Шешесі қамалса,
бала қайда қаңғиды?
Біраздан қоңсылас көрші әйелдің алаяқтықпен
айналысатынын білмеппіз. Күйеусіз, екі баласымен
тұратын. Тұрақты жұмысының жоқтығы қылмысқа
итермеледі ме, көп адамды пәтермен, жермен
«жарылқайтын» болып, ақша жинапты. Енді ісі
тергеуге түсіп, әзірге ешқайда кетпеу қолхатымен
қылкөпірдің үстінде қалды. Егер қамала қалса,
бастауыш сыныптарда оқитын шиеттей балалары
қайда қаңғып кетеді? Әлде олардың тағдырына
мемлекет араласа ма?
Алмагүл БАҚЫТБЕРГЕНҚЫЗЫ
(сауал электронды поштамен келген)
Қылмыстық-процестік кодекстің 154-бабы ата-анасының
немесе асыраушысының күзетпен ұсталуының салдарынан
қараусыз, күтусiз және күнкөріс қаражатынсыз қалған
кәмелетке толмағандарға қамқоршылық жасалуын
қадағалауды қылмыстық процесті жүргізетін органның
өзіне жүктейді. Оны осы орган бюджет қаражаты есебiнен
қамтамасыз етуге мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін
органның еңбекке қабiлетсiз бала-шағаны қарау, күту
және мемлекеттiк әлеуметтiк көмек органдарына немесе
медициналық ұйымға уақытша орналастыру жөнiндегi
тапсырмасы қорғаншы және қамқоршы орган, сондай-
ақ аталған ұйымдардың басшылары үшiн мiндеттi.
Қамқоршылық жасаушы егер болып және келiсiмiн беріп
жатса, қамалушының туыстарына да сенiп тапсырылуы
мүмкін.
Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау
шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған адамға немесе
басқа да мүдделi тұлғаға осы туралы дереу хабарлайды.
Күзет басшысы қылмыстыны
босата ала ма?
Тумамыздың баласы қылмыспен ұсталып,
тергеу изоляторына қамалып қалды. Ұсталғаннан
кейінгі күні қалалық сотқа жеткізіліп, судьяның
санкциясымен екі айға жабылды. Екі ай өткеннен
кейін оны күзетпен ұстау орны әкімшілігінің
басшысының келісімімен босатып алуға болатын
көрінеді. Егер ондай мүмкіншілік болса, қандай
заңдарда көрсетілген?
Абай ҚАЗМАҒАМБЕТҰЛЫ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
Күзетпен ұстауды санкциялау және мерзімін ұзарту
құқығы Қылмыстық-процестік кодекстің 148, 151,
152-баптарына сәйкес аудандық және оған теңестірілген
соттың тергеу судьясына, ал оның қаулысына шағым
жасалған, наразылық білдірілген жағдайда облыстық және
оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі. Тергеу
судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап сегіз
сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде, Заңда айқындалған
тәртіпті сақтай отырып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау
шарасын санкциялау туралы өтінішхатты прокурордың,
күдіктінің, айыпталушының, оның қорғаушысының
қатысуымен қарайды. Егер Заңда ерекше жағдайлар үшін
арнайы көзделмесе, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде
күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.
Тергеп-тексеруді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін
болмаған жағдайда тергеушінің прокурормен келісілген
уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы оны осы
Кодексте көрсетілген шекті мерзімге дейін ұзартуы мүмкін.
Судья сот отырысының басында қандай өтінішхаттың
қаралуға жататынын жариялайды. Іске қатысты адамдарға
олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан
кейін енгізілген өтінішхат бойынша тараптардың күзетпен
ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сол қалпында қалдыру
қажеттігі тұрғысындағы дәлелдерін тыңдап, күдіктіні,
айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы
өтінішхатты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан
бас тарту және бұлтартпау шарасының күшін жою немесе
оны неғұрлым жеңілдеуіне өзгерту және оны қамаудан
босату туралы қаулылардың бірін шығарады.
Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат келіп
түскен күнінен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде
қаралуға жатады.
Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы күдіктіні,
айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма
төрт сағат бұрын ол туралы іс жүргізуінде қылмыстық
іс жатқан органға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға
міндетті. Егер күзетпен ұстаудың заңда белгіленген мерзімі
аяқталғанға дейін күдіктіні, айыптаушыны босату не
күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп
түспесе, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны
өзінің қаулысымен босатып, көшірмесін жиырма төрт сағат
ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға және
прокурорға жолдайды.
БАРЛЫҚ АЙМАҚ ЖЕКЕ СОТ
ОРЫНДАУШЫЛАРЫМЕН
ҚАМТЫЛҒАН
«ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ» ДЕГЕН
МАМАНДЫҚ ЖОҚ, ОНЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕ
МЕҢГЕРМЕЙДІ. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНДА ТӘЖІРИБЕ
ЖИНАҒАН СОҢ, ЕҢБЕКТІҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДА ҚИЫН МЕКТЕБІНЕН
ӨТКЕННЕН КЕЙІН ҒАНА ОСЫ САЛАНЫҢ НАҚТЫ МАМАНЫ
БОЛУҒА БОЛАДЫ. ЕГЕР АДАМ ӨЗ ІСІНЕ БЕРІЛГЕН ЖӘНЕ
ӨЗ ЖҰМЫСЫН АДАЛ ОРЫНДАЙТЫН БОЛСА, ОНЫҢ ІС
ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ АБСОЛЮТТІ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, ҚАЙ
САЛАДА БОЛМАСЫН ОЛ ҚҰРМЕТ ПЕН СЕНІМГЕ ЖЕТЕДІ.
Б
іздің елімізде әр мамандықтың
өзінің жеке кәсіби мерекесі бар.
Қазақстан Республикасының
әділет органдары өздерінің кәсіби
мерекелерін 30 қыркүйек күні тойлайды.
Бұл күн әділет қызметкерлері үшін тарихи
айтулы күн болып табылады. Нақты, 1919
жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ КСР
Әскериреволюциялық комитетімен әділет
бөлімін құру туралы қаулы қабылдан
ған болатын. Кейін ол Әділет халықтық
комис сариаттарына қайта құрылған
болатын. 19461949 жылдары Қазақ
тіркеу және әдістемелік көмек көрсетуді
бакылау функциясы әділет органдарына
бекітілген.
Қазақстан Республикасының Прези
денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100
н а қ т ы к а д а м » – Ұ л т ж о с п а р ы н д а
әділет органдарына беріл ген тапсырма
қомақ ты. Стратегиялық бағдар лама
ның 27қадамында мемле кеттік сот
орындаушылар санын кезеңкезеңі мен
қысқарту арқылы жеке сот орындау
шылар кызметін жетілдіруге басымдық
берілген. Әділет департаменті мен
Жеке сот орындаушылар филиалы ның
бірлесе атқарған жемісті жұмысының
арқасында бүгінгі күні Солтүстік Қазақ
стан облысының барлық аудандары
жеке сот орындаушылар қызметімен
қамтылған.
Атқарушылық ісжүргізушілік сала
сында алиментке қатысты істердің
айрықша орын алатынын айта кеткеніміз
жөн. Алименттік төлемдерді өндіріп алуда
сот орындаушыларға үлкен жауапкер
шілік жүктелген. Әсіресе, туған баласына
алимент төлеуден қашып небір түрлі
қитұрқылыққа баратын қашқынәкелердің
имансыздығына еріксіз жаға ұстайсың.
Соларды тезге салып, балаларға тиесілі
нәпақаны қайтаруда сот орындаушылары
тиянақты еңбек етуде.
Қазақстан Республикасының Консти
туциясында ең басты кепілдік – құқық,
мемлекеттік саясатта басты негізгі
басымдылық – білікті заң көмегін алу
құқығына беріледі. 2016 жылы өңірдегі
жалпы адвокаттар саны 184ті құрады
(2015 жылы – 182 адвокат). Барлық
облыс аудандары адвокаттық қызмет
көрсетумен қамтамасыз етілген.
Заңды тұлғалардың нотариалды іс
әрекеттерді жасауда, нотариат инсти
тутына берілген азаматтардың заңдық
мүддесін және құқықты қорғауды
қамта масыз етудегі рөлі маңызды.
Сол түстік Қазақстан облысында жеке
нотариус тардың жалпы саны – 83
(Петропавл қаласында 47 нотариус,
облыс аудандарында – 36), (2015
жылы нотариустың жалпы саны – 79
құрады). 2016 жылы Солтүстік Қазақстан
облысының Әділет департаментінде 4
жеке нотариустың есептік тіркеуі жүр
гізілді, 1 жеке нотариус есептік тір
кеу ден алынды. Ең бастысы, барлық
аудандар нотариалды қызмет көрсетумен
қамтылған.
Солтүстік Қазақстан облысы аума
ғында «облыс бойынша Кәсіби баға
лау шылар палатасы» қызметі жүзеге
асырылуда. Оның құрамына 22 жеке
тұлға және 6 заңды тұлға кіреді. Бүгінгі
таңда құқықтық негилизммен күрес,
құқықтық мәдениетті көтеру, халық
деңгейін анықтау максатында әлеуметтік
зерттеулер жүргізу;
– әлеуметтікмаңызды міндеттерді
түсіндіру бойынша жастар мен үкіметтік
емес ұйымдар және Солтүстік Қазақстан
филиалы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе
акцияларды қолға алу жоспарланған.
Бүгінгі күні еліміз әлемнің ең дамыған
үздік 30 елінің қатарына кіруді мақсат
етіп отыр. Соған сәйкес, өзінің өзге
елдермен иық тіресе алатындай, бәсекеге
қабілеттілігін дәлелдеу де аса маңызды.
Биылғы жылы еліміз Дүниежүзілік эконо
микалық форумның Жаһандық бәсекеге
қабілетті индексі бойынша 42 орын
алып, өз көрсеткішін былтырғы жылмен
салыстырғанда 8 сатыға жақсартты. Әділет
министрлігі 4 индикатор бойынша негізгі
орындаушы болып табылады:
1) «Зияткерлік меншіктік қорғау».
2) «Меншіктік құқық».
3) «Заңдылықта таласты мәселелерді
шешу тиімділігі».
4) «Заңдылықта экімшілік тэртіпке
салуды даулау тиімділігі».
СҚО Әділет департаментінде бекітілген
жоспар негізінде, жаһандық бәсекеге
қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақ
сарту бойынша тұрақты негізде жұмыс
жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет
департаменті өзара қарымқатынас пен
ынтымақтастықты жақсарту мақсатында
ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Кәсіпкерлер палатасымен және
«Даму қоры» АҚ аймақтық палатасымен
өзара ынтымақтастық туралы меморандум
жасаған болатын. Сонымен қатар, Сол
түстік Қазақстан облысы бойынша Сыбай
лас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро
сымен де келісім жасалған. Мұның барлы
ғы қызметтік этика нормаларын және
сыбайлас жемқорлық құқықбұзушыларды
анықтау мен бұлтартпау мақсатында қолға
алынған болатын.
Сондайақ, Әділет департаменті ҚР
Әділет министрлігінің ведомствоаралық
мекемелерімен өзара қарымқатынасты
жүзеге асырады. 2013 жылғы 17 сәуірдегі
ҚР Әділет министрлігінің №123 бұйрығы
мен бекітілген Ережеге сәйкес, Үйлестіру
кеңесі тұрақты әрекет етуші орган болып
табылады. Қазақстан Республикасы
аумақтық әділет органдары келісілген іс
іре кетін құру үшін құрылған болатын.
Соңғы жылдары әділет жүйесінде
түбегейлі реформа жүргізілуде. Күн сайын
әділет органдарының рөлі жоғарылауда
және сәйкесінше жүктелген қызметтер мен
міндеттер ұлғаюда.
Р.КАКТАЙ,
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің басшысы
арасында түсіндіру жұмыстары тиімді
ұйымдастыру бағытында қолға алынған
шара аз емес.
Әділет министрлігінің стратегиялық
жоспарына сәйкес, ел азаматтарының
құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарыла
ту мақсатында Әділет департа менті мен
оның құрылымдылық бөлімшелерінде
2016 жылы 2044 ісшара, соның ішінде
169 дөңгелек үстел отырысы, 751 лек
ция мен семинар өткізіліп, 242 мақа
ла жариялану үшін жолданған. Әділет
министр лігінің және Департаментінің
вебсайтында 332 ақпараттық материал,
информагенттіктерінде 70 ақпарат орна
лас тырылған.
Атап кететін жайт, 2017 жылы Әділет
департаменті құқықтық түсіндіру жұмыс
тарын жүзеге асыруда жаңа форма лар мен
тәсілдерді қолдануда. Соның нәтижесінде:
– «Заманауи Қазақстанда құқықтық
негилизмді қалай жеңуге болады?» тақыры
бында заң факультеттері студенттері ара
сында эссеконкурс ұйымдастыру;
– Нормативтік құқықтық актілерді тал
кылау бойынша ашық диалог өткізу;
– жастар мен халықтың құқықтық білім
Бүгінгі күні бизнесті Интернет
желі сі арқылы ашу мүмкіндігі жүзеге
асырылды. Кәсіпорынды тіркеу, сауда
субъектілерін тіркеу уақыты 1 сағатқа
дейін қысқартылды. Бұл үлкен жетістік.
Қызмет көрсету мерзімі қысқартылған
және қағаз құжаттарын ұсыну қажеттілігі
жойылды.
Мемлекеттік басқарма жүйесіне
реформа жүргізу аясында, азаматтық
хал актілерді тіркеу қызметі жергілікті
атқарушылық органдар құзіретіне
берілді. Бірақ, азаматтық хал актілерді
ӘДІЛЕТ
12
№110/1 (2888/1)
6 қазан 2016
zangazet@mail.ru
мінбер
кімшілік деген сөз латын тілінен аударғанда «басқару»
деген мағынаны білдіреді. Яғни, әкімшілік құқық
басқару саласындағы биліктік қатынастарды реттейді.
әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару саласындағы
қ ат ы н аста рд ы р е т т е й т і н қ ұ қ ы қ т ы қ н о р м а л а р
жиынтығы.
ә
Заң энциклопедиясы әкімшілік
құқықтың түсінігін мемлекеттік бас
қару органдарының атқарушылық
қызметі процесінде пайда болатын
қоғамдық қатынастармен байланыс
тырады.
Әкімшілікқұқықтық реттеудің
ерек шеліктері мемлекеттік басқа
рудың ерекшелігімен тығыз бай
ланысты. Себебі, бұл салада көп
жағдайда бағынушылық қатынастар
орын алған. Бұл жерде ерекше атап
өтетін бір жайт – әкімшілікқұқықтық
қатынастар басым көпшілік жағдайда
мемлекеттік органның (лауазымды
тұлғаның) біржақты ерік білдіруінің
негізінде қалыптасады. Мысалы, бұй
рық, шешім, қаулы және т.б. Яғни,
әкімшілік құқықтық реттеу заңды
тең дігі жоқ қатысушылар субъекті
лері болып табылатын қатынастарға
бағытталған.
Қоғамның санасында әкімшілік
құқық атқарушы биліктің күштеу құ
ралы ретінде қалыптасып кеткен.
Алайда, әкімшілік құқықты мемлекет
тің экономикада және басқа да қоғам
өмірінің салаларында белсенді ара
ласуы ретінде сыңаржақ түсінуге де
болмайды. Әкімшілік құқық мемле
кеттің мүддесіне қызмет ете отырып,
адам мен азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының заңды түрде
жоғары тұруын қатаң сақтайды.
Қазіргі кезде әкімшілік құқықтың
мақсаттары мен міндеттеріне деген
көзқарастар түбегейлі өзгеруде.
Атқарушы биліктің міндеттерінің ішін
де басты орынды адамның құқықтары
мен бостандықтарын бекіту, сақтау
және қорғау иеленген. Азаматтар
дың құқықтары мен бостандықтарын
қорғаудың және жүзеге асырудың
деңгейі – биліктің жүзеге асырылуы
ның тиімділігінің көрсеткіші.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақ
саттары:
1) мемлекеттік әкімшіліктің тиімді
қызметіне жағдай жасау;
2) азаматтардың, мемлекеттің, қо
ғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) жүзеге асырылуы атқарушы
би лікпен байланысты азаматтардың,
олар дың бірлестіктерінің құқықтары
мен бостандықтарын жүзеге асыруға
жағ дай жасау;
4) экономиканы дамытуға жағдай
жасау;
5) әлеуметтік бағдарламаларды
жүзеге асыруға жәрдемдесу;
6) азаматтарды және қоғамды
мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билі
гінен, немқұрайдылықтан және билік
ті заңсыз пайдалануынан сақтауды
қамтамасыз ету.
Бұл ретте Әкімшілік кодекс әкім
шілік құқық бұзушылық үшін жауап
кершілікке тарту, жаза шараларын
белгілеу т.б. мәселелерін айқындау
шы құқық нормаларын біріктіретін,
бірегей жүйеленген заңдар актісі
болып табылады. Қазақстан Респуб
ликасында «Қазақ КСРнің әкімшілік
құқық бұзушылықтар кодексі» қолда
нылып келді (1998). Ол КСРО респуб
ликалары арасында алғашқылардың
бірі болып, 1984 жылы 22 наурызда
10шы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің 8сессиясында қабыл
данған. Кейін оған бірнеше түзетулер
мен толықтырулар енгізілді. 1995
жылы 1 сәуірде Әкімшілік кодекстің
өзгертулері мен толықтыруларын
то лықтай қамтыған ресми мәтіні жа
рия ланды. Әкімшілік кодексте мате
риалдық және іс жүргізуге қатысты
бөлімдер біріктірілген; 5 бөлімнен,
31 тараудан, 450ден астам баптан
құралған болатын. Оның көптеген
қағидалары бүгінгі күннің, нарықтық
қарымқатынастардың жаңа талап
тарына сай келмей ескіргені рас.
Жалпы, Әкімшілік кодекс жеке тұлға
лардың әкімшілік жауапкершілігін
айқындайтын ең басты акт болып
саналады.
Әкімшілік заңнама мемлекет
тің қолындағы әкімшілікқұқықтық
қатынасты белгілейтін бірденбір
құрал болып табылады. Өз кезе
гінде әкімшілік құқық бұзушылық
жалпы құқық бұзушылық туралы
статистикалық деректер ішінен үнемі
алғашқы орында тұратынын олар
дың үнемі өсіп отыруынан көруге
болады. Сондықтан, Елбасы жыл
сайынғы Қазақстан халқына жол
дауында және Қазақстан Респуб
ликасы судьяларының VI съезінде
ұсақ құқық бұзушылықтарды бол
дырмайтын әкімшілік заңнаманы
реформалаудың қажеттілігі жөнінде
айтты. Бұл өзгерістердің қылмыс
тылықты азайтып, азаматтар мен
адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауға көмектесетініне
назар аударды. Сондықтан,
Елбасының берген тапсыр
маларын орындау дер кезін
де жасалып, өзгерістерімен
толықтырылған жаңа күйдегі
Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексі 2015 жыл
дан бастап қолданыста. Бұл
кодекстің қабылдануы оны
талқылау кезінде заң
қауымдастығы ор
тасында және ха
лық арасын
да да үлкен
қ ы з ы ғ у
шы лық ту
ғызды.
Жа ңа
ко декс
тің ере
же ле рі
бо йын
ш
а
әкім
ші лік
қ ұ
қ ы қ
бұ зу шылық туралы хат таманы тол
тырған уә кілетті тұлғаға оның толық
болмауы немесе дұрыс еместігі
себебінен қайтару тәртібі алынып
тасталған. Бұл өз кезегінде әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істі қа
рауда созылмалықты болдырмай,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарауда уәкілетті тұлғалар
дың жауапкершілігін арттырады.
Жаңа кодекске жаңадан ашылған
мәнжайлар бойынша қаулылар
ды қайта қарау институтын енгізу
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарауды оңтайландыруға
бағытталған. Сондайақ, әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істер бой
ынша күшіне енген қаулылар касса
циялық тәртіпте қайта қаралу мүм
кіндігі енгізілген, бұл өз кезегінде
азаматтардың құқықтарын қалпына
келтіру аясын кеңейтеді.
Жаңа кодекс келесі негізгі бағыт
тарды іске асыру арқылы әкімшілік
заңнаманы реформалауға бағыт
талған.
Біріншіден, шағын бизнеске қол
дау көрсетуді көздейтін ізгілендіру.
Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік
субъектілері үшін айыппұлдар мөл
шерлері орта есеппен екі есе азай
тылды. Сондайақ, әкімшілік жазаның
түрі ретінде ескертуді қолдану аясы
кеңейтілді.
Екіншіден, әкімшілік құқық бұзу
шылық туралы істерді қарауға уәкі
леттік берілген органдардың құзы
реті қайта қаралды. Атап айтқанда,
санкцияларында айыппұл түріндегі
әкімшілік жаза көзделген баптар
уәкілетті мемлекеттік органдардың
қарауына беру жолымен соттардың
жұмысы жеңілдетіледі.
Үшіншіден, әкімшілік жауапты
лыққа тарту рәсімін жаңғырту.
Әкім шілік құқық бұзушылық тура
лы іс бойынша қысқартылған іс
жүр гізу егер адам әкімшілік құқық
бұзушылық жасалған жерде хатта
мамен бірге алған түбіртек бойынша
айыппұл төлеу жүргізген жағдай
ларда қысқартылған іс жүргізу ен
гізіледі. Яғни, адам жасалған құқық
бұзушылық фактісімен келіседі, өз
кінәсін мойындайды және өз еркімен
айыппұл төлеуге дайын және ешқан
дай наразылығы жоқ.
Бұл ретте қысқартылған тәртіп
үшін адамға хаттаманы тапсырған
кезден бастап жеті күндік мерзімде
айыпұлдың жалпы сомасынан 50 пай
ызын төлеуге мүмкіндік беру түрінде
үйлестіруші тетік көзделген. Адам
жасалған құқық бұзушылық факті
сімен келіспеген жағдайда іс жалпы
тәртіппен қаралады.
Сыбайлас жемқорлыққа бейім
факторларды жою мақсатында, сон
дайақ, қысқартылған іс жүргізуді
қамтамасыз ету үшін айыппұлдың
нақты айқындалған мөлшері көздел
ген. Өндіріп алудың қалған барлық
түрлері қатыстықайқындалған (екі
жақты) ретінде сақталған.
Судьяға, органға (лауазымды
адамға) жеңілдететін мәнжайларды
белгілеу кезінде жеке тұлғаға са
лынатын әкімшілік айыппұл сомасын
жалпы соманың 30 пайызына дейін
қысқартуға мүмкіндік беретін норма
және
әкімшілік жауаптылыққа
тартудың теңгерімді тәртібін мейлін
ше нақты айқындауды мақсат етеді.
Бұдан бөлек, жаңа редакция бо
йынша әкімшілік қамауға алудың ең
ұзақ мерзімі 30 тәулікке, айрықша
жағдайлардағы төтенше жағдай
лар режимінде 45 тәулікке дейін
қысқартылып отыр. Әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған маскүнемдікпен,
нашақорлықпен немесе уытқұмар
лықпен ауыратындарға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолдану секілді жазалау нормалары
алынып тасталған.
Заңбұзушылықтарға ықпал ететiн
жағдайларды жою мақсатында судья
мен лауазымды тұлғаның жеке қаулы
не ұсыным шығару құқығын көздей
тiн толықтырулар енгiзілді.
Заңнаманың
жаңалығы неде?
Әкімшілік құқық бұзушылық тура
лы кодекстің қабылдану себептері
нің бірі – тиісті заңнама ережелерін
қылмыстық жауапкершіліктен әкімші
лік тәртібіне өткізу, сонымен қатар,
әкімшілік құқық бұзушылық жауап
кершілікті арттыру болып табылады.
Ал, бұл өзгерістер еліміздің әлеумет
тікэкономикалық жағдайын дамы
туға бағытталғандығы белгілі. Алай
да, осы кодексте кәсіпкерлер үшін
қандай өзгерістер бар, олар әкімшілік
құқық бұзбау үшін алдын ала нені
білгені жөн? Кодекстің 695бабына
сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк
жазалар қолдануға заңды тұлғалар
ды мемлекеттiк тiркеу саласындағы
уәкiлеттi органның, оның аумақтық
бө лімшелерінің басшылары мен
олар дың орынбасарлары құқылы.
Сондайақ, осы кодекстің 466ба
бына сай, заңнамада көзделген
жағ дайларда заңды тұлғаны, оның
фи лиалдары мен өкiлдiктерін қайта
тiркемей, қызметтi жүзеге асыру;
– шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
не немесе коммерциялық емес ұй
ымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъ
ектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне қырық айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл са
луға әкеп соғады;
– тiркеушi органға заңды тұлғаның
орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы
уақтылы хабарламау;
– шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
не немесе коммерциялық емес
ұйым дарға – бес, орта кәсіпкерлік
субъ ек тілеріне – он, ірі кәсіпкерлік
субъек тілеріне отыз айлық есептік
көрсет кіш мөлшерінде айыппұл са
луға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |