Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет32/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
Байланысты:
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Мерзімді тәсіл бойынша микроорганизмдердің популяциясы жабық жүйеде өседі, яғни оларды еккеннен кейін қоректік орта жаңартылмайды. Клеткалар көбейгенде ортадағы қоректік ортадағы заттар, керісінше, азаяды, зат алмасу өнімдері жиналады. Соның нәтижесінде микробтар клеткаларның өсу жағдайы нашарлайды, сол себептен тірі клеткалардың саны азаяды. Сондықтан, олардың тіршілік ету қабілетін сақтап қалу үшін жаңа қоректік ортаға қайта егеді.
Мерзімді тәсілдің екі түрі бар: беттік өсіру (стационарлық тәсіл) және терең қабатты (динамикалық тәсіл).
Беттік өсіру әдісінде микроорганизмдерді өсіру барысында қоректік ортаны араластырмайды, яғни ол тыныштық жағдайда болады. Бұл тәсілде бактерия клеткалары, негізінен, қоректік ортаның беткі қабатында өседі.
Ал терең қабатта өсіру әдісінде қоректік орта араластырып отырады, ал бактерия клеткалары төменгі қабатта өседі. Бұл әдісте арнайы шайқағыш құрылғы қолданады. Микробтар өсірілетін колбалар шайқалғанда қоректік орта араластырылады. Терең қабатта өсіруде тағы қолданылатын құрылғылардың бірі раектор (ферментер).
Мерзімді әдісте қоректік орта жаңармайды, сондықтан бактериялар өскенде, ортадағы қоректік заттар азаяды да, метоболиттер көбейеді, яғни өсу процесі тежеледі.
Жабық жүйеде өсу белгілі бір заңдылыққа байланысты болады. Оны өсу қисығы деп атайды. Өсу қисығы S- пішінді және бірнеше фазалардан тұрады:
Бастапқы немесе лаг-фаза. Бұл бактерияны қоректік ортаға сепкеннен бастап, оның өсе бастауына дейінгі кезең. Ұзақтығы 1-2 сағат болатын бұл кезеңде өсінді қоректік ортаға бейімделеді, тірі бактериялардың саны көбеймейді, керісінше азаюы мүмкін.
Экспоненциальды фаза. Бұл фазада клеткалардың қарқынды бөлінуі жылдамдығымен сипатталады, бөліну жылдамдығы бактерия түріне және қоректік ортаға байланысты болады.
Стационарлы(тұрақты) кезең клетка санының көбеюі тоқтағанда басталады. Өсу жылдамдығы субстраттың концентрациясына байланысты. Концентрация төмендегенде, өсу жылдамдығы да төмендейді. Сондықтан экспонциалды кезеңнен стационарлы кезеңге ауысуы біртіндеп жүреді. Өсу жылдамдығы, сондай-ақ, популяцияның тығыздығы, оттегінің порциалды қысымының төмендеуі және метаболиттердің жиналуы әсер етеді. Осы факторлар клетканың стационарлы кезеңге өтуіне әкеледі де, оларға сезімтал клеткалар өле бастайды. Бара-бара тірі клеткалардың саны өлі клеткалардың санына теңеледі де, популяция тұрақталады.
Стационарлы кезеңде пайда болған биомассаның мөлшері шығым немесе өнім деп аталады. Ол пайдаланылатын қоректік заттардың түрі мен мөлшеріне және өсіру жағдайларына байланысты.
Қырылу кезеңі. Бұл кезеңде өсуге қабілетті клеткалар саны төмендейді. Ал өлі клеткалардың саны артады. Солайша өлі клеткалардың саны тірі клеткалардың санынан асып түседі. Өлудің әр түрлі себептері бар, мысалы, қоректік ортаның таусылуы, улы метоболиттердің жиналуы. Тірі қалған жасушалар тыныш күйге көшеді.
ХХ-ғасырдың 50-ші жылдарында үздіксіз микроорганизмдер культура-ларын өсіру әдісі өндірілді. Үздіксіз өсіру тәсілі бойынша микробтардың клеткалары ашық жүйеде өседі: өсу процесі кезінде реакторға жаңа қоректік орта бір қалапты жылдамдықпен құйылып, сол мерзімде артық клеткалар мен зат алмасу өнімдері сол жылдамдықпен отырылады. Сондықтан микро-организмдерді ұзақ уақыт бойы (бірнеше айға дейін) қайталап екпей өсіруге болады.
Бактериялардың үздіксіз культураларын өсіру үшін арнайы қон-дырғыларды пайдаланылды; оларды хемостаттар және турбидостаттар деп атайды. Аталған құрылғылардан қоректік орта құйылуын және бактериялық суспензияның шығуын қатаң реттеуге болатындығымен ерекшеленеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет