Аңдатпа зерттеу тақырыбының өзектілігі


Келесі нәтижелер қорғауға шығарылады



бет3/9
Дата27.02.2023
өлшемі44,13 Kb.
#70349
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Келесі нәтижелер қорғауға шығарылады:

  1. Полициклды ароматты көмірсутектердің Қазақстан территориясында шығарындысының көлемі бірнеші жүзге артты.

  2. Бензин буымен жедел және созылмалы, темекі түтінімен созылмалы улану кезінде мінез-құлықтық күйзеліс көрсеткіштері жоғарылап, зерттеу әрекеттері төмендейді. «Экдифит» препаратымен коррекциялау кезінде мінез-құлықтық күйзеліс көрсеткіштері төмендейді.

  3. Морфологиялық зерттеулерде бензин буымен жедел және созылмалы, темекі түтінімен созылмалы улану жағдайында ми ұлпаларында токсикалық энцефалопатия белгілері пайда болады.

  4. Морфологиялық зерттеулерде бензин буымен жедел және созылмалы, темекі түтінімен созылмалы улану және «Экдифит» препаратымен коррекция жағдайында ми ұлпаларының зақымдалу дәрежесі төмендейді. «Экдифит» препаратының коррекциялық әсері созылмалы бензин буымен улану жағдайында темекі түтінімен улануға қарағанда жақсырақ байқалады.

  5. Морфометриялық зерттеулерде бензин буымен жедел және созылмалы, темекі түтінімен созылмалы улану жағдайларында пайда болатын қайтымсыз үрдістер «Экдифит» препаратымен коррекция әсерінен азаяды.

Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығы
Диссертацияда ұсынылған нәтижелер «Экдифит» препаратымен жасалған басқа да зерттеулердің теориялық негіздемесі бола алады.
Жұмыс барысында қолданылған морфологиялық және морфометриялық әдістер басқа зерттеу жұмыстырында қолданыла алады.
Бензин буы мен темекі түтіні әсері негізінде алынған нәтижелер экология және экотоксикология, биология ғылым салаларында қолданыла алады.
Ізденушінің жеке қосқан үлесі
Ғылыми еңбектің орындау жоспарын жасау, материалдар мен деректерді жинау, зерттеу объектілерінен сынама алу, мінез-құлықтық, морфологиялық және морфометриялық зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді талқылау, қорытындылап тұжырым шығару автордың жеке еңбегіне жатады.
Жұмыс инициативті түрде жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет