Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Сапрофиттер немесе метатрофтар жануарлардың және өсімдіктердің өлі ұлпасымен қоректенеді. Паразиттер



бет30/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Сапрофиттер немесе метатрофтар жануарлардың және өсімдіктердің өлі ұлпасымен қоректенеді.
Паразиттер немесе паратрофтар өздерінің қоректенуі үшін тірі организмдердің органикалық қосылыстарын пайдаланды.
Өсу факторы. Микроорганизмдердің басым көпшілігі органикалық заттарды (амин қышқылдарды, витаминдерді, нуклеин қышқылдардың негіздерін) минералды заттардан өздері түзе алады. Олар ортада органикалық заттар болғанда ғана жақсы өседі. Бұл органикалық заттарды өсу факторлары деп атайды. Өсу факторын 1901 ж. Вильдье ашты. Микроорга-низмдердің басым бөлігі өсу факторын өздері түзе алмайтындықтан, оларды міндетті түрде қоректік ортаға қосу қажет. Өсу факторын қажет етуіне байланысты микроорганизмдерді:
Микроорганизмдердің ерекше тобы – олиготрофтар. Олар органика-лық заттардың концентрациясы аз ортада өмір сүреді.
Қоректік заттың жоғарғы концентрациясын талап ететін организмдерді копиотрофтарға жатқызады. Егер де, нағыз копиотрофты организмдер үшін қоректік зат концентрациясының 10г/л мөлшері қалыпты болып есептелсе, олиготрофтар үшін 1-15 мг/л көміртегі мөлшері де жеткілікті. Олар, әдетте, органикалық заттардың концентрациясы бұдан жоғары ортада өсе алмайды.
Органикалық қосылыстардың біреуін немесе бірнешеуін талап ететін бактерияларды ауксотрофтар деп атайды.
Прототрофтар өсуге қажетті қосылыстарды өздері түзе алады және компоненттерді глюкоза мен аммоний тұздарынан синтездейді.
Қоректік заттардың клетка ішіне енуі. Микроорганизмдерде қорек-тік заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды. Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы, тек еріген күйде қабылдап, керексіз заттарды сыртқа бөліп шығарып отырады. Бұл екі процестің екеуі де өте тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар жасушасының қабығы жартылай өткізгіш келеді де белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана өткізіп тұрады. Қоректену арқылы организмдер сыртқы ортамен байланысты.
Бұл процестер жасуша мембранасы арқылы жүреді. Микроорганизмдер қалыпты өмір сүру үшін цитоплазмалық мембрана жасуша ішіне енетін және одан шығатын заттарды реттестіріп отырады. Яғни мембрана айқын осмореттеуші және транспорттық қызмет атқарады. Бактерия клеткасына молекулалардың енуін қамтамасыз ететін төрт транспорттық әдіс белгілі:
1.Пассивті (енжар) диффузия
2.Жеңілдетілген диффузия
3.Белсенді тасымалдау
4.Радикалды тасымалдау
Пассивті диффузия. Молекулалар немесе иондардың концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы төмен ортаға қарай өтуін пассивті диффузия деп атайды, яғни заттардың ауысып өтуі концентрация градиентіне байланысты іске асады. Концентрация градиенті дегеніміз – клетка ішін-дегі және сыртындағы заттар концентрациясының айырмашылығы. Заттар липидтік биқабат арқылы мембранадағы каналдардан өтеді. Пассивті диффузия жолымен су, кейбір еріген бейорганикалық иондар клеткаға енеді. Бұл процесте микроорганизмдер клеткасы ешқандай энергия жұмсамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет