АҢдатпа 8-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата02.03.2017
өлшемі5,2 Mb.
#5108
1   2   3   4   5   6

КЕДЕРГІ ЖОҚ

Е.ТАСЫРОВ,

Астана қаласы Сарыарқа аудандық

№2 сотының төрағасы 

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт 

жоспарының екінші бөлімі заң үстемдігін қамтамасыз 

етуге бағытталған. Осы бөлімде «Барлық сот процестеріне 

бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. 

Судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу мате-

риалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», – деп 

белгіленген. 

ЕҢБЕК ТӘРТІБІ ДЕГЕНІМІЗ – ҚЫЗМЕТКЕР МЕН ЖҰМЫС БЕ-

РУШІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ 

ЖҮЙЕСІН ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР АРҚЫЛЫ БЕЛГІЛЕП, ОНЫҢ 

ҚАҒИДАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА МІНДЕТ-

ТІЛІГІН БІЛДІРЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯ.

№125 (2903) 

9 қараша 2016

5

zangazet@mail.ru



тұғыр

1991 жылы КСРО ыдырап, 16 желтоқсанда Қазақстанның 

Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі тура-

лы» заңды қабылдады. Тәуелсіздік туралы заң Қазақстанның 

егемендігі туралы декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін 

бекітті. Ата-баба армандаған күнге жетіп, Қазақ елінің тәуел-

сіз болғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – халықтың үні, 

ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. 

Тәуелсіздіктің 25 жылғы кезеңі ел 

тарихындағы ерекше кезең. Қазақ еліне 

тәуелсіздік «оңай, ешбір қантөгіссіз, 

жеңіл келді» деп айту қиын. Қазақстан-

ның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш 

болып  Америка  Құрама  Штаттары 

мойындады, екінші болып Қытай, сонан 

соң Ұлыбритания мойындады. Осылай-

ша әлемдік саясат картасында тәуел­

сіз Қазақ елі пайда болды. Қазақстан 

халқы бүкілхалықтық сайлауда Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевқа өз 

тағдырын сеніп тапсырды.

25 жылда еліміз неше 

түрлі жетіс тіктерге жетті. 

1993  жылы  15  қараша­

да ұлттық валюта – теңге 

айналымға шық ты. 1997 

жылы егемен Қазақстан-

ның  Президенті  Н.На-

зарбаевтың жарлығымен 

елорданы  Алматыдан 

Ақмолаға көшіру туралы 

шешім қабылданды. 1998 

жылы  6  мамырда  жаңа 

елорданың  атауы  Аста-

на болып өзгертілді. Ал, 

1998  жылы  10  шілдеде 

Қазақстанның жаңа елор-

дасы – Астананың тұсауы 

кесілді.


1997 жылдың 11 қаза-

нында «Қазақстан – 2030» 

атты ұзақ мерзімді даму 

стратегиялық  бағдарла-

масының қабылданғаны 

белгілі. Мемлекеттің қа-

уіпсіздігін қамтамасыз ету 

үшін ең алдымен көршілес 

шетелдермен екі арадағы 

шекара бекітілді. Табыс ты 

жүргізілген сыртқы саясаттағы жетіс­

тіктердің арқасында Қазақстан Респуб­

ликасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ 

секілді беделді халықаралық ұйымдар-

дың салмақты мүшесіне айналып қана 

қоймай, мемлекетаралық қарым­қа-

тынастарда да еліміздің мәртебесін 

кө теретін саяси оқиғаларға, тарихи 

ке зеңдерге де бастамашы болды. 

«Қазақстан – 2030» стратегиясында 

белгіленген ұлттық қауіпсіз, ішкі саяси 

тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық 

экономикаға негізделген экономикалық 

өсу сияқты негізгі міндеттер орындал-

ды. 

Қазақ  елінің  егеменді  мемлекет 



ретінде жариялануы 1991 жылдары 

басталған саяси­әлеуметтік және эко-

номикалық өзгерістерге әкелді, өзіндік 

ұлттық құқықтық жүйені және мемле-

кеттік билік органдарын, сот жүйесін 

құруға себеп болды. Қазақстан Рес­

пуб ликасы тәуелсіз мемлекет болған 

кезден бастап мемлекеттік реформалар 

елдің дамуында негізгі мәселе ретінде 

қарастырылды. 

Құқықтық мемлекет құру жолында 

жаңа форматтағы сот жүйесін құру 

және дамытуды,  олардың жауапты 

әлеуметтік рөлін күшейтуді Мемлекет 

басшысы стратегиялық мақсат ретінде 

белгіледі. Сол жылдардан бастап жеке 

сот билігін  құруға бағытталған  көп-

теген маңызды өзгерістер орын алды. 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң рефор-

малар жүргізу кезінде сот билігінің 

мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің 

саяси және құқықтық жүйесінде заңды 

түрде танылып, құқықтық мемлекет 

талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін 

құруға бағыт алынды. Біздің мемлекет-

те сот жүйесін құру кешенді сипаттағы 

ұйымдастырушы және құқықтық шара-

лармен жүргізілді. 

Соттардың мәртебесін белгілеуге 

және қызметін реттеуге арналған норма-

тивтік құқықтық актілер қабылданды. 

1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемле-

кеттік тәуелсіздік туралы» конститу-

циялық заңның 9­бабында Қазақстан 

Рес публикасында мемлекеттік билік 

заң шығарушы, сот және атқарушы тар-

мақтарына бөлінеті ні бекітілген. Осы-

лайша мемлекеттік құрылыстың негізгі 

принциптері 1993 жылы қабылданған 

Конс титуциямен қамтамасыз етіліп, сот 

билігінің негізгі ұйымдастырушылық 

қызметінің құрылысын және оны іске 

асыру әдістерін белгіледі.  

Құқықтық мемлекет құру негізінде 

заңдар қабылданды, олардың арасын-

да Азаматтық кодекс, Азаматтық іс 

жүргізу кодексі, Қылмыстық кодекс, 

Жиырма бес 

жылдың жемісі

Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қыл-

мыстық атқару кодексі, Жер кодексі, 

Еңбек туралы заң, «Сот жасауылдары 

туралы», «Атқару өндірісі туралы», 

«Сот сараптамасы туралы», «Соттар 

және судьялардың мәртебесі туралы» 

Президенттің конституциялық заң күші 

бар жарлығының орны ерекше.

1995 жылдың 30 тамызында халық 

референдумында Қазақстан Респуб­

ликасының Конституциясы қабылда­

нып,  Қазақстан  Республикасы  өзін 

президенттік басқару формасындағы 

республика ретінде бекітіп,  мемлекет-

тік билікті заң шығарушы, сот билігі 

және атқару билігі деп бөлген болатын. 

Сөйтіп, тәуелсіз Қазақ елі құқықтық  

мемлекет құруды Ата Заңында бекітіп, 

алдына үлкен мақсат қойды. Құқықтық 

мемлекеттің маңызды элементі тәуелсіз 

және әділ, кәсіби сот органдары. Сот 

мемлекеттегі билік түрінің бірі болып 

табылады. Адамның құқықтары, бос­

тандықтары, жеке өмір және жекемен-

шік тиіспеушілігі толық осы билік инс­

титуты арқылы ғана қорғалуы мүмкін.

1995  жылғы  20  желтоқсандағы 

«Соттар мен судьялардың мәртебесі 

туралы» конституциялық заң күші бар 

жарлықта судьялардың қызметін рет-

тейтін және олардың жеке тиіспеушілігі 

мен тәуелсіздік принциптерін белгіле-

ген судьялардың жеке заңы қолданысқа 

енгізілді. Бұл заңда судьялар тәуелсізді-

гінің құқықтық және материалдық кеп-

ілдіктері белгіленді. Басты кепілдіктер 

ретінде: судьяның иммунитеті, судьяны 

құрметтемегені үшін жауапкершілікті 

белгілеу, іс бойынша судьяның қандай 

да болсын түсініктеме бермеуі, судья-

ның өкілеттігін тоқтату негіздері, сотқа 

қатысты емес функциялардан босату 

мәселелері құқықтық тұрғыдан дәйек-

телді. 


2000 жылғы 25 желтоқсанда «Сот 

жүйесі мен судьялардың мәртебесі ту-

ралы» конституциялық заңын қабылдау 

сот реформасы сатыларының негізгі 

кезеңіне жол салды. Судьялардың өз 

қызметін жүзеге асыруға заңмен бар лық 

кепілдік және жағдай жасалды. Осы 

заңда қазіргі мемлекеттің қажеттілік-

теріне сай талаптар мен сот қызметінің 

негіздері белгіленді. 

2002 жылы сот жүйесін одан әрі 

жетілдіруге бағытталған мемлекет-

тік  Құ қықтық  саясат  тұжырымда-

масы қа был данды. Тұжырымдамада 

сот жүйесін же тіл дірудің, судьялар-

дың тәуелсіздігін нығай тудың негізгі 

критерийлері тағы да айқындалды. 

Аталған тұжырымдамаға сәйкес, Елба-

сының жарлықтарымен маманданды­

рылған ауданаралық экономикалық 

және әкімшілік соттар, Алматы қала-

сында ма мандандырылған қаржылық 

сот және Астана мен Алматы қала-

ларында кәме летке толмағандардың 

істері жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық соттар құрылды. Жалпы 

алғанда, соттарды мамандандыру аза-

маттардың құқықтарын қорғау шегін 

кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен,  Қазақстан  өзінің  тәу-

елсіздігін алғаннан кейін орын алған 

реформалар жаңа сот жүйесін құру 

мақсатына жетті. Жеке өз басым сот 

жүйесінде 13 жылдан астам қызмет 

атқарамын. Қызмет атқару барысында 

сот жүйесінің даму кезеңдеріне куәгер 

болдым. Сонау өзім қызмет бастаған 

13 жыл бұрынғы сот жүйесімен бүгінгі 

күнгі сот жүйесі салыстыруға келмейді. 

Қазіргі кезде сот жүйесі дамыған ел-

дердің деңгейіне жетті. 

Сот  қауымдастығы  қазір  Елба-

сының VI съезде қойған міндеттерін 

орындауда және де «Қазақстан – 2030» 

стратегия сының, «Нұрлы жол» бағдар-

ламасын орындауға белсенді атсалысу-

да. Мұны Солтүстік Қазақстан облысы 

мамандандырылған ауданаралық эко-

номикалық сотында өткен 2016 жылғы 

10  айдың  қорытындысынан  көруге 

болады. 

2016 жылғы 9 айда Солтүстік Қа-

зақстан облысы мамандандырылған 

ауданаралық экономикалық сотында 

4029 іс бітістіру рәсімдерін қолдану 

арқылы аяқталған (404 іс бітімгершілік 

келісім, 48 медиация, 2 партисипативтік 

рәсім).  Осындай нәтижелерге жетуге 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

жаңа Азаматтық процестік кодексінің 

күшіне енуі себеп болғаны анық. Жаңа 

кодекске Елбасының 2015 жылдың 31 

қазанында салтанатты түрде қол қоюы-

ның өзі кодекстің жаңа дәуірдегі ерекше 

рөлін көрсетеді. Азаматтық процестік 

кодексте сот талқылауына дайындалу 

сатылары жетілдіріліп, нығайтылғанын 

атауға болады, яғни, бұл сатыда сот 

дау бойынша көптеген мәселелерді 

шешу өкілеттігіне ие болды. Сонымен 

бірге медиация институтын қолдану 

мүмкіндігі кеңейді, енді медиацияны 

кәсіби медиатор ғана емес, тараптардың 

өтініштері бойынша судья да жүргізе 

алады. Жаңа кодексте өзге де күрделі 

өзгерістер бекітілген. Алдымызда су-

дьялардың кезекті съезі келе жатыр. 

Съезде сот қауымдастығы өзінің жұ-

мысын қорытындылап, одан әрі даму 

мәселелерін қарастырады.  

25 жылда мемлекетіміз күрт өзгер ді. 

Экономикалық, әлеуметтік, интеллек-

туалды тұрғыда өркендеп келеміз.  Ал-

дымызда ЕХРО­2017 атты халықаралық 

көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орта-

лық Азияда және Тәуелсіз Мемлекеттер 

Достастығына кіретін елдерде өтетін 

алғашқы көрме болмақ. Оған әлемнің 

100­ге жуық елі және 10­нан астам ха-

лықаралық ұйым қатысады. Осындай 

ірі жобаларға үлес қосуымыздың өзі 

25 жылда Қазақстанның қаншалықты 

өскенін көрсетсе керек.

Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде 

жеткен жетістіктердің маңыздылығын 

бағалай отырып, біз болашаққа сенім-

мен қарай аламыз. Қазір біз өркендеудің 

жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа 

кезеңіне бет алдық. Болашақта еліміз 

әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 

30 мемлекеттің қатарынан орын алаты-

нына барлық қазақстандықтар күмәнсіз 

сенеді. 

Бердібек МҰСТАФИН,

Солтүстік Қазақстан облысы 

мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының судьясы

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың 

мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі. Тәуелсіздік – ең 

алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ 

армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да, біз 

үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 25 жылда халықаралық аренада өзге 

елдермен керегесі тең демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк 

мемлекет ретiнде өзін орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және 

оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

Қазақстан Республикасындағы заңдардың бірлігіне және заңдылықты 

нығайтуда прокуратура органдары игілікті қызмет атқаруда. Мемлекет дамуы-

ның барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз маңызды орынға ие бол-

ды. Прокуратура органдарын реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының 

тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Прокуратура саласын реформалау жаңа 

мемлекеттік құрылымның, саяси және халықаралық­құқықтық бағдардың 

қағидасына сәйкес жүзеге асырылуды қажет етті. Нәтижесінде 1995 жылы 

30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияда және 

Президенттің 1995 жылы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы тура-

лы» заң күші бар жарлығында жаңа 

заман талаптарының барлығы көрініс 

тауып, бекітілді. Конституцияның 

83­бабындағы прокуратура туралы не-

гізгі ереже прокуратураның бірыңғай 

орталықтандырылған дербес жүйе 

екендігін жариялап берді.

Осылайша тәуелсіздіктің арқа-

сында прокуратура республикамыз­

дың мемлекеттік билік органдары 

жүйесінде өзінің конституциялық 

орнын еншіледі. Елбасына ғана есеп 

беретін және республика аумағында 

заңдардың, Қазақстан Республикасы 

Президенті жарлықтарының және 

өзге де нормативтік құқықтық ак-

тілердің дәлме­дәл әрі біркелкі қолда-

нылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге 

асыратын республика прокуратурасы 

Конституцияның, адам мен азаматтың 

құқықтары мен бостандықтарының 

берік сақталуы тәрізді міндеттерді 

жүзеге  асырудың  құқықтық  теті-

гі  болып  табылады.  Прокуратура 

заңдылықтың кез келген бұзылуын 

анықтау мен жою жөнінде шаралар 

қолданады, сондай­ақ, республика 

Конституциясы мен заңдарына қайшы 

келетін заңдар мен басқа да құқықтық 

актілерге наразылық білдіреді. Жи-

нақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен 

заңдарымызға сәйкес жүзеге асыруда.



А.НҰРТАЗАНОВА,

Сарыарқа аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры

АСТАНА ҚАлАСЫ 

Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы 

кезінде де тәуелсіздікке деген ұм­

ты лыс халықтың едәуір бөлігінде 

қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл 

отаршылдықтан кейін, ХХ ғасырдың 

аяғында қайта жаңғырған мемле-

кетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен 

төзімнің, халықтың сан ғасырлар 

бойы еркіндікті аңсаған шыдамының 

өтеуі. 


Қазақстанның тәуелсіз, егеменді 

ел ретінде танылғанына, міне, 25 

жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты 

ұлттық мерекені бүгінгі таңда қа-

зақ халқы жүрегімен сезінуі керек. 

Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры – ол 

қоғамның, сол мемлекеттегі жер-

гілікті ұлттың рухы, жігері, қоғам-

дық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші 

ел бірлігінде, ұлттар татулығында 

жатыр. 


Қазақстан үшін ХХI ғасыр та-

рихының парағы парасат пен па­

йым ға толы. Біздің стратегиялық 

міндетіміз, ең бірінші, тұрғындар 

өмірінің  сапасы  мен  тұрмыстық 

деңгейін көтеру болып табылады. 

Демек, қоғамда тұрақтылықты, та-

тулықты қалыптастырып, елдің тұр-

мыстық әл­ауқатын жақсарту басты 

мәселе болып табылады. Біз қазір 

шын мәнінде дербестігімізге даңғыл 

жол ашып, азат ойлауды қалыптас­

тыру жолындамыз. Ата Заңымыздың 

Тәуелсіздік — 

тәтті ұғым

жасампаздықтың 

Жаңа белесі

16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, 

жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік 

күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан 

Назарбаев қол қойған конституциялық заңнан бастау 

алған Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Тарихқа көз жі-

беретін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан 

оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең 

алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұраты-

ның салтанат құруы. 

арқасында еліміз  демократиялық 

даму жолына түсті. Сонымен қа-

тар, ұлтаралық келісім мен саяси 

тұрақтылыққа негізделген сенімнің 

биік деңгейі сақталып отыр.

 Тәуелсіздік – ол ұлттық мемле-

кеттік, оның тамыры – жасампаздық 

рух, ұраны – ел мен халық. Олай 

болса, өміршеңдік пен кемелділік ая-

сында өмір сүріп, бейбітшілік, тату-

лық туын биікке көтерген Қазақстан 

халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына 

ұмтыла бермек. 

Соттың алға қойған міндеттері 

– сот әділеттігін, заңдылықты қамта-

масыз ету, заң шығару, құқықтық 

ағарту тиімділігін бұдан әрі көтеру, 

адам құқығын қорғау. Сонымен, өз 

ойымды қорытындыласам, біз тәуел­

сіздікке қол жеткізу үшін қаншама 

қиыншылықтарды басымыздан өт-

кіздік,  енді  осы  тәуелсіздігімізді 

қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың 

әл­ауқатын жақсартуға, экономи-

касын ары қарай көтеруге, мемле-

кетіміздің гүлдеп жайнауына, демо-

кратиялық және құқықтық мемлекет 

құру жолында аянбай еңбек етуіміз 

қажет.


Зәуре ОЛЖЕБАЕВА,   

Алматы қаласының 

мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік 

сотының судьясы 

6

№125 (2903) 

9 қараша 2016

zangazet@maiI.ru

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Съезд қарсаңында

КЕҢЕСКЕН ІСТЕ 

КЕМШІЛІК БОЛМАЙДЫ

Тәуелсіздік алған уақыттан 

бергі сот құрылымының тарихы-

на көз жіберер болсақ, саланың 

айтарлықтай өскенін, беделінің 

бекігенін байқар едік. Расында, 

егемен ел атанған 25 жылдың 

бедерінде қазақстандық соттың, 

отандық қазылардың әлеуметтік, 

материалдық жағдайы жақсар-

ды, әділдіктің салтанат құруына 

кедергі келтіріп келген түйткіл-

дердің бәрі рет-ретімен шешімін 

тапты.  Қаншама заңдар қолда-

нысқа енгізілді. Осының бар-

лығына сот саласында тер төгіп 

жүрген жандар бір кісідей атса-

лысты. Және үшінші биліктің 

бүгінгідей биікке көтерілуіне 

1996 жылдан бері өткізіліп келе 

жатқан судьялар съезінің ықпа-

лы болғанын айта кеткеніміз 

жөн.

Көршілес елдерде судьялар-



дың басын қосып, келелі мәсе-

лелерді қозғайтын өз құрыл-

тайларының  барын  бұрын 

еститін едік. Мұндай жиынның 

тиімділігін  сала  ардагерлері 

үнемі еске салатын. 1996 жылы 

қазылардың алғашқы съезі өт-

кенде біз осы ұсыныс тың қан-

шалықты  пайдалы,  ұтымды 

екеніне көз жеткіздік. Өйткені, 

съездің  алғашқы  отырысы-

ның  өзі  қазылар  мүддесінің 

қорғалуына оңтайлы жол ашты. 

Жиынға Елбасының тікелей қа-

тысуы съездің мәртебесін биік-

Тәуелсіздік жылдарын-

да Қазақстан ерлер мен 

әйелдердің құқықтары мен 

заңды мүдделерін қорғау 

саласында белгілі бір 

дәрежеде ілгеріледі. Үкімет 

қаулысымен Қазақстан 

Респуб ликасындағы Ген-

дерлік саясат тұжырымда-

масы мақұлданды. 

Ол еліміздегі гендерлік сая-

саттың  негізгі  бағыттарын  – 

ерлер  мен  әйелдердің  билік 

құрылымдарына теңгерімді қа-

тысуына қол жеткізуді, әйел-

дердің  экономикалық  тәуел-

сіздігі, өз бизнесін дамытуы мен 

мансап жолында ілгерілеуі үшін 

тең мүмкіндіктерді қамтамасыз 

етуді, отбасындағы құқықтар 

мен міндеттердің тең жүзеге 

асырылуы үшін жағдайлар жа-

сауды, жыныс нышаны бойынша 

зорлық-зомбылықтан азат болу-

ды айқындады.



Қазақстан Республикасының  Прези-

денті  Н.Назарбаев  2015 жылдың 31 қа-

занында жария түрде бұқаралық ақпарат 

құралдарының қатысуымен  Қазақстан 

Республикасының  Азаматтық процестік 

кодексіне  қол қойды. Елбасы  қол қою 

рәсімінде жаңа кодекстің құқықтық са-

ланы түбегейлі жақсартатынына, оны 

қабылдау заң үстемдігін қамтамасыз етуге 

үлес қосатынына ерекше  тоқталып өткен 

болатын.

Қазіргі таңда жаңадан қабылданған Аза-

маттық процестік кодекс «100 нақты қадам» 

Ұлт жоспарын жүзеге асыруда өзінің ерек-

ше орын алатынын,  қажеттілігін және заң 

үстемдігін қамтамасыз етуде маңызы зор 

құжат екенін көрсетіп отыр.  

Азаматтық процестік кодекс азаматтар-

дың, мемлекеттің және  заңды тұлғалардың 

бұзылған немесе даулы құқықтарын бостан-

дықтары мен заңды мүдделерін қорғау және 

қалпына келтіру, заңдылықты сақтау, дауды 

бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық 

бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда 

заңға және сотқа құрметпен қарауды қалып-

тастыру бағытында толыққанды жұмыс істеп 

келеді.

Кодекс істерді қарау процесін жеңілдетіп, 



оның  тиімділігін  арттырып,  қарапайым 

азаматтарға түсінікті етуге, инвестиция-

лық дауларды қараудың, жекеменшік ин-

ститутын нығайтудың, дауларды татуласу 

рәсімдерімен аяқтаудың аясын кеңейтуге,  

іс жүргізудің  жеңілдетілген түрін кеңінен 

қолдануға, азаматтық даулар бойынша про-

курордың қатысуын азайтуға бағытталған. 

Кодекстегі жаңашылдықтарға сай, Астана 

қаласының соты Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының соттылығына жатқы-

зылған істерден басқа, инвестициялық даулар 

бойынша, сондай-ақ, инвестордың инвести-

циялық қызметіне байланысты инвесторлар 

мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге 

де даулар бойынша азаматтық істерді қарай-

тын  және шешетін болады. Өз кезегінде ин-

вестициялық дауларды қараудың, жекемен-

шік институтын нығайтудың жаңа тәртібінің 

енгізілуі болашақта еліміздің инвестициялық 

тартымдылығын жақсартуға, оның деңгейін 

арттыруға үлкен себеп болатыны анық. Со-

нымен қатар, кодекстегі маңыз ды өзгеріс-

тердің бірі ондағы татуласу рәсімдері тарап-

тардың дауды бітімгершілікпен, медиация 

тәртібімен немесе партисипативтік рәсімдер 

арқылы реттеп, шешуіне көмектесіп отыр. 

Татуласу рәсімдері, біріншіден, дауласқан 

тараптарды бітімгершілікке шақырып, дауды 

тату келісіммен шешуге, туындаған дауға 

байланысты азаматтардың уақыты мен қара-

жатын үнемдеуге бағытталған. Татуластыру 

шарасын кеңінен қолдану сот жүйесіндегі 

жүктемені азайтуға, дауды шешу мерзімін 

қысқартуға жол ашады.

Азаматтық процестік кодекс бойынша 

елімізде жалпы медиацияны дамытуға, оған 

азаматтардың қатысу деңгейін арттыруға то-

лық мүмкіншілік жасалған  және  осы бағыт-

та республика судьяларымен атқарылған 

жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр.  

Азаматтық сот жүргізу ісінде жаңа техно-

логияларды қолдану, яғни, сот отырыстарын-

да аудио-бейнежазба құралдарын  қолдану, 

барлық тараптың оның жазба көшірмесін 

алуына мүмкіндік туғызды. Бұл өз кезегінде 

сот жұмысының ашықтығын,  азаматтардың 

сотқа деген сенімділігін арттырады.

Жалпы алғанда, Азаматтық процестік 

кодекстегі елеулі өзгерістер өзінің ерекше қа-

жеттілігін, тиімділігін көрсетуде, сондықтан, 

бұндай өзгерістер еліміздің сот жүйесін 

одан әрі дамытып, нығайтып, сот әділдігін 

пәрменді түрде күшейтіп, заң үстемдігін 

қамтамасыз етіп, құқықтық бағыттағы жұ-

мыстарды әлемдік озық стандарттар деңгейі-

не жеткізетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет