 

қысқаша,  қарапайым  және  түсінікті 

етіп  жеткізе  білетін.  Оның  ойы  мен 

сөзі студенттерге жақын әрі түсінікті 

еді.  Бұл  әрбір  жалпыуниверситеттік, 

факультеттік  жиындар  мен  іс-шара-

лардан,  академиял ық  оқу  топ-

тарын дағы  және  барлық  курстар 

студенттерімен әңгімелесу барысында 

байқалатын  еді.  Студенттер  оның 

лекциясын  қалдырмай  тыңдайтын 

және  бұл  олардың  мақтанышына 

айналған  еді.  Студенттердің  мұндай 

ілтипаты  мен  көңілі  оның  жоғары 

адамгершілік  қасиеті  мен  терең 

білімділігінің  арқасында  болды. 

Ол  өзі  де  студенттердің  арасында 

болғанды  ұнататын.  Н.Шәйкеновтің 

әріптестерінің  пікірлері  бойынша 

студенттерге  оның  үйреткендерінің 

е ң   б а с т ы с ы   –   ө з   о й ы н ,   п і к і р і н 

қорықпай  айту,  қоғамға  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  жеткізе 

білу. Бір сөзбен, кейде бір сұрақпен 

немесе  мысалмен  бұзылмайтын 

а р г у м е н т т е р д і   қ а й т а   қ а р а у д ы 

үйрететін.  Оның  лекция  берудегі 

е р е к ш е л і г і   –   о л   с т у д е н т т е р д і ң 

тарапынан  қайта  байланысты  талап 

ететін», – дейді бір естеліктер. 

«Пәлегі  таза  қауынның  түйнегі 

таза болады, Адамды сүйген адамның 

жүрегі  таза  болады»  дейді  халық 

д а н а л ы ғ ы .   С т у д е н т   е с т е л і к т е р і 

Нағашыбай Шәйкеновтің нағыз ұстаз 

болғанын айтады. Оның студенттермен 

бірге  тауға  шығып,  студенттермен 

бірге биге қатысқанын, студенттердің 

еркіндікке,  ашықтыққа  үйренгенін 

қалағанын    жазады.    «Баламен  бала 

бола білу де тек адамның адамының 

ғана  қолынан  келеді»  дейді  тағы 

бір  даналық.  Ендеше,  ол  өзінің  тек 

қана  шәкірттерге  ұстаздық,  ағалық 

қамқорлық  көрсетпегенін  сол  кезде 

жақсы  сезінген  сияқты.  Ол  өзінің 

ұстаздық  миссиясымен  қатар,  әр 

шәкіртінің бойына ең алдымен, туған 

халқын  сүйетіндей    патриоттық, 

салт-дәстүрді  құрметтейтіндей 

ұлтжандылық,  қазақтың  қаракөз-

дерінің білім зердесінің қай кеңістікке 

дейін  шаба  алатынын  байқататын 

еркіндік  сіңірген  секілді.  Біз  айтулы 

ағамен  замандас  болмадық,  бәлкім, 

кей  тұста  қаламымызды  артық 

сермеп  немесе  көгілдір  сияның  дәл 

көсілуіне мүмкіндік бермей де отырған 

болармыз.  Бұл  біздің  сырт  көз 

ретіндегі, заң саласының корифейіне 

құрмет  есебіндегі  естелігіміз  ғана. 

Артық-кем  тұсты  зиялы  ғалымның 

алдын  көрген  салауатты  да  сауатты 

шәкірттері  түзей  жатар.  Біз  сондай 

сауатты  шәкірттердің    шынайы  да 

дәлелді естелігіне зәруміз. 

Оның басқаша 

болуы мүмкін емес еді

Кеңес  өкіметінің  саясатында 

өсіп,  соның  салқынын  сезіп  өскен 

Нағашыбай Шәйкеновтей ағамыздың 

ұлтжанды, патриот, көреген болмауы 

мүмкін  емес.  Өйткені,  олар  өзінің 

тәуелсіз  елінің  түтінінің  өз  алдына 

түзу шыққанын қалады, өйткені, олар 

басқыншы елден талай теперіш көрген 

әкелерінің әңгімелерін естіп өсті. Олар 

өз замандастарының еңсесінің  өзге ұлт 

өкілдерінен төмен екенін көздерімен 

көрді. Өздері де сол қазанда қайнап, 

талай  запыранды  сол  кездегі  қазақ 

қоғамымен бірге жұтты. Ендеше, оның 

басқаша болуы мүмкін емес еді. 

Қазақ заңының жастарсыз көгер-

іп,  көктемесін  сезінгендіктен  ол 

ұстаз дыққа  ойысқандай  көрінеді 

бүгін бізге. Зерделі жасты жоғарыда 

айтқан  ұлтжандылық критерийлеріне 

сай  тәрбиелеу  де  осындай  өмірден 

талай тағылым алған ағалардың ғана 

қолынан  келсе  керек-ті.  Шәйкенов 

сырт жерде туып-өссе де, өзінің ана 

тіліне  деген  ықыласының  айрықша 

болғанын  өзінің  бірнеше  сұхбатын-

да  тілге  тиек  етіпті.  Түп  негізінен 

ажырамаған ұрпақ  қай жерде туса да, 

қай  өңірде  өссе  де,  арғы  тамырына 

тартатыны заңдылық. Қазақтың «тегі 

тартып  тұр,  тек  жібермейді»  дейтіні 

де  осыдан  шығар.  Біз  замандас 

естеліктерінен  Шәйкеновтің  қазақ 

тілін нашар меңгергеніне ұялып, қатты 

өкінетінін  көрдік.  Ол  өзінің  осы  бір 

жетіспеушілігін  болашақ  ұрпақтың 

тағдырынан  көргісі  келмегендей. 

«Негізгі мақсатым – ана тілін меңгеру» 

дейтін  әрекеті  де  осындай  биік 

мұраттарға  ұмтылғанынан  хабардар 

етеді. «Ол университетте қазақ тілінде 

дәріс  беруді,  сабақ  жүргізуді  арман 

етті.  Сонымен  қатар,  оқулықтардың 

қазақ  тілінде  шығуы,  аударылуына 

аса  мән  берген  еді.  Жоспарында 

министрліктің    жанынан  ғылыми-

әдістемелік кеңес құру бар еді.

Институттағы атмосфера демокра-

тиялық  болды  десе  де  болады. 

Оқытушылар  барлық  студенттердің 

іс-шараларына  аянбай  қатысып, 

олармен  жақсы  қарым-қатынас 

орнатты. Себебі, «біз олар үшін жұмыс 

істеп  жүрміз  ғой»  дейтін.  Тағы  бір 

шәкірттің  осындай    естелігі  біздің 

болжамды  толықтырып  тұрғандай. 

Нағашыбай  Шәйкеновке  арналған 

«Подвижник  права»  атты  естелік 

кітапта оның  Қазақстанда құқықтық 

жүйені  реформалау    идеясына  адал 

да іркіліссіз қызмет еткенін және өте 

маңызды да жауапты істі өзіне сеніп 

тапсырғаны  үшін,  қолдау  көрсеткені 

үшін,  оның  білімі  мен  кәсібилігіне, 

оның  адами  қасиетіне  сенгені  үшін 

әрқашан да  өз еліне, өз Елбасына риза 

болғаны  айтылады.  Ғалым-заңгер, 

мемлекет  және  қоғам  қайраткерінің 

«... болашақтағы және жас заңгерлерге 

бұл  кәсіптің  ізгілікті  кәсіп  екендігін 

айтқым келеді, өйткені, оларды ғаламат 

әлеуметтік  игілік  –  Қазақстандағы 

құқықтық тәртіпті орнықтыру ісі күтіп 

тұр.  Сіздер  осы  бастан  өздеріңізді 

заң  қызметшілері  болуға  әзірлеуге 

тиіссіздер,  бұл  пендешілік  емес, 

құрметке  лайық  еңбек,  сонда  ғана 

құқық уағыздаушысы деңгейіне дейін 

биіктей  аласыздар.  Тек  сонда  ғана 

өз мақсатына сай заңдылық салтанат 

құрады. Бүгінгі таңда құқық саласына 

құр  қызмет  етушілік  емес,  өрелі 

де  өнегелі  күш-жігер  талап  етіледі, 

өйткені,  қоғамымызда  құқықтық 

нигилизмнің  –  тамыры  тереңге 

кеткен. Құқықты бағалаңыздар және 

оны  барынша  өркендетіңіздер.  Тек 

құқық  қана  қақтығысты  сұхбатқа 

айналдыруға қабілетті. Тек құқық қана 

әлсізді күштімен иықтастырып, оларға 

теңбе-тең мүмкіндік беруге қабілетті. 

Тек құқық қана өлім аузындағы адамды 

заңды  тұрғыда  мәңгілік  ете  алады. 

Құқықтан ізгілік қана биік. Әділдіктен 

кешірім ғана биік».

Шәйкеновтің өз аузымен айтылған 

осындай  кең  ауқымды  терең  ой  мен 

салиқалы тұжырым ғалымның бүгінгі 

келбетінің айқындауышы іспетті. Біздің 

қалған  әңгіме  сол  айқындауышқа 

ілескен күшейткіштер ғана... Өйткені,  

Нағашыбай  Шәйкенов  –  өнегелі 

өмірімен өз тарихын қалыптастырған 

тұлға.  Қазақтың  заң  ғылымдары 

жаңаша  сипатқа  ойысқан  заманда 

осы ғылымның сүбелі бір корифейіне 

айналған  азамат    айтулы  да  аяулы 

есімдердің қатарында тұрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет