Аңдатпа зерттеу тақырыбының өзектілігі


Диссертациялық зерттеудің мақсаты



бет2/9
Дата27.02.2023
өлшемі44,13 Kb.
#70349
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Бензин буы және темекі түтінімен уланған кездегі лабораториялық егеуқұйрықтардың орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістерін зерттеу және оларды «Экдифит» препаратымен коррекциялауды зерттеу.
Зерттеудің міндеттері

  1. Полициклды ароматты көмірсутектер компоненттерінің Қазақстанда таралуын зерттеу.

  2. Бензин буымен жедел және созылмалы улану нәтижесінде лабораториялық жануарларда пайда болатын мінез-құлықтық өзгерістерін және «Экдифит» препаратымен коррекция әсерін зерттеу.

  3. Бензин буымен жедел және созылмалы улану нәтижесінде лабораториялық жануарлардың миында пайда болатын морфологиялық өзгерістерді және «Экдифит» препаратымен коррекция әсерін зерттеу.

  4. Бензин буымен жедел және созылмалы улану нәтижесінде лабораториялық жануарлардың миында пайда болатын морфометриялық өзгерістерді және «Экдифит» препаратымен коррекция әсерін зерттеу.

  5. Темекі түтінімен созылмалы улану нәтижесінде лабораториялық жануарларда пайда болатын мінез-құлықтық өзгерістерін және «Экдифит» препаратымен коррекция әсерін зерттеу.

  6. Темекі түтінімен созылмалы улану нәтижесінде лабораториялық жануарлардың миында пайда болатын морфологиялық өзгерістерді және «Экдифит» препаратымен коррекция әсерін зерттеу.

  7. Темекі түтінімен созылмалы улану нәтижесінде лабораториялық жануарлардың миында пайда болатын морфометриялық өзгерістерді және «Экдифит» препаратымен коррекция әсерін зерттеу.

Зерттеудің объектісі
Зерттеу жұмыстары дене салмағы 200-250 гр, еркек жынысты 240 лабораториялық тексіз егеуқұйрықтарда жүргізілді.
Зерттеудің пәні
Бензин буы мен темекі түтініні, лабораториялық егеуқұйрықтардың орталық жүйке жүйесі, «Экдифит» препараты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы болып келесілер табылады:
Алғаш рет диссертациялық жұмыста темекі түтінінен және бензин буынан бөлінетін полициклды ароматты көмірсутектердің кешенді әсері салыстырмалы түрде зерттелді.
Алғаш рет бензин буы және темекі түтінімен созылмалы және жедел улану жағдайында «Экдифит» анаболикалық, адаптогенді және әлдендіретін препараты фонды корректор есебінде қолданылды.
«Экдифит» препаратының коррекциялық әсері созылмалы бензин буымен улану жағдайында темекі түтінімен улануға қарағанда жақсырақ байқалатындығы анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет