АҢдатпа 8-бет 2-бет


А.САБЫРОВ,  Мұғалжар аудандық №2



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата02.03.2017
өлшемі5,2 Mb.
#5108
1   2   3   4   5   6

А.САБЫРОВ

Мұғалжар аудандық №2

сотының төрағасы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ 



СУДЬЯ ЛАУАЗЫМЫ

КӘСІБИЛІКТІҢ ЖОҒАРЫ 

ДЕҢГЕЙІН ТАЛАП ЕТЕДІ 

Қазіргі күрделі жағдайда жүргізіліп жатқан саяси, 

құқықтық, экономикалық реформалар кезеңінде еліміздің 

болашағы үшін сот билігіне ерекше жауапкершілік жүктел-

ген. Сот қызметін жетілдіру, судья қызметіндегі кәсіпқой-

лықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып, сот ісін жүргізудің 

тиімділігін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің көкейкес­

ті маңызды мәселесі болып табылады.

Судья қызметін атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерек-

ше сенім білдіру болып табылады және судьяның адамгершілігі-

не және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар  қояды. 

Билік өкілі болып табылатын судья лауазымы жоғары мемлекет-

тік мәнге ие, сондықтан, олардың қызметі тек қана заңға емес, 

сонымен қатар, міндетті түрде моральдық нормаларға да сай 

болуы тиіс. Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жау-

апкершілігі өте жоғары.

Жаңа  қоғамдық  қатынастардың  қалыптасуы  олардың 

құқықтық қамтамасыз етілуіне, сапалы заңдардың қабылда-

нуымен, жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құқық қорғау 

органдарының кінәратсіз әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот 

беделінің шүбәсіздігін мойындаумен байланысты. Сот органда-

ры қызметінің негізгі мәні олардың міндетінен айқын көрінеді. 

Мемлекеттің маңызды конституциялык міндеті – адам мен аза-

маттың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және әділет-

тілікті жүзеге асыру. Осы мәселелерді шешу жолында бірінші 

тұрған тұлға – ол судья. 

Судья қызметі әлеуметтік ортада және жеке адамдар ара-

сындағы дауларды шешу барысында көптеген адамдардың мүд-

делеріне әсер етеді, осыған байланысты адамгершілік қасиеті 

заң мамандығы қызметкерлерінің ажырамас қасиеті. Сонымен 

қатар, судьяда парыз, әділеттілік, жауапкершілік сезімі өте жоға-

ры деңгейде болуы шарт. Судьяның тәуелсіздігі және тек заңға 

бағыныштылығы заңның қатаң сақталуын білдіреді.  

Судья кез келген жағдайда өзін мәдениетті, сыпайы ұста-

уы тиіс. Оның әрекеттері қатаң әрі шешуші болуымен қатар, 

әрқашан әділетті және халыққа түсінікті болуы тиіс. Судья-

ның кәсіпқойлығы – білімнің, парасаттылықтың, мәдениеттің, 

адамгершілік-психологиялық ерекшеліктердің жиынтығынан 

қалыптасады, бұл судьяға лауазымдық міндеттерін жоғары дең-

гейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Кәсіби судья – бұл жоғары адамгершілік қасиеттерге, мін-

сіз беделге ие тұлға. Жоғары адамгершілік қасиеттерді судья 

күнделікті өмірде ұстануы қажет, өйткені, қызметте ғана емес, 

сонымен қатар, қызметтен тыс уақытта оның әділеттілігіне, мін-

сіздігіне күмән келтірілмеуі қажет.  

Сот билігі өзінің міндетін қоғамның сотқа деген, оның ішінде 

судьяға деген жоғары деңгейдегі сенімі  болған жағдайда ғана 

атқара алады. Сот билігіне деген қоғамдағы сенімділік деңгейін 

нығайтудың бірден-бір негізгі шарты сот әділдігінің тиімділігін 

арттырумен байланысты. Бүгінгі күні сот жүйесінсіз мемлекет-

тік және қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы жетістіктердің 

құндылығы шамалы. 

 Д.БЕЙСЕНБАЕВ,

Тараз қалалық сотының судьясы 

2 тонна балық 

тәркіленді

Жақында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнама-

сын бұзу және биологиялық ресурстар объектілері мен өнім-

дерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, 

экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Брако-

ньер» жедел­профилактикалық іс­шарасы өткізілді. 

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезеңінде 

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 

табиғатты қорғау заңнамасын, сондай-ақ, аңшылық атыс қаруын 

сатып алу, беру және тасымалдау ережелерін бұзудың 50-ден 

астам фактісін анықтады. 54 құқық бұзушы, заңсыз биологиялық 

ресурс объектілерін тасымалдаған 2 автокөлік құралы ұсталды.

Іс-шара кезеңінде 4 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде ҚР 

ҚК-нің 335-бабымен («Балық ресурстарын заңсыз алу») – 2, ҚР 

ҚК-нің 196-бабымен («Көрінеу қылмыстық жолмен табылған 

мүлікті сатып алумен») 2 қылмыстық іс қаралды. Әкімшілік 

жауапкершілікке 47 құқық бұзушы тартылды, оның ішінде аң 

аулау қағидаларын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) 24 адам, 

балық аулау ережелерін бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) 17 

адам, аңшылық атыс қаруын сатып алу, беру және тасымалдау 

ережелерін бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы)  6 адам анықталып, 

жауапқа тартылды. Құқық бұзушылардан 2 тонна 531 келі балық 

тәркіленіп, 95 мың теңгеден астам айыппұл салынды.  Барлық 

анықталған экологиялық құқық бұзушылық фактілері бойынша 

уақтылы процессуалдық шешім қабылдануда.



Гүлнәзира МҰХТАРОВА

Сот сөйлесін

тетіп, маңызын көтере түсті. 

Және төрелік алаңындағы түйт-

кілді мәселелер таразы басына 

салынатын съездерге Мемлекет 

басшысының келіп, пікір қосуы 

түйт кілдердің тез арада шешімін 

табуына тікелей себепші болды. 

Осы алғашқы жиында Судья-

лар  одағы  құрылып,  бұл  ұй-

ымның мақсат-міндеттері ай-

қындалды. 1996 жылдан бастау 

алған Судьялар одағының қазір 

әр өңірде филиалы бар. Және 

бұл  құрылымдар  судьялар-

дың мүддесін қорғап, олардың 

қайырымдылық шараларына, 

спорттық  ойындарға,  қоғам-

дық  жұмыстарға  араласуына 

тікелей мұрындық болып отыр. 

Сонымен қатар, одақ қазыларға 

қамқорлық танытып, біліктілік, 

білім тұрғысынан өсуіне жағдай 

туғызды. Судьялар одағының 

әр  өңірдегі  филиалдары  ұй-

ымдастырған семинар-сабақтар 

тәжірибелі судьялар мен жас 

судьялар  арасындағы  байла-

нысты нығайтуға, тәлімгерлік 

жұмысты жолға қоюға ықпалын 

тигізді.


Съезд, сондай-ақ, қазылар 

арасындағы әріптестік байла-

нысты да жолға қойды. Өйткені, 

осы уақытқа дейін өткізілген 

алты съезде де алыс-жақын ше-

телдерден сот саласында, әділет 

алаңында  еңбек  етіп  жүрген 

қаншама заңгерлер, судьялар, 

прокурорлар, әділет саласының 

мамандары елімізге келіп, ортақ 

мәселеге қатысты ойларымен 

бөлісті. Бұл қазақстандық қа-

зылардың өзге елдегі әріптес-

термен жылы қарым-қатынас 

орнатуына, тәжірибе алмасуына 

мүмкіндік берді. 

Жалпы, бүгінгі күнге дейін 

өткен алты съездің де сот құры  -

лымы үшін орны ерекше. Осы 

бас қосулардың бірінде судья-

лардың алғашқы Әдеп кодек сі 

қабылданса, екіншісі «Медиа-

ция  туралы»  заңның  өмір ге 

келуіне бастамашы болды. Сол 

арқылы елімізде түрме тұрғын-

дарының  азаюына,  жазаның 

ізгілендірілуіне, бітімгершілік-

пен бітетін істер санының кө-

беюі не қол жеткіздік. Келесі бір 

басқосуда «Алқабилер туралы» 

заң қабылданып, халық өкіл-

дерінің судьялармен қатар оты-

рып адам тағдырын таразыла-

уына, сонымен қатар, халықтың 

үшінші биліктің тыныс-тіршілі-

гімен етене танысуына мүмкін-

дік туды. Съездерде айтылған 

ұсыныстар ды шындыққа айнал-

дырған «Сот жүйесі және судья-

лар мәртебесі туралы» заңының 

да қазылар үшін маңызы зор. 

Осының өзі съезде тек түйткілді 

мәселелердің талқыға салынып, 

оң шешімін тауып отырғанын 

көрсетеді. 

Биыл мерзімінен бұрын ұй-

ымдастырылғалы отырған VІІ 

съезде қазылардың жаңа Әдеп 

кодексі талқыға түспек. Алғаш 

рет  судьялардың V  съезінде 

қабылданған  Этика  кодексі 

жаңартуды  талап  етіп  отыр. 

Мұны Елбасы былтырғы жылы 

жариялаған Ұлт жоспарында 

атап өтіп, Жоғарғы Сотқа судья-

лардың әдеп ережелерін топтас-

тыратын жаңа заңнаманы дай-

ындауды тапсырған болатын.  

Қазір  жаңа  кодекстің  негізгі 

жобасы жасалды. Кез келген 

азамат  құжаттың  жобасымен 

Жоғарғы Соттың сайтынан та-

нысып, өз ұсыныс-пікірлерін 

білдіре  алады.  Осы  уақытқа 

дейін көпшіліктің талқысынан 

өткен бұл кодекстің де замана 

талабына  сәйкес  келетініне, 

жұрт шылық көңілінен шығаты-

нына сенім мол. 

Е.АҚБАЕВ,

Алматы қаласы Медеу 

аудандық сотының судьясы

Талқы


ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН 

ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУДІҢ КЕПІЛІ

Көкейкесті

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ

Қоғам өмірінің барлық сала-

ларында гендерлік теңдік қағи-

даттарын іске асыру мақсатында 

2015 жылы ел Президентінің 

«Қазақстан Республикасында 

2006-2016 жылдарға арналған 

гендерлік теңдік стратегиясы» 

бекітілді. Гендерлік саясат мәсе-

лелері Мемлекет басшысының 

тұрақты бақылауында. 

Қазақстан Республикасын-

дағы гендерлік саясаттың не-

гізгі  қағидалары  ерлер  мен 

әйелдердің құқық теңдігін ор-

натады, бұған Қазақстан Рес-

публикасының Конституция-

сымен кепілдік берілген. Қазір 

қазақстандық  әйелдер  қоғам 

өмірінің барлық салаларына, 

соның ішінде саяси-экономика-

лық және қоғамдық өмірге тең 

жағдайда қатысады.

Прокуратура органдарында 

да әйелдер лайықты орын алуда. 

Бүгінгі күні Ақмола облысы-

ның прокуратура органдарында 

43  әйел  жедел  лауазымдарда 

қызмет етеді, бұл 22 пайызды 

құрайды, соның ішінде басшы 

лауазымдарда 4 әйел нәтижелі 

еңбек етуде. Облыс прокуро-

рының аға көмекшісі ретіндегі 

8 лауазымның 4-уінде әйелдер 

қызмет атқаруда.

Тәжірибеден  байқағаны-

мыз, әйелдер  ерлерге қарағанда 

неғұрлым икемдірек. Әйелдер 

жауапты, атқарушы, ұқыпты, 

адамдарға және оларға деген 

қамқорлыққа үлкен мүдде та-

нытады. Қызметінің жауапты 

әрі көптігіне қарамастан, әйел-

дер өзіне қойылған міндеттерді 

сенімді орындайды.

Прокуратурада  әйелдер 

спорт тық іс-шараларға да бел-

сенді  қатысады.  Айталық, 

Қазақ стан Республикасы Бас 

про куратурасы тарапынан про-

куратура органдарының әйел 

қызмет керлері арасында шағын 

фут болдан және волейболдан 

чемпионат өткізілді. Онда Ақ-

мола облысы прокуратурасының 

әйелдер құрама командасы жүл-

делі 2-орын алып, күміс медаль-

дарды иеленді. 

Ұжымдағы әлеуметтік-пси-

хологиялық жағдайдың сапасын 

және қызметкерлер арасындағы 

өзара қарым-қатынас ерекшелік-

терін анықтайтын факторлардың 

арасында ұжымның гендерлік 

құрамы ерекше орын алатынын 

атап өткіміз келеді. 

Ақмола облысы 

прокуратурасының

кадр жұмысы басқармасы     

Қадағалау



7

zangazet@maiI.ru



№125 (2903) 

9 қараша 2016

Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент

Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

Бас редактор



Бекжан ӘШІРБАЕВ

Бас редактордың орынбасары



Айнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнер



Мақсат ТҮГЕЛОВ

Нөмірдің кезекшісі



Камила ЫСҚАҚОВА

Астана

Алматы 

Атырау

Ақмола 

Қызылорда 

Оңтүс тiк 

Қазақстан

Шығыс 

Қазақстан

Газет  бетiндегi  жарияланымдардың 

позициясы мен фактiлерi үшiн редакция 

жауап бермейдi.

Жарнама  мен  хабарландырулардың 

маз мұнына жарнама берушi жауап ты. 

Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне 

байланысты талап-тiлектер хабарлан-

дыру жарияланған күн нен бастап екi ай 

мерзiм iшiнде қа былданады. 

Газеттi  есепке  қою  туралы 

№12292-Г 

куәлiктi 2012 жылғы 20 ақпанда Қа-

зақстан  Респуб лика сының  Мәде ниет 

және ақпарат министрлiгi берген. 

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-

тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС 

компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-

маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр 

ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт 

плюс» ЖШС баспаханасында басылып 

шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 

8 (727) 51-78-31

Алматы қаласы 

Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

факс: 8 (727) 292-29-92 

E-mail: zanreklama@mail.ru



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

Меншiк иесi:

 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI 

СЕРIКТЕСТIГI

Айша Құрманғали,

8 707 851 91 13; 

Айтақын Бұлғақов,

8 702 239 62 99

Құралай ҚУАТОВА

8 701 678 9077

Қалкөз Жүсiп, 

8 701 300 14 74.

Нағымжан Сауяев,

8 778 282 7782.

Шадияр Мекен бай ұлы,

8 775 773 56 65.

Азамат Қасым,

8 702 276 93 76

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ЖАРНАМА БӨЛІМІ: 

«ÞðÑëóæáà» ÆØÑ

Êөêøåòàó  қ.,  М.Горьêий  êөøåñi,  37, 

107-бөлмå. 

Òåл.: 8 (7162) 25-77-17



«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑ

Ïàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40. 

Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Àéäè» ÆØÑ

Қàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11. 

Òåл.: 8 (7112) 42-00-71

Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí 

Íұðғèñûíұëû ÆÊ

Ïåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58, 

30-бөлмå, 3-қàбàò

Òåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.: 

8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59

Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊ

Қоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ 

67  (Чåхоâ-Гоголь  êөø.  қиûлûñû), 

8(714-2)  50-97-07,  8-7758847211, 

8-7013506918 

«Îçàò-1» ÆØÑ

Àқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31. 

Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344

жәíå Àқòàó қàлàñû



ИП  «SAPA  KZ»  Аòûðàу  қàëàñû, 

87781063779, e-mail:zan-at@mail.ru 

Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊ

Øûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.



ÆØÑ  «Íàçàð-1  фèðìàñû»  ÆØÑ 

(«РУТÀ» ÆÀ) 

info@nazar1.kz

Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47, 

à/ж 144. 

Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10



«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà 

«Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ., 

Ë.Òолñòой, 28. 

Òåл.: 8 (7112) 50-88-05

«Ðåêëàìà» ÆØÑ

Îрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1. 

Òåл.: 8 (7112) 50-47-34

«Ëèð» ÆØÑ 

Қоñòàíàй  қ.,  Áàйòұрñûíоâ  êөøåñi, 

67, 

417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03



«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑ

Òàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй 

3  үй,  1  ï.  Òåл.:  8(7282)  24-29-66, 

87058147221



ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,

ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-À

òåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.

«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í. 

Қûзûлорäà  қ.,  Әйòåêå  би  ê-ñі.,  27, 

òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-

28-28; 8 (700) 332-24-78.



ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû 

Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚΠàóмàғû

òåл.: 87017268772, 87054422939

ИП Íîâîñåëîâà Ïåòроïàâл қàлàñû, 

Êоíñòиòóциÿ Қàзàқñòàí êөøåñі, 

28 үй, 1-қàбàò òåл: (87152) 46-74-77

«Вåðñàëü  Бèçíåñ»  Àòûрàó  қàлàñû, 

Мàхàмбåò êөøåñі, 107-à, 2-êàб., òåл: 

32-14-29, 30-65-24, 8701 920 45 38

ÆÊ «Ìàðцåфåй», Өñêåмåí қàлàñû, 

60 òåл, 8(7232) 578414, 87772256506



ÆÊ  «Бàõäàуëåòîâà  А.»  Àлмàòû 

қ.,  Æібåê  жолû  ê.,  55,  Àлмà  ñàó-

äà  орòàлûғû,  4-қàбàò,  426-íүê-

òå.  Òåл:  2714939.  87052083694 

Email:ardawka_94@mail.ru

ЖАРНАМА 


ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

050012, Алматы қаласы

Х.Досмұхамедұлы көшесi 

(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.

Қабылдау бөлмесi: 

292-43-43; 292-79-61 (факс); 



Астана  қаласы  Абай  көшесі,  78, 

105-кеңсе

тел: 8 (7172) 34-58-28

E-mail: zan@zanmedia.kz

«Заң газеті» аптасына 3 рет –  

сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері 

жарық көреді.



РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 

Жеке таралым 10253 дана

Апталық таралым 30759 дана

Тапсырыс №248  Индекс 65921



Газет Қазақстан Республикасы 

бойынша таралады

ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН

ӘРТҮРЛІ

ЖАРНАМА


ТАРАТУ

Кеңес


Жегіқұрт

БАНКРОТТЫҚ

2. «Жібек Жолы тынысы» ЖШС (БСН 110340019559) өзінің ерікті түрде таратылатыны туралы 

хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде 

мына мекенжайда қабылданады: ҚР, ОҚО, Сарыағаш ауд., Жібек Жолы а/о, Жібек Жолы а., 

Базар жырау к., 1223 уч. 

4. Қарағанды облысы МАЭС-ның 2016 жылғы 31  қазандағы 

ұйғарымымен «Дорстройматериалы» АҚ-на қатысты оңалту 

туралы ісі бойынша өндіріс қозғалды. 

5.  «Ақтөбе-агросервис»  ЖШС,  БСН  060  340  007  810, 

жарғылық  капиталының  азайтылуы  туралы  хабарлайды. 

Талаптарды хабарландыру жарияланған күннен бастап бір 

ай  мерзім  ішінде  мына  мекенжай  бойынша  қабылданады: 

030019, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 51/1, офис 17. 

Байланыс тел.: 8 (7132) 578-433.

6.  «Өлке  тынысы»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі, 

БСН  140940016046,  жарғы  капиталының  азайғандығы 

туралы  хабарлайды.  Талаптар  хабарландыру  жарияланған 

күннен бастап айлық мерзім ішінде мына мекенжай бойынша 

қабылданады: ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қ., Ж.Балапанов 

к., 28-үй болмаса Талдықорған қ., Әділет департаментінде.

Жуырда Мәдениет үйінің кон-

ференц-залында барлық мемле-

кеттік және құқық қорғау орган-

дары өкілдерінің қатысуымен 

«Сыбайлас жемқорлықты ескер-

ту бойынша профилактикалық 

іс-шаралар» тақырыбында семи-

нар-кеңес өтті. 

Кеңеске Бөрлі аудандық сотының 

төрайымы Л.Шамғонова, Бөрлі ауда-

нының прокуроры Ж.Аманбаев,  аудан 

әкімі А.Халелов, ішкі істер органдары-

ның, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы 

аудандық филиалының өкілдері, Қа-

зақстан халқы Ассамблеясының, «Тар-

лан» және «Ақсай жастары» жастар бір-

лестігінің өкілдері атсалысты. Жиынға 

ауылдық округ, аудандық және қала 

әкімдігінің аппараты, сот қызметкер-

лері, сот орындаушылар да қатысты. 

Кеңес барысында Бөрлі аудандық 

соты ның төрайымы Лариса Шамғонова 

сөз алып, Қазақстан Республикасы Пре-

зи дентінің 2014 жылғы 26 желтоқсан-

дағы «Қазақстан Республикасының 

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стратегиясы тура-

лы» жарлығын жүзеге асыру мақсатын-

да мемлекеттік органдарда сыбайлас 

жемқор лыққа қарсы күрес бойынша ке-

шенді жоспар дайындалғанын және оны 

орындау мақсатында еліміздің барлық 

аймақтарында кең көлемді іс-шаралар 

өткізіліп жатқанын атап өтті.  

Сондай-ақ, шара барысында Бөрлі 

ауданындағы мемлекеттік органдарда 

жыл басынан сыбайлас жемқорлықтың 

алдын алу бағытында атқарылған жұ-

мыстар сараланды. 

Бөрлі аудандық ІІД бастығының 

орынбасары, полиция подполковнигі 

Қадыржан Сағын ішкі істер органда-

рында атқарылып жатқан жұмыстарға 

тоқталып өтті. 

– Бұл тақырып Ішкі істер депар-

таментінің жедел кеңестерінде және 

Бөрлі АІІБ бастығының қадағалауымен 

үнемі қаралады. Ескерту шаралары 

ретінде  сыбайлас жемқорлықтың ал-

дын алу бағытында ұдайы түрде ІІД-

де тәртіптік кеңес өткізіліп тұрады. 

2016 жылдың есептік кезеңі ішінде 

аудандық ішкі істер бөлімінің жеке 

құрамы тарапынан қылмыстық құқық 

бұзушылық фактілері орын алған жоқ. 

Десе де, полиция қызметкерлеріне пара 

беру фактілері жоқ емес. Былтыр же-

дел-іздестіру іс-шаралары барысында 

жол-патрульдік полиция қызметкеріне 

пара беру фактісі орын алып, аталған 

қызметкер жазасын алған еді. Жалпы, 

ішкі  істер  органдарында  сыбайлас 

жемқорлыққа жол бермеу мақсатын-

да қызметкерлердің жауапкершілігін 

арттыру, олардың билікті және қызмет 

жағдайын  теріс  пайдалануына  жол 

бермеу үшін әрбір қызметкермен жеке 

әңгіме-сұхбат өткізіледі. Сыбайлас 

жемқорлық фактілерінің алдын алу, 

жолын кесу және анықтау мақсатын-

да Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі 

басшылығы ұдайы негізде жедел-про-

филактикалық және рейдтік іс-шара-

лар жүргізіп келеді. Егер де полиция 

қызметкерлері тарапынан қандай да бір 

жасалған сыбайлас жемқорлық құқық 

бұзушылықтары туралы деректері мен 

шынайы ақпараттары болса, оларды 

хабарлау үшін 1402 сенім телефоны жұ-

мыс жасайтынын мәлімдейміз. Полиция 

қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық 

құқық бұзушылық жасауы төтенше 

оқиға деп есептеледі және мұндай заң- 

бұзушылықтарға жол берген лауазымды 

адамдар қатаң тәртіптік жауапкерші-

лікке міндетті түрде тартылады, – деді 

поли ция подполковнигі.  

Жиын соңында аталған тақырып 

аясында қатысушыларға арнайы бейне-

ролик көрсетілді. 

Батыс Қазақстан облыстық ІІД 

баспасөз қызметі 

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС 

ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

АБЫРОЙЫН 

ОЙЛАҒАНДАР 

АРДАН 

АТТАМАЙДЫ



Сыбайлас жемқорлықтың зияны 

мемлекеттің дамуына қаншалықты 

кедергі келтіретіні аз айтылып жүр-

ген жоқ. Жегіқұртты ауыздықтау 

мақсатында арнайы заң қабыл-

данып, жыл сайын мемлекеттік 

бағдарламалар да көпшілік 

назарына ұсынылады. 

Ең бастысы, мемлекеттік қызметті жем-

қорлықтан таза ұстау мақсатында үміткер-

лерді іріктеуге, сапалы, білікті ма ман дардан 

тұратын кәсіби орта қалыптастыруға ерек-

ше мән берілуде. Әрине, өз саласының 

білгірі, кәсібінің шебері болу маңызды. 

Дегенмен, білікті маманның жемқорлықпен 

көзге түсуі, сыбайластыққа мойын бұрып 

тұруы  құрылым  жұмысына  ғана  емес, 

бүкіл мемлекеттік қызметке көлеңкесін 

түсіретіні жасырып-жабуға келмейтін шын-

дық. Сондықтан, әділет органдарында да 

сыбайластықтың алдын алудың бір тәсілі 

ретінде мамандарды іріктеуге мән беріледі. 

Осы арқылы бүгінде мемлекеттік қызметтің 

кез келген үміткер қызмет ете алатын орын 

емес, таңдаулыларға ұсынылатын лауазым 

екенін түсіндіру мақсат болып отыр. Себебі, 

өз мамандығын жақсы көрген, өз саласы-

ның беделін көтеруге талаптанып жүрген 

мамандар сыбайлас жемқорлыққа қатысты 

қылмысқа бармайды. 

Бұған қоса, қазір әділет органдарында 

жемқорлыққа тегеурінді тосқауыл қою мақ-

сатында заманауи технологияны қолдану 

кең өріс алған. Электрондық қызметтің қол-

данысқа енгізілуі мемлекеттік қызметкер 

мен қарапайым азамат арасындағы тікелей 

қарым-қатынасты болдырмайды. Сонымен 

қатар, заманауи технологияны қолдану осы 

уақытқа дейін орын алып келген уақыт 

созу, кезек күту, қызметкерлердің дөрекілігі 

секілді жағымсыз қылықтардың да жолын 

кесті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет