14
№110/1 (2888/1)
6 қазан 2016
zangazet@maiI.ru
БІРІНШІ БАЙЛЫҚ
Бесік тербету арман болған жұп
тардың кейбірі өздерінің сәбилі
бола алмауын Алланың сынағы деп
қабылдап сабырлылық танытса, енді
біреулер айналасындағы балалы
жандарға қарап, «неге мен балалы
бола алмаймын, неге мен…» деп өзін
өзі мүжіп, одан әрмен қиналады. Ал,
енді біреулер отбасын құруға асықпай,
«ақша болса, баланы да жасатып
аламын» деп ойлайды екен. Дегенмен,
қазіргі кезде жастардың көбінің көзі
ашық, бір жылға жуық балалы бола
алмаған жағдайда дәрігерлерге
көрініп, себебін анықтауға тырысып
бағады. Себеп демекші, бұған сәл
кейінірек тоқталамыз.
Сәбилі болғым
келеді…
Осы мақаланы жазуға бел буған
да алдымен Алматы қаласындағы ең
ірі репродуктивті медицина клини
каларының біріне бас сұқтым. Маман
дармен сөйлеспес бұрын, дәлізде
дәрігерге кезек күтіп отырған жандармен
тіл табысуға тырысып көрдім. Клиникаға
келгендерді сыртынан бақылап отырып
ақ мұнда жай адамдардың келмейтінін
байқайсың. Сыртқы келбеттерінен,
киген киімдерінен, жақсы күтімінен
ақ олардың жағдайлары жаман емес,
табысты келіншектер екенін байқау
қиын емес.
Әйелдің бедеу,
еркектің белсіз
болуына не себеп?
Дерек терге сүйенсек, еліміздегі
отба сылық жұптардың шамамен 15
20 пайызы сәби сүйе алмайды екен.
Репродуктолог мамандардың айтуын
ша, жұбайлардың уақытында балалы
бола алмауының себебі сан алуан.
Көбіне бедеулік қабыну процесінен
болады. Ол суық тигізуден, жыныс
тық қатынаспен берілетін неше түр
лі инфекциялардан, дұрыс тамақ
танбаудан, ішімдік ішуден, темекі
шегудің әсерінен де болуы мүмкін.
Денсаулық сақтау ұйым дарының
қорытындысы бойынша мұндай
аурудың 50 пайызы адамның өзіне
байланысты. 20 пайызында эколо
гиялық факторлар, яғни, қорша ған
ортаның, ішетін суымыздың, жейтін
тамағымыздың әсері. Келесі 20
пайызы генетикалық факторларда,
яғни, сіздің ағзаңыз қандай ауруға
бейім, соған байланысты. 10 пайызы
ғана дәрігерге байланысты екен.
Сондықтан, бедеулік бұрынғыдан да
қиындап кеткен мәселенің бірі болып
отыр. Қазіргі кезде қыздар да, ұлдар
да интернеттен неше түрлі ақпарат
ала отырып жыныстық қатынасқа ерте
қызығушылық танытады. Бүгінде 13
14 жаста жыныстық қатынасқа түсіп,
тіпті, жасанды түсік жасатып үлгерген
жасөспірімдер жетіпартылады.
Қыз баланың бала көтеруінің ең
жақсы кезеңі – 1828 жас аралығы.
Әйелдің мүмкіндігі 40 жастан кейін
мүлдем төмендейді, 35 жастан бастап
құлдырай бастайды, ал, 45 жастан
кейін бала көтеретін әйел кемдекем.
20 жастағы қыз баланың бір айда бала
көтеру мүмкіндігі 1520 пайыз болса, 30
жаста 10 пайыз, 40 жаста 5ақ пайыз.
Отбасылық жұптардың балалы
бола алмауы тек әйелдің денсаулығы
на байланысты десек қателесеміз.
Өйткені, қазіргі кезде ер адамдардың
белсіздігінің көрсеткіші де жоғарылап
кеткен. Тіпті, жұптардың балалы бола
алмауына 50 пайыз еркектер кінәлі
екенін айтып мамандар дабыл қағуда.
Дегемен, ДТҰ әдісі де барлық
отбасыларға бірдей 100 пайыз атаана
болу бақытын сыйлай алады деп кесіп
айтуға да болмайды. Өйткені, бірне ше
мәрте ДТҰ жасатып, әрекеттері сәтсіз
болған жұптар да бар.
«Пробиркадағы
бала» қалай пайда
болады?
Әлем бойынша ең алғашқы про
биркадағы бала 1978 жылы ту ған.
Бүгінге дейін дүниежүзінде 5 мил
лион бала репродуктивті техно
логия көмегімен дүниеге келіпті.
Қазіргі кезде әр жылы туылатын
америкалық балалардың 1 пайызы осы
экстракорпоралды ұрықтандыру тәсілі
арқылы дүниеге келсе, бұл көрсеткіш
Еуропа елдерінде де, жалпы әлем
бойынша жылданжылға өсіп келеді.
Ал, біздің елімізде 20 жылдан бері
ДТҰ бағдарламасы енгізіліп, балаға
зар болып жүрген жандарға атаана
атану бақытын сыйлап келеді. Бүгінде
еліміз бойынша 18 репродуктивті
технологиялар клиникасы жұмыс
істейді. Ал, 2010 жылдан бері осы
бағдарламаға мемлекет қолдау білдіріп,
квота бөліп отыр. Дәрігерлердің
айтуынша, ДТҰ бағдарламасын жүзеге
асыру үшін бір жұпқа шамамен 800
мың мен 1 миллион теңге көлемінде
қаржы жұмсалады.
ДТҰ әдісі өте күрделі және бірнеше
сатылы процесс. ДТҰ бағдарламасы
өткізілетін цикл ішінде әйел жағдайын
бірнеше рет бақылау мен әртүрлі дәрі
дәрмектерді тағайындау кажет болады.
1.Бедеуліктің түрін және себептерін
анықтау.
2.Көптеген фолликулдардың өсіп
жетілуі үшін гормоналдық препарат
тар тағайындау.
3.Тағайындалған дәрідәрмектерге
аналық бездердің жауабын бір қатар
ультрадыбыстық зерттеулердің көме
гі мен бақылап, бағалау.
4.Фолликулдардың пункциясы
бола тын кезді анықтау.
5.Фолликулдардың пункциясы,
оның құрамын аспирациялау, одан
аналық ұрықтарды бөліп алып, арнайы
коректік ортаға салу.
6.Аталық ұрықты алу және дайын
дау.
7.Аталық және аналық ұрықтарды
«құтыға» салып біріктіріп (ұрықтардың
инсеминациясы) және оларды инку
баторға 4872 сағатқа салып қою.
8.25шi тәулікте анасының жатыр
қуысына эмбриондарды тасымалдау.
9.Эмбриондардың дамуына және
жатырға бекітілуіне көмектесетін дәрі
дәрмектерді тағайындау.
10.Жүктілікті анықтау.
11.Жүктілікті әйелдер кеңесімен
бірігіп жүргізу.
ДТҰның сәтті болуы көптеген
жағдайларға байланысты: емделу
шілердің жасына, бедеуліктің ұзақ
тығына, тағайындалған дәрідәр
мектерге аналық бездердің жауабына
– неғұрлым аналық ұрық көп алынса,
жүктіліктің болу мүмкінді гі соғұрлым
жоғары; аналық ұрық пен шәуһеттің
сапасына, дәрігер тағайындауларын
уақтылы орындау және көптеген басқа
да жағдайларға, сонымен қатар,
ерлізайыптылардың психологиялық
дайындығына да байланысты болады.
ДТҰ әдісімен емделіп жүрген
емделушілерден үлкен шыдамдылық,
тәртіп және дәрігердің барлық
тағайындауларын мүлтіксіз және
уақытында орындау талап етіледі.
«Құтыдан шыққан»
алғашқы қазақстандық
бала биыл 20 жаста
Ең алғаш ДТҰ бағдарламасын
елімізге белгілі эмбриолог Салтанат
Байқошқарова енгізгені әмбеге аян.
Ол 19 жасынан бастап осы салаға
қызығушылық танытып, зерттеп,
шетелдердегі алдыңғы қатарлы маман
дардан дәріс алды. 1995 жылдары
еліміздің экономикалық жағдайы да
аса мәз емес еді. Ауруханаларда
қажетті құрылғылар тұрмақ, қарапайым
электр қуаты мен жылудың болғанына
қуанатын кездер болатын. Ауданның
ауруханаларын айтпағанда, қала пер
зентханаларында дәрігерлер мен
акушерлер, мед бикелер қалталарына
май шам мен сіріңке салып жүретін.
Өйткені, кез келген уақытта жарықтың
сөніп қалуы ғажап емес еді. Осын
дай қиын кезеңдерде Салтанат
Байқошқарова білім алуға барын салып,
Валерий Здановский сынды ресейлік
ғалым нан тәлім алды. Здановский
Қазақстандағы алғашқы зертхананың
ашылуына қол ұшын берді. Алайда,
зертхананы ашуға қыруар қаржы қажет
болды. Өйткені, бір микроскоптың
бағасы көліктің құнымен тең еді.
Осындай қиынқыстау кезде жұбайы
Салтанатқа өзінің жолдасы Батыр
Бекмұсаев қаржылай көмек көрсетті.
Бірнеше жылға созылған қажырлы
еңбектің арқасында Қазақстанда ең
алғашқы «құтыдағы сәби» 1996 жылы
дүниеге келді. Қаншама әйелдің ана
атануына себепкер болған Салтанат
ханым өзінің екі ұлын да ДТҰ әдісі
арқылы дүниеге әкелді.
Жылданжылға репродуктивті
технология дамып, дені сау ұрпақты
дүниеге әкелуге барынша жағдай
жасалуда. Медицина ғылымы бір
орында тұрмайды. Қазір ДТҰ барынша
табиғи жолмен ұрықтануға жақындап
келеді. Жақында елімізде жапондық
жүйе бойынша ДТҰ әдісі қолданыла
бастады. Бұл әдіс классикалық тәсілмен
салыстырғанда біршама қолжетімді.
«Құтыдағы баланың»
басқалардан
айырмашылығы
бар ма?
О с ы д а н б і р н е ш е ж ы л б ұ р ы н
Ресейдің бас педиатры Александр
Баранов ДТҰ тәсілі арқылы дүниеге
келген балалардың 75 пайызында
басқалармен салыс тырғанда денсау
лығында көп жағдайда кінәрат
болатындығын алға тартқан еді. Дәрі
гердің айтуынша, «құтыдан шық
қан балалардың» жүйке жүйесін
де ауытқушылықтар жиі кездеседі
және аутизм дертіне шалдыққан
балалардың басым көпшілігі денеден
әкелу мүмкіндігі мол десек, әрине, 20
жастағысында. Сондықтан, баланы
барынша жас кезде, денсаулық
мықты кезде туған жақсы. Бірақ,
бұл дегеніміз ДТҰ әдісімен сау бала
тумайды деген сөз емес. Жасанды
жолмен туған балалар мен табиғи
жолмен дүниеге келген балалардың
арасында айтарлықтай айырмашылық
болмайды. Ең бастысы, ДТҰ әдісі әр
адамның ағзасындағы ерекшелігіне
орай өте сауатты жасалса болғаны.
Осы уақытқа дейін дін өкілдерінің
арасында да ДТҰ әдісіне қарсылық
білдіргендер жиі кездесетін. Уақыт өте
келе дін өкілдері де баланы жасанды
жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге
әкелуді құптай бастады. Ислам дінінде
ДТҰ әдісі қолданылу үшін келесі
шарттар міндетті болып саналады:
әдісті әйел адам болмаса мұсылман ер
адамның жасауы, ұрықтардың ауысып,
шатастырылмайтындығына нақты
көз жеткізілуі, қолдан ұрықтандыру
күйеуінің көзі тірісінде жасалуы,
ерлізайыптылардың бұл іске бірдей
рұқсаты болуы орындалуы тиіс делінген.
Қоғамдағы кереғар пікірдің алдын
алуды көздегендей бұл мәселе кезінде
Мәжілісте қаралды. Нәтижесінде арнайы
заң қабылданып, демографияның
дамуына үлес қосатын ЭКО тәсілі
заңдық тұрғыда қолданыла бастады.
«ЭКО – бұл бизнес»
дегенмен
келісесіз бе?
Жоғарыда айтқанымыздай, ДТҰ
әдісі арқылы балалы болуға қалталы
жандар жиі жүгініп жатады. Отыздан
асқанша тұрмыс құрмай, карьерасын
жасаған бір танысым күйеусізақ
өзі үшін баланы ЭКО арқылы туып
алғанына куә болдым. Енді біреулер
бірнеше рет бала туып жүрмеу үшін
бір рет ЭКО жасатып, бірден егіз
немесе үшем туып алғысы келеді.
Білуімізше, әйелдің құрсағына екіден
көп эмбрион салуға рұқсат етілмейді.
Дегенмен, ақша жүрген жерде бәрі
де мүмкін емес пе? Осыдан 23 жыл
бұрын бір әйелдің үшем туам деп ЭКО
жасатып, уақытынан бұрын алты айлық
шақалақтарды дүниеге әкелгенін,
сәбилердің кінәратпен туғандығын да
естідік. Сонда кейбіреулер үшін ЭКО
«құтыдағы қуаныш» болғанымен, енді
біреулер үшін табыс көзі болғаны ма
деген ой келеді. Бұл сұрақты белгілі
маман Салтанат Байқошқароваға
қойып көрген едік.
С а л т а н а т Б Е Р Д Е Н Қ Ы З Ы ,
«Экомед» емханасының жетекшісі:
–ДТҰ әдісін қолдануға ғы лы ми
тұрғыдан мүмкіндіктер көп. Бірақ, оның
бәрін оңдысолды қолдана берсек,
онда діни және адами қайшылықтар
пайда бо лады. Сондықтан, бәрін
бірдей қол дануға болмайды. Кез
келген нәрсені алсаңыз, оның жақсы
және жаман жақтары бар. Сол сияқты
бұл әдісті дұрыс пайда ла ну керек.
Құқықтық жағынан бұл әдіс қолдау
тапқан. Мемлеке ті мізде репродуктивті
құқықты қол дануға байланысты тиесілі
заң дар бар. Сондықтан, біз заң нан
аспай және заң шеңберінде жұ мыс
істейміз. Қазір қай жерге барсаңыз
да, «пәленшенің келіні туа алмай жүр»,
«түгеншенің ар тында қалар ұрпағы
жоқ» деген дей әңгімелерді жиі естисіз.
Бұл мәселе демографияға да әсер
етеді. Өйткені, Қазақстанда 2 мил
лионнан астам репродуктивті жас тағы
отбасылар болса, соның әр бір бесіншісі
бала сүю бақы ты на қол жеткізе алмай
жүр. Бұл – 300350 мың отбасы. Қарап
отыр саңыз, олардың қатарында бірде
бір баласы жоқтары, яғни, бір перзентке
зар боп жүргендер де, сондайақ, бір
екі баласы бар, екіншісін не үшіншісін
туа алмай жүргендер де табылады.
Сон дық тан, бедеулік мәселесі тіптен
баласы жоқ отбасыларына ғана тән
нәрсе емес.
Әлемдегі бедеулікті емдеу жөнінен
алдыңғы қатарлы елдер көш басында
Израиль тұр. Өйт кені, ол жерде
бедеулікті емдеу түр лері тегін. Әрине,
ақылы қыз мет түрлері де бар. Бірақ,
бедеулік мемлекеттің қолдауымен
тегін емделеді. Қазақстанда ана мен
бала орталықтары, отбасын жос
парлау орталықтары т.б. бар. Оларда
бедеулікті тексеру тегін. Егер де адам
бедеулікке тексеріл гісі келсе, сол
орталықтарда бұл мәселені анықтай
алады. Бірақ, ғылымның ең соңғы
жаңалық тары қосалқы репродуктивті
тех ноло гиялар, денеден тыс ұрық
тан дыру әдістеріне қол жеткізудің
мүмкіндіктері әлі де аз. Мемлекет
тарапынан беріліп жатқан кво талар
бар, мәселен, 2010 жылдан бастап
100 отбасына квота беріл се, 2013
жылдан бастап 600 квота беріліп отыр.
Бірақ, бұл өте аз. Сон дықтан, мұны
әлі де қолдау керек. Ең басты мәселе
– Из раиль дің 100 пайыз болмаса да,
біраз тәжірибесін өз елімізге ен гіздіру.
Мәселен, арзан гор мондық дәрілердің
көмегін кеңінен таратып, баласы
жоқ отбасыла рына қол ұшын созуға
мүмкін діктер баршылық.
Елімізде соңғы 3 жыл дан бері
жасанды ұрықтан дырудың жаңа әрі
арзанырақ түрлері қолданылып жатыр.
Біз дің жағдайда бұл әдістің тіптен тегін
болуы мүмкін емес. Тек мемле кеттің
қолдауымен ғана жүзеге асып жатқан
мәселе бұл. Сон дықтан, емделуші
азаматт ар ға көп әрі қымбат дәрілерді
бер мей, халыққа көбірек ауқымды
қыз мет етуді мақсат тұтып отырмыз.
Денеден тыс ұрықтандыру әді сін қалай
арзандатуға болады? Бұл арада басқа
елдердің тәжіри бесі қандай? Біз осыны
мемлекет ке дәлелдегіміз келеді. Бұл
мәсе леге біздің маман ретінде жаны
мыз ашымаса, кімнің жаны ашиды? Бір
перзентке зар болып, жылап жүрген
адамдар өте көп. Солар дың күнделікті
біздің алдымызға ке ліп, жылапсықтап,
мұңын шаққанын көре отырып, олардың
проблемасын біз көтермесек, кім
көтереді? Әрине, бұған үлкен қаражат,
қажыржігер мен уақыт жұмсалып отыр.
ДТҰ (ЭКО) – дүниежүзінде қым
бат тұратын технологиялар арқылы
жасалатыны белгілі. Соңғы бір жыл
дағы теңге девальвациясын ескерсек,
ДТҰ бағдарламасында қолданатын
дәрідәрмек, құралжабдықтардың
барлығын шетелден доллар және
евроға алатындықтан, 23 есеге
қым баттады. Дәрімен және дәріні
мүлдем қолданбай немесе аз мөл
шерде қолданатын ұрықтандыру
жолдары бар. Дәрісіз жасанды
ұрықтандыру құны 300400 мың
төңірегінде болады. Дәрідәрмек
қалайда қымбат, шамамен 500600
мың теңгеге дейін кетеді, оның үстіне
емдеу технологиясы мен міндетті
түр де өтуге тиіс тексерулер көле
мін қоса есептегенде орта есеппен
1 мил лион теңгеге жуықтайды. Екінің
бірі нің қалтасы бұндай қаражатты
көтере бермейді. Сондықтан, емделу
дің бағасын шығындардың 23 есе
көбеюіне қарамастан, сол баяғы
деңгейде қалдырып, дағдарысқа
қарамастан ұстап отырмыз. Ертең не
боларын уақыт көрсетеді. Дегенмен,
бізде шетелдермен салыстырғанда
ДТҰ әдісінің бағасы анағұрлым арзан.
Мысалы, алпауыт АҚШ және Еуропа
елдерінде ДТҰ дәрідәрмексіз 10
мың АҚШ долларына жасалады екен.
Англияда 12 мың фунт стерлинг
тұрады. Сондықтан, көптеген адамдар
шетелден арнайы біздің орталықтарға
ұшып кеп, бақтарын сынайды. Қазіргі
уақытта біздің емханаларда ДТҰ
әдісімен дүниеге келген балалар
Америка, Германия, Англия, Италия,
Түркия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан,
Өзбекстан, Әзірбайжан т.б. алыс және
жақын шетелдерде тұрып жатыр.
Қазақстандағы ДТҰ ба
ғдар ламасы туралы мәселе
лерді бір мақаланың ауқы
мына сыйғызу мүмкін емес.
Медицинаның осы бір саласы
әлі де зерттеу лер мен сарап
тауларды қажет етеді. Алда ғы
уақытта суррогат ана тақы
рыбын қозғайтын бола мыз.
А.НҰРСАБЕТҚЫЗЫ
«ҚЫЗ ҮЛЕСІ ҚАШАНДА БОЛУ АНА…» ДЕМЕКШІ, ӘЙЕЛ ЗАТЫ
БОЛЫП ЖАРАТЫЛҒАН СОҢ, АНА БОЛУДЫ АРМАНДАМАЙТЫН
НӘЗІКЖАНДЫ ЖОҚ ШЫҒАР, СІРӘ! ӘСІРЕСЕ, БІЗДІҢ ҚАЗАҚЫ
ТҮСІНІГІМІЗДЕ КЕЛІН БОЛЫП БОСАҒА АТТАҒАН СОҢ, ЕҢ
АЛДЫМЕН АТАЕНЕМІЗГЕ НЕМЕРЕ СЫЙЛАП ҚУАНТҚЫМЫЗ
КЕЛЕДІ, ЖАРЫМЫЗДЫҢ ТЕЗІРЕК БАЛАСЫН ИІСКЕП
МЕЙІРЛЕНГЕНІН ҚАЛАЙМЫЗ, АНА АТАНЫП, СӘБИІМІЗДІ
ҚҰШАҒЫМЫЗҒА АЛСАҚ ДЕЙМІЗ. КЕЙДЕ ОСЫ БІР ҚАРАПАЙЫМ
ҒАНА БАҚЫТ КЕЙБІРЕУЛЕРДІ ҰЗАҚ КҮТТІРЕДІ. НӘРЕСТЕНІҢ
ІҢГӘЛАҒАН ДАУЫСЫНА ЗАР БОЛҒАН ЖҰПТАРДЫ БҮГІНДЕ
МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫ «ПРОБИРКАДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН»
ҚУАНТАТЫНДАЙ ДӘРЕЖЕГЕ ЖЕТКЕН. АЛАЙДА, МЕДИЦИНА
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОСЫ БІР ЖАҢАЛЫҒЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ КҮНІ
БҮГІНГЕ ДЕЙІН ТҮРЛІ ПІКІРЛЕР АЙТЫЛЫП ТА, ЖАЗЫЛЫП
ТА ЖҮР. БІРЕУЛЕР ДЕНЕДЕН ТЫС ҰРЫҚТАНДЫРУДЫ
ТАБЫСТЫ БИЗНЕС ДЕСЕ, ЕНДІ БІРЕУЛЕР ЖАРАТЫЛЫС
ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ШЫҒАТЫН СӘТСІЗ ТӘЖІРИБЕ ДЕП
ТЕ БАҒАЛАП ЖАТАДЫ. СОНДА ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ПЕРЗЕНТ
СҮЙЕ АЛМАҒАН ЖАНДАР НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?
ДТҰ әдісімен емделгенде опе ра
тивтік килігуді қажет ететін әр түрлі
асқынулардың болуы мүмкін. Мысалы,
көпұрықты жүктілік, жатыр дан тыс
(түтікшелік, аналық бездік, кұрсақ
ішілік) және жатыр мойындық жүктілік,
мұндай жағдайлар табиғи жолмен
болған жүктілік кезінде де болуы
мүмкін. Аналық бездердің гиперсти
муля циясы (гормоналдық дәрі
дәрмектерге аналық бездердің өте
күшті жауап қайтаруы) болуы мүмкін,
бұл кезде қажетті ем қолданылады
және ем аурухана жағдайында жүргізілуі
де мүмкін. Сирек жағдайларда аналық
бездің, аналық без сулы iciгінің(киста)
жарылып кетуі, жақын жатқан мүшелер
мен қан тамырлардың жарақаттануы
мүмкін, мұндай жағдайда жедел түрде
хирургиялық көмек көрсету керек
болады.
«ҚҰТЫДАҒЫ
СӘБИДІҢ» ҚҰПИЯСЫ
тыс ұрықтандыру арқылы дүниеге
келген балалар екенін айтып жар
салған болатын. Сондайақ, ол
бұл тәсілдің әйел денсаулығына
да өте зиян екенін айтты. Ол «ДТҰ
бағдарламасына мемлекеттен ақша
бөлу елдегі мүгедектер санын арттыру
деген сөз» деп қойып қалды. Алайда,
репродуктолог ғалымдар Барановтың
пікірімен, әрине, келіспейді. Олардың
айтуынша, табиғи жолмен дүниеге
келген балалардың арасында да
кемтар сәбилер туылады.
Мамандардың айтуынша, ДТҰ
әдісіне жүгінетін жандардың жасы
3540тар шамасында болып келеді.
Сондықтан, жас ұлғайған сайын ағзада
түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Бұл
табиғи құбылыс. Сондықтан, жасы 20
дағы келіншек пен 35тегі келіншектің
қайсысында дені сау бала дүниеге